ПОӘҚ 042-18-12 39/03-2014 Баспа №.. 201 ж


«Семейавия»АҚ басты міндеттері



бет10/16
Дата13.02.2017
өлшемі9,52 Mb.
#9200
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
«Семейавия»АҚ басты міндеттері:

  1. ҚР ішкі әуежолдарында жолаушылар, жүк, почта тасымалын ұйымдастыру.

  2. Әуе кемелерінің жазғы және техникалық пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру.

  3. Әуе кемелерін пайдалану, әуежай жұмыстарын ұйымдастыру.

Өзін тексеруге арналған сұрақтар

Авиацияның даму тарихы
Ұсынылатын әдебиет:

1. Гончаренко В.В. «Как люди научились летать». К: «Веселка», 1986.



9 дәріс. «Құбыр жолының пайда болуы және сипаттамасы»


Сабақ мақсаты: құбыр жолының ерекшеліктерімен танысу.

Дәріс жоспары:



  1. Құбыр жолы коммуникация ретінде

  2. Бірінші мұнай құбыры

Құбыр транспорты – мұнайды, мұнай өнімдерін және газды шығарылған немесе өндірілген жерлерінен алысқа, өндеу және тұтыну орындарына тасымалдайтын транспорттың бір түрі.

Сұйық заттардың ағымы үшін арналған құбыр жолдары коммуникация ретінде ежелден белгілі. Алғашқы 6,5 км ұзындықтағы мұнай құбыры 1865 ж. АҚШ-та құрылды. Ресейде диаметрі 100 м және ұзындығы 12 км болған алғашқы мұнай құбыры 1870 ж. Балахнинскіні Баку өңіріндегі мұнай өңдеу заводымен байланыстырды. 1897-1909 ж.ж. диаметрі 200 м құбырлары бар мұнай құбыры Бакудан Батумиге (850 км) дейін керосинді тасымалдау жүргізілді, ол В.Г.Шухов жетекшілігімен жобаланып, құрылды. Кейінірек жаңа мұнай орындарынан порттар мен қалаларға кішігірім құбыр жолдары салынды: Грозный-Петроводск-порт Махачкала, Туха – Краснодар, Доссор- Ракуша және т.б.

Көмір, отын, мұнайды өңдеу жолымен алынатын газды жіберуге арналған кішігірім бағыттарды ескермесек ресейде газ құбырлары транспорты болмады деуге болады.

Газ өнеркәсібі аймағында магистралды және жергілікті газ құбырлары болады. Қазіргі құбыр жолдары транспортының техникалық базасы күрделі және әртүрлі. Құбыр жолдары транспортының техникалық қамсыздануының негізгі элементтері болып мыналар саналады:

Құбыр жолы, яғни электро қорғаныс құрылғылары мен байланыс желілері бар, жалғанған және изоляцияланған құбырлардан тұратын магистраль. Олардың сызықты бөліктері - өзендер, көлдер, автомагистральдар арқылы өтетін жер үсті және жер асты құбырлары.

Сұйық немесе газ тәріздес өнімдерді негізгі немесе аралық станциялар түріндегі құбырлар бойынша транспорттау үшін араналған перекачечные және компрессорлы станциялар.

Жөндеу кезіндегі жеке учаскелердің жабу және параллель немесе қиылысқан магистральдарды бөлу немесе қосу үшін арналған құрал сызықтық торап деп аталады.

Мұнай құбырларын техникалық қамсыздандыру кешеніне мұнайды газсыздандыруға және сусыздандыруға, мұнайдың қою түрлерін қыздыруға арналған құрылғылар кіреді. Алғашқы газ құрбыларының магистральдарында 12-25 атм. жұмыс қысымы ұсталынды, кейінірек ол 2 есеге өсті.

Магистральдық құбырларды қолданудың үлкен маңызы бар, ол мұнай өнімдерін және газды кез-келген бағытқа, толассыз аз шығын жұмсақп тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстанда құбыр транспортының дамуы мұнай өндіру мен мұнай өндеу, газ өнеркәсібінің жедел қарқынмен өркендеуімен байланысты болып отыр.

Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларының бірі -1960-64 жылдары Ресей, Польша, Германия, Чехославкия және Венгрия бірлесіп салған «Дружба» мұнай құбыры ұзындығы 5 мың км-ге жуық.




Өзін тексеруге арналған сұрақтар

Құбыр көлігінің даму тарихы


Ұсынылатын әдебиет:

1. Вавилов С.И. - гл. ред., "Большая Советская Энциклопедия",

Государственное научное издание "Большая Советская Энциклопедия", 2-е

издание, т. 1,13,19,40,43,48


10 дәріс. «Қалалық көлік»

Сабақ мақсаты: Қалалық және өндірістік транспорттың пайда болуы және дамуымен танысу.

Дәріс жоспары:



  1. Қалалардың өсуі

  2. Қалалық транспорттың негізгі құралдары

1. Қала транспорты - халық пен жүктерді қала мен қала маңы территориясында тасымалдауды жүзеге асыратын әртүрлі көлік түрлерінің кешені. Қала транспорты ндіріс аудандарынан алыс массалық демалыс аймақтарымен қоса бүкіл қала агломерациясына қызмет көрсетеді. Қала транспорты қала шаруашылығының маңызды саласы болып табылады.

Қазіргі кезді қалалық транспорттың негізгі құралы ретінде: автокөліктер, автобустар, трамвайлар, троллейбустар, метро, өзен немесе теңіз кемелері қолданылады.

Автомобиль: рельссіз жолмен жүк және жолаушылар тасуға арналған машина. Автомобиль түрлері атқаратын қызметіне қарай автомобильдік транспорт, арнаулы және жарыс автомобильдері болып бөлінеді. Соның ішінде негізгісі – транспорт автомобильдері. Олар адам және жүк тасуға арналған. Автомобильдер тиісті жабдықтармен жабдықталып, көше сыпыру, өрт сөндіру, жүк тиеу, жүк түсіру сияқты кейбір өндірістік операцияларды атқаруға пайдаланылады (автокран, авто компрессор, өрт сөндіруші машинасы, көшпелі жөндеу шеберханасы т.б).

Жарыс автомобильдері спорттық жарыстарға арналған. Транспорт автомомильдері жолаушылар және жүк автомобильдері болып бөлінеді. Жолаушылар автомобильінің жеңіл автомобильдер, автобус сияқты түрлері бар.

Жеңіл автомобиль жеке жолаушылар тасуға арналған. Екіден сегізге дейін кісі отыратын орны болады. Жеңіл автомобиль қорабының типіне қарай лимузин (қорабы жабық), кабриолет (қорабы жағынан матамен жабылған), фаэтон (қорабы ашық) болып бөлінеді.


2. Тасымалдау түрі бойынша барлық қалалық тасымалдау құралдарын жүк және жолаушылар тасымалына бөлуге болады. Жүк тасымалдаулары қала аймағында ортақ белгіленген автокөліктермен іске асырылады. Жүк тасымалының біраз бөлігі қалалық теміржол жүк поездары, жүк кемелері, трамвай және троллейбуспен жүзеге асырылады.

Қалалық транспорттың күрделі бөлігін жолаушылар тасымалы алады. Революцияға дейінгі Ресейде жолаушылар транспортының негізінде гужевой транспорт ретінде қолданылған. 40 ж алғашқы тізбекті арбалар(11-адамдық) пайда болды. 18 ғ 70 ж электрлік трамвайларды қолдану мүмкіндігі туды. Электрлік трамвай Петербургте 1880 ж, ал Киевте 1892 ж сынақтан өтті.

Жолаушыларды жаппай тасуға автобус пайдаланылады. Автобус – 9 және одан да көп жолаушыға арналған қоғамдық пайдаланудағы автомобиль. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында шығып, 1- дүние жүзілік соғыс кезінде кеңінен тарады. Пайдалану мақсатына қарай автобус қалалық, қала маңылық, қала аралық, жергілікті т.б. болып бөлінеді. Қалалық автобустың бірнеше есігі, орындықтары, жолаушылар түрегеп туратын алаңдары болады.

Қала маңындағы автобуста түрегеп тұратын алаң шағын болады, оның есесіне орындық саны көбейтіледі. Қала аралық автобус қатты немесе жұмсақ орындықтармен жабдықталады. Онда жылытқыш және желдеткіш жұмыс істейді.



Жергілікті автобустар көбінесе селолық жерлерде аудан іші және аудан аралық маршруттар бойынша жолаушылар тасиды.

Такси, таксомотор - жүрілген жолға таксометрдің көрсетуі бойынша ақы ұстап, жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған автомобиль. Алғашқы Такси 1903 жылы Лондонда, ал 1907 жылы Петербургте пайда болды.

Трамвай (ағыл. tramway, tram-вагон, арба және way-жол) – контактілік сым арқылы келетін электр энергиясымен қоректеніп, рельс жолмен қозғалатын маторлы вагон. Трамвайдың алғашқы нұсқасы болып 1876 жылы орыс өнертапқышы Ф.А. Пироцкий ұсынған электр двигательі бар «рельстік экипаж» саналады.

Ол 1880 жылы тұрақты тоқпен қоректенетін күштің электр двигательі бар вагонды құрастырып сынаудан өткізді. 1881 жылы Рихтерфельдте (Германия) жылдамдығы 30 км/сағ болатын 20 орындық вагон пайдаланылуға берілді. Ресейде 90-шы жылдардан бастап трамвай жүйелі түрде пайдаланыла бастады. Қазіргі трамвай шаруашылығы күрделі комплекс болып есептеледі. Оның құрамына рельс жолы, автоблокировкалау жүйесі, күштік тарту желісі, жылжымалы құраммен қызметтік жүйе т.б жатады. Трамвайды энергиямен қоректендіру күштің тарту желісі арқылы жүзеге асады. Айнымалы тоқ қосалқы күштің тарту станциясы арқылы тұрақты кернеуге түрленіп контактілік желіге беріледі. Ал маторлы вагонның контактілік желі сым бойымен сырғанайтын тоқ қабылдау тетігі болады. Кері сым ретінде рельс пайдаланылады.



Тралейбус (ағыл. trolleybus, trolley- контактілік сым, роликті тоқ қабылдағыш және bus-автобус) – транспорттың контактілік сым арқылы келетін электр энергиясымен қоректеніп, жер бетінде рельссіз жолмен қозғалатын түрі. Ол 19 ғасырдың 80 жылдарынан бастап Германияда пайдаланыла бастады. СССР-де алғашқы троллейбус 1933 жылы жасалды.


Москвада троллейбус 1934 жылы жүре бастады. Троллейбустың негізгі электрлік жабдықтарына тұрақты тоқтың күштік тарту двигателі, компрессор жетегі (қосалқы электр двигателі), желдеткіш пен генератор, жарық әрі сигналдық аппаратуралар жатады, ал оның механикалық бөліктеріне трансмиссия, жүрістік бөлік, басқару тетігі жатады. Рельс жолды қажет етпейтіндігі, басқаруға икемді болуы троллейбустың трамвайдан артықшылығы болса, арзан электр энергиясын пайдалануы, зиянды газдың болмауы оның автобустан артықшылығы болып табылады. Контактілік жүйесінің (аспалы 2 сымнан құралған) күрделі болуы, сапалы жолды қажет етуі троллейбустың жоғарыда аталған транспорт түрлерімен салыстырғандағы кемшілігі болып табылады. Қазіргі кезде троллейбус еліміздің көптеген ірі қалаларында қала транспорты ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ ол қала аралық маршруттарда пайдаланылуда. 60-70 орындық екі өсті троллейбустың жылдамдығы 65-70км/сағатқа жетеді.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет