Сабақ түрі: лекция сабақ
Сабақ типі: аралас
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер -.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н.Т. Ермеков, Н.Ф.Стифутина Информатика 7 сынып, оқулық;
2)Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Әдістемелік нұсқау, 7 сынып.
3) Н.Т.Ермеков, С.Б.Пилипенко,Информатика, Дидактикалық материалдар, 7 сынып.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)
Компьютер дегеніміз не?
Информатика ғылымы нені зерттейді?
Мәліметтер дегеніміз не?
Компьютерде мәліметтердің қандай түрлері өңделеді?
Жаңа тақырыптқа кіріспе (3-5 мин)
Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)
Есептеуіш, оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне за -манда жатыр. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын,тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүр-гізді. Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшаларда жасалған кер-тіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншектермен есептелді.
Есептеу көлемінің күн санап артуы есептеулерді қалайда бір құралдың көмегімен жүргізуді талап етті.
Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшоттың пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, есепшотттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абақ» деп, Қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серо-бян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті әйнектерден, қола ме-талдан жасалды. Есепшоттар бұл түрінде қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланы-лып келді. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді.
Есепшот Ресейде XVI—ΧVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгіздіжәне өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Нью-тон ұсынған болатын .
Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ электронды калькуляторлар соңғы кезде оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жү-зінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұ-ратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
Паскальдың машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.1694 жылы атақты неміс математигім Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есеп-теу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.
Есептеуіш техникаларының қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай ал-ғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж еді, сон-дықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.
1833 жылы ол бағдарлама арқылы «Аналитикалық машина» жобасын жасады.Бұл ма-шинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар; бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орын-дайтын арифметикалық құрылғы, берілген бағдарлама бойынша есептеу барысын қа-дағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан , ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Басқару бағдарламасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен когдталды. Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп саналады.
Сергіту жаттығулары (2 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |