Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет9/13
Дата15.11.2022
өлшемі43,21 Kb.
#158366
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Пиза тапсырмасы бойынша м тіндер М тін -1 Абайды сыны гімені (1)

Мәтін-12
ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ
Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
- Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның
екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті.
- Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол.
Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Сұрақтар:


1.Ғылым қайрат, ақыл, жүректің ішінен төрелікті қайсысына береді?
А. Ғылымға
В. Қайратқа
С. Ақылға
D. Жүрекке

2. Қайраттың айыбы неде?


А. Тым күштілігінде
В. Керек кезінде пайдалануға болайтындығында
С. Өз қайратын тек жамандыққа жұмсайтындығында
D. Қайратын жақсылыққа да, жамандыққа жұмсай алатындығында

3. Ақылдың айыбы неде?


А. Ақылды амал мен айлаға да жұмсауға болатындығында
В. Ақылдың тым өзімшілдігінде
С. Ақылдың ешкімді тыңдамайтындығында
D. Ақыл өзін өзгелерден жоғары ұстайтындығында

4. Ғалымның төрелікті жүрекке беруі дұрыс шешім бе? Өмірмен байланыстырып, ойыңды дәлелді жеткіз.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет