3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.
Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім (по умолчанию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды.
Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сүқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жабдықтама – информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:
1) жүйелі программалық жабдықтама;
2) колданбалы (кәделі) программалық жабдықтама.
Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.
Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге
болады:
1)операциялық жүйелер;
2)утилиттер;
3)сервистік программалар.
Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады.
Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жүмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.
Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерімізді шығарамыз. Мұндай программалар "қолданбалы" (приложение) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.
Қолданбалы (кәделі) программалық жабдықтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |