сурет. Республика қалалары бойынша 2008 жылдың қараша айындағы атмосфераның ластану индекстерін салыстыру
Жұмыстыңмақсаты – тауарлар жəне қызмет көрсету нары- ғында сұранысқа ие болатындай ЖЭС шығатын зиянды газдарды екіншілік өнімге утилизациялаудың жолын жасау.
Негізгі міндеттері:
Нарықта құрылыс материалдары ретінде сұранысқа ие бола алатындай ЖЭС бөлінген газдарды екіншілей химиялық қосы- лыстарға айналдыру үшін қажетті негізгі физика-химиялық техно- логия мен утилизациялаудың жалпы заңдылықтарын ойластыру;
ЖЭС бөлінген тастанды газдарды утилизациялаудың не- гізгі принципиалды технологиялық сызбанұсқаларын ойластыру:
SO2 жəне NO2 газдарынан күкіртқышқылыналу;
NO жəне CO газдарынан көмірқышқылыналу;
Химиялық реакциялардың жүруі нəтижесінде түзілген сутегі мен азоттан аммиак алу;
Химиялық реакциялардың жүруі нəтижесінде түзілген із- бес сүті мен суспензиядан құрылыс материалдарын алу (арзан бетон өндірісі);
Көміртегі мен судың консервациясы кезінде этил эфирінің синтезін жүзеге асыру, нəтижесінде диметилэфир (ДМЭ) – жо- ғары цетанды дизельді отын алу.
Жұмыстың мазмұны
Бүгінгі таңда көптеген ЖЭС, соның ішінде Алматы қала- сының 1-ЖЭС шығатын газдарды эмульгаторлармен тазарту жүзеге асырылып отыр. Сондықтан тəжірибелік жүзеге асыруда қымбат бағадағы жаңа қондырғылар мен материалдар талап етілмейді. Алдын ала сынама жүргізу жəне қондырғыны енгізу 1-ЖЭС цехында іске асуы мүмкін.
1-тапсырма.
27-суретте көрсетілген стехиометриялық теңдеумен алдын ала танысу.
ЖЭС шығатын газдардың негізгі компоненттерін гидрата- циялау арқылы жүзеге асыру 28-суретте көрсетілген.
2-тапсырма.
Ұсынылған утилизациялау нұсқаларының жетістігі мен кем- шілігін қарастыру:
1-нұсқа: шығарылған газдардың негізінде көмір, күкірт, азот қышқылдарын жəне аммиакты алу.
нұсқа бойынша көмір, күкірт, азот қышқылдарын жəне аммиактың түзілуінің стехиометриялық теңдеуі 28-суретте көрсе- тілген.
ЖЭС шығатын газдардағы өзара əрекеттесуші компоненттері- нің есептеу мəліметтері былайша белгіленген: бастапқы өнімдер, аралық өнімдер, соңғы өнімдер.
Шығарылған газдарды тазартудан кейінгі алынған мəлімет- терді талдай отырып, келесі мəліметтерді белгілеуге болады: