42
-
Сен бүлдіресің-ақ
дегендей боп, Ермақ кемпіріне ежірейе тағы бір
қарады. (Б.Майлин)
Диалогті сӛйлемдерде есімдіктің қаратпа сӛзбен тікелей мағыналық
байланысқа түсетін кездері де болады.
-
Қыз, сен де желпілдеме,- деді Бәтимаға (Ғ.Мұстафин). Ойды нақтылай
түсу үшін есімдік түрін осындай байланыста жұмсайды.
Ол
есімдігін қолданғанда, ойды жалғастыру, бір сӛзді қайталай бермеу
мақсатында қолданады
«Әсіресе елді қатты сағынған Абай болатын. Ол соңғы
уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де кӛре беретін».
Кӛркем әдебиеттің тілдік құралдарды стильдік мақсатта пайдалануы
шексіздік кеңістігінде толық кӛріне алады. Ол суреткердің шеберлік тәсілі сӛзді
кӛркемдікке, эстетикалық мұрат-мақсатқа құрала білуінде екен. Кӛркем
шығармадағы есімдіктер кейде иллюзиялық қиял тудырады, кейде соған кӛңіл
мұңын шағып риторикалық сұрақ ретінде қолдануда
стильдік мағынаға ие
болады.
Неге біз осы... жанымызды жанып тұрған отты су құйып ӛшіреміз...
Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге алып кетердей,
мұрнымыздан қан аққанша дүние-боқ жиямыз, а?
Сонау бір үйірінен адасып қалған шынардың түбінде оның аты байлаулы
тұратын (О.Бӛкей)
Есімдіктердің сәтті таңдалған варианты ұтымды болғанмен, бұл сӛз табын
автор тарапынан ерекше кӛңіл
аударуды талап етеді, себебі кейбір сәтсіз
алынған есімдіктер стилистикалық қателіктерге ұрындырады.
Достарыңызбен бөлісу: