Менің құжаттарым (Мои документы) қапшығын ашыңдар.
Егерде Менің құжаттарым «Мои документы» қапшығында немесе оның ішкі қапшықтарында атауын өзгерту ұйғарылған файл немесе қапшық жоқ болса, онда Іздестіру «Поиск» батырмасын басып ол файлды немесе қапшықты табыңдар. Іздестіру құралын іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) батырмасын басыңдар, Іздестіру (Поиск) командасын таңдаңдар, ал содан кейін Файлдар мен қапшықтар (Файлы и папки) командасын таңдаңдар.
Атауы өзгертіліетін файлды немесе қапшықты таңдаңдар.
Файлдар мен қапшықтарға арналған типтік міндеттер (Типичные задачи для файлов и папок) тобындағы Осы файлдың атауын өзгерту (Переименовать этот файл) немесе осы қапшықтың атауын өзгерту (Переименовать эту папку) сілтемесін шертіңдер.
Жаңа аиау енгізіңдер де ЕНГІЗУ (ВВОД) пернесін басыңдар.
«Мені құжаттарым» қапшығын ашу үшін жұмыс үстеліндегі Менің құжаттарым (Мои документы) таңбашасын екі рет шертіңдер.
Кейбір бағдарламалар файлдардың ұзын атауын танымайды. Мұндай бағдарламалар үшін файлдың атауының шекті ұзындығы сегіз символды құрайды. Файлдардың атауына кесесі символдарды пайдалану рұқсат етілмейді: \ / : * ? " < > |.
Сондай-ақ маустың оң жақ батырмасын шертіп және Атауын өзгерту (Переименовать) командасын таңдап та Файл мен қапшықтың атауын өзгертуге болады.
«Documents және Settings», «Windows» немесе «System32» сияқты қапшықтар жүйесінің атауын өзгертуге болмайды. Олар Windows-тың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажат.