Байланысты: Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы
Жұмыстың жүргізілу əдістемесі. Жұмысты шыны түтіктегі судың жылдамдығын біртіндеп арттыра отырып ламинарлы режимді орнату арқылы бастайды. Сонымен қатар ағыстың əртүрлі режимдеріндегі боялған су ағыстарындағы өзгерістерді бақылайды.
Боялған ағыстардың жылдамдығын зерттегеннен кейін лами- нарлы режимнен бастап турбулентті режимге дейінгі Рейнольдс санын анықтауға қажетті шамаларды өлшеуге кіріседі.
Жұмысты бастамастан бұрын (1) бактағы суды (2) су өлшегіш шынымен өлшейді. Егер бактағы судың мөлшері жартысынан аз болса, онда (4) вентильді ашып бакты толтырады. Соңынан тағы да су өлшегіш шынымен тексереді. (27) сигнализатор деңгейі қосылған ба соны тексеру керек.
Содан кейін (22) вентильді аша отырып (4) вентильді жауып
жəне (16) бактарды толтырады. Ағызатын құйғымен (17) қажетті деңгейге дейін жеткізгеннен кейін суды ең аз мөлшерде жіберетіндей етіп қалдырып (22) вентильді жабады.
Содан кейін (11) ротометрмен судың минималды шығынын келтіре отырып вентильді (12) ақырындап ашады. Жұмыстың бі- рінші бөлімінде боялған су ағынын жіберу үшін (19) кранды біртіндеп ашады. 12, 22 вентилдердің жəне 19 кранның ашылу дəрежесін реттей отырып жарық экран фонынан жақсы көріне- тін, боялған ағын суының түсін қанық етуге қол жеткізуге болады. Ағын түсінің боялуының бірден қанық боялуы лами- нарлы режимнің түзіліп келе жатқандығын көрсетеді.
Жақсы эффектіге қол жеткізу үшін су ағыны шығынды аз ғана көтеретін 22-вентильді ашу керек, содан кейін 19-кранды ашу арқылы бояудың ағу жылдамдығын, судың ағу жылдамдығымен бірдей болатындай етіп ретке келтіреді. 12-вентильдің ашу дəре- жесін жоғарылата отырып, 15-шыны түтіктегі судың ағу жыл- дамдығын арттырады. Нəтижесінде ламинарлы режим бұзылып, турбулентті режимге ауысады. Осыған байланысты 16-бактағы судың деңгейі 17-құйғыдан төмен түсіп кетпейтіндей етіп 19- кранды, сондай-ақ 22-кранды да ашуды ретке келтіру қажет.
Жұмыстың екінші бөлімінде ағыстың əртүрлі режимдерін- дегі Рейнольдс санын анықтауға қажетті өлшеулер жүргізеді. Қондырғыны ламинарлы режимге қойып, судың шығынын 11- ротаметр бойынша өлшейді. 12-вентильдің, қажет болған жағ- дайда 22-вентиль мен 19-кранның ашу дəрежесін жоғарылата жəне ретке келтіре отырып су шығынының жаңа өлшемін жа- сайды. Бұл кезде де термометрдің көрсетуін жазып алады.
Барлық өлшеулерді жүргізіп болғаннан кейін алынған нəти- желер өңделеді.
Шыны түтіктегі судың орташа ағу жылдамдығы анықталады: w = G / (0, 785 d2 p).
Мұндағы G – судың шығыны, кг/с; d – шыны түтіктің ішкі диаметрі (25) мм, м).