ПОӘК 042-14. 05. 01. 20. 65/03. 2013 Редакция №1 02. 09. 13. орнына


Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы



бет3/4
Дата17.02.2017
өлшемі0,61 Mb.
#9710
1   2   3   4

Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем.
Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады.
7 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары

Ойын мазмұнының ерекшелігі құрылысы, тәрбиешінің басшылығы (Р.Н.Жуковская, А.А.Абрамян, Л.В.Артемова). Сюжетті-рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесіне сипаттама беру.

Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Рөлді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл-маржанын меңгереді.

Рөлдік ойындардың негізгі талаптары



  1. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.

  2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.

  3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.

  4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.

Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?

Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.



  1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

  2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

  3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

  4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.

  5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.

  6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.

Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.

Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.


8 тақырып: Режиссерлік ойын және оның әдістемесі

Бала үлкейген сайын ойыншықтардың сырт пішінінің сәйкестігіне талаптары күшейе түседі. Алайда, бұл сәйкестіктер талаптар күшейе түседі. Бұл сәйкестіктер оның түсі мен формасы тура табиғи түрдегідей берілмеуі керек. 3 жастан бастап балалар қуыршақтармен ойнау кезінде кейбір құрал – жабдықтарды қолдана бастайды: жиһаз , ыдыс-аяқ және т.б. Кіші мектеп және ересек мектеп жасына дейінгі балалар қозғалысқа түсетін ойыншықтарды қалайды: микроэлектромоторлы шаңсорғыш, кір машинасы, жарықтандырылған тоңазытқыш, жанатын лампа және т.б. Ұсақ ойыншықтармен ойында мектеп жасына дейінгі ересек және кіші мектеп жасындағылар кейбір декорацияларды қажет етеді. Тұрғын үйді бейнелейтін ойыншықтар қажет ( әр түрлі бөлмелер, қақпалар, ағаштар, аула құрылыстары), мектеп (парталар, санағыштар және мектеп тақтасы) және т.б.

Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектесетін ойыншықтар. Баланы үлкендер еңбегімен таныстырады, сол еңбектің құрал – жабдықтарымен таныстырады, балаларды күш – қуатты қажет ететін, еңбекке баулиды, ұжымдық сезімді тәрбиелейді. Көптеген ойыншықтар кәсіптік және тұрмыстық еңбек процесін көрсетеді. Мысалы , «Кішкентай аспаз» жинағы , ұнмен жұмыс жасауға арналған заттардан тұрады. Осындай жинақты пайдалана отырып 5 жасар бала ермексазды оқтаумен жаяды, әр түрлі пішінді ойыншық тоқаштар жасайды. 2 – 4 жасар бала құммен осындай әрекеттер жасайды.
9 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.

Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық – құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді.

Кішкентай пішінді эксковаторлар, бульдозерлер, крандар үлкен пішінділер сияқты жұмысты атқарады және рычагтармен қолдану арқылы іске қосылады, бірақ ондай кішкентай ойыншықтар болады. Мұндай ойыншықтар естияр және ересек мектеп жасына дейінгі балаларға арналған.

Пластикалық массалар мен ағаштан жасалған құрылыс материалдарда алуан түрлі. Бұлар дайын ойыншықтар емес, «жартылай фабрикаттар» балалар олардан көпірлер, жолдар, үйлер және т.б жасайды. Кубиктер 2 жастағыларға арналған, кубиктер мен кірпіштер 3 жастағыларға, пирамидалар, призмалар, цилиндрлер жиыны, кейде қосымша бөлшектер рөл түрінде, ту және т.б. ересек мектеп жасына дейінгілерге және кіші мектеп жасындағыларға арналған ойыншықтар балалардың өздеріне айналасындағы көріп жүрген құрылысты көрсетуге мүмкіндік береді. Ойыншық жиынына берілген арнайы альбом көрсетілген. Берілген мысал бойынша құрауға мүмкіндік алады. Құрылыс материалдарымен ойнауда көлемді геометриялық денелермен танысады, оларда форма, үлкендік, орналасу, ара қашықтық, бағытталу жайлы түсініктер қалыптасады. Техникалық ойыншықтарға металлды конструкторлар жинағын, балаларға арналған инструменттер, баланың техникалық шығармашылығына арналған бөлшектер, химиялық реактивтермен, токпен жұмыс істеуге арналған арнайы жинақтарды да жатқызамыз, бірақ мұндағы талаптар басқаша, еңбек түрі де басқаша, сондықтан бұл ойыншықтарды ойын-әдістеме деп қарастырған дұрысырақ.
10 тақырып: Дидактикалық ойындар - оқыту құралы

Дидактикалық ойын түрлерін анықтау. Дидактикалық ойын құрылымына түсінік беру. Дидактикалық ойын баланың таным қабілетін, сенсорлық дамуы, белсенділігін дамыту құралын анықтау.

Оқытудың көрнекілік принціпі – дидактиканың «алтын ережесі».

Оқытудың көрнекілік принціпіоқытудың өте ерте дамыған түрінің бірі. Көрнекілік принципті ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізден Ян Амос Каменский дидактиканың «алтын ережесі» деп көрнекілік принципті атап айтқан.

Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және де материалдарды түсіну жолдарын оңайлатады.


  1. Табиғи құралдар (батаника пәнімен, зоология түрлі өсімдіктер, жануарлар).

  2. Эксперименттік көрнекі құралдар (физика немесе химия пәндерінен жүргізілетін лабараториялық жұмыстар).

  3. Көлемдік көрнекілік құралдаргеометрия пәнінен жасалған түрлі фигуралар, макеттер.

  4. Бейнелеуші көрнекілік құралдартүрлі формадағы суреттер, таблицалар.

  5. Техникалық көрнекілік құралдароқу фильмдері, диафильдер, фонар немесе эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекілік құралдар.

  6. Символдық көрнекілік құралдаргеографиялық және тарихи, зоологиялық карталар.

  7. Графикалық көрнекілік құралдарсхема, диаграмма, таблица, үлгілер.

Ойынның дидактикалық түрікішкене балаларға мейлінше пән оқыту формасы болып табылыды. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен қимылмен, ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйренетін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.

Дидактикалық ойынның нәтижесіқандай жолмен болса да ұту емес, баланың білімді игеру, ақылқызметін дамытуда, өзара қарымқатынас. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.

Дидактикалық ойындар әсіресе баланың дамуында маңызды рөл атқарады. Балаға бағдарламалық материалдарды меңгерту, уйренген білімдағдыларын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады.

Дидактикалық материалдармен жаттығу ойындары сенсорлық тәрбие мен ақылой қабілетін дамыту үшін қажет.

Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндік конструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4,5 – 5 жастағы балаларға арналған.



Қазіргі дидактикалық ойыншықтар барлық халықтық жақсы қасиеттерге ие (декоротивтілік, өзін-өзі бақылау элементі және т.б.). Дидактикалық ойыншықтарды жасауда ағаштан басқа пластикалық массалар да қолданылады. Жиналатын ойыншықтардың түрлері қазіргі заманғы тақырыпта құрылған. Балалар ұжымында қолдануға арналған көптеген қиын дидактикалық ойыншықтар шығарылуда. Әр түрлі жастағы топтарда ойыншықтарды қолдану тәрбиешінің бала алдына қоятын міндеттермен, балаға берілген тапсырмаларға байланысты . Бірақ шарды үлкендігіне қарай топтастыру 1,5 жастағы балаға тән, бірдей түстерді табу 2 – 3 жастағы , ал геометриялық денелердің формасына қарай топтастыру 6 – 7 жастағы балаға лайық. Дидактикалық ойыншықтардан басқа ақыл – ойды тәрбиелеуге әдетте , образдық деп аталатын ойыншықтар әсерін тигізеді. Мұндай ойыншықтарға жиһаз бен киім – кешектері бар қуыршақтар, адамдар мен аңдарды бейнелейтін фигуралар, табиғат элементтері. Олармен ойнаған кезде баланың қоршаған орта құбылыстары туралы түсініктері нақтыланып, тілі мен ойлауы, ең негізгісі – қиялы дамиды.

Педагогикалық ойындар педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында. Олар әр түрлі болып келеді:
а) баланың жас ерекшелігіне сәйкес;
ә) алдыға қойған мақсатына байланысты;
б) ұйымдастыруына сәйкес;
в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б.

Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады! – деп жазды.
Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр.
Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:
1. Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы;
2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі;
3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;
4. Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
5. Баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек.
А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.
Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.
Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.
Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
- ойынның оқушыларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;
- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы.
Ойын барысында оқушы өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы-зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары-сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді.
Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, мұғалімнің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі.
Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы:
Қабат-қабат киінген,
Жұмырланып түйінген.
Доп-домалақ көк допты,
Күнде көрем үйімнен.
Ол қандай зат, балалар,
Сорпасы тіл үйірген?
(қырыққабат)
Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтасты-рылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны.
Басқатырғылар - адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын.
Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы.
Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын.
І. Математика
1. Санды сызып таста (кесте)
2. Суреттегі геометриялық пішінді ата.
3. Рет-ретімен сандарды қос. Не шықты?
4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема)
5. Теңгемен жұмыс
6. «Сипат тап» ойыны
ІІ. Сауат ашу
1. «Кім жылдам?»
2. «Әріптер жарысы».
3. Әріптерден сөз құрастыр
4. «Дыбыстар болған екен»
5. Мына заттар қандай әріптерге ұқсайды?
6. Шөптің арасындағы әріптерді тап.
7. Телефон арқылы сөздерді табу.
Сабақ барысында «Сандар туралы»
1 саны: Сан бір цифрынан басталады, күн біреу, ой біреу, жер біреу.
2 саны: Екі санындағы көрініс, әке мен шеше, ұл мен қыз, күн мен ай.
3 саны: Үш саны мықты, жараңдар, үшінші орын тұрағы, үлікті қосып тұрады.
4 саны: Үштен кейін төрт болар,
Бір жылда төрт мезгіл бар: Қыс мезгілі күн суық, ақ қар жатыр, жер жауын.
Көктемде келер жер жаңа, Егейін егін далаға.
Жазғытұрым күн ұзақ, Аптап тұрар күн шуақ.
Алтын күз бізге берер нұр, Жеміс-жидек пісіп тұр.
5 саны: Басталады саусағым бас бармақтан 1-ші,
Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші,
Ортан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші,
Шылдыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші,
Кішкене бөбек таласпай қалған екен 5-ші.
6 саны: Алты саны-ұлық па,
Ұқсас өзі құлыпқа.
Алты саны, ол-алтау,
Бестен кейін келеді,
Тапқыр бірден біледі.
Саны: 1 аптада жеті күн бар: 1-ші күн – дүйсенбі, 2-ші күн - сейсенбі, 3-ші күн - сәрсенбі, 4-ші күн - бейсенбі, 5-ші күн - жұма, 6-шы күн - сенбі, 7-ші күн – жексенбі.
8 саны: Қараңдаршы көз тігіп,
Сегіздікте - қос жүйрік.
Бас аяғы жоқ оның,
«8» саны, ал біліп.
Көзілдірік ол білсең
Жүрер көзге ел іліп.
9 саны: Тоғыз алты сияқты білмегенге,
Құйрығы бірақ қарап қалған төменге.
10 саны: Тоғызға бір қосамыз,
Он санын енді тосамыз.
Қос таңбаны кім білсе,
Олар бір мен дөңгелек.
0 саны: Кетсе бәрі дөңгелеп,
Ұшып, қонып, не керек?
Жоқтығын заттың білдірер
Қояйық нолді ертерек.
Тура және кері сандарды санау: 12345678910-10987654321
Бұл ойын оқушылардың танымын арттырып, жақсы көңіл-күй тудырып, ой-өрісін да-мытып, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамытады.
Міне, баланы ойната отырып тәрбиелеу, халықтық педагогиканы бойына сіңіру қазіргі кездегі заман талабы.
11 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет