Пікір жазғандар



бет46/73
Дата20.02.2023
өлшемі2,49 Mb.
#169403
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
Байланысты:
Қалдықсыз технология тиімділік және сапа оқу құралы

Өткізгіштік – мембрананың молекуланы немесе белгілі зат- тың ионын таңдамалы өткізу қасиеті болып табылады.
Селективтілік – бөлінетін қоспаның əртүрлі компоненттері бойынша өткізгіштік қабілеті. Селективтіліктің өлшемі бастапқы қоспамен салыстырғанда мембрана арқылы өтетін (пермеат) қос- падағы компоненттердің қатынастарының өзгерісін сипаттайтын шама. Мембраналық процестің механизмін қарастырғанда оның негізі ретінде тасымалдау құбылысын алады. Мембрана арқылы өтетін негізгі ағын диффузиялық болып табылады.
Бұл мембраналық бөлудің күрделі бейнесін туғызады. Мұнда бірнеше тізбекті сатылар жүзеге асырылады (20-сурет).



  1. сурет. Мембраналық бөлу механизмінің схемасы

1 – заттың ағыннан мембрана бетіне түсуі; 2 – заттың мембранаға селективті енуі; 3 – мембрана арқылы заттың тасымалдануы;
4 – заттың мембранадан ағынға өтуі

  1. сурет. Мембрана арқылы затты тасымалдауда концентрацияның өзгеру профилі

1 – шекаралық қабат; 2 – мембрана; 3 – ағын
мембранадан ағынға өтуі

Нəтижесінде затты мембрана арқылы тасымалдағанда концен- трация өзгерісінің сəйкес профилі қалыптасады (21-сурет).
Бұл, мембрананың екі жағының шекаралық қабаты арқылы заттың тасымалдануына байланысты беттік өту құбылысының процесін күрделендіреді.

Мембраналық процеске қайтымды осмос, ультрафильтрация, диализ, электродиализ, мембрана арқылы булану, газдардың диффузиялық бөлінуі жатады. Еріткіштің мембрана арқылы тасымалдану нəтижесінде, мембрананың шекаралық бетінде ұсталған заттың концентрациясы ерітіндінің жалпы көлемімен салыстырғанда біртіндеп ұлғаяды. Мембраналық процеске тəн бұл құбылыс концентрациялық поляризация деп аталады. Ол мембрананың өткізгіштігінің төмендеуіне, селективтілігінің, эксплуатациялану мерзімінің қысқаруына алып келеді. Мембрана арқылы тасымалдау механизмін қарастырғанда бөлу процесіне, оның жылдамдығына, селективтілігіне сырттан əсер ететін фактор туралы маңызды қорытынды жасауға болады. Мұндай негізгі факторға: қысым, температура, концентрация, гидроди- намикалық жағдай, заттардың бөлу табиғаты жəне т.б. жатады. Мембраналық технология процесінің қондырғылары мен жүр- гізудің оптимальды жағдайын анықтауға дұрыс таңдау олардың əрқайсысының жеке жəне бірге əсерін дұрыс бағалауға мүм- кіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет