Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет402/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
335 
әрекеттің
инновациялық бағытықа жеттілігі бір қатар жағдайлармен анықталады. Біріншіден, 
болып жатқан әлеуметтік
-
экономикалық өзгерістер білім беру жүйесін, әр түрлі типтегі оқу 
орындарын да оқу процесін ұйымдастырудың әдіснамасымен технологиясын түбегейлі жаңартуды 
қажет етті. Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендіруді күшейту, оқу пәндерінің көлемін, 
құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа оқу пәндерін енгізу оқытудың жаңа ұйымдастырушылық 
нысандарын, технологияларын ұдайы іздестіруді талап етті. Бұл жағдай да мұғалімдер 
ортасындағы педагогикалық білімнің рөлімен беделі едәуір артуда. Үшіншіден, мұғалімдердің 
педагогикалық инновацияларды игеру мен қолдануға деген көзқарасының өзгеруі. Оқу процесінің 
мазмұнын қатаң реттеу жағдайында мұғалім жаңа бағдарламаларды, оқулықтарды өз бетінше 
таңдаумен ғана емес, сонымен қатар педагогикалы қіс
-
әрекеттің жаңа әдістерімен тәсілдерін 
қолданумен де шектелді. Егер бұрын инновациялық қызмет негізінен жоғарыдан ұсынылған 
инновацияларды қолдануға байланысты болса, қазір ол барған сайын таңдамалы, зерттеу сипатына 
ие болуы. Сондықтан мектеп басшыларының, білім беруді басқару органдарының жұмысындағы 
маңызды бағыт мұғалімдер енгізген педагогикалық инновацияларды талдау және бағалау, олардың 
сәтті дамуы мен қолданылуы үшін жағдай жасау болып табылады. Төртіншіден, жалпы білім 
беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, оқу орындарының жаңа үлгілерін, оның 
ішінде мемлекеттік емес оқу орындарын құру олардың бәсекеге қабілеттілігінің нақты жағдайын 
туғызды.
Қазіргі
жаһандану заманында Қазақстанның халықаралық кеңістіктегі саяси, экономикалық 
беделіне сай қазақ тіліне сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осы орайда, қазақ тілін оқытудың 
әдістемесін жетілдіру және оқытудың жаңашыл жолдарын іздеу 
– 
бүгінгі күннің өзекті мәселесі 
болып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым
-
Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің 
мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп 
есептеймін» 

деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жариялаған болатын. 
Тіл үйренуші, шетелдік азаматтар, заманауи әдіс
-
тәсілдерден біршама хабардар және олардың 
қазіргі заманға сай тілді үйренуге деген сұранысы басым. Қалай болғанда да тіл үйренушілерге 
жаңа технологиялар мен мультимедия мүмкіндіктерінің арқасында тілді үйрету нарығы басталып 
келеді. Ашық білім беру онлайн оқытудың үздіксіз, әрі кез келген
уақытта қолжетімді заманауи 
білім беру жүйесі болып табылады. Кез келген адам сабақтың уақыты мен орнын өз бетінше 
таңдау арқылы жаңа білім мен дағдыларды тегін ала алады. Ашық білім берудің принципі 
– 
адамның білім алу уақыты шексіз. Әлемде тіл үйрету нарығы интернет пен мультимедианы 
кеңінен қолдану арқылы жаңа технологиялық мүмкіндіктердің көмегімен дамып келе жатқан 
уақытта қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда әлемдік ашық білім беру платформаларын зерттеу 
және ең озық үлгілеріне қарай отырып, тіл үйрететін платформалар жасау аса қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет