Хабаршы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №2 (60). 2017
172
«Құпия шежіре» – мəдени мұра
Шыңғыс хан шаманизмді негізге ала оты
-
рып, Мəңгі Аспан (Тəңір) идеясын теория
дəрежесінде қорытып, қолдана білді. Бұл тура
-
лы моңғол докторы П. Нэргүй «Моңғолдардың
көзқарастары мен тұжырымдары» мақаласында
осылай айтады. Шыңғыс хан жəне алтын тұқым-
дастар, ел басқарушылар, Шыңғыс əскерлері,
бəрі де шаманизмді ұстанып, шарттарын орын
-
дап, сеніп келгендіктен XIII-XVI ғасырлар
аралығында ешқандай дінге еріп, сіңіп кетпеді.
Шамандық оларды ержүрек, шыншыл, əділ,
ақкөңіл етіп тəрбиелей алды. Өзге діндерден
гөрі шаманизм кəдімгі қарапайым өмірден өз
ішінен туындағандықтан,
оларға етене жақын
болды. Шыңғыс хан шаманизмді ұстанды. Оның
құрған Моңғол мемлекетінің саяси ұстанымы
шаманизмдік табынуға емес, шаманизмнің идея-
сына бағытталған. Шаманизм – моңғолдардың,
барлық киіз туырлықты елдердің дүниетанымы
еді.
Шыңғыс хан шаманизмді, шамандық
уағыз бен танымды жақсы меңгерумен қатар,
оның кейбір салттарын саяси мəселелерге де
қолданды. Бастысы шаманистік дүниетанымды
дамытып, соның негізінде саяси, «Мəңгі Аспан»
идеясын ел саясатының ұстанымына жеткізді.
Шыңғысхан «Мəңгі Аспанды» Жарату-
шы ретінде мойындады. Оның саяси филосо-
фиясының тамыры мəңгі аспанның монотеистік
ұстанымы болып табылады. Бір сөзбен айтсақ,
моңғолдар
Шыңғысхан заманынан бастап
монотеистік бағытты дамыта бастады. «Мəңгі
Аспан» (Тəңір) – материя мен рух деп бөлінбеген
біртұтас бастама еді.
«Құпия шежіреден» Шыңғысханның: «Көкте
– Аспан (Тəңір), Жерде – Қаған»
(«Мөнх тэнгэ
-
рийн хүчин-дор, хаганы суу залийн ивээл дур
...»)
тұжырымдамасын байқауға болады. Тəңір
(Аспан) жəне Қаған деген қос наным айқындалып
тұр, ал олар дүниедегі жоғарғы ерік, құқықтың
екі негізгі бөлігін құрайды.
Тəңір (Аспан) жəне Қаған деген қос ұғым
«Аспан – Әке, Жер-Ана» деген шаманизмнің қос
үлгісінен туындаған болуы мүмкін болғанымен
шын мəнінде мемлекеттің саяси тұжырымының
мағынасын береді. Аспан (Тəңір) əлемдегі
шексіз ерік, биліктің жалғыз Құдайы. Ол өзінің
шапағатымен Қағанды қолдайды. Қаған тəңір
атынан билік етіп, аспан жарлығын жер бетіне
жүзеге асыруға міндетті. Қаған өз парасатының,
харизмасының көмегімен аспан қалауына,
шапағатына бөлене алады. Жоғарыда бір аспан
тəңірі болса, жерде бір ғана қаған болуға тиіс.
Оның ұстанымы бойынша моңғол ханы «Күн
шығыстан күн батысқа дейінгі аспан астындағы
барша елді басқаруға тиіс». Иə, Шыңғыс хан
өзінің Аспан (Тəңір) көзқарасын қалыптастырып,
нəтижесін көре алды. Ол «Күн шыққан
тұстан күн батқан» тұсқа дейінгі Мəңгі Аспан
астындағы барша халықты ашса алақанына,
жұмса жұдырығына ұстай алды. Қазіргі тілмен
айтсақ, жаһанданудың негізін қалады. Бұл тура
-
лы академик Ш. Бира өз лекциясында: «Шыңғыс
хан əлемді өз күшімен соңына ертіп, ұлы импе
-
рия құрып, түрлі мемлекеттерді бір билік асты
-
на біріктіре алды. Осының нəтижесінде əлем
сол кездегі ең
ұтымды жаңа қарым-қатынас
түрі Моңғолдың атты бекеті арқылы орнатты.
Атты бекет арқылы халықтар арасында түрлі
көзқарас, білім, хабар, сауда еркін алмасты.
Тарихи тұрғыдан алсақ, Моңғол тəңіршілдігін
қазіргі біздің жаһандану көзқарасымен салы
-
стыра қарауға болады» – дейді (Эрдэнэбаяр
2006.01.16).
Түркі-монғол халықтары əлемнің пайда бо
-
луы туралы шындық пен Шыңғысхан тегі тари
-
хын өз ұғым-түсініктерінің орталығы етіп қойды,
мұндағы ең басты тұлға – Монғол империясының
құрушысы. Біз, шыңғысшылдықтың ықпалында
болған түркі-монғол халықтары үшін Шыңғыс-
ханның уақытынан басталатын тарих – бұл
«жаңа эра» тарихы, ал Шыңғысханға дейінгі
тарих – «жаңа эраға дейінгі» тарих болып та
-
былады. Олар үшін Шыңғысхан дəуірі уақыт
санаудың бастапқы нүктесі, яғни эра болып та
-
былады (Barlybayeva 2006:65)
Достарыңызбен бөлісу: