Pisa, timss зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың Ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту



Pdf көрінісі
бет5/49
Дата14.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#158098
түріУчебно-методическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Pisa, timss зерттеулеріні тапсырмалары негізінде

«Өсімдіктің құрылысы көрсетілген сызбаның көмегімен оның әр 
мүшесінің атқаратын қызметін сипаттау».
Халықаралық зертеудің нәтижесі бойынша бұл сұраққа бақылауға қатысқан 
төртінші сынып оқушыларының жалпы санының 21%-ы ғана жауап берген, ал 
Қазақстандық қатысушылардың 27%-ы жақсы нәтижеге көрсеткен. Бұл 
көрсеткіш халықаралық нәтижеден 6%-ға жоғары.
2-
мысал. «Физика» пәнінен жоғары деңгейлі тапсырма.
«Балжанда екі магнит (А мен В) және бірдей екі темір шеге бар. Ол 
үстелдің бойымен А магнитін шеге магнитке жабысқанға дейін қозғады. Ол 
үстелдің бойымен В магнитін шеге магнитке жабысқанға дейін қозғады. 
Балжан А магниті шегені 15 см қашықтықтан, ал В магниті шегені 10 см 
қашықтықтан тартып алғанын байқады. Сырым екі магниттің де күші 
бірдей күшті деді. Сіз Сырыммен келісесіз бе?
Бұл сұрақ оқушылардан өз білімін қолдану, ойлау және қорытынды жасау 
біліктерін талап етеді. Тапсырма оқушылардың тәжірибе нәтижесін саралау, 
тәжірибенің нәтижесі негізінде жасалған қорытындыдағы қателікті табу және 
өз жауабын негіздеу біліктерін тексереді. Бұл тапсырманы орындауда 
жетістікке жету үшін оқушылар магниттің шегені тарту күші қашықтыққа 
байланысты анықталатынын түсінулері қажет.
3-
мысал. «Химия» пәнінен жоғары деңгейлі тапсырма.
«Ахмет шыны түтікке кішкене мөлшерде ұнтақ салды. Содан соң оның 
үстінен сұйықтық құйды және сілкілеп араластырды. Химиялық реакция 
жүрді. Химиялық реакция барысында сіз байқауыңыз мүмкін екі процесті 
сипаттаңыз. (Температураның өзгеруі. Газ түйіршіктерінің шығуы.).
Тапсырманы орындау маңызды тұжырымдамаларды түсінуді және 
химиялық реакция кезінде болатын өзгерістерді нақты сипаттау шеберлігін 
талап етеді. Бұл тапсырманы орындауда қазақстандық сегізінші сынып 
оқушылары халықаралық көрсеткіштен әлдеқайда төмен нәтиже көрсетті -
(17%).
4-
мысал. «Физика» пәнінен гравитация күшін сипаттау саласынан кешенді 
және абстрактілі тұжырымдамаларды көрсете білуге бағытталған, жоғары 
деңгейлі тапсырма.
12 


«Суретте парашютистің төрт жердегі бейнесі берілген. 1. Секіру 
алдында ұшақтың ішінде. 2. Секіргеннен кейін, парашют ашылардың алдында, 
еркін құлау барысында. 3. Парашют ашылғаннан кейін жерге қонғанда. 4. 
Жерге қонған сәті. Қай жағдайда парашютистке гравитациялық күш әсер 
етеді?»
А. Тек 2 позицияда.
В. Тек 2 және 3 жағдайда.
С. Тек 1, 2, 3 жағдайда.
Д. Барлық жағдайларда.
Қазақстандық 8-сынып оқушылары үшін бұл тапсырма өте қиын болып 
шықты, халықаралық орташа нәтижеден 10%-ға төмен көрсеткіш көрсетті.
5-
мысал. «География» саласынан берілген тапсырмалар оқушылардың 
логикасын бағалауға арналған.
«
Келесі бес тұжырымдама, су айналымы барысында болатын процестерді 
сипаттайды. Судың теңіз бетінен булануы, су айналымының бірінші сатысы 
ретінде айқындалады. 2-ден 5-шіге дейінгі тұжырымдамаларды су айналымы 
процесінің ретіне сәйкес орналастырыңыз».

Су буы жылы ауаға көтеріледі.

Су өзенмен теңізге қарай ағады.

Су теңіз бетінен буланады.

Су буы суиды және бұлтқа айналады.

Бұлттар қозғалады, су жер бетіне жаңбыр түрінде түседі.
Біздің 4-сынып оқушыларының көрсеткіші халықаралық орташа 
көрсеткіштен 8%-ға төмен болды.
Халықаралық TIMSS зерттеуде жаратылыстану құзыреттiлiгі бойынша 
қазақстандық оқушылар төменгідей үш деңгей бойынша нәтижелерді көрсетті. 
Жетік деңгей бойынша – 7 %, оқушылардың жаратылыстану бағытында 
жасалатын тәжірибелерден және зерттеулерден алғашқы мағлұматтары бар
олардың істелген жұмыстың нәтижелерін бағалау дағдылары қалыптасқан және 
ғылыми жаратылыстану саласы пәндерінің мазмұнын өздігінен өзара 
байланыстыра алады. Жоғары деңгей бойынша - 28%, ғылыми құбылыстарды 
түсіндіру және күнделікті өмірде қолдану қиындық тудырады. Орта деңгей 
бойынша - 58%, негізгі білімі мен түсінігін практикалық жағдайда ғана 
пайдалана алады. Төменгі деңгей бойынша - 84% адамның денсаулығына, 
жануарлардың мінез-құлық әрекетіне қатысты қарапайым мәліметтерді біледі.

13 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет