Плазмалық мембрана (плазмалемма, жасушалық мембрана)



бет1/5
Дата17.09.2024
өлшемі0,8 Mb.
#204457
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9.1А Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының компоненттерінің қызметтері Қосымша 2




ПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНА
(ПЛАЗМАЛЕММА, ЖАСУШАЛЫҚ МЕМБРАНА)
Өсімдік және жануар жасушасының перифериялық құрылымы, сыртқы ортаның протопламасының беткі қабатын сипаттайды. Жасушада екіжақты еркін қозғалысын шектейтін және оның төменгі- және жоғарғымолекулалық қосылыстардың механикалық барьердің қызметін атқарады. Плазмалемма жасушаға құрылыс сияқты, әртүрлі химиялық заттарды «анықтағыш» және олардың тұрақты түрде белгілі бір осындай зат алмасуына қатысады. Жасушаның мембраналары басқалар сияқты синтетикалық активті ЭПС көмегімен жаңартылады және пайда болады, оларға құрылыстары ұқсас болады.
Жасушадағы плазмалық мембрана барлық тірі ағзаларда бір-бірден орналасқан. Оның қалыңдығы 8 нм құрайды. Ол жалпақ екі липидтік қабаттан тұрады. Нәруыз молекулалары липидтік қабатқа оның сыртқы және ішкі беттік ауданына, яғни оның қалыңдығына енеді
Плазмалық мембрана басқа да жасушалардың липопротеидті мембранасы сияқты жартылайөткізгіш болады. Онда ерітілген су мен газдар максималды еніп кетеді. Басқа жағдайда арнайы тасымалдағыш-нәруыздар таңдалынып сол немесе басқа иондармен байланысады және мембрана арқылы тасымалданады. Мұндай тасымалдану түрін активті транспорт деп атайды және нәруыз иондарының соруы арқылы жүзеге асады.
Жоғарымолекулалар, мысалы нәруыздар мембрана арқылы өтпейді. Олар, сондай-ақ заттың ірірек бөлшектерін жасуша ішіне эндоцитоз арқылы өткізеді. .

Рис. Строение мембраны клетки (плазмалеммы).


ЦИТОПЛАЗМА
Цитоплазма жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Оның негізгі түпнегізін гиалоплазма түзетіндіктен, цитоплазманың құрамы әртекті болады.
Гиалоплазма (от «hyalinе» — түссіз) – бұл негізгі плазма. Цитоплазманың химиялық ерекшеліктеріне келетін болсақ, оның құмаында түйіршікті денелер, нәруыздар, ферменттер, нуклеинқышқылдары және көмірсулар мен АТФ молекулалары болады. Гиаплазманың құрамында нәруыздар, цитоплаз малық ферменттер көп. Гиаплазма жасушаның барлық құрамдарын біріктіретін және бір-бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін негізгі орта. Гиалоплазма мембраналы және мембранасыз органоидтардан тұрады.


ЯДРО
Ядро жасушаның маңызды бөлшектерінің бірі. Ол организмнің тұқымқұалайтын қасиеттерін сақтай отырып, оның келесі ұрпақтарға беруде ерекеше рөл атқарады. Біржасушалы организмдерді екі бөлікке, яғни ядро мен цитоплазмаға бөліп зерттеу арқылы оның организмнің өсуіне, қоректенуіне, қозғалуына, жойылып кеткен бөліктерінің қайтадан қалпына келуіне (регенерациялануына), заттардың алмасуына тікелей қатысатынын байқауға болады. Эукариот жасушасы көбіне бір ядродан тұрады, сирек жағдайда екі ядролы жасушалар (бауыр жасушасы, инфузории) кездеседі. Көпядролы жасушалар - бұлшықет жасушалары, сондай-ақ бірнеше түрлі саңырауқұлақтар мен балдырлар болып табылады. Кейбір жасушалар, мысалы, эритроциттер, өсімдіктердің ескірген сабағының түтікшелерінде ядро мүлдем болмайды. Ядро құрамына ядро қабықшасы, кариоплазма және ядрошық кіреді.



Рис. Внутреннее строение ядра.
1 – внутренняя и наружная ядерные мембрана;
2 – ядерные поры;
3 - перинуклеарное пространство;
4 – хроматин;
5 – кариоплазма;
6 – ядерные рибосомы;
7 – ядрышко;
8 – околоядрышковый хроматин;
9 – мембраны цитоплазматической сети.



Ядро қабықшасы.Ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан боліп тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады,олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады.Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (озгеріп отырады). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60—80 нм.тең.Қабықшаның ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді.Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға (Ядро қабықшасы кулум) жақын, оның сыртқы (сызба-нұсқасы): 1-ішкі мембра- мембранасынан, тіптен цина; 2-перинуклеарлы кеңістік; 30—100 нм. болатын күрделі құрылым, олар арқылы макромолекулалар нуклеоплазмадан гиалоплазмаға және керісінше өтіп жатады.Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасуды реттеп отырады және белоктар мен липидтерді синтездеуге қабілетті.
Нуклеоплазма.Бұл ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді.Нуклеоплазманың құрамына әртүрлі ферменттер, нуклеин-қышқылдары кіреді.Ол ядроның органелдерінің арасындағы байланыстарды ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге олар арқылы өтетін заттарды тасымалдайды.
Хромосомдар.Бұл тек электронды микроскоппен көрінетін, өте жіңішке (10 нм.) жіп тәрізді құрылымдар. Ядро бөлінген кезде олар спираль тәрізді ширатылады,нәтижесінде қысқарып жуандайды және оптикалық микроскоппен көрінеді.
Кариоплазма (ядро, плазма) – жасуша ядросы құрылымдарының аралықтарындағы бірыңғай келген ядроның қоймалжың құйық бөлігі. Жасуша цитоплазмасының ядро қыбқшасы – кариолемма арқылы оқшауланып бөлініп тұрады. Ядро сөлінің құрамындағы күрделі протеиндер – нуклеопротеидтер, гликопротеидтер, ядротіршілігіне қажет энергия алмасуын реттейтін ферменттер қатар, нуклеин қышқылдарының, протеиндердің және т.б. заттардың түзілуіне керекті әртүрлі қосылыстар болады.
Ядродағы ядрошықтар саны 1—2, кейде 3—4 болатын дөңгелек, кейде сопақша денешіктер. Ядроға қарағанда ядрошық тығыз келеді. Ядрошық ядродан толық бөлінбеген және ядролық плазманың ішінде еркін козғалып жүреді. Ядрошық РНҚ синтезінің орталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет