PISA дегеніміз не?
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен жүзеге асырылатын PISA (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама
PISA халықаралық зерттеуі
-барлық білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды.
- оқушылардың қабілеттерін емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.
-білім алушылардың академиялық білімдерін бағалауға емес, білімді өмірде (өмірлік дағды) тәжірибе жүзінде пайдалана алуға бағытталған.
Зерттеу 3 бағытта жүреді: «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылығы», «жаратылыстану сауаттылығы».
|
Берілген схема бойынша жұмыс жасайды. Өз ойларын жазады.
Берілген сұраққа сәйкес ойларын плакатқа түсіреді
Берілген «идеялар корзинасына» өз идеяларын жазып, бөліседі
Соңынан әр топ өз жұмысын қорғайтын болады.
|
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс
|
PISA тапсырмалары:
Интернетпен байланыс
Марк (Австралиядағы Сиднейден) және Ганс (Германияның Берленинен) бір-бірімен Интернет арқылы хабарласып тұрады. Олар интернет арқылы дұрыстап сөйлесу үшін екеуі бірдей уақытта шығуы тиіс.Сөйлесуге тиімді уақытты анықтау үшін, жер шарының әр түрлі бөліктеріндегі уақыттар көрсетілген кестені Марк көріп, Маркмынандай хабарлама тапты:
Гринвич 24.00 (түн ортасы)Берлин 1.00 Сидней 10.00
1- сұрақ
Сиднейде 19.00 болғанда Берлинде қандай уақыт болады?
Жауабы:Азанғы10 немесе 10.00
2-сұрақ
Марк пен Ганс жергілікті 9.00 ден 16.30 аралығында мектепте болғандықтан бір-бірімен хабарласа алмайды. Сонымен бірге олар 23.00 мен 7.00 аралығында хабаласа алмайды себебі бұл кезде ұйқыда болады. Олар асықпай сөйлесу үшін қандай уақыт тиімді болады?
Кестеде әрбір қаланың жергілікті уақытын көрсетіңдер.
|
Тапсырманы топпен талқылайды, шешуін табады және осы тапсырмаға ұқсас өз пәндері бойынша тапсырма құрастырады
|
Практикалық жұмыс
|
30 ақ парақ пен 1 скотчты пайдаланып мұнара жасау керек және жасалған мұнараға ат қою.
Ескерту: Қағазды қиюға болмайды.
Жұмысты бағалау критерийлері:
Биіктік
Мағына
Салмақ
|
Топпен жұмыс жасайды
Жұмысты аяқтаған соң берілген критерийлер бойынша топтар бірін-бірі бағалайды соңында
|
4. Рефлексия
|
Тақтаға «Таным ағашы» ілінген. Бүгінгі коучинг сабақ туралы ойларын стикерге жазып қалдыру
|
Мұғалімдер өз пікірлерін жазады.
|