ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2012 Редакция №1 02. 09. 09. орнына Редакция №



бет5/5
Дата01.07.2018
өлшемі383 Kb.
#45227
1   2   3   4   5

Истерикалық типтер психоанализде кейін жасалды, оның симптомдарымен Фрейд өзі талдады, кейін Райх мына сипаттаманы береді «оның негізгі ерекшелігі ашық сексуалды мінез-құлық, дене жүрісінде соған бейімдейді, одан сексуалдылықтың белгілері анық көрінеді, сөзінен, интонациясынан, көзқарасынан. Мұндай адамдарда мазасыздану, қауіпсіздену сезімдері көп болады, олар бала кездегі қорқыныштармен тікелей байланысты болады.

Фалли (өз жыныстық мүшелеріне қызығу) нарцистік типтер олар компульсивті (қайталағыш, жабысқақ), невроз бен истерияның ортасында болатын типтер компульсивті типтер импульстарды ұстау, өзін қадағалау, депрессия тән болса, истерияларды ашуланшақтық, тірі қиял, шыдамсыздық, лабилділік (икемді) тән болғандықтан фалли нарцис типтер өзіне сенімді, өзін жоғары санайтын, икемді, энергиялы және көрнекті болады. Оларда агрессия көп болады.

Енжар әйел типтегі типтер шамадан тыс жұмсақ, көнгіш, жұмсақ, қу, дауыстар әйелдерге ұқсас, бет келбеттері де жұмсақ, иілгіш болады, агрессия болмайды.



Шизофрениялық типтер осыған дейін «Меннің» дамуындағы бұзылуларды көрдік, невроз адамның болмыспен қатынасының бұзылуы, оны қисайтып көруі, невротиктер болмыспен қатынасты сақтайды, алайда оның талаптарын қабылдамайды, сенімсіздік көрсетеді, күмәншіл болады, агрессия күшті болады, ал шизофрениктер болмыспен байланысты мүлдем үзеді, оларда деперсонализация жүреді, яғни тұлғаның бөлшектенуі (распад), тәнінде өзінікі емес деп сезінеді, кейде ол батыл болады бірақ ол ұзаққа бармайды, агрессиясы күшейеді, өзін қадағалау жойылады.

Бұл типтердің бәрі клиникалық зерттеулерде жасалды, егерде адамда мінез-құлықтың типтік тәсілі жоқ болса, ол сау адам, ол болмыста өзін спонтанды ұстайды, ситуацияның талаптарына рационалды бейімделеді, ендеше денсаулық дегеніміз ол иілгіш күйі.



Әлеуметтік мінездер (типтер) яғни тұрақты нақты көрінетін бағдарлану жүйелері. Социализация процесі индивид адамдар арасындағы қатынас арқылы өзін және өзінің басқаларға деген қатынасын анықтағанда басталады. Қарым-қатынастың нақты типінің дамуы әлеуметтік мінездің қалыптасуына әкеледі. Тұлғаның құрылымын тек оның ойлары, сезімдері ғана емес оның әрекеттері де анықтайды, мұны Фрейд айтты, алайда Фромм оны теориялық негізделмеген дейді.

Мысалы адам үйдің терезелерін санай бергісі келсе соған қатты қажеттілік болса, онда ол қажеттіліктің астында, негізінде қандайда бір итермелейтін ішкі ұмтылулар бар (невротиктер), ал сау адам ақылмен, болмыстың жағдайларына қатысты ойланып жасайды. Осы рационалды мінез-құлық тұлғаның құрылымын анықтайды. Осы әлеуметтік мінез-құлықтың функциясы неде.

Мысалы адам артық затты, қобырап жатқанды ұнатпайды, егерде ол магазинде істесе, онда оған пайдалы себебі үнемшіл болуға ол міндетті, осы мінездің экономикалық функциясынан басқа психологиялық функциясы да болады, адамға оның тұлғасында жатқан жинақтағыш қажеттілік болып табылса, онда ол терең психологиялық қанағаттану алады, ол әрі экономикалық, әрі психологиялық ұтады.

Ендеше нормалды адам үшін өз әрекетін практикалық қажеттіліктерге сәйкес бағыттауы керек және өз іс-әрекетінен психологиялық қанағаттану алуы керек. Әлеуметтік шарттарға бейімделе отырып адам мінез қырларын қалыптастыра бастайды, ол сол ортаның талабына қарай әрекет етеді, сондықтанда психологиялық энергиялар өндіргіш күштерге айналады, ол қоғамға қажет, ал адамда сыртқы күштеуден басқа еңбекке деген психологиялық мәнге ие ішкі қажеттілік болады, ол адам өзін тұлға ретінде сезіну үшін маңызды.

Адам сыртқы билікке бағынумен қатар өзінде ішкі билікті жасайды ол дегеніміз парыз бен ар ұят, оларсыз бірде бір сыртқы билік басқара алмас еді. Сонымен әлеуметтік мінездер сыртқы мұқтаждықтарды ішкі қажеттіліктерге айналдырады, адамның энергиясы әлеуметтік экономикалык жүйенің міндеттерін орындауға жұмсайды, соған сәйкес мінез-құлық қалыптасады. Егерде мінезде белгілі бір қажеттіліктер дамыса онда оған сәйкес мінез-құлық оған психологиялық қанағаттану береді, әрі материалдық табыста практикалық пайда келеді.

Қоғам индивидке бір уақытта осы екі сфераны қамтамасыз етсе, сыртқы және ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етсе (материалды және рухани) онда психологиялық күштер әлеуметтік құрылымдарды цементтейді. Алайда ерте ме кеш пе ажырау болады, бұрынғы мінез қырлар сақталады, олар жаңа эконмикалық жағдайға сәйкес келмейді, пайдасыз болады, ендеше психологиялық адаптация өзгереді, бұрынғы құндылықтар нарыққа қарай басқаша қабылданады.

Қай заманды алсаңда адамдардың күнәлері көп, патша болсын, жәй адам болсын, тіпті құдайлар туралы аңыздарда да (Прометей). Адамдардағы кінәлі болу сезімі міндетті түрде болатын процесс, оны қорқыныштар, қанды үстемдіктерді игерген, олардан шығатын жол іздеу керек, алайда дамудағы ынтығуларды жеңу мүмкін емес, ендеше ішкі әлемде гармония жоқ.

Әлемдегі барлық жануарлар инстинкті программасы аяқтайды, аралар ұясын жасап шығарды, тек адам ғана бітпей қалған ... сондықтанда өмір бойы адам зерттеледі. Адам қолы тар ал оны тұлға деп айта аламыз ба? Адам психикасы өте сая қырлы, тұлға теориясының бір авторы Ассаджиолидің психика моделінде бірнеше қабаттар бар:



Бірінші қабат төменгі бейсаналық - элементар психика актілері, ол дененің жұмысын қамтамасыз етеді, дене функцияларын ақылды коррдинацияларын басқарады, фундаменталді әуестенулер кіреді, яғни адамның өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы, ол көптеген комплекстерден тұрады, олар интенсивті эмоцияларға қаныққан болады, одан кейін түс көру, мұңаю, төменгі қиял кіреді, төменгі парапсихологиялық процестер, патологиялық құбылыстар—фобиялар, оянулар, паранизм, маниялардан тұрады.

Екінші қабат ортаңғы бейсаналық — белгілі бір психикалық элементтердің жиынтығы, біздің сергек санамызға жақын және бәрін жеңіл жасайды, жиналған тәжірибелерді ассимиляциялайды (қосады, меңгереді), ойлау, қиял процестері өтеді, осы қабатта идеялар туады олар санаға өтуге ұмтылады.

Үшінші қабат жоғарғы бейсаналық - немесе жоғары сана, бұл қабат интуиция мен шабыттануды береді, мұнда көркем, философиялық, ғылыми, моралды талаптанулар туындайды, адамды жақсы көру, геройлық мінез-құлық импульстері туындайды. Жоғарғы сезімдер альтуристтік махаббат, генийлік, өзіндік жарқырау, экстаз, өзін білімдірудің қайнар көзі осы қабат болып табылады. Мұнда жасырын күйде барлық жоғарғы психикалық процестер, рухани энергия болады.

Төртінші қабат - сана өрісі, мұнда адам үнемі бақылайтын, талдайтын, бағалайтын үздіксіз түйсінулер, сезімдер, тілектер, импульстер, бейнелер, ойлардың ағындары болады.

Бесінші қабат—«Мен» санасы, «мен» түсінігі психологияда тұлғаны белгілеу үшін қолданылады, «Мен» - ақылдың, дұрыс ойлаудың қолдау табуы, «мен» дегенде индивидтің санадан айырмашылығы бар өзіндік санасы түсініледі, екеуінің айырмашылығы - біреуі- ақ жарқыраған экран, екіншісі, оған көшірілген ондағы әртүрлі көріністер (сезімдер, түйсінулер ойлар).

Алтьшшы қабат - жоғарғы «Мен» - тұрақты орталық, эгоның шегінен шыққан нағыз «мего> бүл ішкі әлем мен сыртқы әлемнің арасындағы делдал, бейсаналық әуестенулерді ырықтандырып оларды әлеуметттік мінез-құлық арнасына бағыттауға ұмтылады, себебі адам ұйықтағанда депрессия, гипноз, наркоз күйінде болады, онда оның «мен» күйі жоғалып, сергектену күйіне өтеді, сана реалды «Менді» тұлға құрылымына проекциялайды.

Жетінші қабат - коллективті бейсаналық (Юнг) адамдардың тұқым қуалаудан алатын ұғынылмаған психикалық құрылымдар, бейнелер, ұрпақтан - ұрпаққа беріледі, алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесін өзіне алады. Коллективті бейсаналықта «психикалық космос» (жартылай өткізгіш арқылы бір жақты таралу) процестері өтеді онда адамдар арасындағы контакт жүзеге асады, адам әуелден-ақ оқшауланған жан емес, әрбір адам адамзаттық психика мұхитына бойлау, яғни психокосмос. Адам өз әлемін түсіне отырып, барлық әлемді түсінеді.

Психологияда сана - ол сезімдер мен ақыл ой бейнелерінің калейдоскопы, онда біруақытта түйсіну пайда болады, яғни менің бастан кешкен әсерленулерім, алайда сананың алды бейсаналық күй, ол оның ылғида алдына шығып отырады, бейсаналықты сананың анасы, тамақтандырушысы, бейсаналық ылғида тартылуы керек, ол соны қажетсінеді. Сана өзінің күштерін бейсаналықта бітіреді, тек саналық пен бейсаналықтың өзара байланысы ғана олардың жасампаз мағынасының шарты болып табылады. Адам санасы бітпейді, көпқырлы, сана ылғида жағымсыз жағдайларды тереңге тығып тастауға тырысады.

Тұлға феноменіндегі терең психика жұмбақтары — бейсаналық ашылмаған материк, онда кейбір орнықты стандарттарды көруге болады, олар бізге көру ( ағындарын береді, ғалымдар төрт түрлі сағымдардың бар екенін дәлелдеді, олардың қайнар көздері бар, табиғаты ерекше.



Профессор Грофф зертгеулері бойынша, 1—сі адамның абстракциялық, эстетикалық тәжірибелерімен байланысты, ол ерекше бір түстерді, иістерді, формаларды көреді, фантастикалық, экзотикалық ландшафтарды көреді, тайга, джунглиреді көреді. Бұл нені білдіреді? Яғни, Адам психикасы эстетикалық бейнелерге айнала алады, ол бейсаналық облысты қамтымасада, өзінше ерекше дүние, эстетикалық интуиция деп аталады.

2 ші көру типі биографиялық тәжірибемен байланысты, ақын айтпақшы «бұл жағдай мен де болды...», формасы бойынша түс көруді еске түсіреді, бейнелер бейсаналықтан алынады, адам өз өмірін қайтадан бастан кешіреді, балалықтағы бақытты күйлер немесе ащы кездер олар сол кезде психикада із қалдырған. Тұлға теориясьшда (психоаналитикалык практикада) пациенттер жиі балалыққа оралады (альтурист және эгоизм, махаббат және жеккөру олар бәрі бейсаналықта шырмаланады.

3-ші көру психологияда жасалған бірде бір теорияға, зерттеуге кір алмайды, табиғаты өте жұмбақ, мысалы ана құрсағынан баланың бөліну процесі психологиялық феномен. Баланың дүниеге келуі драматикалық терминдермен белгіленеді, туа салған бала терең дағдарысқа ұшырайды өзінің физиологиялық топологиясына байланысты өлімге жақын келеді. Физикалық ауру күйі, агониялар (бала ушін) туу процесіне әсер етеді.

Бұл адам дүниеге келіп жатқандағы, өміріндегі ең сынды кезең, бала ана құрсағынан бөлінеді, бұрынғы биологиялық байланыстар үзіледі. Өліммен эмоциялық және физикалық қағтығысулардың нәтижесінде ұрықтың (плод) психикасында терең өзгерістер болады, қорқыныш сезімі, қауіпсіздік сезімі пайда болады.



Сана асты күйінде, Психиканың тереңінде архетипті (тұқымқулаудан алынған бірінші бейнелер) бейнелер салынады, мысалы жанып жаткан пеш, тасып жатқан су, жаман қорқынышты бейнелер. Бұл күйлер адам кейін есейгенде галлюцинацияда кездеседі, мистикалық бейнелерге жоғалған пейіш, құлаған періште, лабиринтгі адасу сияқты символикалар сәйкес келеді.

Ұрық дүниеге келуі керек, ол әлі анасының кұрсағында қала беруге күреседі, керемет энергия ағыны туындайды, психиканың тереңінде вулкан ағындары, штормдар, сілкінулердің символикалық бейнелері пайда болады. Бұл күйге архетиптер жауап береді— титандарды ұстап алу, кеменің ең асты тағы басқалар, мифологиялық бейнелер туындайды-демондармен, періштелермен, құдайлармен космостық соғыстар (бәрі психоанализ арқылы пациенттердің ассоциациясы).

Енді ең соңғы саты жақындап келеді, туу процесінің қорытынды сатысы, қатты ауырлықтан кейін, зорығудан кейін толық босаңсу кезеңі басталады, бұлыңғырлық өте жарқыраған жарықпен алмасады, кіндігі кесіледі, адам енді тәуелсіз өмір сүре бастайды, енді архитип символикалар жоғалып, индивидуалды болмыс пайда болуы керек, алайда осы кезеңдегі жады матрицасында, сондағы символикалар адам есіне сақталады.



4-ші көру психоаналитикалық сеанста пациент өзіне қатысы жоқ картиналарды көреді, ол монгол атын, испан тілін, австралия күзетшісін кереді, неге? Бұл тәжірибелер трансперсоналды д.а. яғни барлық адамзатқа тән жинақталған ақпараттар. Әрине былай ұйғаруға болады, нақты адамның сана асты күйі тек өзінің меншікті мәдениетіне тән бейнелерін ғана үстіге шығарады деп, индивидке жақын тәжірибелер мен дағдылар.

Ал шындығында ол олай емес, психиканың тереңінде өз ақпараттары шегінен шығатын бейнелер болады, адам көне замандағы символикаларды көреді, оларды көру ешнәрсемен бекітілмейді., алайда әсерлер өте анык көрінеді, адам бұрынғы оқиғаның бәрін көре алады барлық адамзатқа тән ес бар, алайда бұл тек гипотеза жаңа тұлға теорияларнда ашық тұрған сұрақ.

Яғни адамдардың түпкі негізі бір. АДАМ жанталасқан жан, үнемі өзі жайлы түсініктерді өзгерте береді.
10 тақырып: Тұлға теориялары және психология тарихы.
Тұлға теорияларын талдау ұлы классиктер Гиппократ, Аристотель, Платоннан басталады. Ондаған ойшылдарда оған кіреді Аквинат, Кант, Гоббс, Локк, Ницше. Тұлға теорияларын жасауға клиникалық зерттеулер негіз болды (әдеби кезед, клиникалық, эксперименттік, психометрикалық) Шарко, Фрейд, Юнг. Гештальттық бағдар В.Штерн мінез-құлықты жеке бір жақтарын немесе фрагментарлы зерттеу ақиқатқа әкеледі деп түсінді.

Эксперименттік психология бақылауға көнетін эмпирикалық зерггеулер арқылы мінез-құлықты модификациялау негізінде теориялар жасады, психометрика арқылы индивидуалды айырмашылықтар өлшеніп тұлға теориялары құрылды.

Мысалы мінез-кұлықты шкалалау. Классикалық тұлға теориялары Шарко, Фрейд, Жане, ал эксперименттік психологияда Павлов, Торндайк, Гельмгольц теориялары негізделді. Олар инсайт пен интуиция арқылы тұлғаны зерттеуге тырысты, кейбіреулері клиникалық зерттеуге қарсы болды.

Тарихта тұлға теориялары басқаша ойлау (инакомыслие) деп саналды, клиникалық зерттеулер теория мен практиканы үйлестірді. Тұлға теориялары барлығы практикамен тығыз байланысты дамыды. Психологиядағы көптеген құбылыстарды ашты, бірақ оларды кейде қоғам қабылдамады, психологтардың өздері күмәндәнді, «тұқым қуалаушылықпен» алады деген ұнамады.

Тұлға теориялары индивидтің тірі қалуына, оның психологиялық табиғатын түсінуге негіз болады. Тұлға теорияларының фундаменталды жағдайларын лабораториялық жағдайда көруге болады, практикада дәлелденеді, теориялардың негізгі мақсаты тұлға феноменін тұтастық жүйесі.

Адамның мінез-қүлқын оның тұтастығында зерттеу ғана онын табиғатын ашады деді. Тұлға теориялары интегративті сипатқа, адамдағы барлық психикалық процестердің интеграциясын жасайды, Психологиядағы практикамен бекітілмеген теоретиктер тұлға теориясын жасаушы теоретиктерге үнемі қарсы болды, тұлға феномені толық ашылмайды деп санады?

Тұлға феномені, түсінігі ағылшын тілінде екі мағынаны береді біріншісінде бұл термин ептілік немесе икемді, оқушының тұлғалық проблемасы жайлы айтқанда оқушының әлеуметтік ептіліктері басқа оқушьшармен, педагогаен қанағаттандыралық қатынас жасауға адекватты емес, екіншісінде индивидтің қоршағандарға қалдыратын әсері, яғни мұнда индивид үшін «агрессивті түлға» немесе «тіл алғыш түлға» дегендерге ие болады.

Теория деген не бәріміз білеміз теория фактіге қарама-қайшылық дәлелденбейтін гипотеза, болмысқа байланысты саудаласу, ал дәлелденген теориялар фактілер болып табылады. Келесі пассаж ол ғылымның методолгтары мен логиктерінен алынған ойлау экстрактары, теория дегенді түсініп алып содан кейін оның функцияларын іздейміз, олар шарттар жинағынан тұрады, теоретиктің творчестволық қатынасы болып табылады.

Теория пайдалы немесе пайдасыз болады, теория эмпирикалық және практикалық бекітілуі керек, зерттеудің эвристикалық және жүйелік сипаты болуы керек, осы сипаттағы тұлға теориялары психология тарихында зерттеу анализі мен объектісі болып отыр, практикалық психологияның негізін құрады.



Тұлға теориялары ол мінез-құлықтың жалпы теориясы болып табылады бейсаналы мен саналы мінез-құлықтың детерминанттарын ашады. Барлык тұлға теориялар соншалықты көп болса соншалықты әртүрлі, қазіргі психологияда тұлға теорияларын бірнеше кластерлерге бөледі:

  • бірінші кластер Адлер, Фромм, Хорни, Меррей, Салливан әлеуметтік теориялардың функционалистік теориялары;

  • екінші кластер Фрейд, Адлер, Юнг даму тұрғысынан тұлғаньң құрылымдары мен бейсаналы комплекстері;

- үшінші кластер Ангьял, Гольдштейн, Роджерс туа берілген организменді өзіндік маңыздану;

- төртінші кластер Адлер, Фрейд, Меррей, Салливан әлеуметтік қоршағандармен өзара әрекеттегі үздіксіз даму;

- бесінші кластер Оллпорт, Кэттелл, Адлер, Фрейд, Юнг, Шелдон тұлғаның конституционалды құрылымдары.

Тұлға теорияларының кемшіліктеріне қарамастан психологияның практикалық негізін жасай алды. Нарық заманының -тұлғасы ол аффектісіз интеллект, бәсекеге қабілетті адам, жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайларға психологиялык адаптация, жаңа өзгерістер, жаңа әлеуметтік мінез бен мінез-құлық. Ішкі гармония мен психикалық дені саулық, рухани бостандық, үлкен бостандыққа қозғалыс, өз индивидуаддылығыңды табу, творчестволық күш, басым болу үшін күрес, мінез-кұлық паттерндері, автономды адам, психологиялық өсу, өзіңе қызығу, өзіңді басқару, икемділік, өзіңді қабылдау, тәуекелге бару, махаббат, жағымды эмоциялар, психологиялык қанағаттану, индивидуалдылық, интеллектуалды потенциал, шыдамдылық, рефлексия.

Тұлға теорияларының негізгі авторлары:

1. 3. Фрейд - классикалық психоанализ

2. К.Г. Юнг - аналитикалық психологая

3. А. Адлер,

4. 4.Э. Фромм,

5. К. Хорни,

6. Г.С. Салииван - әлеуметтік-психологаялық теориялар

7. Г. Меррей - персонологиялық психология

8. К. Гольдштейн,

9. А. Ангьял,

10. А. Маслоу - организменді психология

11. К.Роджерс - адамға негізделген, орталықтандырынған теория

12. Л. Бинсвангер,

13. М. Босс - экзистенциалды (ерік бостандығы, индивидуалды таңдау)

психология

14.К. Левин - өріс теориясы

15.Г. Оллпорт - индивидулды психологая

16.Э. Шелдон - конституционалды психология

17.Р. Кэттелл - факторлық теория

18.Д. Доллард,

19.Н. Миллер - стимул - реакция теориясы

20.Г. Айзенк - факторлық анализ

21.А.Бандура,

22.Б. Скиниер - оперантты бекітілу теориясы.

Қазіргі жаңа тұлға теориялары: I. Гуманистік бағыттағы теориялар:

1. А. Маслоу (1908-1970) - өзіндік маңыздану (самоактуализация)

2. К. Роджерс (] 902-1987) - тұлғаның өзіндігі (самость).

ІІ.Психоаналитикалық бағыттағы теориялар:

1. Г. Оллпорт (1897-1967) - тұлғаның уникалдылығы

2. Г. Меррей (1893-1988)-персонологая

3. Э. Эриксон (1902-1994) - әлеуметтік тұлға психологиясы, тұлға периодизациясы.

III. Бихевиористік бағыттағы теория:

1. Б. Скиннер (1904-1990) - радикалды бихевиоризм, позитивизм, мінез -құлықты басқару.

ІУ. Когнитивті бағдардағы тұлғалар теориясы:

2. Дж. Келли (1905-1966) - конструктивті теория

3. К. Кольберг (1927-1987) - адамгершілік дилеммасы

У. Синтетикалық бағыттағы теориялар:

1. К. Левин (1890-1947) - өріс психологиясы

2. Р. Ассаджиоли (1888-1974) - психосинтез.

У1. Жаца психотерапевтік теориялар:

1. Э. Берн трансактілік анализ

2. Когнитивті психологиялық ақпаратгар теориясы

3. Терең психология (глубинная психология)

4. Генетикалық психология (Ж. Пиаже)

5. Феноменологиялык психология

6. Характерология

7. Эго психология

8. Экзистенциалды психология

9. Интеллект психологиясы

10. Түсіну психологиясы

11. Парапсихология

12. Теориялық психология

13. Эмоцияның когнитивті теориясы

14. 0йлаудағы бейнелік компоненттер

15. Индивидуалды айырмашьшықтар теориясы

16. Когаитивті диссонанс теориясы. 17. Құрылымдық баланс теориясы

17. Конгруэнтті теория (теория изменения отношения)

18. Трансперсоналды психология (космостық сана)

19. Рөлдер теориясы.

2 0. Психодинамика

Қазіргі Ресейдегі бағыттар:

Қазір іс әрекет ықпалын дамытушылар: А.Г. Асмолов, Б.С. Братусь, Ф.Е. Василюк, Д.А. Леонтьев, А.В. Петровский, В.И. Слобадчиков, ал С.Л. Рубинштейннің мектебін К.А. Абульханова - Славская, Л.И. Анцыферова, И.С. Кон жалғастыруда. Тұлға психологиясьна қызығулар болсада жеке бір оқулық жоқ.



3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.


  1. Жеке тұлға психологиясындағы зерттеулер мен баға.




      1. Анамнез әдісі.

  1. Корреляция әдісі.

  2. Эксперимент әдісі.

  3. Жеке тұлғаның бағалануы.

5. Бағалау әдістерінің типтері.

  1. Жеке тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыт: З. Фрейд.




      1. З. Фрейдтің өмірбаяны.

      2. Психодинамикалық концепциялардың эмпирикалық валидизациясы.

3. Психоаналитикалық терапия- санасыздықты зерттеу.



  1. Психодинамикалық бағытты қайта қараудың нәтижелері: А. Адлер.




        1. А. Адлер өмірбаяны.

        2. Адам табиғатына байланысты Адлер теориясының негізгі қағидалары.

3. Невроз және оның емделуі.



  1. Жеке тұлға теориясындағы эго-психология және онымен байланысты бағыттар: Э. Эриксон.




          1. Э. Эриксон: эго-жеке тұлға теориясы. Библиографиялық очерк.

          2. Эго-психология: психоанализ дамуының нәтижесі.

      1. Эпигенетикалық принцип.

4. Адам табиғатына байланысты Эриксон теорияларының негізгі қағидалары.

5. Жеке тұлға теориясындағы диспозициялық бағыт.
1. Г. Олпорт: диспозициялық жеке тұлға теориясы.

2.Жеке тұлға қасиеттерінің клнцепциясы.

3.Ересек кездегі жеке тұлға.

4. Олпорт теориясының негізгі қағидалары.




  1. Әлеуметтік мәдени теория: К. Хорни.




        1. Жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени теориясы. Библиографиялық очерк.

2. Әлеуметтік мәдени теория: негізгі концепциялары мен теориялары.

7. Р. Кеттел: жеке тұлға қасиеттерінің құрылымдық теориясы.
1. Библиографиялық очеркі.

2. Жеке тұлға типтері теориясының негізгі принциптері мен концепциясы.



8-9. Жеке тұлға теориясындағы үйретуші-бихевиоралды және әлеуметтік-когнитивтік бағыттар.


          1. Б.Ф. Скиннер мен А. Бандура өмірбаяндары.

        1. Скиннердің психологияға көзқарасы.

        2. Әлеуметтік-когнитивтік бағыттың негізгі принциптері.

4. Бақылау арқылы үйретуді бекіту.
10-11. Жеке тұлғадағы когнитивтік бағыт.


          1. Дж. Келли: жеке тұлғаның когнитивтік бағыты. Библиографиялық очеркі.

2. Когнитивтік теория негіздері.

12-13. Гуманистік және феноменологиялық бағыттар.


            1. А. Маслоу: жеке тұлғаның гуманистік теориясы. Өмірбаяны.

          1. К. Роджерс: жеке тұлғаның феноменологиялық теориясы. Өмірбаяны.

          2. Гуманистік теорияның негізгі принциптері мен концепциялары.

4. Адам табиғатына Роджерстің көзқарасы.

14-15. Жеке тұлға теориясындағы жаңа бағыттар.

            1. Ретроспективтегі негізгі қағидалар.

            2. Жеке тұлға теорияларының бағалануы.

            3. Персонология эрасының басталуы.

4. Тұлғаны зерттеудегі жаңа теоретикалық және эмпирикалық перспективалар.

4. Студенттердің өздік жұмысы.
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.


    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі
1. Жеке тұлға түсінігі деген не?

2.Жеке тұлға психологиясындағы зерттеу әдістері.



  1. З. Фрейдтің психоанализіне сипаттама.

  2. Психоаналитикалық терапия-санасыздықты зерттеу.

  3. Психодинамикалық бағыттағы А.Адлер теориясы.

  4. Невроздар және олардың зерттелуі.

  5. К. Юнгтің өмірбаяны.

  6. Жеке тұлға теориясындағы эго-психологиямен байланысты бағыттыр.

  7. Диспозициялық бағыт өкілдері: Г. Олпорт, Р. Кеттел, Г. Айзенк.

  8. ЖТТ-дағы үйретуші-бихевиоралды бағыт.

  9. Әлеуметтік-когнитивтік бағыт: А. Бандура Және Дж. Роттер.

  10. Дж. Келлидің когнитивтік ЖТТ-сы.

  11. А. Маслоу: ЖТТ-ның гуманистік бағыты.

  12. Феноменологиялық бағыт: К. Роджерс.

  13. Тұлға психологиясындағы жаңа бағыттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет