ПОӘК 042-14 04. 01. 20. 61/03-2012 30. 09. 2009 ж. №2 басылым орнына



бет4/7
Дата10.09.2017
өлшемі1,13 Mb.
#31989
1   2   3   4   5   6   7

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілердің экологиялық топтары туралы не білесіз?

  2. Жербеті, жерасты, су, орманда мекендейтін, ұшатын аңдарды атап, сипаттаңыз.

  3. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?

  4. Сүтқоректілер көбеюге қалай дайындалады?

  5. Төлдеу және ұрықтың өсуі қалай өтеді?

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.

10 дәріс тақырыбы – Орман тіршілігіндегі сүтқоректілердің практикалық маңызы.



Жалпы сұрақтары: Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері. Санитар-аңдар және ауру таратушылар. Орманның табиғи сауығуына, зиянды омыртқасыз, омыртқалы жануарларды жоятын, ағаштар мен бұталар тұқымдарын тарататын аңдар әсер етеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Сүтқоректілер адам өміріне тигізер рөлі аса зор және әртүрлі. Оны тіпті қайта бағалау мүмкін емес. Олардың көбі, әсіресе үй жануарларының, шаруашылықта аса зор маңызы бар. Өйткені, олар адамға азық-түлік және өндіріске қажет шикізат көзі болып келеді. Көптеген түрлерінің айтарлықтай кәсіпшілік маңызы бар. Мысалы, олардың 20 түріне жуығы үлпек жүнді аңдар терісінің негізін құрайды. Жануарлар мен адамға 150-ден артық аурулар ортақ болғандықтан, сүтқоректілер паразит тіршілік ететін иесі немесе бірталай инфекция бунақденелілер арқылы берілетін аурулар қозғыштарының табиғи қоймасы болып келетіндіктен, олардың медицинадағы маңызы да аса зор. Сонымен, олар мына табиғи-ошақтық аурулар (кене-клещевой энцефалит-мидың қабынуы, дене қызбасы-лихорадки, құтырық-бешенство, туляремия, қылау-сальмонеллез, бруцеллез, топалаң-қой, шек-шек-ешкі, жамандат-жылқы, қараталақ-ірі қара, ақшелек, қарабез-түйе, түйнеме, күйдіргі-адам-сибирская язва, басқалар), табиғи-ошақтық құрт аурулары, тоғышар тудыратын аурулар-гельминтоздар (сорғыш жалпақ құрттар қоздыратын-клонорхоз, ішек, көлденең жолақты бұлшық етті зақымдайтын-трихенеллез, таспа құрттар қоздыратын-эхинококкоз, басқалар). Олардан басқа, улы буынаяқтылар, қан соратын жәндіктер, кенелер жатады. Оларға, улы балықтар (белсенді-улы: акула, тұтасқанат-скат, балықтар-жылан-змейка, теңіз алабұға-окунь, скорпена немесе теңіз таутан-ерш; енжарлы-пассивно-улы: қарабалық, шармай-маринка, көкбас балық-осман, қаяз, сүген-усач), улы қос мекенділер-амфибии (кесіртке тәрізді-саламандры, құрбақа-жабы, шұбар бақа-жерлянки, тарбақа-чесночницы), улы жыландар (сахалин сұр жыланы-гадюка, бозша жылан-щитомордники, тигр су жыланы-уж). Улану мен шағуда көрсетілетін алғашқы көмек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы қандай?

  2. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері туралы не білесіз?

  3. Санитар-аңдар мен ауру таратушыларды атап, сипаттаңыз.

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.

11 дәріс тақырыбы–Орман сүтқоректілерін жүйелеу-систематикалық шолуы.



Жалпы сұрақтары: Сүтқоректілер класын жүйелеу. Алғашқы, Нағыз қалталы және қағанақты аңдар. Қағанақты сүтқоректілердің қысқаша сипаттамасы. Қазақстанды мекендейтіндердің айырмашылық белгілері, таралу аймағы-ареал, биологиялық ерекшеліктері, шаруашылық, ғылыми және әсемдік-эстетика маңызы.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Сүтқоректілер (жерүсті) немесе аңдар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жинақы класс. Жердің мезозой заманындағы геологиялық тарихының үш дәуірінің алғашқысы-триас соңында аң тәрізді жорғалаушылардан жекеленді. Дене температурасы тұрақты, оларға іштей ұрықтану және ұрығы жатырда дамуы, анамен ұрпақтың қағанақ арқылы байланысы, тірідей туу, ұрағын ана сүтімен қоректендірі, денесі түкпен жабылуы тән. Организм дегеніміз–ашық өзін - өзі реттейтін жүйе, ол өзіне қажет әлді азық қорытылуынан, Күннен таралған қуатты-энергия пайдаланудан алады. Қуат пен затты үздіксіз сіңіріп, тіршілік тәртіпке келу, келмеу, зор молекулалық кесел келтіру, келтірмеу арасында тепе-теңдікке ұмтылмайды. Қайта, тірі организмге, оның құрылысы мен қызметі сияқты, әрі қуатқа айналып, пайдалануда тәртіпке келу тән. Сонымен, ішкі тәртіпке келуді сақтау ғана емес, ерікті қуатты күн сәулесінен немесе азықтан алып, тірі организм ортаға балама-эквивалент қуат санын қайтарады. Бірақ, оның пайдалы түрі-форма аз, негізінде жылу түрінде бөлініп, одан соң ыдырап, Ғаламға кетеді. ҚР мекендеген омыртқалылар 6 класқа бөлінген, оның түрлер саны: дөңгелекауыздылар-2, балықтар-103, қосмекенділер-9, бауырымен жорғалаушылар-12, құстар-400, сүтқоректілер-70. Осылардың әр түріне қысқаша сипаттама: биологиясы мен экологиясының ерекшеліктері, таралу аймағы, мекендейтін орны, сыртқы түрі, саны, тұрғындар үшінгі маңызын беру қажет. Амфибиялар немесе қосмекенділер жер тарихындағы көне палеозой кезеңінде су және жерүсті омыртқалылардың аралық тобы ретінде пайда болды. Олар жерде тіршілік етіп, суда көбейеді. Барлығы 4000 түрден артық, 2: құйрықсыз және құйрықты қатарлары-отряд бар. Құйрықтылардың денесі ұзынша, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа болады. Қазақстанда құйрықтының бір бұрыштістілер-Углозубы тұқымдаспен, 2: уссури құйрықты бақа-тритон, сібір бұрыштістілері түрлерден тұрады. Құйрықсыздардың қаңқасы қысқа, басы қозғалмайды, құйрығы тек балаңқұртта-личинка болады, артқы аяқтары (секіруге) алдыңғыларынан ұзын келеді. Бауырымен жорғалаушылар-рептилии (қолтыраун-крокодил, тасбақа-черепаха, кесерткі-ящерица, жылан) палеозойдың тас дәуірінде пайда болды. Олар суда, жерде мекендейді, жұмыртқа салады немесе тірі туатындар, 8000 түрлері бар. Адамның табиғатында, тіршілігінде жерүсті жануарлары өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе, ет, жүн, емдік заттар, басқа азық, шикізат беретін кәсіпшілік жануарлар, сүтқоректілер, құстар, басқалар. Адамдар жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, әсемдік-эстетика, тәрбиелік мақсаттарда пайдаланады. Жануарлардың жанама маңызы да аз емес. Көптеген майлы, дәнді, емдік, басқа өсімдіктер жәндіктермен тозаңданады. Жануарлар топырақ түзілу процесіне, өлі органикаларды санитарлық тазалауға, түскен жапырақтарды, шөп төсеніштерін, өлген ағаштарды өңдеуге белсенді қатысады. Олар үзіліссіз топырақты қопсытады, ауаның келуін жақсартады, оның құнарлылығын арттырады. Сүтқоректілердің арасында ұшатын, қалықтап ұшатын, секіретін, ағашта өрмелейтін, жерде жылдам жылжитын, топырақты қазатын, суда малтыйтын түрлері кездеседі. Жерде олардың барлығы 4000 жуық түрлері бар. Қазақстанда жерүсті сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді. Олар 7 отрядқа: жәндіктәрізді-4, жарғанат-26-27, қоянтәрізді-2, кеміргіш-15, жыртқыш-5, жұптұяқты-4 және дақтұяқтыларға-1 біріккен. Қатар-отряд, тұқымдас-семейство, туыс-род және түрлердің-вид: көлемі, тіс формуласы, тіршілік қалпы, мекендеу тығыздығы, мекендеу орны, шаруашылықтағы маңызы, түр және дарақтарының-популяция ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беру қажет. Адамдар мен жабайы жануарлардың өзара қарым-қатынасындағы қауіпсіздік негіздері. ҚР улы жануарлар. Жануарлардың қауіпті мінез-құлқы. Шабуылдың алдын алу. Одан қорғану тәсілдері. Жабайы жануарларды үркіту әдістері. Үй жануарларын ұстау ұсынымдары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілер класын қалай жүйелейді?

  2. Қағанақты сүтқоректілердің қысқаша сипаттамасын беріңіз.

  3. Қазақстанды мекендейтіндердің айырмашылық белгілері, таралу аймағы-ареал, биологиялық ерекшеліктері, шаруашылық, ғылыми және әсемдік-эстетика маңызы.

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.

12 дәріс тақырыбы–Аңшылықтану.



Жалпы сұрақтары: Орман, аң аулау шаруашылықтарының өзара іс-қимыл жасауы. Қазақстанның аң аулауға пайдаланатын жер-суы. Аң аулауға пайдаланатын жер-су дамуы, жіктелуі-типология, бағалануы-бонитировка. Ұтымды-оптимальный тығыздығын, ауланатын жануарлардың әр түрлерінің аулауға пайдаланатын жер-суға сыйымдылығын есептеу. Аңшылық мақұлықатының басты түрлерін есептеу әдістері. Пайдалану қалпын есептеу.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Адамдардың шаруашылыққа пайдаланатын жер-суына: жер, орман, су т.б. жер бөліктері жатады да, онда мақұлықаттар мекендейді. Оларды аң аулауда, аң аулау шаруашылығын жүргізуде қолданады. Ондағы еркін жүрген жабайы аңдар мен құстар, кімнің аумағына жатпасын, аңшылық қорын құрады да, мемлекеттік меншік болып келеді. Пайдаланатын жер-су, шаруашылық жүргізу бағыттары табиғатқа, экономика жағдайларына байланысты болып, бірнеше түрге бөлінеді: мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық ұйымдарға, ғылыми мекемелердің пайдалануына бекітілген жер-су; аң аулау ережелерімен барлық тұрғындарға аң аулауына рұқсат етілген жалпы пайдаланылатын жер-су; аң аулауға жабық пайдаланылатын жер-су (қорық, қорықша, қала, өндіріс орталықтарының айналасындағы жасыл аймақтар). Шаруашылықтар өндіріс типтері: балық аулайтын, аң аулайтын, теңіз аң ату кәсіпшілігі, аралас (балық – аң аулайтын, балық – аң ату кәсіпшілігі) деп бөлінеді. Орман және аң аулау шаруашылықтары кешені ұйымдастыру-әкімшілік, өндіріс процессін қамтитын, шаруашылық жүргізу мәнін ескеруі қажет. Сондықтан бір, көп түрлі іс-шаралар белгілейді. Біртүрліде, тек орман немесе аң аулау шаруашылығы мақсаттарын шешу іске асырылады. Көптүрліде, екпе ағаштар аса құнды болмай, аң аулау бағыты өте пайдалы болғандықтан қолданылады. Қазақстанда аң аулау шаруашылығы қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Этникалық кезең-көне уақыттан екінші мыңжылдықтың ортасына дейін. Әлсіреу (17-19 ғасыр), өту (1917-1924), кооператив-колхоз (1925-1936, 1937-1957), кәсіпшаруашылық-промхоз (1958-1991), қазіргі әлеуметтік-социально-реформаторлық кезеңдер. Орманның аңшылыққа пайдаланылатын жер-суын түгендеу негізіне орман өсіруді жоспарлау материалдары: 1) таксация мәліметтері (орманды есепке алып, материалдық тұрғыдан бағалау; ағашқорын немесе пішен түсімінің шамасын анықтау) алынады; одан жоспарлаушы орманның әр жерінде азықтың, қорғаныш құралдары мәліметін толық ала алады, 2) ағаш егу жоспары жатады. Пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы орман өсіруді жоспарлауда белгіленген разрядындағы таксация бөлігінің ең аз аумағынан 3 есе көп болуы мүмкін. Сондықтан пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз аумағы орман өсіруді жоспарлаудың I разряды бойынша орманды учаскесі 3 га, ал кеспе ағаш, күйік және құла дала үшін 1,5 га. Осы көрсеткіштер II разрядта 9 га, III – 30 га, IV – 80 га және V - 160 га болу керек. Пайдаланатын жер-судың типологиясы орман өсіруді жоспарлау жұмысы практикасында кең қолданылады. Аң аулау құрылысының негіздері, аң аулауға пайдаланатын жер-суды жіктеу. Аңшылыққа пайдаланатын жер-судың жеке типіне әдетте В.Н. Сукачев жіктеуі бойынша орман типінің тобы алынады. Қарағай, шырша, жапырақты сүректер орман аумағында жеке типтері топтарына бірігіп, мына өсіп жетілу жағдайларына, әрі пайдаланатын жер-су типтерінде байқалады: 1. жазық және жер бедері оры орны – шұңқыр, шалшықтанған топырақтың айқын белгілері бар нашар кәрізді (дренаж) аңғар. Сүрекдіңінің (древостой) өнімділігі төменгі класста (IV және төмен), орман тобы (сфагновых) типке жатады. Пайдаланатын жер-су типі – шалшықтанған орман (аз азықтық тән-сирек тұқымды жылдарда кейбір ағаштардың жеміс салуы нашар, сондықтан кемірушілердің қоры аз, қорғаныш жағдайлары нашар болады). 2. Саздауыт топырағы ауыр жайпақ баурай. Жеткіліксіз кәріз жағдайында сүрекдіңі IV, өте сиректе, орман өнімділігі III класс болып келеді. Мүк жабыны жақсы дамыған, онда көкек зығыры айқын байқалады. Бұл – орманның түрі (долгомошниковых) тобы. Пайдаланатын жер-су типі – тышқанды орман. Азық саны және қорғаныш жағынан бұл түр біріншіден айтарлықтай артық. 3. Жер бедері азды немесе көпті айқынды орын. Оның кәрізі жеткілікті, топырағы бай болады. Орман өнімділігінде сүрекдіңі жоғары класста (III және жоғары) көктерек пен қайың қоспалары байқалады. Жабынында жасыл мүктер мен жидектер көп. Пайдаланатын жер-су типі – ағаш діңі биік орман. 4. Орман өзені, бұлағы, сайы жайылмасы. Орман өнімділігінде сүрекдіңі III класста, одан жоғары да, жақсы дамыған шағын тоғайы, шөп жабыны болады. Орман типі батпақшөпті. Пайдаланатын жер-су типі – жайылмалы орман. Азық, қорғаныш жағдайлары оптимумге жақын. 5. Топырағы бай кәрізі жақсы. Орман өнімділігінде сүрекдіңі күрделі (2 саты және көпте) I- II класста. Шағын тоғайы жақсы дамыған. Орман типі күрделі топқа жатады. Пайдаланатын жер-су типі – күрделі орман. Экологиялық жағдайы азық саны бойынша ұтымды, ал қорғаныш қасиеті оптимумге жақын. 6. Төбе шыңы топырағы құрғақ құмды және кедей. Орман өнімділігінде сүрекдіңі төменгі класста (IV-V) және толықтылығы аз. Орман типі қына тобына жатады. Пайдаланатын жер-су типі – құрғақ немесе қыналы орман. Экология жағдайы (азық, қорғаныш, ұя салу) оптимумнан қалшақ. Мұндай жерде жануарлардың мекендеуі әдетте анда-санда кездеседі. 7. Таудың орташа, тік баурайы, топырағы тасты. Орман өнімділігінде сүрекдіңі III - IV, жартылай V класста. Пайдаланатын жер-су типі – тасты орман. Бұл жерде экологиялық жағдай күрт құбылып тұрады. Олар жалпы орташадан жоғары болады. Пайдаланатын жер-суды жіктегенде алдымен орман бірігуін анықтайды, екіншіден - өсіп жетілу жағдайы (тышқанды шыршалы, қыналы орман). Орманның бірігуі – ол белгі, оған орай, пайдаланатын жер-су типі аса ірі таксон өлшеміне бірігеді. Мысалы, пайдаланатын жер-су кластарына – балқарағай, шыршалы, майқарағай, қарағай, қайың жатады. Пайдаланатын жер-су кластары категорияларға бірігеді, олар жоғарғы таксон бірлігі болып келеді. Барлық орманның пайдаланатын жер-суы бір категорияға енеді. Бірақ оны екі категория тармақтарына бөлуге болады. Біріншісі - орман (851 млн га) және бұталар (76 млн га). Тоғандар мен батпақтар жеке пайдаланатын су-батпақ категориясына бөлінген. Оның жалпы аумағы 11,3% құрады. Оларда шартты екі тармаққа – тоғандар және батпақтар болып бөлінеді. Үшінші категорияға ашық кеңістіктегі пайдаланатын жер-су жатады. Онда мына тармақтар айқындалған – тундра, шабындық, дала, шөл және ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлер. Студент біліп, жұмыс істей алуы үшін тұрақты жыл бойы көп жылдық үзіліссіз бақылау және есеп санын жүргізе білуі қажет. Тек, сонда ғана, маусым, жылдық түрлі экологиялық жағдайға сай, табиғат құбылысы әртүрлілігін, әсерін айқындайды. Аң аулау шаруашылығында пайдаланатын жер-суды бағалау. Оның мақсаты – пайдаланатын жер-суды сапа категориясына, оның өнімділігіне (жыл бойы алынған аң терісінің, құс етінің саны), жұмыс өнімділігіне (аңшылық мақұлықатының дұрыс қорын сипаттайды) кеңдігіне (аймақ өлшеміндегі қандайда болмасын құс түрінің мүмкін болу саны) қарап бөлу. Құстарды есептеудің ең тараған тәсілі-дарақтарды дауысынан, көзбен шолып байқау арқылы есептеу. Оны кең емес біртекті орман типтерінде салынған алқаптағы маршрут бойымен жүріп есептейді. Қызықты нәтижені сынама аумақтағы ұяларды мүлде есептеу береді. Соңында, ең қарапайым есептеу әдісі бар. Ол түрлердің кездесуін сипаттайды. Ұсақ аңдарды әдетте қапқанмен, орға, жырашыққа қамап, аулау жолымен есепке алады. Қоян, жыртқыш, тұяқтарды аңдарды көбінесе қыста, қардағы ізі арқылы есептейді. Басқа жол, ол аңдар мен құстардың азығын, олардың өсімдіктерге, басқа жануарларға тигізген әсерін зерттеуде байқалады. Мұндай, «қансыз» әдіске, мысалы, ұядағы балапандардың өңешін қатты қысып буу жатады. Онда қалдық азықтарды жинайды, желінгіштікті есептейді, құстардың, жыртқыш аңдардың қорытылмаған қоректі лоқсығанда шығатан қоспа зат-былықпа-погадок құрамын талдайды. Экология мен жануарлар мінез-құлқын әр жақтан зерттегенде қызықты нәтижені жақсы жасырылған торуылдан-засада жете бақылау, дүркін-дүркін қайталап өлшеу-хронометраж, ін, ұя, қорек орнына келгендегі есептеу береді. Олармен қатар, түрлі өздігінен жазатын актографы-самописцы және автоматикалық аппарат, радиобелсенді изотоп, радиотаратқыш қолданылады. Олар жануарлардың індегі, қуыстағы, түнгі тәуліктегі тіршілігі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Құстардың маусымдық қоныс аударуын, тіршілік ұзақтылығын, ұя салудағы кертартпалығын зерттеуде сақиналаудың маңызы жалпыға белгілі. ҚР жабайы жануарлардың мекендеуі (орнығуы), жіктелуі, есептеу әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына орай, мына: көптеген, әдеттегі, өте аз, сирек кездесетін, бірен-саран дәрежелерге бөлінеді. Жабайы жануарлардың мекендеу (орнығу) тығыздығы белгілі бір аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын әр түрінің дарақ (жануарлар) санымен анықталады. Түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1 кв.км. алады. Есептеу әдістеріне: далалық, өңделетін, құрастырылғандар жатады. Далалық-табылған есеп бойынша: көзбен шолып байқау (жерде, авиаесеп), іздегі іс-әрекеті бойынша (қардағы іздер, сыртқа шыққан нәжістер, паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне, ит көмегімен, олжа бойынша жүргізеді. Есептеу белгілері: есепке алынған территория бойынша, есептеу зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын пайдалану, есепті өткізу сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз мөлшерімен, сарапшылар), таңдап есептеу мәліметінің тәсілі, жануарлардың табылуы тәсілі. Нәтиже сипаты бойынша: салыстырмалы есеп, абсолютті есептер (жаппай, іріктеп-таспа тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі. Маусымдық бойынша: қысқы есептеу (маршрут, сыналатын алаңда, үстеп қоректендіру алаңда), жазғытұрғы (тұяқтыларды сыртқа шыққан нәжістерінің саны бойынша, су айналасындағы аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы мен әнін есептеу, суда жүзетін құстарды есептеу), жазғы-күздік (балапандары бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан, үзбара өкіру есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі есеп. ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар мен құстар түрлері әртүрлі (түрлері-22, тұяқтылар-7, құстар түрлері 70 жуық). Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат, ақкіс, еноттәрізді ит, ақ қоян, сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр, құну, сілеусін, қасқыр, қара түлкі, басқа түрлер). Тұяқты аңдар (бұлан, үзбара, доңыз, елік, сібір бұғысы, құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары (шіл, ақ және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала немесе шалғынды (қырғауыл, бөдене), батпақты (тауқұдырет), суда жүзетін құстар (қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек, қасқалдақ және басқалар).

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Орман және аң аулау шаруашылықтары өзара қандай іс-қимылдар жасайды?

  2. Қазақстанның аң аулауға пайдаланатын жер-суларын атаңыз.

  3. Аң аулауға пайдаланатын жер-судың дамуы, жіктелуі, бағалануы дегеніміз не?

  4. Ұтымды тығыздығын және ауланатын жануарлардың әр түрлерінің аулауға пайдаланатын жер-суға сыйымдылығын есептеу қалай жүреді?

  5. Аңшылық мақұлықатының басты түрлерін есептеу әдістерін және пайдалану қалпын есептеуді түсіндіріңіз.

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.

13 дәріс тақырыбы–Биотехниялық іс-шаралар, олардың биологиялық негізі.



Жалпы сұрақтары: Пайдаланатын жер-су сапасын жақсарту, ауланатын жануарлардың тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың сан және сапа құрамын көбейту, ауланатын жануарларды қорғау іс-шаралары. Жыртқыштарды сұрыптау үшін ату және санын реттеу. Жабайы құстарды өсіру. Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының іс-шаралары.

Дәрістің қысқаша жазбасы. Орманда ауланатын аңдар мен құстар қорын тиімді пайдалануда аңшылық шаруашылықты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Ол үшін ұйымдарға, ұжымға, жеке аңшыларға белгілі пайдаланатын жер-суды, орман алабын бекітіп береді. Бұл аң аулауда пайдаланатын жер-суды қолданудағы иесіздікті жойып қана қоймай, жергілікті мақұлықат және жануарлар тұрақтары жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға дұрыс мүмкіншілік туғызады. Бұл табиғи жағдайда пайдалы жануарлар санын көбейтіп, олардың өнімділік қасиетін жақсартып, қорғау іс-шаралар кешенін әзірлеу жұмыстарын биотехниялық деп атайды. Олар, әсіресе жануарлар тіршілігіндегі ең қиын кезеңіне қажет. Бірақ, қандайда болмасын жұмыстарды жоспарлаумен бірге, тек экологиялық маңызын ғана емес, әрі текника көмегімен іске асыруды және экономикалық тиімділігінде есте сақтаған жөн. Бұдан басқа, барылдауық үйрекке ұя құруда, көкала үйрекке, мандаринки, үлкен бейнеарық үйрекке, луткаға қуыс және қырғауылға қорғаныш бұта құрған өте маңызды. Орман, аң аулау шаруашылықтарының территориясында кезбе иттер, мысықтар, әрі аулауға рұқсаты жоқ адамдармен жүйелі күрес жүргізу басты міндеттің бірі. Жануарлар тіршілігіне қажет арнайы биотехниялық іс-шаралар. Ол жабайы жануарлардың тұрақтағы санын реттеу, қорғау, қайта қалпына келтіруге бағытталған арнайы шаруашылық шаралардың кешені. Мекен ететін жер жағдайын жақсарту: жанып кетуінен сақтау, биотехниялық кесу, пайдаланатын жер-су кеңдігін көбейту, азықтық және қорғаныштарды себу және отырғызу, кейбір пайдаланатын жер-суды тыңайтқыштау, жасанды тоғандар жасау, бөгеттерден өту үшін жасанды өткел орнату, жасанды ұя және баспана орнату, орманда сирек және кәсіпшілік жануарлар түрлері мекендеу үшін ерекше қорғаныш үлескі бөлу. Шығыс Қазахстан облысындағы жабайы жануарлар мен құстар санының дамуы (динамикасы, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық орман және аң аулау шаруашылықтарының басқармасы мәліметінен).

Түрлері

Жылдық сандары (данасы)

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Ақтиін -Белка

15000

9550

4406

18350

36100

34701

Қасқыр-Волк

7300

4500

3800

3010

3010

2500

Кәмшәт-Выдра

140

140

140

80

390

255

Ақкіс-Горностай

3000

2400

2561

3000

2360

2781

Қоян-Зайцы

24000

17000

15575

38900

34890

43496

Қарсақ-Корсак

12000

7500

7430

4550

2910

5628

Сарыкүзен-Колонок

2000

1300

1198

3200

3650

998

Түлкі-Лисица

12000

8600

6400

14570

9580

14837

Су күзені-Норка

1400

1100

887

2855

5580

5580

Құну-Росомаха

60

60

50

60

133

154

Сілеусін-Рысь

300

200

180

660

380

391

СарғышкүзенСолонгой

4000

3000

2829

9500

8110

7872

Бұлғын-Соболь

3600

2728

1864

3750

4960

3371

Сасық күзен – Степной хорек

6400

5000

4472

7900

4260

14737

Бұлан-Лось

1250

1080

933

1012

2531

1484

Марал

2300

1930

1416

2464

1716

2391

Қабан-Кабан

900

650

619

1364

300

1005

Құдыр-Кабарга

360

260

180

320

475

660

Елік-Косуля

8200

7190

5366

8569

6060

10862

Сібіртаутекесі-Сибирск ий горный козел

820

450

80

1610

988

810

Аю-Медведь

1200

1000

760

1320

1068

1124

Борсық-Барсук

1000

1200

1300

1990

1760

3944

Құндыз-Бобр

50

70

100

100

50

80

Суыр-Сурок

106800

90000

96000

128200

90900

142190

Ондатр-Ондатра

36000

26000

27000

29500

19400

35270

Қаздар-Гуси

28000

24300

22000

143000

46000

85675

Үйректер-Утки

358000

492100

260000

3499000

1383400

2877560

Құр-Тетерев

57400

73400

68000

181560

172200

171700

Голуби,түркептер -горлицы

45000

72000

72000

127000

63500

127000

Кекілік-Кеклик

19500

20000

10000

9600

12500

-

Сұр құр-Рябчик

60000

35200

32000

22600

55800

36500

Сұр шіл-Куропатка серая

43400

52800

48000

48900

154100

86970

Саңырау құр-Глухарь

3000

4500

3800

2760

6300

2035

Қырғаул-Фазан

500

400

400

1000

2300

1600


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет