КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 272
1- сурет.Герон сорғысы. Герон театр өнерінде өз қолтаңбасын қалдырған адам.Интернет, теледидар жоқ заманда
елдер театр көргенді ұнататын.Ежелде театр көп адамдардың өмір орталықтарына айналған
еді.Бұл жерде олар жаңалықтармен
бөлісетін, діни, рухани қорек алатын.Керемет акустика,
сахнада болып жатқан қимылдар әсерлі, шынайы еді. Герон театрға көп нәрсе бере алатынын
білді. Оның декорациясы сахнада кенеттен пайда болып, мүмкін және қажет болған кезде
жоғалып, басқа бейнеде пайда болатын.Механизмнің жоғарғы бөлігіндегі бөлік құммен
толтырылды, ол бірқатар тесіктер арқылы төгіліп, таразыны түсірді. Тостаған білікке оралған
жіпке бекітілді. Арқан шешілген кезде құрылғы алға жылжыды. Содан кейін рычагты ауыстыру
арқылы жүк көтеріліп, бүкіл декорция қозғалысқа ие болды.
Герон Автоматты театрлар туралы бүкіл трактат жазды. Мұндай театрдың мәні
–
декорация
өздігінен қозғалу керектігі еді. Грек тілінен аударғанда "автоматика" өздігінен қозғалыс деп
аударылады. Сонымен бірге Герон көрермендер ішімде адамдар отырып алып басқарып жатыр деп
ойламасын деген мақсатпен механизмдерді кішкентай етіп жасауға тырысты..Осы қозғалыстардың
барлығын жасаған қарапайым ағаш тырнақ осі Геронның ең үлкен өнертабысы болуы мүмкін.
Қазіргі ғалым оны бағдарламалау деп атайды. Театрға келушілер бұл декорацияларға таңданғаны
таңқаларлық емес.Герон декорацияны автоматтандырды, ал актерлер немен айналысады? Ол
жылжымалы декорациялары бар, автоматты актерлер мен арнайы эффектілері бар толық
автоматты театр құрастырды.Сахнаның төмен бөлігінде көрерменнің көзінен жасырылған
механизмдер орналастырылды. Көрермендер барлық фигуралардың синхронды қозғалуына таң
қалды. Суретті толықтыру үшін Герон дыбыстар мен арнайы эффектілерді қосты. Декорациялар
мен кейіпкерлер өзгерді, перде автоматты түрде көтеріліп, төмендеп тұрды.
2- сурет.Герон автоматты театры Егер сіздер құрылыс немесе орман шаруашылығы факультетінде оқыған болсаңыз, онда
сізге геодезияда маңызды теодолитті қолдануға үйрету алғы шарттардың бірі. Бірақ бұл құралды
Герон ойлап тапты! Ол өзінің құрылғысын дипотра деп атады.Диоптердің негізгі құрамдас бөлігі
сызғыш
-
шеңбер бойымен айналып, көлденең және тік позицияны көрсетіп береді. Осы құралды,
сондай
-
ақ математикалық әдістер мен тікбұрышты координаттарды қолдана отырып, Герон