ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2013 Редакция №1 02. 09. 13. орнына


тақырып: Ойынның педагогикалық мәні



бет2/4
Дата17.02.2017
өлшемі0,61 Mb.
#9710
1   2   3   4

3 тақырып: Ойынның педагогикалық мәні

Ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы :

а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.

ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі.

в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан оның педагогикалық мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай балалардық өмірінде ойын ерекше орын алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.

Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Балалардың қуанышы мен реніші ойында айқан көрінеді. Ойын кезіндегі балалардың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті қиял елестері дамиды, мұның бәрі балалардың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды. Өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады. Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттерінің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет.

Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойын арқылы белгілі бір білім, білік,дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындар - оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар.

Ойын физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар.

Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.

Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан, дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым – қатынасың, мінез-құлқың, өмірге деген көзқарасың, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісіне әр түрлі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік - рөлді ойындар.

Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді. Балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-

Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні.

Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауа та қатпайды.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.

Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.

Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.

Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

а)тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау);

ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу жәнет.б.);

б) қоғамдық демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.).

Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар.

Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.

Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс- әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.

Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді.

Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.

Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.


4 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны

Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;


б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.



  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

  2. Балаларды сөйлеуге үйрету.

  3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.

Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.

Ойын – балалар өмірінің нәрі. Ол жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуімен табиғи өсуінің қажетті алғышарты. Бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты.

Ойын – қимыл-қозғалыс, жүгіріс-секіріс сияқты дене ермегі ғана емес, ол бала тірлігінің барлық саласына сіңісіп кеткен өмірлік нәр. Бала айналадағының бәрін ойнай отырып қабылдайды, сол арқылы тәрбиеленіп, лязаттанады, өнеге үйренеді, тілдік қоры дамиды.

Балалардың тілдерін жетілдіруде, сөздік қорларын дамытуда драмалық ойындардың маңызы зор. Драмалық ойындар – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің бірі болып саналады. Келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Драмалық ойындарды екі бағытта жүогізуге болады:


  1. Сазды-сахналық (музыкалық) қойылымдар.

  2. Қуыршақ театры.

Жалпы драмалық ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығармалық сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аударылуы керек. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет қимылдарын көрсетіп, жетілдіру керек. Кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күйі, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындыру. Нәтижесінде драмалық ойындар барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізуге болады. Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен театрландырылған қойылымдар өткізуге болады. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайды, ал ұялшақ, ұяң балаларға жай рөлдер беруге болады. Оларға қуыршақтарды қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету керек. Театрландырылған ойындардың мазмұны адамгершілік, достық, кішіпейілділік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты қасиеттерді уағыздауға бағытталады.

Театрландырылған драмалық ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Яғни топта театр бұрышы, саусақтар, қолғаптар т.б болуы керек.

Балаларға жануарлардың сыртқы кейпін салып келтіру мақсатында «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» және т.б драмалық ойындар ұйымдастыруға болады.

Қозғалыс әрекеттерін жетілдіру мақсатында мына әдістерді қолдануға болады:



  1. Қимылды көрсету;

  2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.

Драмалық ойындарды көп ойнап, сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда балалардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артады.

Драмалық ойындарды ұйымдастырмас бұрын балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізу керек:



  1. Тәрбиеші балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудару.

  2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлу.

  3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалау.

  4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.


5 тақырып: Балалар ойынының жіктелуі

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Ойын арқылы оқыту

Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп тілімізге жан біткелі, халқымыздың да еңсесін көтерген елге алдымен оқу-білім керек. Әлем тізгіні білімдінің қолында десек, білімді болсақ біз де тізгінге жармаса аламыз, болашақтың алысқа шабар жүйрігін біз де тартып міне аламыз. Сондықтан қазіргі білім ошақтарында байырғы білім беруді өзгертіп, жаңа педагогикалық технологияны басшылыққа алып, жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізіп, соған орай дәстүрден тыс оқыту түрлерін қолданып, компьютерлік оқыту технологиясымен де ұштастырып келеміз.

Ендеше осы айтқандарымыздың басты мақсты жас мемлекетіміздің күш қуатын арттыру, оның іргетасын мықты етіп, биік тұрғызатын, патриоттық сезімі оянған жеке тұлғаны қалыптастыру, осы тұлғадан қабілетті балалар шығару және интеллектік белсенділігін көтерну, өз бетімен оқуға, үйренуге деген құштарлығын байыту емес пе. Бірінші кезекте міндетті түрде осы істі жүзеге асыратын нақты тірек қалыптастыру керек. Ол үшін осы жүйені іске асыруға бағыт беретін арнайы оқулықтар мен әдістемелік оқу-құралдарын шығарып, көбейту қажет.

Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі «Ойын арқылы оқыту технологиясының» орны ерекше. Ойын- бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Ойын бала затының түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да бала қабілеті, белсенділігі байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен. Үлкендер өмірі үшін жұмыс қызметін істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.

Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, шарты, жауабы, арнайы заттары т.б.көптеген сипаттары бар. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, еңбекте де сондай болады, демек ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Ақын Абай Құнанбаев:

«Ойын ойнамай,

Өсер бала болар ма?» - демекші жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психикалық ерекшелігі ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады.

Ойын ойнау барысында қалыптасатын мінез-құлықтар: зейін қою, ойлану, жауап беру, жауапкершілікті сезіну, шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңу, төзімділік, еңбек ету, білім алу, талдау, түрлендіру, есте сақтау.

Ойын ойнаудағы алғашқы психикалық қажеттілік. Ойынның бала ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес түсініктілігі.

Ойын құраушыларының білім жүйесіне сай, сәйкестілігі және тәлім-тәрбиелік, дамытушылық әрекеттерінің мәні зор.

Қандай да болсын ойын түрі баланың пәнге деген қызығушылық қыбілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.



Ойынның түрлерінің жіктелуі:

Грамматикалық

Психологиялық

Тірек-сызбалар

Логикалық ойындар

Техникалық құралдар

Дене еңбек

Грамматикалық ойындар – оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілі дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар процесі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) Әріптік, буындық кеспелер; 2) Диктант түрлері; 3) Жаттығу жұмыстары; 4) Шығарма, мазмұндамалар;5) Әңгіме, мәтін құрастыру; 6) Сөздіктер т.б.

Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой-пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді, толғандырып жүрген проблемаларды шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігіни тигізеді. Олардың қатарына: 1) Психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) Сурет салу, құрастырулар; 3) Пікірталастар; 4) Сұрақ-жауаптар; 5) Сөздіктер (диалог, монолог).

Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам ап» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады.



Тірек-сызбалы ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскиздеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты: олардың қатарына: 1)ойық жазбалар; 2) суретті жұмбақтар; 3) сөзжұмбақ, аннаграммалар; 4) құрыштар;
5) суретпен бейнелеулер т.б.

Логикалық ойындар – оқушылардың ой-өрісін, тіл, сөз байлығын,кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ-тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1)жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ-тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар бар т.б.

Техникалық құралдар ойындары – өазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегімен тигізетіндігі дәлелденген. Оларға: 1)лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Денди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке, ямаха т.б.

Дене -еңбек ойындары – бұл ойындардың көбі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар т.б.


6 тақырып: Шығармашылық және ережелі ойындар

Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар балалардың дамуына әсерін тигізері сөзсіз. Бірақ ата-аналар балаларын күні бойы теледидардың алдына отырғызып қоймай, ертегілерді бірге тамашалап, оның түсінген-түсінбегенін сұрап, туындаған сауалдарына жауап беруге тиіс. Балаға ненің жаман, ненің жақсы екенін ертегінің мазмұнына сүйене отырып түсіндіруге тырысулары қажет.


Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Бұл әдістің пайдасы - баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.
Ата-аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен оларды тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың рөлінің айрықша екенін ұмытпау керек.
Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзі мен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады.
Келісу мен бақылау үрдісінде сөйлесуден басқа нәрселерге де көңіл аударылады (мәселен, мимика, қимыл, атрибуттар, көлеңке, саусақ қимылы, бет перде, қуыршақ, үстел үсті).
Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады.
Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі. Себебі, трафареттермен жұмыс істеу кезінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. Мәселен, жүгіріп келе жатқан қоянның бейнесі т.с.с.
Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін негізгі - сөйлеу кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Жұмыс жұптасу түрінде жүргізіледі. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Жұптасып жұмыс істеген кезде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын бақылап отырамын.
Диалог ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі, бұл жерде автор сөзі деген болмайды.

Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық.


Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі.
Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».
Қызыл-сары көк моншақ.
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.
Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет