Пјнніҫ мақсаты: Стилистика жоәары оқу орындарыныҫ қазақ филологиясында кҙп жылдардан бері пјн ретінде ҙткізіліп келеді



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата17.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#153337
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Байланысты:
Адамбаева Г.М. «Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша

бейтарап 
немесе стильаралық лексика делінеді.: жер, су, ауа, ӛзен 
т.б. 
Таза ауа, ауа атмосферасы, ауадай қажет -
әр стиль түрлерінде 
жұмсалады. Абстракт мағыналы сӛздер де барлық стильдерде қолданыла 
береді. 
Сонымен қатар, стиль түрлерінің кейбірінде ғана қолданылатын сӛздер де 
бар. Мұндай сӛздер талғаммен екшеліп жұмсалады. Кейбірі – ауызекі сӛйлеу 
тілінің лексикасын құраса, ал кейбір сӛздер тек жазба әдебиет үлгілерінде 
қолданылады. Бұл жағдайды, хабарды тура айтпай-ақ тұспалдап жеткізетін 
сӛздер табу, эффемизм делінеді. Стильдік тұрғыдан ұтымды тәсіл: 
-
Бұларың кім? – деді Ұлпан. 
-
Тӛрттен астам аулының жігіттері ғой, «Алтыбақан» құрып 
жатқан. 
Кітаби лексика – ойды накты, дәл беру үшін жазба әдебиеттерде 
қалыптасқан сӛздер мен сӛз оралымдары. Кітаби лексикаға кӛбінесе саяси-
әлеуметтік терминдер, әр алуан экономикалық, техникалық, іскерлік атаулар 
т.б. жатады. Мәселен, әр түрлі салалық терминдер ғылыми еңбектерде, 
оқулықтар тілінде кӛбірек ұшырасады. Ал кӛркем әдебиетте, ресми іс 
қағаздары тілінде, публицистикалық стильде сирек кездеседі. 
Байырғы сӛздер кӛркем әдебиет стилінде кӛбірек жұмсалады. Кӛркем 
әдебиет, ғылыми шығарма, публицистикада кітаби лексика элементтері 
қолданылады. М, 
шайтан –сайтан
вариантты сӛздердің алғашқысы – бейтарап 
лексика, стиль түрлерінің бәрінде қолданылады, ал «сайтан» «сиқырлы» деген 
ауыс мәндегі сӛз кӛбінесе кӛркем әдебиет стилінде қолданылады. 
3) Сӛз мағынасының стильдік
қызметі.Сӛздің о баста бір ғана мағынада 
жұмсалғанын білеміз. Ал адамның күнделікті іс-тәжірибесіне, ойлау қабілетінің 
дамуы арқасында жеке сӛздерге үстеме мағына жүктеледі. 
«Қалғып жатқан 
теңіз ем, дауыл тербеп оятты»
(Баян) ӛзін толқып жатқан зат есіммен 
ауыстырып, ауыспалы мағынада бейнелі айтуы адамның сезіміне бірден әсер 
етеді. Қосымша мағынаның аз-кӛп болуы сӛздің негізгі лексикалық 
мағынасымен тығыз байланысты. Мыс. 
Сүбелі мал (семіз). Бура найман – 
сүбелі елдің бірі. Бұл – жинақтағы сүбелі де кӛркем туынды.
Тіл білімінде 
бұларды сӛздің ауыспалы мағынасы дейді. 
Ауыспалы мәндегі сӛздердің біразы ауызекі сӛйлеу тілінде жұмсалады да, 
жұртқа молынан тарайды, енді біразы шығарма стилінде пайда болады. Кейде 
мұндай ауыспалы мағыналы сӛздер жазушы стилінде қалып қоймай, 
жалпыхалықтық сипат алып кетеді. Мұндай ауыспалы мағыналы сӛздерге 
түспен байланысты айтылған сын есімдер жатады. Мыс. ақ жарқын, қара қазан, 
қызыл кӛз, кӛк бет. Осы сияқты түспен байланысты кейбір сын есімді сӛздердің 
ауыспалы мағынасы жеке ӛлең жолдарынан, прозалық зерттеулерден ғана 
байқалады. 


29 
Сӛздің кӛп мағыналалығын әр суреткер ӛз лабораториясынан қырнап, 
ӛңдеп, ӛз орнын тауып, қиыстырған болса, тілге жеңіл, ойға қонымды 
болмақшы. Сӛздің кӛп мағыналалығы прозадан гӛрі поэзияда жиі кездеседі. 
Сӛздің кӛп мағыналалығын жалпы халықтың ауыспалы мағынаның негізінде 
жасалып. Тілдің стилилистикалқ арнасын кеңейтеді, байытады, тілдің 
экспрессивтік-эмоциялық бояуын қоюландырып, аша түседі. 
Ақ кӛңілім
анық қарайды, 
Қызыл гүлім суалып. 
Жарқ етпес 
қара кӛңлім
не қылса да. 
Кейде есер кӛңіл құрғырың. 
Күңгірт кӛңлің
сырласар. 
Сұрғыл тартқан бейуаққа. 
Жаралы кӛңіл
жазылар. 
Кӛңіл сӛзімен тыңнан тіркес жасап шебер стильдік үлгі танытқан – Абай. 
Әрине, кӛп мағыналы сӛз ӛзінің эстетикалық қызметі жағынан әр ақын-
жазушыда әр түрлі стильдік ӛң алады. 
Әдебиеттегі кӛп мағыналы сӛздің кейбірі ауызекі сӛйлеу стиліне ауысып, 
жалпыхалықтық болып кетеді. Айталық, аяз, үскірік аяз, ақырған аяз, қолқаңды 
қауып тұрған аяз, сары шұнақ аяз, деп халық аузында қолданыла береді. О 
баста фольклордан ауысқан. 
4. Синонимдер – ойды кӛрікті, әрі әсерлі жеткізудің құралы. Оларды 
талғай да, таңдай да білу керек. Ӛйткені мағыналас сӛздердің бәрі үнемі бірінің 
орнына бірі жұмсала бермейді. 
Контексте қолданылуына қарай әр түрлі мағыналық реңк туғызады. 
Олардың стильдік бояулары сол сӛздерді салыстырып қолданғанда айқын 
кӛрінеді. Синонимдерді тіліміздің стиль түрлеріне қараай саралап қолдану 
қажет. Мыс. күш, қуат, әл. Күш сӛзінің орнына кейде әл сӛзін алмастыруға 
болмайды. Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құруға болады. 
(І.Есенб.) 
Синоним сӛздер кӛркем шығармаларда кейіпкердің сезімін, мақсатын, 
бағытын дәл кӛрсету үшін, айтылған ойдың, сӛздің мағыналық-эмоциялық 
мәнін күшейтіп беру үшін, құбылысты кеңірек суреттеу үшін жұмсалады. 
Толып жатқан нәзік ойлар, сезімдер синоним арқылы жеткізіледі. 
1)
 
синонимдердің бірнешеуін қатар айту айтылатын ойды анықтай түседі. 
Ол 
Сармолда айтып жүрген сӛзді ӛз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, 
қарыз, тәрізді. Қағаз деген абырой, атақ, беделге қарай ма? Абайдың кӛз 
алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жолдастары 
толық елестеді. 
2)
 
Кейбір синоним сӛздер контексте жансыз заттармен тіркесіп айтылып
бейнелілік мағына беріп тұрады: 
быжыр жүз, сылбыр күз. 
Ойды бейнелі айту үшін де кӛркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін 
де антоним сӛздер қолданылады. Абай «
Кӛңілім қалды достан да, дұшпаннан 
да..
.».
1)
 
ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: 
күні-түні тынбай, жұмыс 
жасады. Басы қатты, аяғы тәтті. 


30 
2)
 
Ойды жинақтау үшін қолданылады: 
жақсылық пен жамандықтың 
бағаасын ұғар кезі болды ғой. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет