Пјн Информатика сынып 7в Дата



бет62/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#18093
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69
§ 5.2, бет. 175-179
WordPad құжатына суреттерді кірістіру.
Пән Информатика сынып 7_ Күні . .
сабақ №: 30 сағ.саны.: 1
Тақырып: Калькулятор. Қарапайым және күрделі есептеулерді жүргізу
Мақсат: Оқушыларды Калькулятор программасымен таныстыру, программа туралы жалпы мағлұмат беру.
Міндеттер:
Білімділік – Оқушыларды калькулятор программасымен таныстыру.
Дамытушылық –Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау қабілеттерімен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік – Оқушылардың пәнге деген дұрыс қатынасын тәрбиелеу .
Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.


Сабақ барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а)оқушылар тізімі;
ә)кабинет жағдайы;
б)сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. WordPad программасында графикалық объектілерді қалай қоямыз?

  2. WordPad-та суретті құжат бойынша қалай жылжытамыз?

  3. WordPad программасының қандай қосымша мүмкіндіктері бар?

3)Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)
4)Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Компьютердің сандық ақпаратпен жұмыс істеуін «Калькулятор» қолданбасының көмегімен көрсетуге болады. Бұл қолданбалы программа кәдімгі электрондық калькуляторлардың жұмысын модельдейді. Калькуляторды пайдалана отырып, есептеулерді жылдам орындауға және есептеу нәтижелерін басқа программаларға беруге болады.
Калькуляторды іске қосу үшін келесі команданы орындаймыз:
Пуск – Программы – Стандартные – Калькулятор
Мұны орындағаннан кейін, экранда калькулятордың терезесі пайда болады. Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады, сонан соң соңғы рет жұмыс істеген калькулятордың нұсқасы көрінеді.
Экрандағы калькулятордың түрі кәдімгі қалта калькуляторының түріне ұқсайды, тек оған тақырып жолы мен меню жолы қосылған.
Қарапайым калькулятор арифметикалық амалдардан басқа санаулы әрекеттерді және бірнеше функцияларды ғана орындайды. Калкулятордың бірініші түрінен екінші түріне ауысу үшін Вид менюінен оның сәйкес типін таңдау арқылы орындайды.
Калькулятормен жұмыс жасаудың принципі кәдімгі қалта калькуляторымен жұмыс істеумен бірдей. Сандарды және командаларды калькуляторға енгізу тышқанның сол жақ батырмасымен калькулятордың батырмаларын шерту немесе пернетақтадағы сәйкес цифрлы батырмаларды басу арқылы орындалады. Пернетақтаның сандық блогынан сандарды енгізу үшін NumLock пернесін басамыз. Енгізілген цифрлар индикация өрісінде пайда болады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)


5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)


Тапсырма1. Бірдей сандар
Тек қана қосу амалын қолдана отырып, 28 санын бес 2 саны арқылы және 1000 санын сегіз 8 санынмен жазыңдар.
Жауабы:
28=22+2+2+2; 1000=888+88+8+8+8.
Тапсырма2.Сандар каруселі
37 санының қызықты қасиеттері.
37* 3=111
37 * 6=222
37 * 9=333
37 * 12= 444
37 * 27=999


Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Калькулятор программасы не үшін қолданылады?

  2. Калькяторды қалай іске қосамыз?

  3. Калькулятордың қандай түрлері бар?

  4. Калкулятормен жұмыс жасау қалай жүзеге асады?

6.Сабақты қорытындылау
Оқушыларға калькулятор программасы туралы жалпы мағлұмат беру.


7) Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет