Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік
Құрал-жабдықтар компьютер - 7
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
ЭЕМ-нің қолдану салалары?
Компьютерде өңделетін ақпарат түрлері?
Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютердің аппараттық құралдары:
кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсеті-луде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан ;
ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есеп-теулердің нәтижелерін сақтауға арналған компьютер жадынан;
мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы- процессордан;
өңдеу нәтижелерін кері кодтауда және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шығару құрылғыларынан;
бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпарат-тық кеңарнадан тұрады.
Мәліметтерді бағдарламалармен өңдейді. Бағдарлама-нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекеттер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
Бағдарламалық құралдар- әр түрлі мақсатттарға арналған бағдарламалар жиынты-ғы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.
Олар:
жүйелік деп аталатын,компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді
қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;
бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
Мәтіндік, графикалық, дыбыстық , сандық, ибейнелік мәліметтерді өңдеуге ар-налған, редакторлар мен бағдарламалар бар.
Жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істей-ді. Оны көп жағдайларда оперативті (жедел) жад деп атайды, өйткені ол компьютерді әрқашан ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз жұмыс істейді.
Компьютерді өшіргенде оперативті жадтағы ақпарат өшеді.
Компьютердің сыртқы жады ақпаратты көп мерзімге сақтауға арналған, ол иілгіш және қатқыл дискілерде, магнитті таспаларда,оптикалық және магнитті–оптикалық орналастырылады.
Мәліметтер мен бағдарламалар ішкі жадтың ұяшықтарына байт немесе байттар тобы түрінде орналасады. Олармен ұяшықтардың адрестері бойынша қатынасады.
Ақпарат тасуышқа атауы бар белгілі бір үлестер (порциялар) түрінде жазылады. Мұндай құрылым файлдық,, ал үлестер файл деп аталады. Дәл айтқанда, файл – бір типтегі байттардың тізбегі.
Файл (file) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді. Нені файл деуге болады? Файл дегеніміз – бағдарламалар, мәліметтер немесе олардың бөліктері.
Файл атауы өзара екі нүктемен бөлінген бөліктен тұрады,оның бірінші бөлігі-өз аты, ал екінші бөлігі – кеңейтілуі.
Файлды ақпарат өлшемі- бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болды. Біртұтас объекті ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), көшіру, даярлау, жыл-жыту, қайта атау оперцияларын жүргізуге болады.
Сыртқы тасуыштағының барлығы файл түрінде сақталады, олар; операциялық жүйе-лер, мәліметтер жинағы. Мысалы, тек бір ғана Windows, 98-дің 1000-нан астам құрау-шы файлдары бар.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)
Тапсырмалар мен сұрақтар:
Аппараттық құралдар неден тұрады?
Бағдарламалық құралдар ұғымына не енеді?
Процессор дегеніміз не?
Программа дегеніміз не?
Компьютер жады дегеніміз не?
6)Сабақты қорытындылау
Оқушыларға компьютердің аппараттық құрылғысы туралы жалпы мағлұмат беру.
7) Үйге тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |