ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СМЖ 3-дәрежелі құжаты
ОӘК
ПОӘҚ 042-33.1.27/01-2014
ПОӘҚ
студентке арналаған «Оқушыларды кәсіпке дайындау жүйесіндегі жаңа технологиялар» пән бойынша бағдарламасы
Баспа №___ 03.09.2014
ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Оқушыларды кәсіпке дайындау жүйесіндегі жаңа технологиялар»
5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығына ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей, 2014
МАЗМҰНЫ
1 Глоссари
2 Дәріс
3 Практикалық және зертханалық сабақтар
4 Білімалушылардың өздік жұмыстары
Глоссарий.
ААЖ(автоматтандырылған ақпараттық жүйе) – АИС (автоматизированная информационная система) – ақпаратты компьютерлік жинау, өңдеу, топтау, сақтау және формалды қолжетерлік түрде пайдаланушыға ұсыну жүйесі.
Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование (компьютерное тестирование)– тестілеудің арнайы бағдарламалық жүйесі мен онда орналастырылған тестілердің көмегімен оқушылардың білімін тексеру.
Агенттер – Агенты – бір проблемаға, процеске, құбылысқа, оқиғаға әр түрлі көзқарасы бар мамандар.
Ағаштәрізді құрылымы бар веб-сайт (Веб-сайт с древовидной структурой (Tree web site)) – әр түрлі опций жинағы мен сайтта ақпаратты қарап шығуға арналған баптауы бар генеалогиялық ағашқа ұқсас ұйымдастырылған сайт.
Ағынды аудио – Потоковое аудио (Streaming audio) – файл толығымен жүктелместен бұрынбраузер арқылы ойнала бастайтын аудио файл.
Ағынды бейне (Потоковое видео (Streaming video)) – сіздердің компьютерлеріңізге клиптің тұтастай жүктелуінің аяқталуын күтпестен оны Интернет бойынша қарап шығуға болатын бейне.
Аймақтық шоғырлағыш – региональный концентратор (Point of Presence (POP)) (точка входа в сети – желіге кіру нүктесі) – желілерге қосу үшін Интернет қызметінің провайдері пайдаланатын аймақтық шоғырлағыш.
Айналдыру жолағы – Полоса прокрутки – қапшықтардың терезелерін басқару элементі. Сырғытпасы бар жолақ болып табылады. Терезедегі мәліметтер жұмыс аймағына сыймаған жағдайда ғана ол экранда бейнеленеді. Терезенің жұмыс аймағынан тыс тұрған қапшықтағы барды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Ақпарат – Информация– адамның қоршаған әлем туралы хабар алушылыған айқындайтын мағлұматтар.
Ақпарат – Информация– айналадағы дүние туралы мағлұматтар.
Ақпарат – Информация– объектілер мен құбылыстар, олар туралы бар анықталмағандық дәрежесін азайтатын олардың параметрлері, қасиеттері мен қалып-күйі туралы мағлұматтар.
Ақпарат (жаңалық енгізу тұрғысынан) – Информация– хабарламалар (сигналдар) арқылы берілетін шынайы әлемнің ақиқаттық көрінісі.
Ақпарат – Информация;information) – 1) таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн белгiлi бiр объектiлер, құбылыстар немесе жан-жануарлар дұниесi туралы мағлұматтар. 2) есептеу техникасында – компьютерге енгiзiлетiн, оның жадында сақталынатын, қажет кезiнде өңделiнетiн және сыртқы ортаға берiлетiн мәлiметтер жиыны.
Ақпарат берушi (Информатор;informator) –1) қандай да бiр бiлiм немесе өндірiс саласында ақпараттық қызмет атқаратын маман. 2) пайдаланушыға автоматтық түрде хабар жеткiзетiн жүйе. 3) қолданбалы бағдарламалар бумасының құрауышы. Ол берiлген бумамен мәселенi шешу барысы туралы хабар беруге арналған.
Ақпарат теориясындағыбит – Битв теории информации – екі тең ықтимал хабарды ("жаңа"–"ескі", "жұп"–"тақ" және т.б. типті) ажырату үшін қажетті ақпарат мөлшері. Компьютерлік техникада бит деп мәліметтер мен командаларды машинаішілік ұсынуға пайдаланылатын "0" және "1" екі таңбаның бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз «үлесін» айтады.
Ақпаратқа қатынас құру (Доступ к информации;access to information) – ақпаратпен танысу, оны өңдеу (көшірмесiн алу, жою немесе мағынасына тимей ақпаратқа өзгерiс енгiзу).
Ақпаратты басқару тiлi (Язык управления информацией;control language information) – ақпараттық базаға қатынас құруды және мәлiметтердi iздестiру мен өңдеуге байланысты операцияларды орындауды жасақтайтын ақпараттық iздестiру тiлi.
Ақпаратты қорғау (Защита информации;protect information) – 1) мәлiметтерге, бағдарламаларға, аппаратураларға рұқсатсыз қатынас құруға жол бермеу. 2) мәлiметтер мен бағдарламаларды жоғалтпай, олардың тұтастығын сақтау. Құрылғылардың электрмен қоректенуi кенет ұзiлген жағдайда да, ақпараттың дискiге жазылып, тұтас сақталуын қамтамасыз ету.
Ақпаратты өңдеу (Обработки информации;information processing) – 1) берiлген бағдарлама бойынша мәлiметтермен белгiлi бiр әрекеттердi орындау. Мұндай әрекеттерге мәлiметтердi iздестiру, сорттау, оларды талдау және бiрiктiру жатады. 2) алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін берiлген мәлiметтердi (бiр ережеге жинастырылғын нұсқаулар бойынша) түрлендiру әдiсi.
Ақпаратты өңдеу жүйесi (Система обработки информации;information processing system) – ақпаратты автоматты түрде өңдеудің аппараттық бағдарламалық құралдары мен әдiстерiнің жиынтығы.
Ақпаратты сақтау және iздестiру (Сохранение и поиск информации; information storage and retrieval) – ақпаратты сақтау дегенiмiз келешекте пайдалану үшін оны қосалқы сақтауыш құрылғы – магниттiк таспаға немесе магниттiк дискiге жазып алу. Сақтау – ақпаратпен жүзеге асырылатын негiзгi операциялардың бiрi және бiр шама уақыт аралығы өткеннен кейiн оны қайта пайдалануға қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн негiзгi тәсiл. Ақпаратты iздестiру дегенiмiз сақталған ақпаратты тауып алу және оны өңдеу мақсатында жүзеге асырылатыннегiзгi операциялардың бiрi.
Ақпаратты сақтау құрылғысы, жинақтағыш – Устройство хранения информации, накопитель (Storage device) – сіз файлдарды сақтайтын құрылғы, мысалы, қатқыл дискі, жинақы дискі, таспалық пен оптикалық жетектер.
Ақпаратты тасуыш (Носитель информации;data medium) – өзiне белгiлi бiр тәсiлмен енгiзiлген кодтаулы ақпаратты Ұзақ уақыт сақтауға қабiлеттi физикалық дене. Оған магниттiк таспалар, карталар, дискiлер және т.б. жатады.
Ақпаратты ұсынудыңекiлiк формасы(Двоичная форма представления информации) – кез келген мәлiметтердi (ақпараттарды) тек екi символдың – 0 және 1 тiзбегi арқылы бейнелеу түрi (коды).
Ақпаратты шығарып оқу (Считывание информации) – қандай болса да ақпарат тасуышта жазылған ақпаратты оқу (шығарып алу). Ақпарат тасуыштың типiне және сақтау принципiне байланысты ақпаратты шығарып оқуды ақпарат тасуышты алғашқы қалып-күйге келтiру арқылы немесе өзгерiссiз-ақ iске асыруға болады. Ақпаратты шығарып оқудың бiрiншi тәсiлiнде ақпарат жойылады да, қайта шығарып оқу үшін оны алғашқы қалпына келтiру қажет. Ал ақпаратты шығарып оқудың екiншi тәсiлiнде ақпарат сақталынады. Ақпараты жойылмайтын шығарып оқуды барлық ақпарат тасуышқа қолдануға болмайтындықтан, арнайы жинақтағышты (мыс., магниттiк таспаны немесе дискiнi, биакстарды, трансфлюксорларды) пайдалану талап етiледi.
Ақпараттық iздестiру жүйесi (Информационно-поисковая система;informtion retrieval system) – форматталған сұраным бойынша мәлiметтердi сақтауға және iздестiруге арналған бағдарламалық жүйе.
Ақпараттық iздестiру тiлi (Информационно-поисковой язык;informtion retrieval language) – компьютердің ақпараттық iздестiру жүйесiндегi құжаттарды немесе олардың үзінділерiн сипаттау үшін арнайы әзiрленген жасанды тiл; оның көмегімен ақпаратты iздестiру жүйесiнің жадынан пайдаланушылардың талап-тiлектерiне лайықты ақпаратты iздестiруге сұраныстар құрастырылады.
Ақпараттық анықтамалық жүйе (Информационно – справочная система;inguiry system) – айрықша активтi режiмде жұмыс iстейтiн және тұтынушыны анықтамалық сипаттағы мәлiмдемелермен жасақтайтын автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Ақпараттық база(Информационная база; information base)– автоматтандырылған жүйелерде – сыртқы тасуыштарда орналастырылғанжәне бағдарламалар мен компьютерде жұмыс iстейтiндердің пайдалануына арналған мәлiметтер жиынтығы. Мыс., мәлiметтер банкiсiнде – ақпараттық база дегенiмiз ақпараттық ресурстың бөлігi, ал оған мәлiметтер базасы мен оның сипаттамалары, яғни мәлiметтер туралы ақпарат кiредi.
Ақпараттық байт (Информационный байт; information dyte) – ақпараты бар байт. Бұл байттардың толтырушы байттардан ерекшелiгi ақпаратты алып келедi.
Ақпараттық банк (Информационный банк; information bank) – ақпаратты өңдеу мен сақтау мүмкіндiгiн жасақтайтын ақпарат, техника, бағдарлама, тiл және Ұйымдастыру құралдарының кешенi.
Ақпараттық бит (Информационный бит; data bit) – мәлiметтер битi, ақпарат әкелетiн бит (толтырушы биттен ерекшелiгi).
Ақпараттық бума (Информационный пакет;information batch) – есептеу желiлерiнде – мәлiметтердi басқару бағдарламасымен берiлетiн ақпарат жиымынан тұратын бума.
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда (ИОС) – бұл Интернет ортасындағы кәсіби мамандықтан (ұсынылатын білім беру деңгейінен), ұйымдастыру-құқықтық формалардан және оқу мекемелерінің меншіктілік формаларынан тәуелсіз оқу процесін жүргізудің біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телеқатнастық және педагогикалық кеңістік. Оған тән үш нышанды ерекшелейді: педагогикалық жүйемен қамтамасыз етілетін ішкі жүйелер: қаржылық, материалдық-техникалық, маркетингтік, нормативтік-құқықтық; ақпараттық ресурстарды әзірлеуге арналған иерархиялық әдістер және олармен жұмыс істеу; қашықтықтан педагогикалық іс-әрекетке интерактивтілік қатынас құруға қызығушылық танытушы, мұндай қатынас құруға техникалық мүмкіндігі бар және оған шынайы қатынас құруды қабылдаған бөліп үлестірілген кеңістіктегі субъектілер қоғамдастығы.
Ақпараттық білім беру ортасы (АБО) – Информационно–образовательная среда (ИОС) – оқу процесін жүргізудің, оны Интернет ортасында оқу мекемелерінің кез келген санына, олардың кәсіптік мамандануына (ұсынылатын білім деңгейіне), ұйымдық құқықтық формасы мен меншіктік формасына тәуелсіз түрде ақпараттық қолдау мен құжаттаудың біртұтас технологиялық құралдары бар бағдарламалық-телебайланыстылық пен педагогикалық кеңістік.
Ақпараттық есептеу орталығы (Информационно-компьютерный центр; information computer center)– автоматтандырылған ақпараттық жүйемен жабдықталған және пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсететiн, сондай-ақ, кең ауқымды есептеу мәселелерiн шешетiн есептеу орталығы.
Ақпараттық жасақтама (Информационное обеспечение;information support) – автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын ақпаратты топтастыру мен кодтау жүйелерiнiң, құжаттаудың үйлестiрiлген жүйелерi мен ақпарат жиымдарының бiртұтас жиынтығы. Ол сыртқы және iшкi ақпараттық жасақтама болып екi түрге бөлінедi.
Ақпараттық желi (Информационная линия;information line) – компьютердің енгiзу-шығару тұрақты интерфейсiнде – мәлiметтердi арнадан сыртқы құрылғыларды басқару құрылғысына және одан арнаға жеткiзуге арналған желi түрi.
Ақпараттық желі –Информационная сеть– мәліметтерді өңдеуге, сақтау мен жеткізуге арналған желі.
Ақпараттық жиым (Информационный массив;information array) – сақтауыш құрылғыда сақталатын мәлiметтер жиынтығы.
Ақпараттық жүйе (Информационная система;information system) – қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға жеткiзу үшін пайдаланылатын құралдардың, әдiстердің және адамдардың өзара байланысты жиынтығы.
Ақпараттық қауіпсіздік – Информационная безопасность– қорғалатын ақпараттың үш негізгі қасиетін: құпиялығын, тұтастығын, дайындығын сақтау мақсатында ақпаратқа қатынас құру мен қызметтік биліктерін шектеуді қамтамасыз ететін жүйелік қызмет.
Ақпараттық қызмет көрсету (Информационное обслуживание; information service) – ақпаратпен жұмыс iстейтiн мекемелер мен қызметкерлердi қажеттi мәлiметтермен қамтамасыз ету.
Ақпараттық модель (Информационная модель;information model) – 1) басқару жүйесiнде – автоматтандырылғын өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесiн параметрлiк ұсыну. 2) қара: Мәлiметтер моделi.
Ақпараттық модуль (Информационный модуль;information module) –ақпараттық-есептеу процестерiнжәне олардың есептеу желiсiмен әрекеттестiгiн сипаттайтын логикалық құрылымның элементi.
Ақпараттық міндет (Информационная задача; information task) – мәлiметтердi құрастыруға, iздестiруге, таңдауға және оларға өзгерiстер (жаңарту, қосу, жою, қайта ұйымдастыру) енгiзуге байланысты міндет.
Ақпараттық орган (Информационный орган;information organ (department)– ақпараттық жұмысты тұрақты түрде жүзеге асыратын мекеме немесе бөлімше. Мұндай ұйымға ақпараттық орталықтар, ақпараттық институттар, ақпараттық бөлімдер және т.б. жатады.
Ақпараттық орталық (Информационный центр; information center)– белгiлi бiр мәселелер бойынша мекемелер мен кәсiпорындарға ақпараттық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ақпараттық орган.
Ақпараттық өріс (Информационное поле; information field) – есептеу желiлерiнде – басқару аймағының соңғы битi мен кадрдi тексеру тiзбегiнің бiрiншi битiнің арасында тұрған биттер тiзбегi.
Ақпараттық ресурстар – Информационные ресурсы – бұл адамзат баласының идеялары және оларды іске асыру бойынша қайта өндіруге мүмкіндік беретін формада жинақталған ақпараттар жиынтығы.
Ақпараттық ресурстар –Информационные ресурсы – қалыптасқан идеялар мен білімдер, әр түрлі мәліметтер, оларды жинақтау әдістері мен құралдары, ақпарат көздері мен ақпарат тұтынушылар арасындағы алмасатын ақпараттар .
Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы;information resources) – кiтапханаларда, мұрағаттарда, ресурстарда, мәлiметтер банкiлерiнде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрiнде шоғырланған мәлiметтер жиынтығы.
Ақпараттық сенiмдiлiк (Информационная надежность;information reliability) – алғашқы мәлiметтерде әр түрлi қателер болған жағдайда алгоритмнің немесе бағдарламаның өз қызметiн дұрыс орындау қабiлеттiлiгi; ақпараттық жүйелердің онда сақталған мәлiметтердің тұтастығын жасақтау қабiлеттiлiгi.
Ақпараттық технология – Информационная технология– бұл ақпаратты өңдеу үшін адамдардың пайдаланатын әдістері мен құрылғыларының жиынтығы.
Ақпараттық технология – Информационная технология – бұл ақпаратты пайдаланудың қиын процестерін төмендету мақсатымен ақпаратты жинастыруды, өңдеуді, сақтауды, таратуды (көлікпен жөнелтуді) және бейнелеуді қамтамасыз ететін технологиялық тізбекке біріктілілген әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық техникалық құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық технологиялар – Информационные технологии – бұл білімдік ақпаратты сақтау мен өңдеуді, оны білім алушыларға жеткізуді, студенттің оқытушымен немесе педагогтық бағдарламалық құралдармен интерактивті өзара әрекетін, сондай-ақ студенттердің білімдерін тестілеуді қамтамасыз ететін компьютерлік техниканы пайдалануға негізделген аппараттық-бағдарламалық құралдар.
Ақпараттық технологиялар – Информационные технологии – техникалық және әлеуметтік процесстерді басқару бойынша адамдардың білімін кеңейтетін және олардың мүмкіндіктерін дамытатын ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, жеткізу және ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығы; бұл – адамдар қатысатын әрекеттер мен қалыпты процедуралардың, есептеуіш машиналардың және объектілер немесе ақпаратты берілген формада ұсыну және өңдеу процестері туралы мәліметтердің (ақпараттың) жиынтығы.
Ақпараттық техонология (Информационная технология;information technology) – 1) объектiнiң, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәлiметтердi жинау, өңдеу, жеткiзу тәсiлдерi мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердiң, құрылғылардың немесе әдiстердің жиынтығы.
Ақпараттық ұрлық (Плагиат (Plagiarism)) – басқа адамдар әзірлеген мәліметтер мен ақпаратты өзінің меншікті шығармасы ретінде көрсетіп пайдалану.
Ақпараттық іздестіру жүйесі – Информационно-поисковая система– мәліметтер базасындағы ақпаратты іздестіруге арналған жүйе.
Ақпараттық іс-әрекет (Информационная деятельность;information activity) – жеке адамдардың, ұжымның немесе ұйымдардың жүйелi түрде жүзеге асыратын ақпаратты жинау, түрлендiру, сақтау, iздестiру және тарату процестерiнің жиынтығы.
Ақпараттық-логикалық машина (Информационно–логическая машина;logical information machine) – күрделі логикалық мәселелердi шешу мен пайдаланушыларға ақпараттық қызмет етуге арналған автоматтандырылған жүйе. Мұндай мәселелерге теореманы дәлелдеу, ғылыми бақылаулардың нәтижелерiн өңдеу, шет ел мәтiндерiн аудару және т.с.с. жатады.
Ақпараттың жинақылығы (Компактность информации;compactness of information) –ақпаратты Ұсынуда оның мағыналық мазмунын сақтай отырып ең аз таңбалық көлемдi құрайтын ақпарат қасиетi.
Ақпараттың құндылығы (Ценность информации; information balue) – адамның мақсат етiп қойған қызметiнің алуан түрлi саласында практикалық пайдалануға жарамдылығымен анықталатын ақпарат қасиетi.
Алгоритм – нақты мәселені шешуге қажетті әрекеттердің формальданған тізбегі.
Алдынала тестілеу – Тестирование предварительное– оқыту курсының (бағдарламасының) басталғанына дейінгі өткізілетін тестілеу. Тестілеудің мақсаттары оқыту процесіне (қабылдау сынағына) жіберу немесе оқушылардың бастапқы білім деңгейіне сәйкес жоспар мен бағдарламаға түзету енгізу бола алады.
Алмастыру буфері – Буфер обмена – қосымшалардың арасында мәліметтерді алмастыру үшін Windowsжүйесі резервтейтін жедел жад аймағы.
Алыстағы оқытушы-кеңесші – Удаленный преподаватель-консультант – қашықтықтан қатынас құру арқылы өз қызметін атқаратын оқытушы-кеңесші.
Алыстағы пайдаланушы – Удаленный пользователь– алыстағы компьютермен модем немесе телефон желісі көмегімен байтаныс жасай алатын терминалмен жұмыс істейтін пайдаланушы.
Альфа-тестілеу – Альфа тестирование – меншікті қызметкерлерінің күшімен меншікті жабдықта оның дайындаушысымен орындалатын бағдарламаны тестілеу процесі. Альфа-тестілеудің мақсаты – бағдарлама алгоритмі мен бағдарламалық кодтың кателіктерін жою. Бета-тестілеуді қараңыз
Аналогтық желі – аналоговая линия (Аnalog line) – телефон желілерінде пайдаланылатын сөз ауқымының телеқатынастық желісі. Аналог желісі бойынша компьютерлік байланыс әрбір желінің соңына қосылатын және цифрлық ақпаратты аналогқа және кері түрлендіретін модем арқылы жүзеге асады.
Анимация – мультипликация әсерін жасайтын экрандағы объектілердің түрін, формасын, мөлшерін немесе өзара орналасуын өзгерту.
Аппараттық жасақтама – Аппаратное обеспечение –техникалық құрылғылар мен аспаптардың жиынтығы. Компьютерлік жүйенің қажетті элементі.
Аппараттық жасақтама – Аппаратное обеспечение (Hardware) – Сіздің желіңізді құратын физикалық жабдық.
Аралас (будан) желі – Гибридная сеть (Hybrid mesh network) – өзіне аз дегенде құрудың әр түрлі екі топологиясын үйлестіретін желі.
Аралық тестілеу – Тестирование промежуточное – оқыту процесіне түзетулер енгізу үшін, әдеттегідей, курсты оқып білу барысы бойынша ұйымдастырылатын тестілеу,өзін өзі тестілеу түрінде жиі ұйымдастырылады.
Архитектура (Architecture) – оныңкөмегімен желіге кіретін компьютерлер арасында ақпарат жеткізілетін желіні ұйымдастыру тәсілі.
Архитектура AppleTalk (AppleTalk Architecture) – Apple компьютерлерінің арасында ақпарат жеткізуді басқару үшін Apple компаниясы дайындаған архитектура.
Архитектура ARCNet (ARCNet architecture) – ең ескі желілік архитектура.
Архитектура Ethernet (Ethernet architecture) – аса танымал және шығыны ең аз, өзіне келесі топологияларды – жұлдыз, тізбектей қосу, сақина және аралас түрлерін – қамтитын желілік архитектура.
Архитектура Token-ring (Token-ring architecture) – ірі мекемелерде жиірек қолданылатын, бірақ қазіргі сәтте практикалық ескірген архитектура.
Асинхрондық қарым-қатынас – Асинхронное общение – форумдар, хабарландыру тақталары, электрондық пошта.
Аспаптар тақтасы – Панель инстртрументов – қапшықтар мен қосымшалардың терезелеріндегі басқару элементі.Батырмалары бар тақта болып табылады. Жиі пайдаланылатын қомандаларға қатынауды жеңілдетеді.
Аспаптар тақтасы, бағыттаушы тақта – Панель инструментов, навигационная панель– басқа web-бетке немесе мультимедиа компонентіне гиперсілтеме қызметін орындайтын пиктограммалар тақтасы.
Аспаптық құралдар – Инструментальные средства – оқытудың виртуальдық ортасында жаңа бағдарламаны жаңартумен немесе жасаумен байланысты міндетті атқаратын, ең аз дегенде мәтіндік редакторды, трансляторды, графикалық редакторды, жүктеуішті, сондай-ақ баптау бағдарламаларын қамтитын бағдарламалар жинағы.
Ассемблер 1.Арнайы шартты белгілеулердің көмегімен машиналық кодта жазылған бағдарламаның бастапқы кодын аударатын қызметтік бағдарлама (компилятор).2.Мнемоник деп аталатын шартты белгілеулердің көмегімен процессордың командалар жүйесіне кіретін оның нұсқауларын ұсыну туралы ережелер мен келісімдердің жүйесі.
Ассемблердің мнемоникалары – Мнемоники ассемблера – процессордың сандық командаларын адам үшін түсінікті мәтіндік түрде ұсыну үшін қабылданған шартты белгілер. Әдетте командалардың мәтіндік сипаттамаларының мнемоникалары ағылшындық қықартулармен өрнектелген. Мысалы: DJNZ = Decrement and Jump if Not Zero (санды бір бірлікке кішірейту керек және, егерде ол нөлге тең болмаса, көрсетілген адреске өт).
Атаулардың кеңеюі – Расширение имени – файл атауындағы соңғы нұктеден кейінгі символдар комбинациясы.
Аудиобейнежүйе – Аудиовидеосистема – мәліметтердің әр алуан типін өңдейтін жүйе.
Аудиоконференция– желілік технология жүйелерді, қатынастық жүйелерді, компьютерлік технологияларды немесе телефонды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамның дыбыстық қарым–қатынасы.