9 - тақырып
«Сандардың нумерациясы» тақырыбы бойынша тексеру тапсырмаларын дайындау
Мақсаты: «Сандардың нумерациясы» тақырыбы бойынша тексеру жұмысын құрастыруды үйрену.
Құрал-жабдықтар: карточкалар, перфокарталар, математикалық диктанттар, 1-4 сыныптарға арналған тестілер.
СОӨЖ тасырмасы:
1-4 сыныптарына арналған «Сандардың нумерациясы» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарын дайындау.
Тексеру формасы - «Сандардың нумерациясы» тақырыбы бойынша тексеру жұмыстарының презентациясы.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Тексеру жұмыстар ББД күнделікті және қортындылаушы тексеру жүргізу мақсатымен өткізіледі. Күнделікті тексеру кезінде өзіндік жұмыстар көлемі жөнінен шағын, оған негізінен сол кезде өтіліп жатқан тақырып бойынша және оқушылардың жеке еркшіліктеріне сәйкес болатын тапсырмалар енеді. Сабақтың максаты мен такырыбына байланысты олар әр түрлі болады: окушылардың білімінің дамуына, ББД бекітуге, пәнге деген танымдық кызығушылығын қалыптастыруға, сабақта окушылардың белсенділігін арттыруға, оқушылардың білімін тереңдетуге бағытталуы мүмкін.
Өздік жұмысты ұйымдастыру кезінде мұғалім келесі принциптерді басшылыққа алу керек:
- өздік жұмыс бағдарламаның талаптарына сәйкес болуы керек;
- өздік жұмыс оқушылардың шамалары жетететіндей болуы керек;
- өздік жұмыс мазмұны мен формасы бойынша әр түрлі болу керек: бір дұрыс жауабын тандап алуға берілген тест тапсырмалары, барлық дұрыс жауаптарын тандап алуға берілген тест тапсырмалары, "иә-жоқ" түріндегі математикалық диктанттар, перфокарталар, жеке карточкалармен берілген тапсырмалар, "қатені тап", "лото" ойындары және тағы баска.
Әдебиеттер:
1. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика. Дидактикалық материалдар. 1-4 класс. - Алматы: «Атамұра», 2000.
2. Жигалкина Т.К.. Игровые и занимательные задания по математике для 1 класса четырехлетней начальной школы: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1986.
3. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
10 - тақырып
«Көп таңбалы сандар» тақырыбы бойынша тексеру жұмыс
Мақсаты:
- «Көп таңбалы сандар нумерациясы» тақырыбы бойыша ББД жүйелеу
Құрал жабдықтар: Санды талдау схемасы, таратпа карточкалар
СОӨЖ тасырмасы:
Карточкаларда берілген тапсырмаларды орындау
Тексеру формасы – жазбаша жұмыс
Әдістемелік нұсқау:
а) Санды талдау схемасын қайтала:
Санды талдау схемасы
Санды оқыңдар 9 409 (тоғыз мың төрт жүз тоғыз).
Әр разрядтың және әр кластың бірліктер санын атаңдар (I разрядтың 9 бірл., немесе 9 бірл.; III разрядтың 4 бірл., немесе 4 жүзд.; IV разрядтың 9 бірл., немесе 9 мың.; I кластың 409 бірл. және II кластың 9 бірл.).
3) Әр разрядтың бірліктерінің жалпы санын атаңдар (9 409 бірл., 940 онд., 94 жүзд., 9 мың).
4) Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысымен алмастырыңдар (9409 = 9000 + 400 + 9).
5) Санағанда берілген санның алдында аталатын санды және санағанда берілген саннан кейін аталатын санды атаңдар (9408, 9410).
6) Берілген санда канша разряд болса, сонша разрядтары болатын ең кіші және ең үлкен сандарды атаңдар (1000, 9999).
7) Берілген санды жазу үшін небары неше цифр қажет болғанын және олардың ішінде әр түрлі цифрлар нешеу екенін көрсетіңдер (небары 4 цифр, әр түрлі 3 цифр).
8) Берілген санның барлық цифрларын пайдаланып, ең кіші және ең үлкен сандарды жазыңдар (4099, 9940).
б) Карточкаларда берілген тапсырмаларды орында.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
11 - тақырып
«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша сабақ үзінділерін өткізу және талдау
Мақсаты:
- математика сабағын талдауға қойылатын талаптарды білу;
- Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.
Құрал жабдықтар: «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарлары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, математика оқулықтары.
СОӨЖ тасырмасы:
«Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы бойынша дайындалған сабақ үзінділерін өткізу және талдау
СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау
Нәтижесі – сабақтарға талдау жазылған дәптер.
Тексеру формасы- жұмысты ауызша қорғау.
Әдістемелік нұсқау №4 СОӨЖ-ге берілген нұсқауларға ұқсас.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.
5. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сынып - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.
6. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.
12 - тақырып
«Ауызша есептеу тәсілдері» тақырыбын оқыту кезінде ауызша есептеуді үйымдастыру
Мақсаты:
- «Ауызша есептеу тәсілдері» тақырыбын оқыту кезінде ауызша есептеуді ұйымдастыру біліктерін қалыптастыру
Құрал жабдықтар: ауызша есептеуді ұйымдастыруға қажетті көрнекіліктер: мысалдар, кестелер
СОӨЖ тасырмасы:
ауызша есептеуді ұйымдастыруға қажетті көрнекіліктер мен қызықты материал дайындау
Тексеру формасы - ауызша есептеуді ұйымдастыруға қажетті көрнекіліктер мен қызықты материалдардың презентациясы
Әдістемелік нұсқаулар:
Мүғалімдердің практикасында мынадай жақсы дәстүр қалыптасқан: әрбір сабақта ауызша есептеулерге 5 - 7 мин арнайы уақыт бөліп, былайша айтқанда ауызша санау жүргізіледі. Сабақтың осы кезеңі үшін мүғалім материалды оқу-лықтан, сондай-ақ ауызша есептер мен жаттығуларға арналған арнайы жинақтардан таңдап алады. Ауызша жаттығулар сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес келуі және осы сабақта оқылып отырған немесе бүрын өтілген материалды игеруге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты мүгалім сабақтағы ауызша санаудың орнын анықтайды. Егер ауызша жаттығулар бүрын өтілген материалды қайталауға, есептеу дагдыларын қалыптастыруға арналған болып, жаңа материалды окып үйренуге дайындайтын болса, онда оларды жаңа материалды оқып үйренуге дейін өткізген жөн. Егер ауызша жаттығулардың мақсаты осы сабақта оқылғанды пысықтау болса, онда жаңа материалды оқығаннан кейін ғана ауызша санауды жүргізу керек болады. Оны сабақтың соңында жүргізуге болмайды, себебі ол кезде балалар әбден шаршайды, ал ауызша санау үлкен зейін қоюды, есті, ойлауды қажет етеді. Жаттығулардың саны балалар тым шаршамайтындай, сабақтың оған бөлінген уақытынан артып кетпейтіндей болуы тиіс.
Ауызша саналуға арналған тапсырмаларды оқушыларға ұсынғанда, олар ол тапсырмаларды не көру арқылы, не есту арқылы немесе әрі көру арқылы, әрі есту арқылы қабылдайтындай болуы ескеріледі.
Бірінші жағдайда жаттығулар тақтаға жазылады немесе плакат түрінде жабдықталады, таблицаға жазылады. Оқушылар тапсырманы көру арқылы қабылдайды. Тапсырманы тақтаға жазып көрсету есептеуді жеңілдетеді (сандарды есте сақтаудың керегі жоқ).
Кейбір жағдайларда көру арқылы және есту арқылы қабылдауға арналған тапсырмаларды үсынған пайдалы: жаттығуды мұғалім немесе оқушы оқығаннан басқа, ол тақтаға немесе дәптерге жазылады.
Тапсырманы есту арқылы қабылдағанда мұғалім немесе оқушылардың біреуі оны дауыстап оқиды, ал барлық қалған оқушылар оны тыңдайды. Мұнда адамның есіне (жадына) салмақ көп түседі, сондықтан оқушылар тез шаршап қалады. Алайда мұндай жаттығулар өте пайдалы: олар есту есін дамытады. Тапсырманың үш түрін кезектестіріп тұру ұсынылады.
Өздеріне ұсынылған тапсырманы орындағаннан кейін, балалар қол көтеріп мұғалімнің нүсқауы бойынша бірнеше оқушы жауабын ауызша айтып береді. Балаларға жауапты кеспе цифрлардың көмегімен немесе тақталарда көрсетуді ұсынуға болады, бұл жұмысқа оқушылардың барлығын қатыстыруға көмегін тигізеді, сонымен қатар мұғалім балалардың тапсырманы қалай орындағандығын бірден көреді. Егер оқушы қателессе, онда оған есептеуді дауыстап жүргізу ұсынылады.
Ауызша жаттығуларды орындағанда балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне толық мүмкіндік беру үшін кейде тапсырма варианттар бойынша беріледі. Оқушылар жауаптарын дәптерлеріне жазады, содан кейін есептеудің дұрыстығын тексереді, қателерін анықтайды және түзетеді.
Бастауыш кластарда көптеген ауызша жаттығуларды ойын түрінде өткізу ұсынылады. Тапсырмалардың мұндай формасы балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырады. Математикалық ойындардың ішіндегі неғұрлым көп тарағандарын қарастырып көрелік.
«Үндемес» ойыны. Ойын үшін қандай да бір геометриялық фигура алынады, ол фигураның центріне және контурына айналдыра сандар жазылады. Центрге жазылған санның жанына арифметикалық, амалдардың бірінің таңбасы қойылады. Центрге жазылған сан ғана тұрақты болып табылады. Ойын былай өткізіледі: мүғалім көрсеткішпен тақтада контурды айналдыра жазылған сандардың бірін көрсетеді, ал балалар центрде жазылған осы санмен көрсетілген амалды орындайды. Тақтаға шақырылған оқушы нәтижесін жазады. Қалған оқушылар егер қате жіберілген болса, қолдарын көтеріп белгі береді. Барлық жұмыс үн-түнсіз жүргізіледі. Ойынды өзгертуге де болады: мұғалім санды көрсетеді, ал балалар үндемей кеспе цифрлардан нәтижесін көрсетеді. Балаларды түрлі түсті етіп жабдықталған «Ең жақсы капитан немесе космонавт кім» деген түрдегі «үндемес» ойыны қатты қызықтырады.
Дөңгелек мысалдар
32:4
36-9
24:8
3-12
8+16
27 + 5
Бүл дөңгелек мысалдар. Оларды былай құрастырады: бірінші мысал еркін алынады (32:4), осы мысалдың нәтижесі келесі мысалдың (8+16) компоненті болуы керек, ал бұл мысалдын нәтижесі келесі мысалдың (24:8) компоненті болуы керек т.с.с. соңғы мысалдың нәтижесі бірінші мысалдың бірінші компоненті (32) болуы керек. Содан кейін бұл мысалдар кез келген тәртіппен жазылады. Ойын былай жүргізіледі: мысалдар тақтаға немесе плакатқа жазылады; окушылар бірінші мысалды шығарады; аты аталған оқушы нәтижені емес, нәтижеге (8+16) тең саннан басталатын мысалды атайды; балалар осы мысалды шығарады және осы мысалдың нәтижесінен басталатын келесі мысалды 24:8 атайды, бірінші мысалға келіп жеткенше осылай жасайды. Ойлаған мысалдарды табу. Тақтаға мысалдар жазылады. Мұғалім олардың біреуінің (біріншісінен басқасының) жауабын айтады, ал оқушылар мұғалімнің айтқан жауабы бойынша оның ойлаған мысалын табулары керек. Бұл жағдайда оқушылар керекті мысалды табу үшін мысалдардың барлығын немесе барлығына жуығын шығарады. Ойынды өзгертуге болады.
Сиқырлы немесе қызықты квадраттар.
Бұл — 9, 16, 25 клеткадан тұратын квадраттар. Клеткаларда барлық бағытта (жолдар, бағандар және диагональдар бойынша) алғанда да қосындысы бірдей болатындай сандар жазылуы тиіс. Бірінші жағдайда барлық сандар берілген — квадрат толтырылған. Квадрат сиқырлы квадрат бола ма, соны тексеріп көру керек. Екінші жағдайда квадратта барлық сандар берілмеген, бірақ қосындысы көрсетілген квадратты толтыру керек. Үшінші жағдайда сандар да түгел берілмеген және қосынды да берілмеген, осы қосындыны да табу керек және бұдан кейін квадратты толтыру керек.
«Лото» ойыны. Бүл ойынды таблицалық көбейту, сондай-ақ таблицалық қосу туралы білімді пысықтау үшін пайдалануға болады. Оған түрлі таблицаларда кездесетін таблицалық нәтижелер (16, 18, 24, 36) қосылады және оқушылар оны (54, 56) кебіне шатастырып алады, оларды (27, 28, 42, 49, 63, 64, 72, 81) есте сақтау да қиын.
Ойын кезінде әр окушының алдында карточка (9см 15см) мен 1-ден 15-ке дейінгі нөмірі бар фишкалар (2см 2см) жатады. Ойын тез жүргізіледі. Мұғалім таблицалық көбейтуге арналған мысалды атайды, балалар есептеп көреді де карточкадағы сәйкес санның бетін фишкамен жабады.
«Ең жақсы есептегіш», «Баспалдақ», «Лабиринт», «Математикалық эстафета», балалардың ойлаған сандарын табу сияқты басқа да ойындар бар.
Бұлардың барлығы ауызша есептеу дағдыларының дами түсуіне көмектеседі. Ойынды таңдап аларда мүғалім өзіндік мақсат емес, балалардың қызметін жандандыра түсу құралы екендігін басшылыққа алуы тиіс. Мүнда сабақтағы аз уақыт ішінде көптеген операцияларды орындауға мүмкіндік беретін және барлық оқушыларды қамтитын ойын ғана пайда келтіретінін ескеру керек.
Көптеген мұғалімдер есептеу дағдыларып есепке алу үшін математикалық диктанттарды пайдаланады. Ол үшін оқылып кеткен материал бойынша түрліше жаттығулардан 8—10 тапсырма таңдап алынады. Сабақта мұгалім әрбір тапсырманы 1—2 рет айтады, ал барлық оқушылар ауызша есептеуге арналған арнайы дәптерлеріне жауаптарын жазады. Тексеру не сабақ үстінде, немесе сабақтан кейін жүргізіледі де, қателері анықталады.
Математикалық өрнектердің мәндерін табу. Бұл жаттығулардың көптеген варианттары бар. Математикалық санды өрнекті және әріпті өрнекті ұсынуға болады, мұнда әріптерге сан мәндер беріледі де алынған өрнектің сан мәні табылады. Мысалы:
1) 100 бен 9 сандарының айырмасын табыңдар.
2) а =100, с=9 деп алып, а – с, өрнегінің мәнін табыңдар.
Өрнектер түрлі сөздер формасында берілуі мүмкін: 100-ден 9-ды шегеру керек; 100 минус 9; азайғыш 100, азайтқыш 9, айырмасын табу керек; 100 бен 9
сандарының айырмасын табу керек; 100-ді 9-ға кеміту керек т.с.с.
Өрнек бір амалмен орындалуы да және бірден артық амалмен орындалуы да мүмкін. Бірнеше амалға арналған өрнектер бір баспалдақты амалдан немесе әр түрлі баспалдақты амалдан түруы, жақшамен берілуі де, жақшасыз берілуі де және де әр түрлі сөзбен берілетін тұжырымдамасы болуы мүмкін. Мысалы:
90-нан 42 мен 3 сандарының беліндісін шегеру керек; азайғыш 90, ал азайтқыш 42 мен 3 сандарының бөліндісімен өрнектелген.
Өрнектер сандардың түрлі облыстарында берілуі мүмкін, алайда, әдетте, ауызша есептеу әдістері 100 көлеміндегі сандарға амалдар қолдануға келіп саяды. Өрнекті мысал ретінде, таблица түрінде беруге болады, қызықты фигураларды да пайдалануға болады.
Математикалық өрнектерді салыстыру. Бұл жаттығулардың бірқатар варианттары бар. Екі өрнек беріліп, олардың мәндері тең болуы мүмкін бе, жоқ па, ал егер тең болса, олардың қайсысы үлкен немесе кіші екендігін тағайындау қажет болады. Мұнда қатынастың таңбасын таңдап алу не берілген өрнектердің мәндерін тауып, оларды салыстыру негізінде, немесе сәйкес білімді қолдану негізінде орындалуы мүмкін.
Теңдеулерді шешу. Ауызша жаттығулар ретінде түрлі теңдеулер де ұсынылады. Бүл — ең алдымен ( х + 2=10) сияқты қарапайым теңдеулер және (15 х - 9 = 51) түріндегі одан да күрделірек теңдеулер. Теңдеулерді түрлі формада ұсынуға болады:
1) 24 : х = 3 теңдеуін шешіңдер,
2) 40 санын алу үшін қандай саннан 18-ді шегеру керек?
3) Белгісіз санды табыңдар: 73 – х = 73 - 18.
4) Бір сан ойладым, оны 5-ке көбейтіп, 85 санын алдым. Мен қандай сан ойладым?
Ауызша жұмыс үшін жай есептер де, құрама есептер де ұсынылады.
Әдебиеттер:
1. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
2. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Жигалкина Т.К.. Игровые и занимательные задания по математике для 1 класса четырехлетней начальной школы: Пособие для учителя. - М.: Просвещение, 1986.
5. Средства обучения математике в начальной школе. Составитель: М.И. Моро, А.М. Пышкало. – М.: «Просвещение», 1981г.
6. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация самостоятельной работы студентов по теме «Нумерация чисел первого десятка». – Семей, 2009.
13 - тақырып
«Ұзындық және оны өлшеу» ұғымдарын оқып-үйрену барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру
Мақсаты:
- ұзындық өлшем бірліктерінің даму тарихы және "Ұзындық және оның өлшемі" атты тақырыптың мектеп математика курсының жүйесіндегі орны туралы түсінігін қалыптастыру.
- бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу;
- кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу;
- "Ұзындық және оның өлшемі" атты тақырыптың мазмұнындағы негізгі үғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бойынша рефераттар жазу үшін және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктерін қалыптастыру.
Құрал жабдықтар: осы тақырып бойынша әдістемелік және оқулық әдебиеттерінің көрмесі, рефераттар.
СОӨЖ тасырмасы:
1.Ұзындық өлшемінің тарихы мен метрлік өлшем жүйесі жайлы рефераттар қорғау.
2. 1-4 сыныптарға арналған қазірғі және байқау нұсқа оқулықтарындағы осы тақырып бойынша материалдың мазмұнына салыстырмалық талдау жасау.
3. Көпбұрыштың периметрін, сынық сызықтың ұзындығын есептеу және кесіндіні берілген ұзындығы бойынша салуға байланысты есептерді шығару.
Әдістемелік нұсқаулар:
- СОӨЖ-ді тарихқа саяхат ретінде жүргіземіз:
- "Ежелгі тарихтағы ұзындық және оны өлшеу" тақырыбынан бастаймыз;
- Содан кейін "Жаңа тарихтағы ұзындықты өлшеу, метрлік өлшем жүйесімен" танысамыз;
- Оның қазірғісін жаңа буын оқулықтарынан көреміз;
- Ал болашағын 12-жылдық жалпы білім беретін 1-4 сыныптарындағы арналған байқау нұсқа математика оқулықтарының беттерінен көреміз.
Тексеру формасы - рефераттар қорғау.
Әдебиеттер:
1. Математикадан жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы 1-4 сыныптар. Алматы, 2003 г.
2. Акпаева А.Б., Лебедева Л.А., Буравова В.В .Математикадан 12-жылдық білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқу– әдістемелік топтама. – Алматы: «Алматыкітап» 2003-2006.
3. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтары бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. – Алматы: «Атамұра», 2005
4. Оспанов Т.К., Ш.Х. Құрманалина, С.Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Астана, Фолиант, 2010 ж.
5. Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. Бастауыш кластарда математиканы оқыту әдістемесі: М, «Просвещение», 1976 ж.
6. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған оқулықтар. - Алматы, «Атамұра», 2001-2004.
7. Оспанов Т.Қ. және басқалар. Математиканы оқыту әдістемесі. 1-4 сыныптар - Алматы, «Атамұра», 1997-2000.
8. Оспанов Т.Қ. Математика. Алматы, 2000
9. Жолымбаев О. М., Берікханова Г.Е. Математика. Алматы-2004
10. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.
Қосымша әдебиеттер:
1. Глейзер Г.И. Мектептегі математика тарихы. Алматы, «Мектеп», 1985
2. Собалақов А.// Математика тарихынан. Алматы, 1966 ж
14 - тақырып
«Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа» тақырыбы бойынша математикалық топсеруен ұйымдастыру
Мақсаты:
Регионалдық компоненттерді ұзындық және оның өлшемін оқыту, сонымен қатар мәтінді есептер құрастыру мен оларды шешу барысында пайдалана білу;
Бастауыш мектепте «Ұзындық және оның өлшемі» тақырыбы бойынша математикалық топсеруенді ұйымдастыру ерекшелігі мен оған қойылатын талаптарды білу;
Математикалық топсеруенді жоспарлау, өткізу және талдаумен байланысты дидактикалық біліктілігіне иелену.
Сабақтың көрнекілігі:
«Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа» тақырыбы бойынша математикалық топсеруенге арналған тапсырмалар
СОӨЖ-ге арналған тапсырмалар:
1. «Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа» тақырыбы бойынша математикалық топсеруенге арналған тапсырмалар дайындау.
2. «Біздің қаламыздың тарихи беттері» тақырыбы бойынша хабарламалар дайындау.
Әдістемелік нұсқау:
-СОӨЖ-ді топсеруен түрінде өткіземіз және бастауыш метептегі математика сабағында қалаға топсеруен жасаған сәттерде жиналған жергілікті материалдарды пайдалану жолдарын қарастырамыз.
Тексеру формасы - математикалық топсеруенге арналған тапсырмалардың презентациясы.
Әдебиеттер:
1. Есенжолов Е.К., Абдуалиева К.К. Организация и проведение самостоятельной работы студентов по дисциплине «Теория и технология обучения математике в начальной школе». Семипалатинск, 2007г.
2. Петров В.А. Преподавание математики в сельской школе: Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1986.
3. Серия. История городов Казахстана: Семипалатинск. Алма-Ата. Наука. 1984г.
ред. кол. В.Я. Басин и др.
15 - тақырып
Фигураның ауданы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру барысында оқушылардың іс -әрекетін ұйымдастыру
Мақсаты:
- «Фигураның ауданы және оны өлшеу» тақырыбының сабақтастығы және оның мектеп математика курс жүйесіндегі орны туралы түсінік қалыптастыры;
- бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика оқулықтарында бағдар жасай алу және ондағы қамтылатын тапсырмаларды қолдана білу;
- кіші жасындағы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты оқылып отырған тақырыптың сұрақтарын түсіндіру барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдануды білу;
- «Фигураның ауданы және оны өлшеу» тақырыбының мазмұнындағы негізгі үғымдарын, сонымен қатар осы материалды бастауыш сыныптардың қазірғі және байқау нұсқа математика бағдарламасы мен оқулықтары бойынша оқыту ерекшіліктерін білу;
-тақырып бойынша сабақ үзіндісін жоспарлау, өткізу және талдауға байланысты дидактикалық іскерлікті қалыптастыру;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы пәні бойынша рефераттар жазу үшін және өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізе білумен байланысты біліктерін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |