Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет6/13
Дата15.11.2022
өлшемі43,21 Kb.
#158366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Пиза тапсырмасы бойынша м тіндер М тін -1 Абайды сыны гімені (1)

Мәтін -7


Зеректік

Мәтінді оқыңыз.


Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:


– Түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрады.
– Жолаушының біреуі:
– Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді?, – дейді.
– Жоқшы:
– Иә, – деп басын изейді.
– Екінші жолаушы:
– Түйеңнің оң жақ артқы аяғы ақсақ па еді?, – деп сұрайды.
– Дұрыс! Сол жақ артқы аяғының сылтығы бар еді, – дейді.
– Сонан соң, үшінші жолаушы:
– Түйеңнің құйрығы шолақ па еді? – деп сұрайды.
– Жоқшы:
– Иә, құйрығы шолақ, – деп, асығып жауап береді де: – ол түйені қайдан көрдіңіздер? – деп сұрайды.
Жолаушылар:
– Көргеніміз жоқ, – дейді.
– Көрмесеңіздер, түйемнің белгісін қайдан білдіңдер? Түйемді сендер ұрладыңдар! – деп жоқшы жабыса кетеді.
– Ау, жаным денің сау ма? Түйеңді ұрламақ түгіл көргеніміз жоқ, – дейді.
Жоқшы бұл жауапқа қанағаттанбайды. Төртеуі бір биге келеді. Би сұрастыра келе:
– Ұраламасаңдар, көрмесеңдер, ол түйенің бейне-белгісін, көрген кісідей анықтап, байқап, қайдан білдіңдер, – дейді.
Жолаушылар:
– Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзімізді ашқан шаруаның балаларымыз, сондықтан білдік – деп жауап береді.
– Қалай білдіңдер? – деп би қайта сұрайды.
Жолаушылар:
– «Түйенің оң көзі соқыр ма еді? дегеніміз: түйе бара жатып, ылғи жолдың сол жағындағы шөпті жепті, оң жақтағы шөпті жемепті. Аяғының ақсағын білгеніміз: тұрған жерінде, түйе артқы сол аяғын көтеріп тұрыпты. Түйенің артқы құйрығы шолақ екенін білгеніміз: құмалақ тастағанда, алысқа жіберіпті. Шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды, – депті.

1. Мәтін не туралы?


А) Жолаушылар туралы
Ә) Жоғалған ат туралы.
Б) Жоғалған түйе туралы



  1. Мәтіннен берілген әр үзіндіні оқыңыз. Үзіндіге лайықты ат таңдаңыз.

1) Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шығып:


– Түйе көздеріңе түспеді ме? – деп сұрады.
– Жолаушының біреуі:
– Түйеңнің оң көзі соқыр ма еді?, – дейді.
– Жоқшы:
– Иә, – деп басын изейді.
– Екінші жолаушы:
– Түйеңнің оң жақ артқы аяғы ақсақ па еді?, – деп сұрайды.
– Дұрыс! Сол жақ артқы аяғының сылтығы бар еді, – дейді.
– Сонан соң, үшінші жолаушы:
– Түйеңнің құйрығы шолақ па еді? – деп сұрайды.
– Жоқшы:
– Иә, құйрығы шолақ, – деп, асығып жауап береді де: – ол түйені қайдан көрдіңіздер? – деп сұрайды.
Жолаушылар:
– Көргеніміз жоқ, – дейді.
А) Түйені жоғалту
Ә) Түйеге тән қасиеттер
Б) Түйенің бейне –белгілері

2) Көрмесеңіздер, түйемнің белгісін қайдан білдіңдер? Түйемді сендер ұрладыңдар! – деп жоқшы жабыса кетеді.


– Ау, жаным денің сау ма? Түйеңді ұрламақ түгіл көргеніміз жоқ, – дейді.
Жоқшы бұл жауапқа қанағаттанбайды.
А) Ұры жолаушылар
Ә) Жоқшының жала жабуы
Б) Табылған түйе
3) Төртеуі бір биге келеді. Би сұрастыра келе:
– Ұраламасаңдар, көрмесеңдер, ол түйенің бейне-белгісін, көрген кісідей анықтап, байқап, қайдан білдіңдер, – дейді.
Жолаушылар:
– Біз ұры емеспіз, мал баққан, малмен көзімізді ашқан шаруаның балаларымыз, сондықтан білдік – деп жауап береді.
А) Бидің шешімі
Ә) шаруа балалары
Б) жолаушылар сенімі

4) Қалай білдіңдер? – деп би қайта сұрайды.


Жолаушылар:
– «Түйенің оң көзі соқыр ма еді? дегеніміз: түйе бара жатып, ылғи жолдың сол жағындағы шөпті жепті, оң жақтағы шөпті жемепті. Аяғының ақсағын білгеніміз: тұрған жерінде, түйе артқы сол аяғын көтеріп тұрыпты. Түйенің артқы құйрығы шолақ екенін білгеніміз: құмалақ тастағанда, алысқа жіберіпті. Шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды, – депті.
А) Жолаушылардың зеректігі
Ә) Зеректік
Б) Жолаушылар табысы



  1. «Түйенің оң көзі соқыр ма еді? дегеніміз: түйе бара жатып, ылғи жолдың сол жағындағы шөпті жепті, оң жақтағы шөпті жемепті. Аяғының ақсағын білгеніміз: тұрған жерінде, түйе артқы сол аяғын көтеріп тұрыпты. Түйенің артқы құйрығы шолақ екенін білгеніміз: құмалақ тастағанда, алысқа жіберіпті. Шолақ түйенің құмалағы алысқа түседі, құйрықты түйе құмалағын алысқа тастай алмайды, – депті.

Негізгі түйінге мән беріңіз. Мәтін неге «Зеректік» деп аталады деп ойлайсыз?



Мәтін-8
Мәтінді оқыңыз
Ертеде ұйыған айрандай ауызбіршілігі мықты, үлкені кішісінің алдын кесіп өтпейтін, салт-дәстүрді ұстанған қазақы ауылға бір жігіт көшіп келіпті. Ауыл адамдары «ерулік» дәстүрі бойынша қоныс аударып келген жігітті қолды-аяққа тигізбей шақыра бастапты. Мол жайылған дастарқан, шын пейіл, құрмет-қошеметтері ерекше болады. Алайда адамның барлығы бірдей емес, сол ауылда Алмас дейтін ішіне шынтақ айналмайтын, пейілі тар жігіт болыпты. Іштей «Көшіп келгені енді. Мен болсам, осы ауылда еңбек етіп жүргеніме бірнеше жыл болды. Ешкім бұлай сый-құрмет көрсетпейді. Соншама асты-үстіне түсетіндей қандай еңбегі сіңген еді? Мен ауылдастарымның көзін ашайын. Бұл жігіттің жағымсыз бір мінезін әшкерелейін» деп арам пиғылын іске асыруға көшеді.
Таң қылаң бере, жаңадан қоныс аударып келген жігіттің үйіне барады. Қолында қоқыс толған иісі сасық шелек. Үйінің есігін қағады да өзі ағаштың арасына тығылады. Іштей «Қазір айқай салып, шелекті тебеді. Содан соң, ауыл адамдары бұл жігіттің шынайы келбетін көреді» деп үміттенеді. Бірақ Алмастың ойы жүзеге аспай қалады. Есікті ашқан жігіт жан-жағына қарайды да ешқандай ашуланбастан қоқыс толы шелекті үйіне алып кіріп кетеді. Алмас ары күтіп, бері күтіп, ақыры үйіне кетіп қалады. Біраздан соң, есіктің қағылғанын естиді. Есікті ашса, әлгі кір шелегі жалтырап жуылған, ал ішінде қоқыстың орнына иісі аңқып үлкен-үлкен алмалар тұр. Шелекті ұсынып жатып, бір нәрсе айтады...
Сұрақтар

  1. Қалай ойлайсыз, әлгі жігіт не айтты?

A. Сенен ондай нәрсені күтпеппін.
B. Ендігәрі бұлай жасама.
C. Әркім өзінде барын береді.
D. Таспен атқанды аспен ат.


  1. Автордың айтқысы келген ойы қандай?

A. Көшіп келген жігіттің сабырлы екенін көрсеткісі келді
B. Қазақ халқының нағыз қонақжай халық екендігі
C.Алмастың еңбегін ауыл адамдары дұрыс бағаламағанын жеткізуді
мақсат етті.
D. Іштарлықтың жаман мінез екенін көрсеткісі келді.


  1. Хаттың иесі Алмасқа қандай ой тастағысы келді? Жауабыңызда мысалдың мағынасын қалай түсінгеніңізді көрсетіп жазыңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Көз алдыңызға елестетіңізші, қоныс аударған жігіт пен Алмас бірнеше минуттан кейін кездескен болса, Алмас әлгі жігітке не айтар еді деп ойлайсыз?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет