Re = wdэρ/μ= wdэ/ν.
Рейнольдс критерийі ағыстың жылдамдығы мен оның өлше- міне жəне ағыстың тұтқырлығын сипаттайтын ішкі үйкелісімен сипатталатын инерция күштерінің қатынасын көрсетеді. Инер- ция күшінің əсерінен турбулентті ағыс, ал ішкі үйкеліс күші инерция күшінен артық болған кезде ламинарлы ағыс туын- дайтындығын көруге болады.
Белгілі бір критерийлік мəнде ламинарлы режим үшін Рей- нольдс критерийінің сандық мəні əрқашан төмен, ал турбулентті режим үшін əрқашан жоғары болады. Мысалы, түзу құбырлар үшін Рейнольдс критерийінің мəні Reкр =2300 тең.
Ламинарлы режимнен турбулентті режимге бірден ауысуды байқау өте қиын болғандықтан, келтірілген критикалық мəн бел- гілі бір дəрежеде шартты болып есептелетіндігін айта кеткен жөн.
Шындығында ламинарлы режимнің жоғалып, ағынның турбулентті күйінің пайда болу кезіндегі ауыспалы облыс деп аталатын аралығы байқалады. Ауыспалы облыс үшін Рейнольдс критерийінің сандық мəні 2300-10000 аралығында болады. Re мəні 10000 көп болған кезде ағыс режимі тұрақты болып аға бастайды.
Иректелген құбырлар үшін Reкр мəні құбыр d диаметрінің ирек құбыр D диаметріне қатынасына (d/D) тəуелді болады. Оның мəні 7000-8000 дейін жетуі мүмкін.
Өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын газдар үшін инера- ционды режим туындауы мүмкін (Re 300 000). Мұндай режим үшін тұрақты үйкеліс коэффициенті сипатты болып табылады.
Жұмыстың мақсаты. Сұйық ағысының ламинарлы жəне турбулентті режимімен танысу. Зертханалық қондырғыда судың қозғалысының орташа жылдамдығын анықтау. Берілген техно- логиялық режимде судың шығынын есептеуді жүргізу.
Жұмыстың міндеті. Əртүрлі режимдегі жүзеге асатын сұйықтық ағынындағы өзгерісті зерттеуде сұйықтық қозғалысы- ның сипаты ағынның тек орташа жылдамдығына ғана емес, сонымен қатар ағыстың геометриялық өлшеміне, тұтқырлығына жəне ағын параметрінің тығыздығына тəуелді болатындығын көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |