Пиза тапсырмасы бойынша мәтіндер Мәтін -1 Абайдың сыны Әңгімені оқыңыз. Түсініңіз


Мәтін -3 Жұмбақты жұмбақпен шешу



бет3/13
Дата15.11.2022
өлшемі43,21 Kb.
#158366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Пиза тапсырмасы бойынша м тіндер М тін -1 Абайды сыны гімені (1)
Білім алушыларға арналған сауалнама
Мәтін -3
Жұмбақты жұмбақпен шешу.

Қазыбек би қасына бір жолдасын ертіп, Төле биге сәлем бере барады.


Әңгіменің бір кезінде аға биден жұмбақтап сұрайды:
- Алысыңыз қандай?-деп сұрайды.
- Алысым жақын болды ,- деп жауап береді Төле би.
- Тәттіңіз қандай болды?
- Тәттім шырын болды.
- Несиеңіз қандай ?
- Несием, шүкір, өсіп жатыр.
Бұл жұмбақтың шешуін Қазыбек бидің қасына еріп барған жолдастары да, келгенде олардан естіген өз әкесі де түсінбейді.
Жұмбақтың шешуін Қазыбек бидің өзі былай түсіндіреді:
- «Алысыңыз қандай?» деген - «Көзіңіз қалай көреді?» деген, «Тәттіңіз қандай?» деген - «Ұйқыңыз қалай?» деген, «Несиеңіз қандай?» деген - «Балаларыңыз қалай қарауда?» деген едім.
Төле би менің сұрақтарыма:
«Көзім нашар көретін болды. Ұйқым келмейді. Балаларым өсіп жатыр», - деп жауап берді дейді.



  1. Сұрақ. Қазыбек би нені сұрады? Сәйкестендіріңіз.




  1. Алысыңыз қандай?







А .Ұйқыңыз қалай?

  1. Тәттіңіз қандай?







Ә. Көзіңіз қалай көреді?

  1. Несиеңіз қандай ?







Б. Балаларыңыз қалай ?

2-сұрақ. Төле бидің жауабын Қазыбек би қалай түсінеді?



  1. Алысым жақын болды







А. Балаларым өсіп жатыр.

  1. Тәттім шырын болды.







Ә. Ұйқым келмейді.

  1. Несием өсіп жатыр.







Б. Көзім нашар көреді.

3-сұрақ. Әңгімедегі «Алысыңыз қандай?», «Тәттіңіз қандай?», «Несиеңіз қандай?» деген сұрақтарды сіз қалай түсінер едіңіз? Сіздің ойыңызша, бұл сұрақтардың астарында Қазыбек би не туралы сұрамақ болған еді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет