Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
Идрисова Г.Б. PhD
доктор,
М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті, Тараз қ., Қазақстан
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз
өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Егемен ел
болудың ауыр белесінен өттік» деген сөзін айта келіп, «ендігі болашақ өз қолдарында»
деген. Тарих пен тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы, жалпы
қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды.
Осы ретте тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің
қайнар көзі
-
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған
қайсарлығында жатыр»
-
деген сөзі азаматтығымыздың қадыр
-
қасиетін көрсеткендей
[ 1,
425 б.].
Ата
-
бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды
бастарынан кешірді. Алтайдан Алатауға дейін ұлан
–
ғайыр жерді мекен еткен ата
-
бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом
білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар
жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса
Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел
қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар
.
Желтоқсанның ызғарлы күнінде
–
1986 жылы 17
-
19 желтоқсан аралығында
Алматыда
үкіметінің отаршылдық, әміршіл
-
әкімшіл
жүйесіне қарсы наразылық қимылдары
–
бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы
тарихындағы елеулі оқиға
[ 3, 69-
74 бб.]
1986 жылы
желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған
әрі бақытты, әрі қайғылы күні болды. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де
кетпейді.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар
-
намысы таразыға салынған сын
-
сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан
жастарымыздың ерен ерлігінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Қазақ халқының
тәуелсіздігі үшін арпалысқан ұрпақ
–
1986 жыл қаралы да жаралы желтоқсанда желбіреген
қазақ қыздары мен жігіттері еді.
Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында