ПОӘК 042- 14-5-2.01.20.2/03 -2009
|
№1 басылым 18.09.2008 орнына №2 басылым 30.09.2009
|
беттің - беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-14-5-2.01.20.10/03-2009
|
Магистранттарға арналған
«Ғылыми педагогикалық тәжірибедегі жаңашылдық технология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым 18.09.2008 орнына №2 басылым 30.09.2009
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Ғылыми педагогикалық тәжірибедегі жаңашылдық технология»
«6М020300»- Тарих мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ
Семей
2014
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Студенттердің өздік жұмысы
Глоcсарий
Методика – ежелгі гректің «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген мағынаны білдіреді.
Дидактика оқыту немесе үйрету дегенді білдіреді
Педагогика – адам тәрбиесі
Әдіс- нақты міндетті шешудің мақсатқа жетудің тәсілі
Тарихты оқыту әдістемесі – тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылым саласы
Дерек- латын тілінен аударғанда «жасалынған», «іске асқан» дегенді білдіреді
Негізгі деректер – тарихи уақиғаның идеясын түсіндіреді және негізгі құжат ретінде негізгі тарихи пікірді қалыптастыру
Процесс – даму жағдайының бірізділікпен ауысуы
Көрнекілік әдістер – оқу материалын оқушылардың және студенттердің көзімен көріп, нақтылы түсіндірулеріне мүмкіндік беру
Түсінік- оқып үйренген деректердің негізінде оқушы және студент санасында қалыптасатын тарихи ұғымдар жүйесі
Құбылыс – нақты деректе қатыссыз уақытты көрсетілген жалпы ұғым
Оқыту- оқушы білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқиға- жалғыз жарым дерек
Оқыту мазмұны- арнайы таңдап алынған қажетті тәжірибенің бөлшегі.
Демонстрация-оқушыларды құбылыстар мен процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысындағы қолданыс
Жеке дара қатынас - әрбір оқушының және студенттің ерекшелігін бағалау
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігі сонымен бірге оқушылардың жеке дара қасиетін ескеру
Тәсіл- нақты міндеттерді шешуге бағытталған әрекет
Ұғым- деректерді түсіндірумен жеңуде және оқиға мазмұнын нақтылап кеңейту үшін қолданатын сабақтастықты айтамыз
Термин- белгілі бір сөздің нақтылы бір мағынасы
2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы
1 Тақырып. ЖОО және мектепте тарихты оқытудың әдістемесі- педагогикалық пән.
1. ЖОО және мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні
2.Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары
3.Тарихты оқыту әдістемесінің орны мен ролі
Әдістеме дегеніміз-методика. Ежелгі грек тілінен аударғанда «таным тәсілі», «зерттеу жолы» дегенді білдіреді. Ал әдіс дегеніміз- нақты міндетті шешудің, негізгі мақсатқа жетудің жолы. Тарихты оқыту әдістемесі- оқытудың міндеттері, мазмұны мен әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық пән. Оқудың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады.
ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К.А.Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін айтады. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Әдістеме пәні – педагогикалық процесс, тарихты мұғалімнің оқытуы, оқушының тарихты оқуы туралы мәселелерді қарастырады. Әдістеменің нысаны – оқытудың әдістері, мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы ғылым. Оқытудың өзарар және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Оқыту мақсаты ------ оның мазмұны------ білім беру және оны игеруге басшылық жасау ------ оқушы әрекеті ------- оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Әрине ол процесс жоспарланған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет етеді.
ТОӘ- көптеген гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты. Және солар арқылы дамиды да. Өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңғыртып пайдаланады.
Мұғалым мен оқушының,студенттің оқу процесі күрделі және көп салалы. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалім өз пәнін жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып,шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, еш табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді көптеп кездестіруге болады. Өз пәнін жетік білмеуіне байланысты өз білімдерін өзгеоерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Яғни пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы керек.
Тарихты оқытудың негізгі факторлары:
мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар
Стандарт пен бағдарламаларда бекітілген оқулықтар,
Оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы,
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері,
Оқыту нәтижелерін айқындау.
Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар.
1.Тарихты оқыту әдістемесі қандай рәг?
2.Қалай пайда болды?
2. Тақырып.Тарихты оқыту әдістемесі курсының қызметі
1.Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің әлеуметтік қызметі
2. ЖОО және мектепте тарихты оқыту әдістемесінің гуманитарлық ғылымдар арасындағы орны
Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының кезеңдерінде өзгеріп отырады. Дегенмен де бүгінгі қоғамда қарама-қарсылық әрекеттер басым. Қазақстандық мектептерде Отан тарихына байланысты мәселелер нақты оқытылмайды. Ал кеңестік кезеңдегі тарих пәнінің мазмұнында таптық сипаттар басым. Дегенменде егемендік пен дербестікке қол жеткізілгеннен кейін Отан тарихы мәселелерін жетік оқытудың бағдараламары жасалып, тың идеялар қолға алынуда. Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары:
адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруіне,
тарихи оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізге қабілеттілікті қалыптастыру,
отансүйгіштік пен тарихи тәжірибе гуманизм идеялары негізнде рухани құндылыққа бағыттау,
өз халқының тарихы мен мәдениетін қызығушылықпен құрметтеу т.б. маңызды мәселелерді оқытуға бағытталған шаралар жасалуда.
Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу,
Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау,
Әлеуметтік және адамгершілік тәлім-тәрбие беру,
Қазіргі қоғамға кіріккен және оны жетілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру.
Жекенің ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу.
Әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушы пікірлерін тыңдау. Таңдау.
Оларды гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау.
Тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзбен бағалауға және дұрыс тұжырымдар жасауға қалыптастыру.
Бұл айтылғандар оқытудың жүйесімен байланысты. Жүйе деп - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі тұтастық, бірлік құрайтын бөліктер жиынтығын айтамыз. Мектепте тарихты оқытудың мазмұны тарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме Отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға, теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Оқыту тарихтың мазмұны мен мелекеттік стандарт, бағдаралама оқулық түрінде көрініс табады.
Әдістер: әртүрлі болады. Сөздік, баспа-қолжазбалық көрнекіліктермен, практикалық т.б. Олар мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетінен айқындалады. Оқытудың әдістемесі дұрыс болса тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді
Әдіс, тәсілдер мен оқытудың түрлері ( жалпысыныптық, топтық, дербес) сабақ типтері (қайталау- жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстіндегі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналры, диафильм т.б. сияқты заттарды жатқызамыз.
Оқушылардың танымдық мүмкіндіктері оқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Оқыту нәтижелері қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқыушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейіне танытады. Тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар оқушылардың білімін толықтырады.
Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі студент үшін мынадай себептермен маңызды:
- Оқушының, студенттің тарих пәні бойынша білім мен дағды деңгейін анықтау үшін,
-- Сынып, крурс, бөлім және тақырып үшін оқытудың мақсатын анықтау,
-- Оқу процесінде жұмыс тиімділігін анықтау және міндетін нақтылау,
-- Әдіс пен тәсілдерді ұштастыру,
- Тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолдану,
-- Оқытудың барынша тиімді әдістері түрлері мен құралдарын қолдану,
- Оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап жасайтын курс. Бұл пән педагогика ғылымымен , зерттеу әдісімен және тәрбие мақсатымен байланысты. Ғылыми-зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз.
Педагогикалық бақылау –оқу процесінде ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды. Пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.
Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесінде белсене араласуын қарастырады. Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:
Тарихты оқыту әдістемесі қандай ғылым, ол немен айналысады?
Мектепте тарихты оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері қандай?
Тарихты оқытудың негізгі факторларын ата.
Тарихты оқыту әдістемесінің маңызы неде?
3. Тақырып.ХХ ғасырдағы тарихты оқыту әдістемесі пәні
1.ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру
2.1917-1930жж. Тарихи білім беру
3.30-50 жылдардағы тарихи білім берудің құрылымы
4.60-80 жылдардағы мектептерде тарихи білім берудің теориясы мен практикасының жетілуі
ХХ ғасыр басында педагогтар тарихи білім ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Әр кім әртүрлі әдістеме түрлерін дәріптеді. Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін оқулық, картиналар мен карталар т.б. көрнекіліктер пайдаланылды.
Сонымен бірге сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Олардың авторы пән мұғалімі бола отырып, оқушылар үшін үй тапсырмасында түрлі жұмыс түрлерінде қарастырды. Оқыту процесінде жаңадан іс жүзіндегі зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзінді әдістің мәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу.
Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалым оқушыны тарихи зерттеулердің әлеміне енгізгендей болады. Тағы бір әдіс түрі – оқөушыларды дербес жұмыс жүргіуге үйрету. Яғни драмалау әдісі.
Келесі бір әдіс түрі – рефераттау жүйесі. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын негігі тәсіл деп қарастырады. Онда оқушы ұсынылған мақала немесе кітаптармен танысу, әдебиеттің мазмұныны баяндау, содан түсінігі бойынша реферат даярлау т.б. шараларды атқарады.
Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруда әдіскерлер оқушы жұмысы ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, көрнекі құралдармен, оқу кітабымен, оқулықтармен ұштасуы қажет дегенді айтады. Міне осылайша ХХ ғасыр басында педагог кадрларды даярлауға баса назар аударылды. 1911 жылы Мәскеуде 2 жылдық педагогикалық институт ашылып ашылып, жоғары білімді мамандар тартылды. Тыңдаушылардың әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді. Кейінен бұл мәселеге қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Сатпаев, Ә.Ермеков т.б. араласып, жекеленген пәндер бойынша оқу құралдарын жазып жарыққа шығара бастады. Тарих жүйелі пәнге айланбады.
1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ сьезінде В.И.Лениннің ұсынумен А.В.Луначарский басқаратын Халық Ағарту комиссариаты құрылды. Ол адамның бастауыменде жасалған әрекеттер тарихи білім берудің пайдалы жақтарын теріске шығарумен болды. Ол пәннің орнына әлеуметтану, еңбек тарихын ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды. Тарихты оқу пәні ретінде қоғамтанумен ауыстырылды.
1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды. Алдымен үй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Осы жылғы қабылданған «Біртұтас еңбек мектебі туралы Ереже» бұл жүйені толығымен өзгертті. 1923 жылы мектептерде пәндік оқытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді.
Оқушылардың тұлғалық әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың құралдарының бірі- алған білімдерін іс жүзінде қолдану болды. Тарихи материал жалпытарихтың тиісті бөлімдеріне қосарланып берілді. Оқулықтар мен оқу құралдары болған жоқ, арихи білім бойынша негізгі дереккөзі мұғалімнің ауызша сөзі болды.
30 жылдары тарихи білім берудің жайы өзгерді. Бағдарламалар негізінде жаңа оқулықтар жазылды. Авторлар азаматтық тарихты емес, қоғамдық өмірдің формаларын ғана көрсетуді мақсат тұтты. Отан тарихы оқулықтарда жекеленген қосымша ретінде берілді. 1935-1941жж. Мектептерде тарихты оқыутға бөлінген сағаттар саны 14-тен 25,5 сағатқа дейін өсті. 1934 жылдан «Орта мектептегі тарих» журналы шыға бастады. Жаңа бағдараламалар мен оқулықтар жазуға Н.И.Венаг, А.М.Панкратова, С.И.Ковалев, т.б. қатыстырылды. Бірақ тарих курстарымен жұмыс істеуде әдіскерлер мен ғалым-тарихшылар арасында байланыс болмады. 40 жылдары тарихи білім берудегі кемшіліктер байқалды. Соғыс кезіндегі тарихты оқытуда баса назар аударылған мәселелер патриоттық тәрбие мен интернационалдық бірлікті нығайту міндеті тұрды.
50-70 жылдары оқушылардың «тарихты дұрыс түсінуі» үшін өткен кезең мен қазіргі заман тарихын байланыстыруға баса назар аударылды. Тарихи білім берудің құрылым мен мазмұны өзгеріске қайта түсті. 50 жылдардың соңында тарихи-әдістемелік ой психологиялық-педагогикалық ғылымдармен байланысын нығайту бағытында дамыды. Оқытудың әдіс-*тәсілдері түрлендірілді.
60-80 жылдары. «Мектептерде тарихты оқыту тәртібіндегі өзгерістер туралы» қаулысы тарихты оқытудың құрылымына елеулі өзгерістер енгізілді. Ендігі өзгерістер міндетті түрде орта білімге көшумен байланысты болды. Ол жылдары әдіскерлер А.А.Вагин, Д.И. Никифоров, Н.Г.Дайри, П.В.Гора т.б. сияқты ғалымдар одан әрі жалғастырды. 70-80 жылдары оқушылардың дербестігі мен белсенділігін дамыта оқытудың мақсатына айналды. 80 жылдардың соңында бұрынғы қоғамдық қатынастар жүйесінің ыдырауына байланысты білім беру жүйесі дағдарысқа ұшырады.
ХХ хх ғасырдың 90 жылдары «Білім туралы» заңға сәйкес білі беру жүйесін реформалауда тұлға дамуына басымдық беру қағидасы басшылыққа алынды. Плюрализмге жол ашылды. Тарихи білім берудің қайталамау (линейный) қағидасындағы құрылым орныға бастады. Жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жүйесіне көшірілді.
80-90 жылдары оқу бағдарламалары тарихты оқытудың мақсаттарын ашып көрсететін Түсінік хатпен басталатын. Оның негізінде білім мазмұнын құрайтын деректік және теориялық материалдар бөлімдері қарастырылды. 90 жылдардағы бағдарламаларда бірыңғай білім деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Ол мемлекеттік құжат ретінде өзгертілді. Және де мемлекеттік стандарттар енгізілді.
Оның мынадай ерекшеліктері бар:
білімнің сапасын көтеру қызметі,
бағалау -өлшемдік қызметі,
толыққанды білім алу құқығын қамтамасыз ету,
еліміздің білім беру кеңістігінің бірлігін сақтау қызметі,
білім беруді ізгілендіру қызметі,
басқару қызметі
Білім беру стандартының ең басты қызметі- білім беру үрдісінің барлық нысандарының (жеке тұлға, қоғам, мемлекет, аймақ, оқу орны, халықаралық қауымдастық) мүддесін қорғау деп бағалау қажет. Сонымен қоғамдық-гуманитарлық пәндер қатарында ерекше орын алғандықтан да тарих пәнін оқытудың әдістемелік мәселелерін шұғыл түрде шешу міндеті өткір қойылды. Солардың қатарында «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 жылы), «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» (1995 жылы), «Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996 жылы) сияқты құжаттардың мазмұнындада осы мәселелер көтерілген.
Қайталау мен бекітуге арналған сұрақтар:
1.ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру жайлы на білесің?
2.1917-1930жж. тарихи білім берудің басты ерекшеліктері неде?
3.Тарихтың дербес курстарының енгізілуінің қандай маңызы болды?
4.60-80 жж. тарихи білім беру құрылымының мазмұнына сипаттама бер.
5.90 жылдардағы Қазақстандағы тарихи білім берудің әдістері.
4. Тақырып. Тарихты оқытудың әдістері, тәсілдері мен құралдары.
1. ЖОО және мектепт оқулығы мен оның құрауыштары
2.Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу жүйесі: дағдылары, тапсырмалар беру, көрнекіліктермен жұмыс т.б.
Алғашқы әдіс-тәсіл мектептегі тарих оқулығымен жұмыс істеуден басталады. Оқулық- маңызды білім көзі және оқу құралы. ЖОО және мектеп оқулығының сипаттамасы оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сәйкес ғылым негіздерін ашуға қойылатын маңызды талаптарды қамтиды. Оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады. Кейде оқу процесінде оқулықты қолданудың мүлдем керегі жоқ деген пікірлер де кездеседі. Мектеп оқулықтары мынадай қызмет атқарады:
ақпараттық (білім беру мазмұныны ашады, оқушылардың жасын ескеріп, әр сабақтағы материалдың көлемін белгілейді),
жүйелеушілік (мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамасыз етеді және жүйелейді),
оқытушылық (білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді),
тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсаттарын іске асыруға ықпал жасайды)
Оқулық құрауыштары: құрылымы әр түрлі. Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы мүмкін. Оқулық мазмұныныда ұғымдар, терминдер, тірек сөздер ерекшеленеді және түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжаттардан үзінді, анықтамалық аппарат үлгісі мен күрделілік деңгейімен ерекшеленетін сұрақтар мен тапсырмалар қамтылады. Оқулық параграфтардың көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың саны пәннің оқу жоспарына сай келуі тиіс.
Оқулықтың мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал) толықтырушы (анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып бөлінеді. Негізгі мәтіннің өзегін маңызды идеялар мен ұғымдар, әрекет тәсілдері мен теориясы туралы ақпараттар құрайды.
Оқулықтың күрделілігі пәндік, қисындық және тілдік болып бөлінеді. Оқулықтың мәтіннен тыс құрастыруштары безендіру, сұраулар мен тапсырмалар, құжаттар мен көрсеткіш материалдарды қамтиды. Безендендіру мен сұлбалар кітап мазмұнын бейнелі және шартты көрнекіліктер арқылы ашуға пайдаланылады.
Оқулықпен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардың нені үйренетіндігі, оқулықтың хронологиялық шеңбері туралы ұғымдарды түсіндірумен басталады. Алғашқы сабақтарда оқушыларға бастауыш сыныптан белгілі түсіндіре оқу тәсілін қолданған тиімді. Оқулық бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі. Оқулық оқушыларға үй тапсырмасын тексеру кезінде қажет. Мұғалымнің бірінші кезектегі міндеті- оқушыларды оқулықтардың түсініксіз жерлерін, белгісіз терминдерді таба білуге үйрету. Жаңа материалды түсіндіруде оқулықтың көмегі мол. Оқулықпен жұмыста мазмұнды және нақты жауап беруге арнайы тапсырмаларды орындау көмектеседі. Ол тапсырмалар: оқу мәтінінен сұраққа жауап тауып, оны дауыстап оқу, өз сөздерімен баяндау, бірнеше сұраққа жауап беру үшін материал таңдау және т.б. болып келеді. Оқулық оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Оқушылардың қорытынды жасауға үйреткенде оқулықтың көмегіне сүйенеді. Және де әлдебір пайымдауларды дәлелдеу үшін де оқулық мазмұнымен мәтініне сүйенеді.
Жоғарғы сыныптарда оқулық мазмұны білімді тереңдетуге арналған тапсырмалар беріледі. Оқушылардың тақырыпты мұғалымның алдын-ала түсіндіруінсіз өз беттерінше оқып-үйренуі мүмкін. Мұндай мұғалым жаңа тақырыптың материалын, сұрақтар мен тапсырмаларды алдын-ала ұсынып, негізгі ережелерді қысқаша түсіндіруі мүмкін. Сабақта оқулықтағы карталармен де жұмыс жасау керек. Оқулықпен жұмыс істеуде оқушылар дағдысы мыналар.
мәтін үзіндісінің ең бастысын бөліп алу,
оқулық мазмұныны пайдалану,
әңгімелеудің жай жоспарын құрастыру
мәтінді мазмұндап беру,
дереккөздерін қолдану
ұғымдар мен терминдерді пайдалану, оның мазмұныны білу,
дереккөздерін салыстыру
қосымша әдебиеттер арқылы білімді толықтыру оны дамыту және тереңдету.
Қайталауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1.Мектеп оқулығына қандай талаптар қойылады?
2.Оқулықпен жұмыс жасаудың тәсілдер мен дағдылары туралы баянда.
3.Оқулықпен оқушының жұмыс жасауының әдістері мен ондағы тапсырмалар мазмұны туралы сипаттама.
4.Оқулақтағы көркем суреттер мен карта схемаларымен жұмыс жүргізудің мақсаты туралы на айтуға болады?
5. Тақырып.Оқыту әдістері немесе оқу әрекетінің тәсілдері
1.Оқыту әдістері және оларды топтастыру
2.Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер
3.Тәсілдердің көптүрлілігі
Оқыту әдістері дегеніміз –оқу процесіндегі оқушы мен мұғалымның өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың тәсілдері. Педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс дегеніміз - мұғалымның оқушыны білмеуден білуге, ептілікке жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы.
ЖОО және мектепте тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы педагогикалық-психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Тарих пәнінің мазмұнының ерекшеліктеріне және мақсат пен міндеттеріне сәйкес өзіндік әдіс-тәсілдерді де қолданады.
Сабақтағы жанды сөз монологтық (иарихи материалды мұғалім немесе оқушының мазмұндауы) және әңгіме түрінде өтеді. Тарихты оқытуда мұғалімнің ауызекі сөзі жетекші рол атқарады, тарихи білім беріледі, танымдық әрекетіне басшылық жасалады. Ауызекі сөзі адамзаттың жүйеленген және жинақталған тәжірибесін жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалым сөзінен тарих ғылымының соны жаңалықтарын, қазіргі күннің мәселелерін шұғыл енгізуге мүмкіндік береді. Мұғалім мұндайда ақпараттық қызмет атқарады. Қисындық және тәрбиелік қызметтер де жан-жақты болуы керек. Сөз көне қатынас құралы. Көрнекі әдістері мен сөзбен тығыз байланысты. Сөздік-баспалық тәсіл жазба мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданылады. Тәсіл ұғымы ретінде сөздік немесе жазба кескіндемелік әрекет түсіндіріледі. Тәсілді көруге немесе естуге болады. Сонымен, әдістемелік тәсілдер – дегеніміз – нақты міндетті шешуге бағытталған әрекет.
Жазба-кескіндемелік тәсілдерге мыналар жатады:
оқиғалардың күнтізбесін жасау,
таблица, жаңа сөздер сөздігін жасау,
логикалық сұлбалар мен суреттер салу,
кескін карта толтыру,
сөздік-баспалық мәтінімен жұмыс жасау
құжаттармен жұмыс жасау,
синхрондық кесте жасау
тарихи білімдерді жүйелеу,
салыстыру мен дербес қорытынды жасау
дағдыларды қалыптастыру
Оқытудың әдістемелік тәсілдерінің көптігі мұғалімге оларды пайдалануда кең мүмкіндік берумен бірге әр тәсілді парасатылықпен орынды қолдануды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |