КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ:
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ:
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД
247
Қорыта келе еліміздің алдыңғы қатарлы ел болып, білім саласының қарқынды дамуы үшін
педагогтердің цифрлы құзыреттілігін қалыптастырудың маңызды екендігін, әр педагог заман
талабына сай дамып, өз білімін арттырып отыруы тиіс демекпіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
К.Д.Бузаубакова, А.С.Амирова, А.А.Маковецкая «Цифрлы педагогика». Тараз «ИП
Бейсенбекова А.Ж»
-
2022ж [1] 54
-
бет ,56
-
бет.
2.
«Цифрлы дәуір педагогикасы» «Өрлеу» «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен
ғылымның дамуын қолдау қоры» https://wordwall.net/ru/resource/52601630
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ
ОРЫНДАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Бухарбекова А
.
Т
.
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы
,
Бейсенбек Тайшапұлы атындағы
орта мектебі
Мақсаты:
бастауыш сынып оқушыларын математикаға қызығушылығын арттырып,
функционалдық сауаттылық тапсырмалары мен логикалық есептерді оңай шешуге дағдыландыру.
Міндеттері:
-
оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу;
-
оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру;
-
оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған есептерді шешу;
-
логикалық есептерді тез, әрі оңай жолмен шешуге үйрету.
Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру жүйесін дамытуға баса көңіл бөлініп отыр. Қазақстан
Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды
дамыту болып табылатындығы айқын айтылған. Жалпы білім беретін мектептерде дарынды
балаларға арналған шығармашылық орта құру керек деп ойлаймын. Кез
-
келген қоғамда дарынды
адамдар қажет және қоғамның басты міндеті олардың қабілеттерін дамыту. Көп дарынды балалар
өз беттерінше қабілеттерін дамытуға дайын емес. Себебі, көп жағдайда оқушы отбасына және
мектебіне тәуелді болады. Отбасы баланың қабілетін дер кезінде білуі керек, ал мектеп
–
балаға
қолдау көрсетіп, оның қабілетін дамытады, және оны іске асыруға жағдай жасайды.
Дарынды
балалар өз қатарластарынан көш ілгері болады. Олар оқу материалдарын тез меңгереді, жаңа
ақпараттарға қызығушылығы мол болады. Мұндай балалармен жұмыс жасаған қызықты да,
күрделі.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз
-
оқушының пәнді терең
түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез
-
келген жағдайда тиімді қолдана
білуін қамтамасыз ету. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға
үйрету.
|