Ресурс үнемдейтін химия
Басқа энергия көзіне гидротермальды энергия көзі жатады. Қалдықсыз жылу электр станцияларын жасаудың мүмкін бола- тын сызбасы 16-суретте көрсетілген. Бұл суретте минералды ресурстарды толығымен қолданатын комбинаттың сызбасы көрсетілген. Əртүрлі əдістермен жұмыс істейтін электр энергия- сының өнеркəсіптеріндегі салыстырмалы шығындары төмендегі 5-кестеде келтірілген (үлес/кВТ).
кесте
Электр энергиясының өнеркəсіптеріндегі салыстырмалы шығындары
Электростанциялардың типтері
|
Электрэнергияға капиталды салым
|
Меншікті құны
|
ЖЭС (көмір)
|
1200
|
0,06
|
АЭС
|
1300
|
0,055 – 0,06
|
Геотермальды
|
250-600
|
0,02 – 0,038
|
Электр энергиясы өнеркəсіптеріндегі кеткен шығындарды салыстыру барысында геотермальды станциялардың тиімді екендігі байқалады. Мұнда отынды қайта өңдеуге кеткен шығындардың барлығы табиғат есебінен жүзеге асады. Бірақ геотермальды энергия көздері «таза» энергоресурстарды разряд- тауға жатады деп ойлау дұрыс емес. Мұндай көзқарас геотер- мальды жылу көздерін қолдану жəне қызметін атқарып болған жылу тасымалдағышты жер асты жылуымен қыздыру үшін қайтару сияқты тұйықталған циклден жинақталған.
Шындығында геотермальдық белсенділік азды-көп дəрежеде атмосфераны сынаптың, күкіртсутектің, аммиактың, көміртектің (II, IV) оксидтерімен, метанмен жəне басқа газдармен ластайды. Олар адамға, жануарларға, өсімдіктерге айтарлықтай зиянын тигізеді. Сонымен қатар, гидротермальды будың құрамында осы элементтерден басқа, радиоактивті радий, радон жəне олардың ыдырау өнімдері бар. Əдетте геотермальды станциялар не қосымша су көздеріне мұқтаж болады, не өздері судың өте көп мөлшерін өндіреді. Бұл судың өте көп көлемін «айналымға» келтіреді жəне судың тұздық құрамы бойынша табиғи тепе- теңдікті бұзады. Бұрғылау, су құбырларын орнату, геотер-
мальдық станциялардың құрылысы, су мен ыстық будың əсері ландшафтың күрделі өзгеріске түсуіне жəне топырақтың эрозияға ұшырауына себепші болады. Жердің терең қабаттарын- дағы су балансының өзгеріске түсуі сол аймақтың сейсмикалық белсенділігін арттырады.
Электр энергия өнеркəсібінде қалдықты азайтуға жүргізілген қысқаша талдау, жылу станцияларын дамытуда қалдықсыз технологияны енгізуді көрсетеді:
шығарылған газдардан күкірт қышқылын алудың құрал- жабдықтары мен химия-технологиялық процестерінің тиімді- лігін зерттеу;
күл қалдықтарын құрылыс материалдарына қайта өңдеудің технологиялық процестерін енгізу;
ағызынды сулардан химиялық қосылыстардың жекелей бөлінуін қамтамасыз ететін су айналымының локальдық жүйесін енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |