Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
Жұмыстың мазмұны. Ағыс режимін анықтау үшін қондыр- ғының сипатымен танысу. Қондырғының сипаты (18-сурет).
сурет. Ағыс режимін анықтауға арналған қондырғы:
1 – суға арналған бак; 2 – су өлшейтін əйнек; 3, 5, 6, 9, 13, 21, 24 – құбырлар;
4, 7, 12, 19, 22, 23, 25 – вентилдер мен крандар; 8, 17 – құйғылар;
10 – гидравликалық затвор; 14 – буферлі бак; 15 – шыны түтік; 16 – тарататын бак: 18 – термометр; 20 – бояуы бар; 26 – дабылдық қондырғы;
27 – сигнализатор деңгейі; 28 – датчик
Су қалалық су құбырынан құбыр бойымен (3) бакқа (1) келіп түседі. Судың берілуі 4 вентилмен реттеліп отырады. Бактың толғандығын ескерту үшін қайта құю құбыры (5) орнатылады. Бакты шаю кезіндегі суды төгу (6) құбырмен (7) вентиль арқылы жүзеге асырылады. Бакқа судың келіп түсуі мен одан судың шығуын бақылау үшін (9) құбырға құйғы (8) орнатылған.
Қондырғының жұмыс істеуі барысында (1) бактағы су (13) құ- бырмен (22) вентиль арқылы (16) тарататын бакқа түсіреді. Судың артық қалған бөлігі (17) құйғы жəне (24) құбыр арқылы канали- зацияға құйылады. Бактың толып кеткендігін жəне судың еденге төгіліп кететіндігін ескерту үшін авариялық сигнализация орна- тылған – (26) дабылдық құрылғымен байланысқан (28) көрсеткіші бар (27) сигнализатор деңгейі. Бак толған кезде «Вентильді жабың- дар» деген табло жанады да дыбыстық сигнализация қосылады.
(16) тарату багынан су (15) шыны түтік арқылы (14) буферлі бакқа келіп түседі. Сондан кейін ол реттегіш вентиль арқылы (12) ротаметрмен (11) канализацияға жіберіледі. Бояуы бар бактан (20) (судың ағынын бояу үшін фуксин ерітіндісін қолдануға болады)
(19) кран арқылы жұқа түтік (21) бойымен боялған су (15) шыны түтікке түседі.
Жұмыс аяқталғаннан кейін (14) жəне (16) бактарды қорғау үшін (25) вентил мен (23) кран пайдаланылады. Судың темпера- турасы (судың тұтқырлығын табу үшін) термометрмен (18) анық- талады. Тəжірибені ойдағыдай жүргізу үшін (15) шыны түтіктегі ағынды тұрақтандыратын жəне бояудың ағыс жылдамдығының ағыс жылдамдығымен сəйкестендіретін шарттар ең маңызды болып табылады.
Осы мақсаттарға байланысты келесі шаралар таңдап алынған. Қалалық су құбырында белгілі бір уақыт сайын ағыс екпіні мен пульсациясының тербелісі бақыланып отырады. Су құбырынан алынған су алдымен сыйымдылығы үлкен қосымша (1) бакқа жібереді. Осы жерден су (13) құбыр арқылы (16) таратқыш бакқа жіберіледі. Онда лай қондырғыға түспейтіндей болып (1) бактың түбіне 50 мм кем емес биіктікке дейін шөгеді. Таратқыш бакқа су еркін келу үшін оған су жоғарыдан емес, бактың түбіндегі жылдамдық сөндіруге арналған балқыған кеңейткіші бар арнайы тесіктер арқылы жіберіледі.
Содан кейін, жылдамдықты одан ары баяулату үшін, су ұсақ тесіктері бар үш қабатты тормен толтырылған кедергілер ар-
қылы (бактың барлық кеңдігі бойынша) өткізіледі. Соңынан су баяулай отырып тар шыны түтікке өтеді. (16) бактағы судың тұрақты деңгейі құбырдың ішкі жағына қажетті биіктікке орна- тылған (17) құю құйғысының көмегімен реттеліп отырады. Ондағы құбыр (мыс, никельденген) (16) бактың түбіндегі арнайы сальник арқылы өтіп, ағызатын құбырмен (24) иілгіш шланг арқылы бай- ланысқан. Бояудың ағу жылдамдығының (15) шыны түтіктегі судың жылдамдығымен сəйкес келуі үшін бояу құйылған бак (20) тік бағытта араластырылып бояудың қажетті екпінді ағынмен ағуы үшін қажетті биіктікке орналтылады. Бояудың шығыны баяу ашып-жабылатын (19) кранмен реттеліп отырады. Бояуы бар түтіктің шығу тесігін орнату үшін (15) шыны түтіктің осімен бактың қақпағына арнайы реттегіш қондырғылар бекітілген.