Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет389/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
324 
Оның бірі білімгерлердің оқу барысындағы техникалық шығармашылық ойларын дамыту 
жолы.Тәжірибелік оқыту сабақтарында қазақ білімгерлердің техникалық шығармашылық ойлау 
қабілетін қалай арттыруға болады? Қандай әдістер мен тәсілдер пайдалы?
Арнайы циклдағы пәндердің бірінің курсының материалын оқып білу жағдайын қарайық. 
Бір жағынан бұл пәннің мазмұны нақтылы және анық мамандыққа бағытталған болса , ал екінші 
жағынан ол басқа пәндермен кең түрде тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. Ал бұл жағдайда
білімгерлердің тек қана техникалық шығармашылық ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін 
жағдай емес және олардың терең мамандық үлгерімдері мен дағдысын жетілдіретін шарт.
Әр сабақта білімгерлерге көп мөлшерде есеп, сұрақ және тапсырмалар береді. Оларды шешу 
үшін мына мәселелер қажет:
-
ережені нақты әдістермен заңдарды түсіне қолдану;
-
ереже мен заңдардың пайда болу қатынастарын ашу;
-
теңдеулердің қортындыларын дәлелдеу;
-
конструктивтік схемаларды , түйіндерді құрастыру және есептеу әдістерін жазу.
Бұл
жағдайда білімгерлердің жылдам ойлау мүмкіндіктерінің қалыптасу көздері бір қатар 
факторлар
-
оларды шартты түрде төрт бөлікке бөлуге болады:
1.
Сабақ беру деңгейі (ғылыми жеткізе білу, көрсете білу, таңдай білу және т.с.с.).
2.
Білімгерлердің өздігінен білім алу
қабілетінің деңгейі және оларды тәжірибе жүзінде 
қолдана білу.
3.
Мұғалімнің сапалылығы (оның көз қарасы, сендіруі, білімдарлығы), білімгерлерге көңіл 
бөлуі (назар аударуы , тілектестігі және талап ете білуі).
4.
Сабақтағы оқу материалдарының мазмұнының толықтығы мен кітаптағы берілуі.
Оқыту кезінде ойлану қабілетін жылдамдату үшін қолданылатын және білімгерлердің 
деңгейін анықтайтын бір қатар әдістер қолданылады. Олардың бірі мәселелі жағдайларды 
қолдану.
Мәселелі жағдайлар білімгерлерді берілген тапсырманы шешу барысын оларға өздерінше 
ізденуге мүмкіндік бере отырып , олардың шығармашылық ойлану қабілеттерін оятады және 
белгісіз нәрселерді ашуларына мүмкіндік береді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Дене шынықтыру және алғашқы әскери 
дайындық факультетінің «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасында сабақ үстінде және курстық, 
дипломдық жобалау барысында мәселелік жағдайлар қолданылады. Жобалау жұмыстары 
оқытушының қатысуымен аудиторияларда өтеді. Бұл жұмыстар білімгерлердің тәуелсіздік және 
дербестік мүмкіндіктерін пайдалана отырып жүргізіледі. Білімгерлер сабақ үстінде кітаптарды, 
анықтамаларды қолдана отырып әртүрлі шешімдерді ойлап табады. Шешімдерді қабылдау 
барысында білімгерлер өздерінің техникалық шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыра түседі. 
Бұл жағдай білімгерлердің бәсекелесуге қабілетті сапалы маман болып шығуына өте қажет.
Кафедрада қазақ тілін жақсы білмейтін білімгерлерге қазақ тілінде (методикалық) 
әдістемелік нұсқаулар жасалып қойылған. Мұндай жұмыстар білімгерлердің ана тілін 
білмеушіліктің арқасында өспей қалған ойлау қабілетін оятады.
Осы жерде айта кететін тағы бір шара ол «Жүзден жүйрік» әскери
-
танымдық 
интелектуальдық сайыс қорытынды байқау кезінде өткізіледі.
Байқаудың мақсаты.
-
Алғашқы әскери дайындық білімгерлеріне қазақ батырларының ерлік істерін және әскери 
пәндерден алған білімдерін, ой
-
өрістерінің тереңдігін байқау;
-
Білімгерлердің аталған пәндерге деген қызығушылығын арттыру; оларға мамандықта 
қызығушылықпен оқуын қамтамасыз ету;
-
Білімгер бойында елге, отанға, туған елдің мәдени
-
рухани байлығына деген азаматтық 
борыш сезімін қалыптастыру;
-
Белгілі бір тақырыпта қысқа да нұсқа сөйлеуге машықтандыру.
Байқаудың ерекшелігі 
– 
оның тұтастай компьютер арқылы жаңа техникалық жүйеге 
түсірілгендігі. Байқау кезеңдері, ондағы сұрақтар мен жауаптар алдымен компьютерге жазылып 
алынады да, содан соң үлкен экраннан көрсетіліп отырады. Әрбір кезеңге лайықты түрлі 
суреттермен қол шапалақтау дыбыстарын компьютердің өз қорынан алуға болады. Ал жауап 
бергісі келген білімгер өз қолындағы түрлі
-
түсті жалаушасын көтерсе де жеткілікті.
Байқау 7 кезеңнен тұрады: «Бәйге», «Тамаша жетілік», «Жеті қазан», «Мен білсем...»,
«Шешендік өнер» және «Жорға».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет