Пікір Шәкірттердің шығармашылығына жол ашып, олардың идеяларын тыңдап, көңілдерінің тұңғыиығында жатқан ойларын сыртқа шығарып, әрқайсысының жеке өзіне тән пікірін тыңдауға мүмкіндік беру ұстаз үшін өте қажет



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#52061
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба Мақта

Тақырыпты зеттеу мақсаты:
«Мақта» атты ғылыми жоба арқылы мақта
туралы толық мәлімет жинау
Зерттеудің міндеттері:
Мақтаның пайдасы жайлы халыққа айту.
Зерттеу арқылы білімімді шыңдау, іздену, анықтау.
Зерттеудің мақсаты:
Мақтаның түрлері пайдасы туралы білу, зерттеу.
Зерттеудің нысаны:
Мақтаны толығымен зертте, анықтау.
Зерттеудің нәтижесі:
Мақтаның түрін білген кезде оның пайдасы
туралы нәтижеге қол жеткіздім.
Мақтаның тарихын біле отырып,
өмірде қажеттілігін зерттей білдім.
Зерттеудің болжамы:
Осы зерттеп жатқан жобамды, жұмысымды
әрі қарай жалғастыру, Қазақстан жерінде өсіруге болама?
іздену, дамыту.
Зерттеудің кезеңдері:
Біріншіден, өзім қызығып жүрген жобамның тақырыбымен таныстым. Екіншіден, тың мәліметтер жинап, мақтаның түрлерімен пайдасымен таныстым. Үшіншіден, жинаған жұмысымды талдай білдім. Төртіншіден, хабарланған талаптар бойынша зерттеу жұмысымды жинақтадым.

1

Кіріспе


Мақта — бағалы талшықты дақыл. Ол халық шаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылады. Ең бастысы, мақта — тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізат. Мәселен, бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг тұқым және 30-40 кг қысқа талшық алынады. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар — бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда, 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады. Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, медицинада қолданылатын мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады. Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағыш және басқа да заттар алынады. Мақтаның тұқымында 20-25% дейін май болады, сондықтан 1 тонна шитті мақтадан 100-110 кг жоғары сапалы май алынады. Мақта майы тамақ, консерв, парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Мақтаның 1 тонна тұқымынан 400-420 кг күнжара алынады. Оның құрамында 40% -ға жуық ақуыз бар, сондықтан ол мал азығы үшін де пайдаланылады. Бірақ, күнжараның құрамында улы зат — госсипол болады, сол себепті оны тәулігіне 2-3 кг мөлшерінде ғана ірі қара малға береді, ал шошқаға беруге болмайды. Мақтаның 1 тоннасынан 380-400 кг тұқым қабығы шығады. Ол әтил, метил спирттерін, лак, қағаз, органикалық қышқылдар, целлюлоза және басқа заттар алуға пайдаланылады. Мақтаның сабағы (қоза) отын ретінде қолданылады. Отамалы дақыл болғандықтан, егіншілікте мақта дәнді және басқа даңылдарға жақсы алғы егіс болып есептеледі. Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл — мақта. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі. Мұнда 2006 жылы мақта 204,0 мың гектар жерге егілді, оның әр гектарынан 23,0 центнерден түсім алынды, жалпы 470 мың тонна мақта жиналды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет