Мәтін -4
Батылдық
1. Еңбек сенікі, өзің ал, - деп үлкендер бөріні Аманкелдінің өзіне қайтарып береді.
Аманкелді арланды сойып алып, ат сауырына салғанда, қасқырдың бір жағынан тұмсығы, бір жағынан құйрығы жер сызып отырыпты.
3. Осы кезде бұлардың үстіне қойды ауылға қарай қаптатып айдап келе жатқан бала жігіт Аманкелді тап болыпты.
Аманкелді айнала аңтарылып тұрғандардан істің мән-жайын сұрапты. Олар қасқырға батып бара алмай тұрғандарын балаға баяндапты.
-Тәйірі, тышқаннан қорқып барлығыңның бата алмай тұрғандарың ба? - деп, Аманкелді үстіндегі тонын шешіп, лақтырып жіберіп, қалың қардың үстімен қасқырға қарсы жүреді.
Аманкелді жоқшылықтан құтыла алмай, Есжан деген байдың есігінде жүреді. Есжанның төрт түлігі Торғай өлкесіне сыймапты. Ол бір жылы қырдан Сырға құлап, Арыс құмын қыстап отырыпты. Алғашқы қар қалың түсіп сол күні бір топ адам Арыс құмынан арлан қасқыр қуыпты. Қасқыр қалжырап шаршаған соң, биік құмның қырқасындағы бір топ тікенектің арасына барып тілін салақтатып, көлденеңдеп жатып алыпты. Барайын десе үлкен кісілерді қар көтермепті. Ал жас жігіттер азу тісін сақылдатып, екі көзінен жалын шашып, айбат шегіп жатқан арланның айбарынан жасқанып жанына бара алмапты.
2. Жалғыз барған жас балаға тайыншадай қаһарын тігіп желкесі күжірейіп, көзінен от шашып, қарсы шабады. Аманкелді сілтеп бір қалғанда, қақ сойыл қасқырдың қара тұмсығынан барып тиеді. Қасқыр құйрығы қарға шаншыла барып құлайды. Аманкелді қасқырды сүйреп әкеліп, «Байлаңыздар», - деп ақсақалдардың алдына тастайды.
(С.Мәуленов)
Мәтін бөліктерін дұрыс орналастырыңыз.
А
|
4,2,3,1
|
Ә
|
1,3,4,2
|
Б
|
4,3,2,1
|
2. Аманкелді «Тәйірі, тышқаннан қорқып барлығыңның бата алмай тұрғандарың ба?» деп қандай жануар туралы айтты?
А) жолбарыс
Ә) қасқыр
Б) қабан
3. Қасқырды сипаттаған жерлерін табыңыз, Аманкелдінің іс- әрекетіне қандай баға берер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |