План урока № Пәннің атауы: Ветеринария негіздері Название предмета Топ 1431 Группа



Дата30.10.2019
өлшемі59,5 Kb.
#50775
түріПлан урока
Байланысты:
ВЕТЕРИНАРИЯ 1431 АШЫК САБАК

«Қаралды»

____ «___» ____ 20__ж

Бірлестік жетекшісі__________

Сабақтың жоспары

План урока №
Пәннің атауы: Ветеринария негіздері

Название предмета

Топ 1431

Группа

Күні 28.10.2019

Дата

Сабақтың тақырыбы: «Сойыс малдарының сипаттамасы»

Тема урока

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға әр малға тән қоңдылық дәрежесін, сою әдістемесін және зақымсыз тасымалдау жолдарын меңгерту мен білімдерін жетілдіру



Дамытушылық: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерің дамыту

Развивающая



Тәрбиелік: Сабаққа қызығушылықтарын арттыра отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Воспитательная

Сабақтың типі: аралас сабақ

Тип урока

Сабақтың әдістері сұрақ – жауап, түсіндіру, деңгейлеп саралап оқыту

Методы проведения урока

Пәнаралық байланыс: Зоогигиена, мал шаруашылығы.

Межпредметная связь

Көрнекі құралдар: Интернет материалдары, слайд

Наглядности
Сабақтың барысы

Ход урока
Ұйымдастыру бөлімі. - оқушылармен сәлемдесу;

Организационный момент - оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.



Өткен тақырыптарды қайталау: Топтық жұмыс

«Домино» әдісі

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан 2 бағанға бөлініп беріледі. Топтағы бірінші білім алушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі білім алушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі білім алушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.









Мал гигиенасы - ...













Мал саулығын сақтау, тиімді жүйелер арқылы бағалау.

Зоогигиеналық талаптар - ...

Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады.



Жаңа тақырыпты түсіндіру: Малдың қоңдылығы — мал денесінде қоректік заттардың (майет) жиналу деңгейі. Малдың қоңдылығы малдың күтіміне, тұқымына, жасына және денсаулығына байланысты. Малдың тұқымына қарай қоңдылығы, етінің дәмі әр түрлі болады. Семіз сиырдың дене бітімі жұмыржамбасқұйымшақ сүйектері, омыртқалары білінбейді, шап майы толық, таза етінің 60 — 65%-ы ет пен май болады. Орташа қоңды сиырдың таза ет түсімі 50%. Сүйектері шығыңқы, еті олқы, шап майы жұқа келеді.

Семіз жылқының арқа омыртқасы, қабырғасы, мықыны білінбейді, арқасы, сауыры жалпақ, жалы тік, тығыз келеді. Семіз түйенің саны жуан, өркеші тік, тығыз, қолмен ұстағанда арқа және бел омыртқаларының ұштары білінбейді. Құйрықты және мәліш қойдың құйрығына май жиналады. Малдың қоңдылығына байланысты еттің химиялық құрамы өзгереді. Күтімі жақсы, семіз малдың қара еті майлы, дәмді келеді. Малдың қоңдылығын анықтауда әр малдың түріне бекітілген мемлекеттік стандарт қолданылады.

Малдың физиологиялық қолайлы түріне, әдетте, оның орташа және жоғары қоңдылығы сәйкес келеді. Сойыс малын өңдеудің технологиясы мен гигиенасы. Мал союға дайындаудан өткеннен кейін алғашқы өңдеу цехына жіберіледі. Мұнда малдың ұшасы алынады, өзге ағзалары ары қарай ұсатуға (тағамға, дәрі-дәрмекке, техникалық қажеттікке) дайындалады. Малды алғашқы өңдеу кезінде мал дәрігерлік-санитариялық талапты катаң сақтаудың маңызы зор. Алынған өнімнің тағамдық сапасы осыған көп байланысты. Малды союдың барлық кезеңіңде ұша және мүшелер қатаң малдәрігерлік сараптаудан өтуге тиіс. Ірі ет өңдеу кәсіпорындарында малды сою, мүшелеу бөлімі оның ең жоғарғы қабатында орналастырылады. Ал қасапханаларда бұл негізгі цех болып табылады.

Басқа цехтардың жұмысы осы цехтың жұмысына


байланысты. Себебі олар өз жұмысына қажетті шикізатты мал соятын цехтан алады. Бұл цехтың санитариялық жағдайы, ондағы құрал-жабдықтардың орналасу тиімділігі т.б. сойған малдан алынатын өнімді толық пайдалануға, өнімнің сапасына, шығымына үлкен әсерін тигізеді.

Жаңа тақырып бойынша топпен есеп шығару:

Сүтті тұқымдар үшін: Сүтті тұқымдар үшін: Х = 2(Ұ*Ж) / 100;

Етті-сүтті тұқымдар үшін: Х = 25(Ұ*Ж) / 100;

Етті тұқымдар үшін: Х = 2,5(Ұ*Ж) / 100.

Шоқтығының биіктігі: 109, 118, 114; 108, 116, 111; 106, 112, 119.

Кеуде тереңдігі: 53, 55, 54; 60,61,63; 65,66,67.


Жаңа тақырыпты бекіту(пысықтау)

Закрепление нового материала

1. Малдың қоңдылығы дегеніміз –

2. Ірі қара жасына, жынысына байланысты -

3. Сақа жылқы қоңдылығы бойынша 2 –ге жіктеледі;

4. Тапсырылатын бройлер балапанына салмақ нормасы –

5. Малды тасымалдаудың -



Тақырып бойынша полиглот: ҚОҢДЫЛЫҚ – УПИТАННОСТЬ - FATNESS
ІРІ ҚАРА – КРУПНЫЙ РОГАТЫЙ СКОТ – CATTLE

АВТОКӨЛІК – МАШИНА – AUTO CAR

БОРДАҚЫЛАУ – ОТКОРМЛИВАТЬ – FATTEN

ҚҰС ЕТІ – ПТИЦЕ МЯСО – POULTRY MEAT

КЕМЕ – КОРАБЛЬ - SHIP

ЖАНСЫЗДАНДЫРУ – АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ – ANESTHESIOLOGY

ЕТ КОМБИНАТЫ – МЯСОКОМБИНАТ - MEAT PROCESSING PLANT

СОЮ – УБОЙ – SLAUGHTER



ҮЙРЕК – УТКА – DUCK

Сабақты қорытындылау: Бекітілген сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Полиглот жаттау, есептер шығару

Оқытушы: Ж.К.Тасымбай

Преподаватель

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет