Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
168
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
əсіресе, россиялықтар қалағанынша қотастырған.
(Тыныбайын 2013в:4).
«Құпия шежіренің» алғашқы нұсқасы мен ав
-
торы туралы ғалымдардың арасында түрлі бол
-
жам бар. Жапондық тарихшы ғалым Конай Ясуд
-
зе бұл əйгілі жазылымның авторы Шыңғыс хан
ордасының бас іс басқарушысы, бұрынғы Най
-
ман хан ордасының канцелярисі Тататунга еді
деген болжамға тоқталады. Ал неміс ғалымы Хе
-
ниш, чех моңғолтанушысы Поухоның пікірінше,
Шыңғыс қағанға ең сенімді, мемлекеттік төреші,
татар азаматы Шишихутуг деп жазды (Munkuyev
1929:151). Көптеген ғалымдар осы екінші пікірді
қолдайды. Себебі, ол ұйғырша хат білетін,
Шыңғыс ордасының ішкі-сыртқы саясат істерін,
Шыңғыс қағанның бұйрық-əмірін орданың жа
-
сырын «Көк кітапшасына» белгілеп отыратын
адам болған деп жорамалдайды.
Қытай деректемелері ішінде «Юан Шидің»
124-тарауында айтылатын аңыз бойынша
Шың ғыс хан батыстағы найман Таян ханына
жорық жасағанда қойынында таңбасы бар най-
манның қашқын уəзірі Татартонғаны тұтқынға
түсіреді. «Таңбаның не қажеті бар?» деп
сұраған Шыңғысханға: «Оның қазына-мүлік
пен азық-түлікті басқаруда, белді адамдарды
мансапқа тағайындауда, іс атаулы сонымен ғана
бітетіндігін, таңба соның куəсі екендігін» айта
-
ды. Содан бастап Бұйрық-жарлықтарға таңба
істетілетін болыпты. Оның үстіне Шыңғысхан
Тататонғаға оң жағынан орын беріп, таңбаны
қолына ұстатып «Ханзадалар мен төрелерге
ұйғыр жазуын үйретуге бұйырған екен» (Влади
-
мирцов 1929:121). Бұл мəліметтен Шыңғысхан
шаңырақ көтерген кезде моңғол ұлтының жа
-
зуы болмаған деген ойға қалмауымыз керек.
Бір ғана айғақ – Татпар қағанның бітіктасы
(582 ж.) көне соғды жазуымен жазылған. Ал
қазіргі Моңғолияның солтүстік-батыс өңірінен
табылған көне ұйғыр жазулы «Долоодойн»
бітіктасы да бар. Ол бітіктас VІІІ-ІХ ғасырларда
қашалған (Дамдинсурэн 1957: 62-72).
Сонымен қатар, ғалымдар арасында бұл
шежірені керей руының бітікшісі жазған деген де
болжам бар. Өйткені, Керей ордасының уəзірлері
Моңғол империясын құрылу кезінде құрамына
кіріп, көптеген бітікшілері ордаға қызмет еткен.
Оның үстіне Шыңғыс хан шежіресінің жазылу
үлгісі Иса пайғамбар туралы шежіренің жазылу
үлгісімен ұқсас келетіндіктен христиандықты
қабылдаған керей немесе найман тайпасының
бітікшісі жазуы мүмкін делінеді. Ол туралы
В.Я. Владимирцев былай дейді:
Достарыңызбен бөлісу: