Плазмалық мембрана (плазмалемма, жасушалық мембрана)



бет5/5
Дата17.09.2024
өлшемі0,8 Mb.
#204457
1   2   3   4   5
Байланысты:
9.1А Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының компоненттерінің қызметтері Қосымша 2

МЕМБРАНАСЫЗ ОРГАНОИДТЕР
Рибосома. Рибосома нәруыз биосинтезін жүзеге асыратын органоид екені белгілі. 180 000 есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскоп арқылы рибосоманың жұмыртқа пішінді болып келетіндігі дәлелденді (35-сурет).Ол, негізінен, кіші және үлкен екі бөліктен тұрады.Орташа диаметрі -15,0-35,0 нм.Рибосоманың екі түрі бар:эукариоттық және прокариоттық. Эукариоттық рибосоманың жалпы өлшемі – 80S, кіші бөлігінікі - 40S, үлкен бөлігі – 60S, ал прокариоттық түрі керісінше, 70 S-тан 30 S-ке дейін ауытқып отырады (Сведберг өлшемі). Митохондрияның және хлоропластың рибосомаларының өлшемдері 50 S – 70 S аралығында болады. Рибосомалардың саны жасушаның түріне және нәруыз биосинтезіне қарай өзгеріп отырады.

Рибосоманың құрылысы
Негізінен, рибосомалар мен рРНҚ ядрошықта синтезделеді. Рибосоманың құрамына кіретін нәруыздар алуан түрлі болады.Прокариоттық рибосомада, шамамен – 55, ал эукариоттық рибосомада 100-ге жуық нәруыз кездеседі. Рибосоманың негізгі қызметі – нәруыз молекуласын синтездеу. Оның кіші бөлігінде трансляция (көшіріп аудару) процесі жүреді, ал үлкен бөлігінде аминқышқылдары жинақталып, нәруыз молекуласы түзіледі.
Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомалар бірігіп полирибосома (полисома) құрайды да, жасуша тіршілігіне қажетті нәруызды ғана синтездейді. Ал митохондрия мен хлоропластағы рибосомалар олардың құрылыс қызметтерін атқаратын нәруыздарды синтездейді.
Қорыта айтқанда, эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомалар нәруыздың биосинтезі жүретін және оларды тасымалдайтын бірыңғай жүйе болып есептеледі.
Жасуша орталығы.Жасуша орталығы көп жасушалы жануарлардың, қарапайымдардың және кейбір өсімдіктердің жасушаларынан табылған. Жасуша орталығы екі құрамдас бөліктен: центриольден және центросферадан тұрады.
Центриольдер цилиндр пішінді, ұзындығы 1 мкм шамасында болады. Жасуша бөлінуден бұрын бұл орталық екіге бөлінеді де, экватордан полюстерге қарай тартылады.Содан кейін екі центриольдің арасында ахроматин жіпшелері пайда болып, бір ұшы хромосомалардың центромераларымен байланысады.

Ценриоль құрылысының сызбасы. Жасуша орталығы
Жіпшелердің көмегімен хромосомалар әрбір жасушаға тең бөлінеді.Сонымен, бұл орталық жасушаның митозды және мейозды бөлінуіне тікелей қатысады. Жасуша орталығы бөліну арқылы көбейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет