ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 01. 03-2010 №1 басылым 02. 09. 2008 орнына



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,86 Mb.
#935
  1   2   3   4

ПОӘК 042-14.05.01.20.01.03-2010

№1 басылым 02.09.2008 орнына

_______________ №2 басылым

беттің - шісі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



4 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.01. 03-2013


Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

« Жалпы психология -І»

№1 басылым _______________



«ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ -І» ПӘНІ БОЙЫНША

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(5В050300 «Психология» мамандықтарына )


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ





Семей

2013






Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

  4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

  5. Студенттің өздік жұмысы

  6. Тест сұрақтары


1 ГЛОССАРИЙ


  1. Абстракция – заттар немесе құбылыстарды зерттеу мақсатындағы оның белгілі бір белгілері мен қасиеттерін ойша бөліп алу.

  2. Психология – психиканың даму заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, ғылыми теориялық ұғымдардың қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

  3. Психика – тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі ағза мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі.

  4. Адаптация – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі.

  5. Анимизм – жан мен рухтың ауыспалылығы және олардың объективті тірлігі туралы ежелгі ілім.

  6. Ассоциация – психикалық құбылыстардың өзара байланысы.

  7. Аутагенді жаттығулар – адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы жаттығулардың комплексі.

  8. Сана – психиканың жоғары деңгейде дамуы.

  9. Бейсана (астар сана) – адамның психологиялық қасиет, процесс және кейіпінің санадан тыс көрнісі.

  10. Методологиялық принцип – детерминизм принципі, сана бірлігі мен әрекеттің дамуы.

  11. Жеке тұлға - әрекеттің субъекті мен объектісі ретінде.

  12. Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай және бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

  13. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қаситтерінен туындайтын ерекшелік.

  14. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.

  15. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік ерекшеліктердің жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.

  16. Ассоциация – ол байланыс елестеуі, олардың арасындағы сыртқы механикалық байланыстар.

  17. Экстриоризация - әрекет барысында белгілі бір қиындықтардың туындауы.

  18. Анализатор – тітіркендіргіштерге орай рефлекторлы түрде қайтадан өзгеріп, жасалып отыруы.

  19. Символ – белгі.

  20. Ретикулярлық формация – импульстардың төменнен жоғары ми алаптарына жетіп, олардың жұмысына әсерін тигізе алуы.

  21. Рефлекс – Сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге ағзаның жауап беру реакциясы. Латын тілінен аударғанда “бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

  22. Тест – сынақ. Психологияда адамның дара басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс.

  23. Стимул – қозғаушы, жандандырушы әсер.

  24. Динамикалық стереотип – шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы.

  25. Интериоризация, экстериоризация – сыртқы болмыс әрекеттерінің ішкі идеалық факторларға, ал адамның ішкі ақыл-ой әрекетінің сыртқы іс-әрекеттерге айналуы.

  26. Дедукция – жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

  27. Индукция – жекеден жалпыға қарай дамитын логиклық ой қорытындысы.

  28. Аналогия – жекеден жекеге қарай дамитын продуктивті ой қорытындысы.

  29. Инстинкт – ағзада туа берілетін шартсыз рефлекстер негізінде сыртқы және ішкі жағдайлардың өзгеруіне үйретусіз-ақ бейімделіп тіршілік ету құлқы.

  30. Перцептивті әсер – қабылдау поцесіне қатысты әсерлену түрлері.

  31. Иллюзия – латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар бір-біріне сәйкес келмей, бұрмаланады.

  32. Галлюцинация – қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған теріс, бұрмаланған бейнелердің тууы.

  33. Апперцепция – латын сөзі, қазақша “жан толқуы”.Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі.

  34. Генетикалық әдіс – генетика – шығу тегі “төркін” дегенді білдіреді. Бұл- психскалық құбылыстар мен процестердің шығуы мен пайда болуын және дамуын зерттейтін әдіс.

  35. Интероверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері.

  36. Экстраверт – Адамдардың ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыруы.


2.1 І-МОДУЛЬ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ
1-тақырып. Психология пәніне кіріспе.

  1. Психология – ғылым ретінде.

  2. Психологиялық білімнің маңызы.

  3. Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.

Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға тырысқандықтарын байқауға болады.

Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады.

Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.

“Психология”термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, “психология” атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.

Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.

Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік, мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б..

Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз.

Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан – оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын заңдылықтардың негізінде іздестіреді.

Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады:

психикалық психикалық психикалық

процестер кейіптер қасиеттер




жекелік топтық

ішкі сыртқы

(психикалық) (әрекет-қылықтық)
Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер.
2-тақырып. Психиологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.


  1. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

  2. Психолгияның жеке салаларға тарамдалуы.

  3. Қазіргі заман психологиясының міндеттері.

Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психологияның оларадың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болвды. Әр түрлі тарихи дәуірлердегі ғылымдар арасындағы психологияның жаратылыстану білімдерінің даму деңгейі мен классификациялау схемасынан келіп шығады. Қоғамның рухани даму тарихында бірде-бір білім саласы ғылымдар жүйесіндегі өз орнын психология іліміндей жиі өзгертіп көрген емес. Академик Б. М. Кедров ұсынған сарап бойынша мазмұны жағынан психология көп тарапты байланыстарға негізделген. Олар: жаратылыстану, философиялық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар.

Ғылымдардың негізгі тобының мұндай орналасуы олардың пәні мен әдістерінің психология пәні мен әдістеріне нақты жақындығынан.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру.

Психоллогиялық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің объектив жағдайларымен тәуелдік заңдылықтарын аша отырып, психология осы әсерлердің мидағы бейнелеу механизмдерін де айқындайды. Осыған байланысты, психология физиологиямен , дәлірек айтсақ жоғары жүйке қызметі физиологиясымен өте жақын.

Қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Тарих, эконмика, социология, өнертану, заң және т.б. салалардағы зерттелінетін проблемалар психологиямен тікелей байланысты. Психологияның педагогикамен байланысы туралы К.Д.Ушинский: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет”, - деді.

Дербес ғылым саласы ретінде психолгия аймағында өзара байланысы сырт көзге түсе бермейтін бірнеше салалар бар. Егер психологияның алғашында теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтау, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір саласына айналуда.



Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі.

Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.

Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика.

Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы.

Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология

Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді.

Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.

Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді.
3-тақырып. Психологияны зерттеу әдістері.


  1. Психологияның әдіснамалық проблемалары

  2. Психологиялық зерттеу әдістері

  3. Психологиялық зерттеудің көмекші әдістері


1.Психологияның әдіснамалық проблемалары

Психологияның бастапқы әдінамалық проблемасы – бірыңғай ғылыми парадигманың-психологиялық зерттеулердің жалпы негіздемесінің болмауы. Бүгінгі таңда, психолог-ғалымдар психологиялық танымның пәні мен әдісін түсінуде, тым болмаса, салыстырмалы келісушілікке жеткен жоқ. Бұл тенденция, психологияда жаратылыстану және гуманитарлық парадигмаларының жақтаушылары арасындағы ұзаққа созылған конфронтациядан айқын байқалады.

Бұл проблеманы сыншыл ұғу психологиялық ғылымның әдіснамалық дағдырысы туралы елес тудырды. (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев). Бұл көзқарасқа сәйкес, психологияның өзіне тән ерекшелігі, ол пайда болғаннан қайта-қайта қарама-қарсы. Мектептерге, зерттеушілік тәсілдерге, бағыттарға бөлініп, жүйелі әдіснамалық дағдарысты өткеріп жатыр. ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі психолог А.Н.Леонтьев осыған байланысты былай жазған: «Дүниежүзілік психологияның әдіснама дағдарысы (кризис методологии) жағдайында дамып жатқанына бір ғасыр болып қалды».

Өз уақытында жаратылыстану және қоғамдық суреттемелі және түсіндірмелі деп бөлініп, психологиялық білімдер жүйесі жаңа жіктер түзіп жатыр (дает новые трещины), сол жіктерге психология пәнінің өзі жоғалып бара жатқандай.

А.Н.Леонтьев белгілеген жіктелу тенденциясы (тенденция раскола) «әдіснамалық дуализм» деген атқа ие болды және де XIX ғ. Аяғында, психология өзінің пәнін айқындап, оған сай болатын әдіснамасын жетілдіре бастағанда байқалды. Алдымен, барабар әдісті іздеу интроспекционизм мен натурализм шектерінің диапазондарында жүзеге асып отырды. Бірінші тәсіл, психика феномендерінің объективті берілгендерге сәйкес еместігін болжамдайды да жаратылыстануда бекіген ғылымилық (научность) стандарттарына психологияның қарама-қарсы қояды. Екінші, керісінше, психологияның, психиканы объективті түрде зерттейтін ғылым ретінде дамуын қарастырады және тереңдік, көп өлшемдік, адамның «ішкі»дүниесінің мағыналық сарқылмастығы (смысловая неисчерпаемость) туралы психология үшін маңызды түсініктерді күмәнға салада (ставит под сомнение).

Ғылыми қоғамданудың тұрақтануы кезеңінде бұл әдіснамалық дуализм қалыптасып жатқан қоғамдық ғылымдардың көбіне тән. Әрі бірлестіктерді тұтас жүйелер ретінде талдау; әлеуметтік эволюциялардың заңдарын, нақты индивидтердің мінез-құлық мотивациясымен сәкестіріп анықтау қажеттілігі –қоғам танудың зерттеушілік аппаратының екігі бөлінуінің негізгі алғы шарты.

Адамның психикалық болмысында бірыңғай және жалпыға бірдейді ашу мәселесін шешу үшін, бір-біріне сәйкес келмейтін, қарама-қарсы болатын ғылыми әдіснамалардың үйлесуін қажет етті:

Номотетикалық – жүйелі оқиғалардың байланыс принциптерімен жалпыға маңызды, әмбебап заңдарын орнатуға міндетті;

Идеографикалық – ерекше, қайталанбас фактілерді суреттеу үшін қолданылады.

Психологиялық зерттеулерде әртүрлі бағыттардың әдіснамасы олардың дүниетанымдық бағыттылығымен тығыз байланысты. Осылайша, бихевиоризм әдіснамасы мінез-құлықты механистикалық (механистическое) түсіндіруге сүйенеді, ал фрейдизм негізінде иррационализм мен пансексуализм сияқты дүниетанымдық бағдарлаулар (ориентации) байқалады. Осымен байланысты, тағы бір әдіснамалық проблема туындайды – психологияда, ғылыми дүниетанымның ойшылардың психологиялық тұрпатына тәуелділігі. «Психологиялық типтер» деген еңбегінде К.Г.Юнг психологиялық типологиямен сананың өзіне тән бағдарларының ғылыми ойлау спецификасына әсерін атап көрсетті. Юнг бойынша, ойшыл-интроверт көбінесе субъективті аспектілер мен мәліметтерге сүйенеді, ойша құруға бейімді (склонен к умозрительным построениям), ал экстраверт – зерттеуші тек объективті, эксперименталды тексерілген мәліметтерге ғана сене алады. Психологиялық бағдарларымен жеке ерекшеліктері себеп болатын, зерттеушінің теріс түсінігін қалайша өзгертуге болады? «Пигмалион эффектісі» деп аталатын – сыналушылардың мінез-құлқына экспериментатордың сенімдері мен күтулерінің әсерін қалайша жоққа шығаруға болады? Бұл меселені шешу үшін, эксперименттің гипотезалардан, теориялық пікірлерден және экспериментатордың мінез-құлықтың реакциялардан салыстырмалы тәуелсіздігін қамтамасыз ететін қосымша әдістемелік процедуралар жасалды.

Сонымен бірге, психологиялық танымның кез-келген формаларының мәдени- тарихи байланысын атап көрсету керек; осы өзгешелік ескере отырып, психиканың жалпы, әмбебап заңдарын орнату ниеті көптеген салыстырмалы (кросс-мәдени) зерттеулермен бекітулуі керек.


  1. Психологиялық зерттеу әдістері

Психологиялық зерттеуді эмпиризмдік зерттеулердің жалпы сұлбасы арқылы көрсетуге болады; ол мынандай міндетті сатылардан тұрады:

1)дайындық сатысы, проблеманы айқындау және зерттеу гипотезасын ұсынудан тұрады – алдын-ала мәліметтер негізінде жасалған, эмпиризмдік тексеруді талап ететін, кейбір психологиялық заңдылықтар туралы болжамдар; бұл сатыда ең бара-бар әдісті таңдау жүзеге асады;

2) зерттеудің өзі – арнайы таңдалған немесе жасалған әдістемелер көмегімен жүзеге асатын - гипотезаны эмпиризмдік тексеру;

3)эмпиризмдік зерттеу берілгендерін өңдеу – олардың сапалық және сандық анализі;

4)алынған нәтижелерді талдау (интерпритация) – эмпиризмдік мәліметтермен бастапқы гипотезамен ара қатысын белгілеу, осы арқылы гипотезаның шыңдылығы туралы қорытындылар жасауға болады; айқындалған фактілер заңдылықтарды толық ғылыми түсіндіру.

Ғылыми психологияның түрлі зерттеу әдістері бар, олар әртүрлі критерийлер бойынша жіктеледі.

Психологтар Ананьев пен Дружинин ұсынған жіктеулерді бөліп көрсету қажет.

Ананьев бойынша:

1.Ұйымдастырушылдық:

а)салыстырмалы – ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтау мақсатында сыналушылардың жеке топтарын салыстыру;

б)лонгитюдты – зерттелетін қасиеттер динамикасвн анықтау мақсатында бір тұлғаларды көп рет зерттеу.

в) кешенді – құбылыстар арасындағы күрдері байланыстырды айқындау мақсатымен, шектес ғылыдардың өкілдері қатысатын пәнаралық зерттеушілік бағдарламаларды жүзеге асыру.

2. Эмпиризмдік:

а) обсервациялық (байқау және өзін-өзі байқау);

б) эксперименталды (қалыптастырушы, табиғи және дала эксперименті);

в)тпсиходиагностикалық;

г)биографиялық;

д) үлгілеу;

е) әрекет процестерінің және нәтижелерінің анализі.

3.Берілгендердің өңдеу әдістері:

а) сандық (статистикалық) анализі;

б)сапалық анализ.

4.Интерпритациялық:

а) генетикалық;

б)құрылымдық.


В.Н.Дружинин әдістердің і класын ұсынды:

1.теориялық – зерттеушінің зерттеу объектісінің үлгісімен ойша әрекеттесі;

а)дедуктивті –жалпыдан жекеге, абстрактіліден нақтыға өту әдісі (аксиомалық және гипотеза - дедуктивті);

б)индуктивті -жекеден



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет