Пму барлық мамандықтарының студенттері үшін


Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі0,76 Mb.
#34320
1   2   3   4   5

Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы


Зиянды заттар 2 топқа бөлінеді:

-Табиғи – табиғаттағы;

-Антропогенды – адам шаруашылығымен байланысты қоршаған ортаға түседі.

Улы қасиеті үлкен мөлшерде бүкіл заттарда көріну мүмкін. Уларға кішігірім мөлшерде және әдетті жағдайларда зиянды әсерін көрсететін заттарды жатқызуға болады.

Жиі науқасқа әкелетін зиянды заттардың түрлілігіне қарамастан, олардың өз негізінде ұқсас патологиялық процестер болады. Осыдан бүкіл зиянды заттар адам ағзасына әсер ету сипаттамасы бойынша бөлінеді:

Жалпы улағыш ағзаның жеке жүйелерін зақымдау (ОЖЖ, перифериялық жүйке және қан жүйелері) немесе бүкіл ағзаның улануы, сонымен қатар бүйрек, бауырдың патологиялық өзгерістерді тудырады (көміртек оксиды, цианисты қосылыстар, қорғасын, сынап және т.б.)



- тітіркендіргіш – дем алу жолдардың шырышты қабатының, көздің, өкпелердің, тері жамылғының тітіркенуі (хлор, аммиак, озон, күкірт және азот оксиды және т.б.)

- сенсибиализациялайтын - аллерген ретінде әсер етеді (формальдегидтер, ерітінділер, лак және т.б.)

- мутагенді – генетикалық кодтың бұзылуына, тұқымдас ақпараттың өзгеруі әкеледі (қорғасын, марганец, радиобелсенді изотоптар және т.б.);



- канцерогенды – нашар сапалы жаңа қалыптастырғышты туғызады (хром, никель, асбест, хош иісті көмір сутегі және т.б.)

- репродуктивті (детородную) функцияларға әсер ететін (сынап, қорғасын, стирол, радиобелсенді изотоптар және т.б.)

Мутагенді, канцерогенді және репродуктивті (детородную) функцияларға әсер ететін адам ағзасына химиялық қосылыстар әсерінің алыстанған салдарына жатады. Адам ағзасына әсері жылдар және он жылдықтар бойы көрінеді. Кейінгі ұрпақтарда әр түрлі эффектердің әсері де көрінеді. [1, с. 75-77]

    1. Ағзаға зиянды заттардың түсу жолдары


- Дем алу кезінде өкпе арқылы. Осы жол аса қауіпті, өйткені зиянды заттар тармақталған талшықты жасуша арқылы қанға барып, ағза бойы таралады.

- Су және аспен бірге асқазан тракты арқылы. Удың түсуі темекі тартумен, қолың кірленуімен, тамақ тұтыну кезінде, жеке гигиена ережесін сақтамау кезінде түседі. Мысал ретінде қорғасынды алуға болады – жұмсақ металл оңай сүртіледі, қолды кірленеді, нашар жуылады және тамақтану жіне темекі тарту кезінде ағзаға оңайлықпен өтеді. Асқазан трактында заттар оның құрамының әсерінен ағзаға жағымсыз жағынан өзгеру мүмкін. Суда нашар еритін қорғасынның қосылыстры ішек суында жақсы ериді сондықтан да оны жеңіл сіңдіреді.Химиялық заттардың көп бөлігі бауырға түсіп, жиналады және анықталған дәрежеде залалсызданады.

- Зақымдалмаған тері арқылы. Тері арқылы химиялық заттардың өту дәрежесі оның ерігіштігіне, терімен жанасу бетінің өлшеміне, ондағы қанның жылдамдығы мен көлеміне тәуелді болады. Сұйық ұшатын заттар тері бетінен тез арада жоғалады жіне сіңуге үлгермейді. Майланған (аз ұшқыш) заттар теріде жиналады және сіңбейді. [1, с. 78-79]
7.3 Зиянды заттардың әсері

Оның молекуланың минималды мөлшері өмірге аса маңызды талшықтар – нысана тепе-теңдіктен шығаратын және байлайтын кезінде удың максималды улы әрекеті байқалады. Мысалы, ботулинус токсиндері перифериялық қозғалыстық жүйкелердің аяғында және паралич туғызатын әрбір жүйке талшығына келетін сегіз молекула құрамында жиналатын мүмкіншілігі бар. 1 мг ботулины 1200 г тірі затты, ал 200 г Жердің бүкіл халқын жою мүмкін.


Биологиялықтан басқа заттар адамға фиброгенді әсер ету мүмкін. Осы заттар өкпеге түскеннен кейін өкпе (фибриоз) жасушасының кішігірім кесіп кетуіне әкеледі, пневмокониоз – науқасқа әкелу мүмкін.

Адам ағзасы зиянды заттармен контакта болу кезінде жасушаның зақымдалуына немесе жалпы улануға түсу мүмкін:


- Жалпы (резорбтивті) улану қанға удың сіңуі нәтижесінде дамиды;

- Нақтылы – умен жасушаның жанасуы кезінде зақымдалуы байқалады;

Улану өтеді:

-аса ауыр формада – қауіпсіздік ережелерін сақтамау немесе апаттың болуы нәтижесінде;

-созылмалы – кішігірім мөлшерде біртіндеп ағзада жиналады;

- асқындырылған – аса ауыр формасының пайда болу жағдайына ұқсас, бірақ баяу өтеді.

Бір удың қайталануы нәтижесінде әсерінің байқалатыны:

- сенсибилизациязаттың әсер етуі үлкен эффект тудырады, аллергия пайда болады;

- үйреншіктік – зиянды заттың ағзаға қайта енгендігінен әсері әлсіз болады.
7.4 Адам ағзасымен удың залалсыздану жолдары:

Бірінші жолы - удың химиялық құрылымының өзгеруі. У адам ағзасы арқылы өтіп өзінің құрамын өзгертеді, ағзадағы бар химиялық элементтерімен қатынасқа түседі. Нәтижесінде, ағзада төмен улы және белсенді заттардың пайда болуына әкеледі.

Екінші жолы – сақтауға беру. Сақтауға беру (сол немесе басқа мүшелерде жиналуы) қан циркуляциясындағы у санының уақытша төмендеу жолы деп түсіндіріледі. У науқастану, алкоголды тұтыну кезінде қайта қанға түсіп химиялық удың асқындауына әкеледі.

Үшінші жолы – ағзадан удың шығаруы. Уды дем алу мүшелері, бүйрек, тері жамылғысы, темір арқылы шығарады.

Ағзаға зиянды заттардың әсер ету дәрежесі бойынша 4 топқа бөлінеді: 1 – төтенше қауіпті, 2 – жоғары қауіпті, 3 – орташа қауіпті, 4 – төмен қауіпті. Қауіп тобын анықтайтын нормалар 17 кестеде келтірілген [1, с. 79-85, 87-88]



7.5 Қатты улы әсер ететін заттар (ҚУӘЗ)

ҚУӘЗ тобына хлор, аммиак, күкіртті ангидрид, күкірт көміртегі, көміртегі окисі, синильді қышқыл, сынап т.б. жатады. Осы заттар апат кезінде атмосфераға өтіп, көпшілік адамдардың зардабына әкелу мүмкін. ҚӘУЗ қысқаша сипаттамасы 18 кестеде келтірілген [1, с. 89].

Химикалық, мұнай өңдеу салалары, қағаз өнеркәсібі, ас өндіруші саласы, су өткізгіші және тазалағыш құрылысы ҚУӘЗ өндеушісі мен тұтынушысы болып табылады. ҚР жалпы ҚУӘЗ объекті 400 жуық, сонымен қатар Алматы - 14.

ҚУӘЗ зияндылығының сипаттамасын анықтау үшін келесі көрсеткіштері қолданылады:

- алғашқы концентрация – физиологиялық эффектін сезінуін және алғашқы зардап алу қасиетін туғызатын минималды концентрациясы, бірақ зардап шеккен адам жұмыс өабілеттілігін сақтайды.

- шыдамдылық шегі – адам тұрақты емес зардапсыз анықталған уақыт бойы шыдамдылығының минималды концентрациясы.

ҚӘУЗ жоғары концентрациясы дем алу ортасының рефлекті тежелеуінің нәтижесінде лезде өлімге әкелу мүмкін. Мысалы, 5…10 мг/л болу кезінде хлор үшін, 50-100 мг/л үшін болып табылады. [1, с. 88-90]

.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет