ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2013 Редакция №1 02. 09. 13. орнына



бет1/4
Дата06.07.2018
өлшемі270 Kb.
#48182
  1   2   3   4

ПОӘК 042-14.05.01.20.65/03.2013

Редакция №1 02.09.13. орнына

43 беттің -сі





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.65

/03-2013


«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәні бойынша

оқу әдістемелік материалдар


Редакция № 2 02.09.13. орнына




ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері»


5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




Семей 2016




Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Студенттің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі.

Интеллект – интелектус деген латын сөзі, қазақша ақыл деген мағына береді. Жоғары сатыдағы жануарлардан «ақылды» деп атауға тұрарлықтай мінез-құлық көріністерін байқауға болады.

Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі.

Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдердің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным.

Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады.

Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді.

Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы.

Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.

Байқау – белгілі мақсат пен объектіні әдейлеп қабылдау.

Бейімділік – адамның белгілі бір әректпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.

Ақылды (Умный) – ақыл-ойдан қортынды шығарып, дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай білетін адам. Ақылды адам басқаның азғыруына, өсегіне ермейді,өз ойымен ой қорытады.

Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді.

Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді.

Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми – теориялық: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі, білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру.



Отбасы – неке немесе туыстықпен, тұрмыстық қауымдықпен, өзара моральдық және материалдық жауапкершілікпен байланысқан кіші әлеуметтік топ.

Ойын – іс-әрекеттің түрі. Мұның елеулі орны нәтижесінде емес, оның барысында. Психологиялық кернеуліктен құтылуға, яғни кездейсоқ (стрессовое) жағдайдан бастап, адамдар қатынысының үйлесімді әлеміне қосады. Ойын барысында ересектердің әрекеттері арқылы қайта жаңғырту, қоршаған орта шыедығын танудағы арақатынасында балалар үшін аса маңызды. Балалардың күш-қуатын, ақыл-ойын, мінез-құлқын тәрбиелеуге қызмет етеді.



Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді.

Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын.

Символдық ойын – шындық симвлдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын.

Көріністік (сюжеттік) ойындар – адам өмір шындықтарын, ертегі, әңгімелерді және т.б. балалардың көріністік қайта жаңғырту ойыны.


2.«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнінің дәрістік материалдары.
1 тақырып: Ойын - психологиялық феномен ретінде

Ойыншық – шынайы заттардың нақты бейнесі, балаларды қызықтырарлық түрде оқытуға және ойнауға арналған арнайы зат: идеалогиялық әсер ету мен тәрбиелеудің негізгі құралы. Жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтарды және балаларды негізігі міндеттеріне байланысты оларды ақыл – ой , ерік – жігер және эстетикалық тәрбиелеуге , денесінің дамуына және ермек – ойыншықтар деп бөлуге болады. Балалардың ақыл – ойын дамытатын ойыншықтардың ішінде дидактикалық ойыншықтар үлкен орын алады. Олар ақылын, ойлауын, тілін дамытып, білім, дағды мен іскерлік жайлы бірқатар түсінік береді. Олармен ойнай отырып , бала заттарды тануды , айыруды, заттың түсін, көлемі мен пішінін атап, сандармен, цифрлармен танысып, ұсақ бөлшектерді тұтас бір затқа жинап, оларды қайта бөлшектеді үйренеді. Олардың ішінде халық арасында кеңінен қолданылатын мынадай ойыншықтар бар: бір түсті шеңберлерден тұратын конусты қамалдар (1.5-3ж) , түрлі -түстілері (3-7 ж) , әр түрлі «бір – бірінің ішінен шығатын» - бөшкелер , жұмыртқалар, шарлар (1,5-5ж) ,матрешкалар (1,5-6ж). Балаларға берілген дидактикалық ойыншықтардың қай жаасқа нақты берілгенін көрсету мүмкін емес, өйткені ол ойыншықтармен әр түрлі деңгейдегі ойындар ойналуы мүмкін.

Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндік конструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4,5 – 5 жастағы балаларға арналған.

Баланың политехникалық біліміне техникалық ойыншықтар негіз болады. Әр түрлі жастағы балалар үшін дайын техникалық ойыншықтар мағынасы бойынша да, образы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, 2 – 4 жастағы балалар үшін паравоз үлкен, ашық түсті бірнеше бөліктерден – дөңгелектен, машинист бөлімшесінен тұрады; 5 – 7 жастағы бала дәлдікті қажет етеді – дөңгелектердегі рычагтар деген сияқты , ал кіші мектеп жасындағыларға өте үлкен бөлшектер қажет және де паравоздың орнына тепловоз, электровозға ауыстыруды қажет етеді. Дайын техникалық ойыншықтар қазіргі техниканы, өткен заманғы техниканы және болашақтың техникасын да көрсетіп, бейнелуі мүмкін.



Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық – құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді.

Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді. 

Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!».
Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.
Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г.Спенсер денедегі артық энергияны шығару, К.Круз тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теориясын жасады.
Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді.
Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру.

Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» - деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.

Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад:

 Ойын – сауық

 Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

 Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану)

 Коррекциялық (өзін-өзі түзету)

 Әлеуметтендіру

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды.

Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды:

 ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты;

 жеке оқыту маңызының артуы;

 оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б.



2 тақырып: Ойынның психологиялық негіздері

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр

А.С.Макаренко дәл атап көрсеткеніндей, үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай болмақ. Сондықтан баланың қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын кезінде өтеді. Бала неғұрлым жас болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен орын алады.

Төменгі сынып оқушыларымен жұмыста ойынның маңызын жеке бағаламаған мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмақ емес.

А.С.Макаренко ойынға айтулы мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлейді деп есептеген. Ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын тәрбиелейді. Оның практикасында тиісті педагогикалық мақсаттарға қызмет ететін ойындар немесе баланың бойын сергітіп тынығуға көмектесетін жай, көңілді ойындар қолданылатын. Макаренко әртүрлі ойындар комплексін жасауға тырысты. Оларды ұдайы жетілдіріп отыруды талап етті. Коллектив өміріне, оның даму болашағына сәйкес келмейтін ойындарды өзгертіп отыруды үндеді. Ол ойынның тәрбиелік ықпалын жасаудағы маңызды шарт баланың ойынға қатысуы ғана емес, оны жасауға да белсене араласуы деп есептеді.

А.С.Макаренканың практикасында көптеген ойындар еңбек әрекетіне ұласып, ол еңбек әрекетіне ойын элементтері енгізілді. Тәрбие жұмысы практикасында стол үстінде ойналатын ойындар, қимыл ойындары, техникалық, әдеби-театрлық ойындар, аттракциондар қолданылды.

Балалардың өмірінде рөльмен ойналатын ойындардың зор маңызы бар. Рольмен ойын ойнағанда балалар өз шамасына қарай үлкендер арасында қалыптасатын қатынастарды көрсетеді. Өзіне белгілі бір роль алғаннан кейін бала соған орай қажетті ережелерді бойына сіңіріп, мінез-құлықтық дағдылары мен шеберліктерін игереді.

Бала оқуға барғаннан бастап ойын екінші кезекке ығысады. Бұл жағдайда ойынның сипаты, мазмұны өзгереді, бірақ оның бала тәрбиесіндегі рөлі бұрынғысынша маңызды болып қала береді. Төменгі сынып оқушылары үшін рольдік ойындарды өздері бейнелейтін адамдардың қасиеттері бірінші орынға шығарылады. Дүниетанымы өскен сайын, бастауыш сыныпты аяқтай келе, бала қиындықтарды жеңуге тырыса бастайды. Олардың ойын әрекеті еңбекпен, қоғамдық жұмыспен қабыса түседі. Ойын элементі балаларды әртүрлі іс-әрекетке тартудың маңызды жолына айналады.

Ойын элементтерін енгізу балаларда белгіленген жұмысты қайтккенде орындап, кез-келген іске жауапкершілікпен қарау сезімін туғызады.

Ойын әрекетін ұйымдастырғанда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн.

Ең алдымен баланы зорлап ойнатудың, олардың шығармашылығы мен дербестігін матап тастаудың ешбір қажеті жоқ. Ойынның тәрбиелік нәтиже беру жағын қамдастырған жөн.

Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез, дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Негізінен балалардың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар бұл ауада немесе далада ойналатын ойындар. Осы ойындардың арқасында балалардың көңіл-күйі, эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді.

Ойын әрекетінде балалардың психологиялық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттен кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.

Ойын әрекеті психологиялық процесстер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және оңай бөлінеді.

Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді.

Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет