Пікір жазғандар



бет45/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

19-сурет. Сүзу (а) жəне мембраналық бөлу (б)

Мембрана өзінің селективтік қасиеті бойынша əрқайсысын- дағы құрамның өзгерісін қамтамасыз ете отырып жүйені екі


ағынға бөледі. Осыдан ағынның біреуі мембрана арқылы өтсе де мембранада тұнбаның жинақталуы болмайды, ал екіншісі жарты- лай өткізгіштік кедергіден алып кетеді (концентрат деп аталады).
Мембрана қандай да бір технологиялық кедергінің қызметін атқарады. Ол затты селективті бөлуде физикалық процесінің жүруін қамтамасыз етеді. Соның ішінде, енгізілген мембрана- лық катализатордың көмегімен күрделі химиялық процестердің жүруін қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде көптеген жасанды мембраналар бар. Олар əртүрлі құрылысты болып келеді. Атап айтқанда: дөрекі, жұқа моле- кулярлық қабықшалы елегіш түрінде. Олар əртүрлі қуысты, қуысты емес органикалық (полимерлі қабықшалы, түтікті, талшық- ты) жəне бейорганикалық (металдық, керамикалық, шынылы) материалдардан жасалады. Бұл əмбебап мембраналардың бол- майтындығын көрсетеді. Сондықтан əртүрлі физикалық жəне химиялық ортада заттарды бөлу үшін өнеркəсіптің əртүрлі сала- ларында химиялық құрамы жəне физикалық қасиеті əртүрлі мембраналар қолданылады.
Мембраналар бір-бірімен өзара байланысқан əртүрлі белгі- лері бойынша байланысады, атап айтқанда:

  • табиғаты бойынша (табиғи, синтетикалық, органикалық, бейорганикалық жəне т.б.);

  • құрылысы бойынша (қуысты, макро-, микро қуысты, қуыс- сыз, кристалды, аморфты, полимерлі жəне т.б.);

  • қолдануы бойынша (газтəрізді жүйелер, сұйық-газ жүйелері, сұйық-сұйық, газ-қатты дене т.б.);

  • əсер ету механизмі бойынша (адсорбциялық, диффузиялық, ионалмастырғыштық жəне т.б.).

Физикалық құрамы бойынша мембраналық бөлу процесі макроскопиялық емес, микроскопиялық құбылыс болып табы- лады. Мысалы, сүзу сияқты. Макроскопиялық құбылыс мембрана мен оның ағынындағы бөлінетін заттардың арасында (мембра- нада немесе оның ішінде) жүзеге асырылатын, молекулярлық деңгейде өзара əрекеттесуге байланысты болады. Молекулярлық өзара əрекеттесу өзінің физика-химиялық табиғаты бойынша айрықша, нəтижесінде мембрана арқылы тасымалдау жылдам- дығы əр зат үшін əртүрлі болады. Бұл заттың бөлу процесін
қамтамасыз етеді. Оны түсіну кілті заттың жартылай өткізгіштік кедергі арқылы өту механизміне сəйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет