Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз



бет7/13
Дата15.11.2022
өлшемі43,21 Kb.
#158366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Пиза тапсырмасы бойынша м тіндер М тін -1 Абайды сыны гімені (1)

Мәтін-9
Мәтінді оқыңыз
Асан 15 жасқа толғанда, қазақ тілі мұғалімі оқушыларына өздерінің арманы туралы шығарма жазуды тапсырады. Асан көп ойланып, өзінің көптен бері көкейінде жүрген арманын қағаз бетіне түсіреді. Бала өскенде үлкен шаруашылық ашып, ат қора салғысы келетінін жазады. Сонымен қатар жиырма бөлмесі бар үйді тұрғызатынын жеткізіп, суретін де салады. Бала барлық қиялын ақ қағаз бен қара сияның көмегімен түсіреді.
Ертеңіне шығармасын мұғалімге береді. Екі күннен кейін қазақ тілі мұғалімі «екілік» қойып, шығарманы балаға қайтарып береді. Баланың сұраулы жүзіне: «Арманың бойыңа шақ болу керек. Іске аспайтын арман. Бұл арманың жүзеге асу үшін өте көп ақша керек. Ал сенің отасылық жағдайың орта екені белгілі. Сондықтан мұндай арманмен басыңды қатырмай-ақ қой. Көрпеңе қарап көсілу керек. Шығарманы басынан өзгертіп жаз», - дейді.
Асанның еңсесі түсіп кетеді. Содан соң мұғалімнің айтқанын әкесіне жеткізеді. Әкесі ойланып тұрып: “Сенің алдыңда екі түрлі таңдау тұр. Қайсысын таңдайтыныңды өзің шеш», – дейді. Бір апта ойланып, сол шығарманы мұғалімге қайта береді.
Арада бірнеше жыл өтеді. Асан мектепті бітіріп, үлкен азамат болады. Әлгі мұғалім тағдыр айдап, өзінің 30 оқушысын үлкен қалаға жарысқа алып келеді. Барлық оқушысын Асанның үйіне жайғастырады. Асан оларды қонақ етіп күтеді. Мұғалім: «Асан, мен үлкен қателік жасаған екенмін. Сен секілді қаншама балалардың арманын ұрладым. Алайда сен өз арманың үшін күрестің және арманыңа қолжеткізе білдің»....
Сұрақтар

  1. Әкесінің: “Сенің алдыңда екі түрлі таңдау тұр. Қайсысын таңдайтыныңды өзің шеш» деген сөзінің астарында қандай ой жатыр?

А. Мұғалім сілтеген жол немесе өзің армандаған жол.
В. Арманың үшін күресу немесе өз арманыңнан бас тарту.
С. Шығарманы қайта жазу немесе қайта жазбай, сол күйде қайтару
D.Мені тыңдау немесе мұғалімді тыңдау.
2. Мұғалім: «Асан, мен үлкен қателік жасаған екенмін. Сен секілді қаншама балалардың арманын ұрладым» деген сөзінде мұғалімнің қандай көңіл күйі байқалады?
А. Таңғалыс
В. Қуаныш
С. Өкіну
D. Сағыну
3. Мұғалімнің: «Арманың бойыңа шақ болу керек» деген ойымен келісесіз бе? Мұғалімнің бұл сөзі қаншалықты дұрыс?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Асанның биік арманына қолжеткізуге өзінің табандылығы себепші болды ма әлде мұғалімнің сенім білдірмеуі қамшы болды ма? Өз ойыңызды жеткізіңіз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет