4 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю. Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с. 5 ГОСТ 11022-90. Топливо твердое минеральное. Методы определения зольности. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 7 с.
№ 3 тәжірбиелік сабақ «Қатты отыннан бөлініп шығатын ұшқыш заттарды анықтау және ұшпайтын құрамдарын классификациялау»
1 Жұмыстың бағыты
Жұмыстың мақсаты - тас көмірдің аналитикалық тексермесінің бөлінетін ұшқыш заттарын анықтау. Көрсетілген кестеге байланысты түзілген ұшпайтын қалдықты сұрыптау (классификациялау).
2 Теориялық сипаттама
Құрғақ қатты отынды ауасыз қыздырғанда одан белгілі бір мөлшерде органикалық және минералдық бөлшектер, бу және газ түрінде бөлінеді де, олар ұшқыш заттар деп аталынады. Ұшқыш заттар құрамына (летучие вещества) оттегі, азот, күкірттің ұшқыш бөлігі, сутегі кіреді. Ұшқыш заттардың мөлшері отынның геологиялық жасына байланысты болады да, жасың өсуіне байланысты ұшқыш заттар кемиеді. Бұл отынның жер қабаттарында бөліну дәрежесіне байланысты.
Жоғары температурасында (tқыздыру = 750-1000°С) күйдірілген отыннан түзілетін ұшпайтын заттар түзілісі кокс, ал (tқыздыру = 500-550°С) болатын түзілістер жартылай кокс деп аталады.
Ұшпайтын заттардың мөлшері отындың пайдалы жұмсаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Олар органикалық отынды негізде өндірістік сұрыптауда және негізгі қазан-ошақ қондырғылар үшін отынды талқандату (ұнтақтауының) көрсеткіштерінің бірі.
3 Лабораториялық қондырғының сипаттамасы
Қатты отыннан бөлінетін ұшқыш заттарды анықтайтын қондырғы ретінде күлділікті анықтайтын қондырғы қолданылады. (№ 2 зертханалық жұмысты қара)
4 Жұмысты орындау тәртібі
Ұшқыш заттарды анықтау 6382-2001 мемлекеттік стандарт (ГОСТ) әдісімен жүргізіледі. Бұл әдістің мағынасы: отынның аналитикалық тексерісімен құмырашаға салып, қақпағын жауып, 850 °С ыстықтыққа дейін 7 минут мөлшерінде қыздыру. Ыстықтықтың көрсетілген мөлшерде алыну себебі, ыстықтықты одан әрі көтерген жағдайда ұшқыш заттар тым көп бөлініп, ішіндегі газ қысымы төмендейді де (құмырашаның ішіндегі), құмырашаның ішіне ауа кіруі немесе өлшемнің тотығуы мүмкін.
Тәжірибе екі тексермемен қатар мына түрде жүргізіеді:
1 Алдын ала өлшенген қақпақты құмырашаларға 1±0,1 г аналитикалық тексермелер салыналы. Бір өлшем құмырашаларға саларға дейін лабораториялық пресспен соғылады. Өлшеу дәлділігі 0,0002 г.
2 Ауызы жабық, өлшемді көмір салынған құмырашаларды табақшаға салып, тездетіп муфел қондырғысының тұрақты ыстық (860°С) аймағына орналастырып, 7 минут ыстықтықты қадағалап ұстайды. Құмырашаларды орналастырған кезде азайған ыстықтық 3 минутте қайтадан 850±10°С жеткізілуі керек. Бұлай болмаған жағдайда тәжірибе қайталанады.
3 Жеті минут өткеннен кейін құмырашаларды табақшамен бірге муфел қондырғысынан алады да, қақпағын ашпай тұрып, алдымен ашық ауада 5 минут, одан соң эксикаторда бөлмелік температураға дейін суытады да, өлшейді.
4 Өлшеп болғаннан кейін, құмырашалардың бетін ашып қарайды және ұшпайтын түзілмелерді сұрыптап, көрсетілген кестеге енгізеді. Ұшпайтын заттар қалдығы сығылмаған өлшем арқылы анықталады.
Өлшеу көрсеткіштері төмендегі кестеге енгізіледі.
Кесте
Құмыра-
шалардың
№
|
Құмырашалардың салмағы, гр
|
Бос, m1
|
өлшемді отынымен, m2
|
Ұшқыш заттарсыз, m3
|
Салмақтың кемуі,
m3-m2
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
Бір аналитикалық тексерменің қатар өткізілген екі тәжірибесінің айырмашылығы мына сандардан жоғары болмауы тиіс:
9 % кем ұшқыш заттары бар – көмір үшін – 0,3 %;
9 %-тен 45% -ке дейін ұшқыш заттары бар – көмір үшін - 0,5 %;
45 % жоғары ұшқыш заттары бар көмір үшін – 1,0 %.
5 Өлшем көрсеткіштерін өндеу
Аналитикалық тексермені Vа және жанғыш масса ретінде есептелген Vг отынның құрамындағы ұшқыш заттар мына өрнек бойынша есептеледі:
мұнда ∆m - өлшемдік отынның массасының азаюы, г;
m - өлшемдік массасы, г;
Wа – отынның аналитикалық ылғалдылығы, %
мұнда Wа, Аа – аналитикалық тексерменің ылғалдылығы мен күлділігі; W мен A белгілері № 1 және № 2 лабораториялық жұмыстың қорытындысынан алынады.
Кесте. - Ұшқыш емес қалдықты сұрыптау
Ұшқыш емес қалдықтарға мінездеме
|
Қалыпты түрі
|
Ұнтақ тәріздес
|
Құмыраның түбіндегі ұсақ ұнтақ
|
Жабысқан
|
Саусақпен аздап басқанда ұнтаққа айналады
|
Шала күйдірілген
|
Саусақпен аздап басқанда бөлшектеніп қалады
|
Күйдірілген, бірақ балқытылмаған
|
Бөлшектеу үшін біраз күш жұмсау керек
|
Балқытылған, бірақ қопсытылмаған
|
Сырты күміс түсті жылтырайтын жалпақ шелпекше
|
Балқытылған, қопсытылған
|
15 мм биіктігі бар, сырты күміс түсті қалдық
|
Балқытылған, өте қопсыған
|
15 мм биіктіктен асатын, сырты күміс түсті қалдық
|
5 Зертханалық жұмысқа дайындық үшін тапсырма
Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу нұсқауымен танысуы керек, жұмыстың мазмұны мен сипаттамасымен және де бақылау сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.
6 Бақылау сұрақтары
1 Отынның жасына қарай ұшқыш заттардың бөлінуі қалай өзгереді?
2 Түзілме (кокс) дегеніміз не?
3 Мөлшері 9 % артық ұшқыш заттары бар отын қалай аталады?
4 Мөлшері 24-37% ұшқыш заттар бөлінетін майлы көмірдің түзілме (кокс) қалдығы қандай болады?
5 Текшелі (плиталы), қатарлы, кокысты (штыб) көмірлер қандай белгісі арқылы сұрыпталады?
6 Мөлшері 9 % төмен ұшқыш заттары бар отын түрлері?
7 Ұшқыш жанғыш заттардың көбеюі отынның тұтануына қандай әсерін тигізеді?
8 Қатты және сұйық отынның қандай бөлігі жанбайтын болып есептелінеді?
9 Қандай құрамалар (компонентер) отынның толық жанған кездегі өнімі болып есептелінеді?
7 Қолданылған әдебиеттер
1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
2 Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа», 1986. – 248 с.
3 Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твердого топлива на электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
4 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю. Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с.
5 ГОСТ 6382-2001 (ИСО 562-98, ИСО 5071-1-97). Межгосудар-ственный стандарт. Топливо твердое минеральное. Методы опреде-ления выхода летучих веществ. М.: ИПК Издательство стандартов, 2002. – 6 с.
№ 4 тәжірбиелік сабақ «Сұйық отынның жарқ ету және тұтану температурасын анықтау»
1 Жұмыстың бағыты
Жұмыстың мақсаты – мазуттың (жанармайдың) жарқ ету және тұтану (жалындау) температурасын анықтау. Алынған көрсеткіштерді мазуттың негізгі көрсеткіштерімен салыстыру, тегін (маркасың) анықтау.
2 Теориялық сипаттама
Жарқ ету (вспышка) температурасы деп, сұйық отынның (немесе басқадай мұнай өнімдерінің, мысалы, жанармайдың) нақтылы жағдайда қыздырылғанда бөлінетін будың мөлшерінің қоршаған ауамен қоспасының жалынды жақындатқанда тұтану температурасын айтады. Бұл жағдайда отынның өзі әлі жанбайды.
Егер отынға жалынды жақындатқан кезде будың тұтануынан кейін (5 сек кем емес) отынның өзі жанса, ол температура тұтану (воспламения) температурасы деп аталынады. Бір мұнай өнімдері үшін екі температуралық айырмасы аса үлкен болмайды, әдетте 60-70°С аспайды. Отынның жарқ ету және тұтану (жалындау) температурасы қайнау температурасының қысымы азайған кезде артады.
3 Зертханалық қондырғының сипаты
Қондырғының құрамында: (3 сурет) ішкі құмыраша (1); сырты құмыраша (2); термометр (3); штатив (4); барометр (5); үш деңге дейін қыздыратын электрлі қыздырғыш (6):
1 – ші деңгей – қуатты максималды – 800 кВт, 2 – ші деңгей – орта қуатты – 400 кВт, 3-ші деңгей – аз қуатты – 200 кВт.
4 Жұмысты орындау тәртібі
Мазуттың жарқ ету және тұтану (жалындау) температурасы 4333-87 мемлекеттік стандартқа (ГОСТ) сәйкес, ашық құмырашада төмендегідей анықталады:
1 Бензинмен жуылған таза және құрғатылған құмырашаның 20°С температурасына дейін газды қыздырғышта қыздырып, қыздырылған құм салынған сыртқы құмырашаға (тигельге), орналастырады. Ішкі құмырашаға мазутты шеңберлі (кольцевой) деңгейге дейін құяды.
Сурет 3 – зертханалық қондырғы
2 Ішкі құмырашаға, термометр құмырашының ішіндегі отынның дәл ортасында болғандай етіліп тігінен орналастырылады.
3 Сыртқы құмырашаны қыздыратын электрлі қыздырғышты екінші деңгейіне қойып мазутты 50 °С дейін, минутына 10 °С жыл-дамдықпен қыздырады.
Температура 50°С жеткізілген отынға сусыздандыру үшін, қатты қызып тұрған ас тұзы мен немесе калций сульфаты қосылады. Сусыздандырылған отынды 90°С температураға дейін минутына 4°С көтеріп қыздыру үшін электрлік қыздырғышты үшінші деңгейге қою керек.
4 Мөлшері 90°С температурада (тұтану температурасы шамасында 10°С төмен) білтені (фитиль) жағып, мазуттан 10-14 мм қашықтықта құмырашаның шетінен екінші шетіне дейін жалынды екі-үш секундта айналдыру керек. Бұндай тәжірибені әрбір екі градус сайын, температураны көтеріп отырып, бірінші тұтануға дейін қайталау керек. Тұтану кезіндегі термометрдің көрсеткіші кестеге кіргізіледі.
5 Отынның тұтану температурасын анықтаған соң, оны әрбір 2°С температураға көтеріп жаға отырып, минутына 4°С жылдам-дықпен қыздыру керек.
Жалындау температурасынан, сол сәтте термометрмен дәлелденетін температура алынады. Ол сыналатын отынға жалынды тигізген кезде пайда болады және ол кем дегенде 5 секунд жанады.
Сынау көрсеткіштері төмендегі кестеге кіргізіледі.
Кесте
Тәжірибенің жасалу уақыты, минута.
|
Қыздыру жылдамдығы,
град/мин
|
Термометр көрсеткіші,
°С
|
Тәжірибенің басталуы
|
|
|
|
|
|
5 Өлшеу көрсеткіштерін өндеу
Тұтану мен жану температурасы, t'жарқ ету және t'тұтану сәйкес белгіленіп, тәжірибенің нәтижесінде анықталады. Алынған көрсеткішке ∆t деген түзету енгізіледі, егер армосфералық қысымы (давление) бірқалыпты қысымнан (760 мм. сынап бағанасы) ауытқуы болса мына өрнек ( формула) бойынша анықталынады
∆t=0,0345*(760-Р), °С
мұнда: 0,0345 – атмосфералық қысым 1 мм сынап бағанасына өзгерген кездегі жарқ ету температурасының өзгеруі; Р- тұтану температурасы белгілі болғандағы қысым, мм с.б.
Жарқ ету мен тұтану температурасы түзету есебімен
tжарқ ету = t'жарқ ету ± ∆t, °С,
tтұтану =t´тұтану ± ∆t, °С.
Түзетуді барометрлік қысым 760 мм сына бағанасынан төмен болған кезде қосады да, ал егер ол 760 мм сынап бағанасынан жоғары болса алып тасталынады.
6 Зертханалық жұмысқа дайындық үшін тапсырма
Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу нұсқауымен танысуы керек, жұмыстың мазмұны мен сипаттамасымен және де бақылау сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.
7 Бақылау сұрақтары
1 Отынның жану жылулығы дегеніміз не?
2 Шартты отын дегеніміз не?
3 Қазан агрегаттының жандыру қондырғыларында сұйық отынның қайсысы жанады?
4 Мазуттың қандай таңбалары (маркалары) болады?
5 Мазуттың жарқ ету температурасы дегеніміз не?
6 Отынның төменгі жану жылулығы Qрн оның Wp ылғалдылығымен қалай байланысты?
7 Мазутты қайдан алады?
8 Мазуттың таңбасындағы М100, М40... әрпінің артындағы сандар нені көрсетеді?
9 Сұйық отын тамшыларының жануы мен қатты отын жануының механизм арысындағы айырмашылық неде?
10 Тұтану температурасы дегеніміз не?
8 Қолданылған әдебиеттер
1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых электростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
2 Панкратов Г.П. Сборник задач по теплотехнике. М.: «Высшая школа», 1986. – 248 с.
3 Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твердого топлива на электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
4. Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю. Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с.
5 ГОСТ 4333-87 Нефтепродукты. Методы определения температур вспышки и воспламенения в открытом тигле (Утвержден 1988-07-01).
№ 5 тәжірбиелік сабақ «Көмір саның елеп сұрыптау»
1 Жұмыстың бағыты
Жұмыстың мақсаты – көмір шаңының ұнтақталу мөлшерін анықтау және көмір шаңының 90 мкм, 200 мкм елеуіші бойынша өтуін анықтау. Көмір шаңының ұнтақталу мөлшерінің (тонина помола) бу генераторы қондырғысының үнемділігіне тигізетін әсерін сұрыптау.
2 Теориялық анықтама
Көмір шаңның елеп сұрыптау, ұнтақтаудың жұқалығың (жіңішкеліғің немесе еркешеліктерін) анықтауға арналады. Шаңды (елеулі белгілі бір) мөлшердегі тесіктері бар елеуіштерде жүргізіледі. Елеуіштегі қалған шаңның салмағы, алғашқы алынған санның пайызы (%) көлемінде ұнтақтау жұқалығың (ерекшелігінің) көрсеткіші болады және Rx әрпімен белгіленеді, өйткені «Х» тесіктің ендік өлшемі.
Алғашқы салмақ бойынша елеуіштен өткел (өту) пайыз түріндеғі шаңнын саны деп аталынады да, Дх әрпімен белгіленеді. Әрбір елеуіш үшін R + D = 100 % тепе теңдігі дұрыс.
Энергетика саласында тас көмірді жағу кезіндегі шаңның сапасын қолдануды бақылау кезінде, шаңнын еленуімен (рассевка) 90 және 200 мкм елеуішіндегі антрациттер мен жартылай антрациттер азаяды.
Энергетика саласында тас көмірді, антрациттер мен жартылай антрациттер жағу кезіндегі шаңның сапасын қолдануды бақылау кезінде, 90 және 200 мкм шаңнын еленуімен щек қойылады (анықталынады).
3 Жұмыс жүргізу тәртібі
Көмір шаңының ұнтақталу мөлшері және елеуіштен өтуі, қолмен елеу арқылы (25 г мөлшерінде өлшемді тексерме алынып) ұялары 90 және 200 мкм бар елеуіштерінде келесі жолмен жүргізіледі:
1 Шаңнын орташа тексермесін (пробасың) алады да, 25 г дәлділігімен мұнда да, одан әрі де 0,01 г техникалық таразда өлшейді.
2 Өлшемді орташа тексермемен 90 мкм ұялары бар елеуішке орналастырылады да, қақпағы мен және түбімен жабады. Елеуішті бір қолдан екінші қолға лақтырып отырып, минутына 120 соғу жылдамдығымен елеуді жүргізу керек.
Елеуішті 3-4 минутте бір рет 90°С горизантальдық тегістікке аударып отыру керек және әрбір аударған сайын елеуіштің екі жағынан алақанмен соғып отыру керек. Әрбір 2-3 минут сайын елеуішті астынғы жаынан жұмсақ щеткамен тазалау керек. Елеуді 20 минут мөлшерінде жүргізіледі. Әрбір елеуіштегі елеу жұмысының санның аяқталғанын қадағалау үшін, таза ақ қағазда елеу жұмысын жүргізу керек. Егер қағаздың бетінде тек қана аздаған шаңнын дәндері пайда болса, елеу бітті деп есептелінеді.
3 Елеу біткен соң елеуішті қағып, қалдықтарды таразының табақтарына салып өлшейді. Сонымен қатар елеуіштен өткен кездегі түбінде қалған қалдықтарды да өлшенеді.
4 Мөлшері 90 мкм өлшемді (размер) ұялы елеуіштегі қалдықтары өлшеп біткен соң 200 мкм өлшемді ұялы елеуішке төгеді де, жоғары әдіспен елеу жұмысын жүргізелі. 200 мкм елеуіште елеу жұмысы 5 мин. мөлшерінде жүргізіледі. Елеу біткен соң қалдықтар өлшенеді.
Көмір шаңының елену көрсеткіші төменгі кестеде көрсетіледі.
Кесте
Тәжірибе уақыты, мин
|
90 мкм елеуіштегі қалдық
|
200 мкм елеуіштегі қалдық
|
R90, %
|
R200, %
|
D90пр, %
|
D200пр, %
|
|
g90, г
|
gпр, г
|
g200, г
|
gпр, г
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 Өлшеу көрсеткішін өңдеу
Ұнтақтау мөлшері (тонина помола) мына өрнек бойынша есептелінеді
және – шаңның салмағы, еленгеннен кейінгі 90 және 200 мкм өлшемді (размер) ұялы елеуіштегі қалғандары, г;
– еленетін шаңның тексермесінің алдынғы салмағы, г.
Елеуіш өтуі осылай табылады
және – елеуіштен өткен, шаңның салмақтының мәртебелер, г.
6 Зертханалық жұмысқа дайындық үшін тапсырма
Бұл жұмысты алғаш орындайтын студенттер, жұмыстың орындалу нұсқауымен танысуы керек, жұмыстың мазмұны мен сипаттамасымен және де бақылау сұрақтарында қойылған сұрақтарды пысықтап, тиісінше жауап бере білу керек.
7 Бақылау сұрақтары
1 Елеуіш неге қолданылады?
2 Сепараторда не болады?
3 Көмір шаңнын ылғалдылығы арту оқиғада не болады?
4 Отынның қайсы элементтері жанатын болады:
C+H+O+N+S+W+A=100%
5 Отынның қайсы түрі барынша көп (максималды) жылулық береді?
6 Қандай құрамалар (отын жанған кезде) отынның толықсыз жанған өнімі болып есептелінеді?
7 Отынның қандай бөлігі жанбайтын болып есептелінеді?
8 Отынның қандай құрамалары сыртқы балласт деп есептелінеді?
9 «СИ» жүйесінде қандай мөлшерлікпен отынның жану жылулық есептелінеді?
10 Отынның ұнтақтау (ұсақтау) заңы?
Қолданылған әдебиеттер
1 Резников М.И., Липов Ю.М. Паровые котлы тепловых элек-тростанций. – М.: Энергоиздат, 1981. – 240 с.
2 Белосельский Б.С., Вдовченко В.С. Контроль твердого топлива на электростанциях. Учебник для вузов. – М., 1987. – 176 с.
3 Трембовля В.И., Фингер Е.Д., Авдеева А.А. Теплотехнические испытания котельных установок. – М.: Энергия, 1977. – 297 с.
4 Мунц В.А. , Павлюк Е.Ю. Основы теории горения топлив : Учеб. пособие. Екатеринбург: ГОУ ВПО УГТУ-УПИ, 2005. – 102 с.
5 ГОСТ 2093-82 Топливо твердое. Ситовый метод определения гранулометрического состава.
№ 6 тәжірбиелік сабақ «Өрт пен жарылыстың алдын алу туралы халыққа нұсқаулар жүргізу»
Жұмыстың бағыты
Жұмыстың мақсаты – өрт қауіпсіздігәі туралы, өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер, олардың өрт қаупін төмендетуге әсері, нысан қызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасау, жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау туралы оқып үйрену.
Өрттер мен жарылыстар. Өрттер мен жаралыстар техногенді төтенше жағдайлардың кең таралған және аса қауіпті көздерінің бірі болып табылады.
Өрт – адамдардың өміріне қауіп тудыратын және материалдық құндылықтардың жойылуымен қатар жүретін бақылаусыз жану процессі.
Өрттер орасан зор экономикалық шығын келтіруге қабілетті.
Өрт қауіпсіздігі – халықтың, шаруашылық және басқа да бағыттағы нысандардың, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның қауіпті факторлар мен өрттің ықпалынан қорғаныс жағдайы.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету— нормативті құқықтық актілерді, өрт қауіпсіздігінің ережелері мен талаптарын қабылдау және сақтау, сондай – ақ өртке қарсы іс – шараларды жүргізу.
Нысанның өрт қауіпсіздігі — регламенттелген мүмкіндікпен өрттің тууы мен дамуы және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігін болғызбау кезіңдегі нысанның жағдайы, сондай–ақ материалдық құндылықтарды қорғау қамтамасыз етіледі.
Өрт қаупі – қандай да бір затқа, жағдайға және процесске бекітілген өрттің пайда болу және даму мүмкіндігі. Дұрысында, өрттер жанғыш және жарылыс қаупі бар заттардың жарылысымен қатар жүреді.
Өрт қауіпсіздігінің талаптары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күші бар заңдар жиынтығында немесе нормативті – техникалық құжаттарда арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдармен бекітілген, арнайы шарт немесе ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы ереже.
Өртке қарсы іс-шаралар – өртке қарсы режимінің сақталуына, өртті алдын ала болдырмауға және жылдам сөндіруге жағдай жасауға бағытталған ұйымдастыру мен техникалық сипаттағы іс – шаралар.
Өртке қарсы режим – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған адамдардың іс – әрекетінің, жұмысты орындау мен нысанды (өнімді) пайдалану ережесінің бекітілген жиынтығы.
Өрт қорганысы – адамдардың өмірі мен денсаулығын, шаруашылық нысандары мен қоршаған табиғи ортаны өрттер алып келетін төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында бекітілтен тәртіппен құрылған, басқарушы органдарды, күштер мен құралдарды біріктіруші өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлімі.
Өрт жаралыс қауіпті нысан – техногенді төтенше жағдайдың тууына нақты қауіп – қатер тудыратын тез тұтанатын және жарылыс қауіпі бар заттар өндірілетін, пайдаланылатын, өнделетін, сақталатын немесе тасымалданатын нысан.
Өрт қауіпсіздігін сақтау және өрт кезіндегі ұтымды әрекеттер өрт қаупін төмендетуге әсерін тигізеді, адамдар мен мүліктерді құтқаруға көмектеседі. Нысан ұқызметкерлері өрт және жарылысты болдырмау үшін нысанда бекітілген өрт қауіпсіздігі ереже, нормалары және Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқауларына сай әрекет жасайды.
Жұмыстағы жарылысты және өртті болдырмау үшін және олар пайда болған жағдайда өмір мен мүлікті сақтап қалу мақсатында келесі ережелерді сақтау керек:
үйде тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттар сақталуына жол бермеу;
аз мөлшердегі тез тұтанатын сұйықтар мен жарылғыш заттарды тығыз жабылатын қақпақты ыдыста, қыздыру құралдарынан алыс жерде сақтау керек. Соққыға , шайқалуға, төгілуге мүмкіндік бермеу;
бояу, лактарды, аэрозольдерді ашық отта қыздырмау, бензинмен жумау;
баспалдақтар мен өрт жолдарын жиһаз және т.б. заттармен толтырмау;
электр құралдарын жарылғыш заттарға жақын қоймау;
бөлмелердің электр жабдықтарын бұзылмаған күйде ұстау, электр қыздырғыштарын, қосып қалдырмауға, электр желісңн өте көп жүктемеу;
шылым шеккенде және ашық от пайдаланғанда қауіпсіздікті сақтау;
өрт сөндіргіш баллонды пайдалану ережелерін білу, зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін білу.
Өрт кезінде адамдарға ауаның жоғары температурасы, түтін, көміртек оксидінің концентрациясы ең жоғары қауіптудырады. Мұндай жағдайда адамдарды құтқару және өртті сөндіру кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
жанып жатқан бөлмеге кірер алдында басты су орамалмен жабу;
түтінге толы бөлмені ашқанда таза ауа әсерінен жалынның өрщуінен сақтану;
түтінге толы бөлмеде еңбектеп жүру;
жанып жатқан киімді сөндіру үшін оның бетін мықтап жабу;
жерге домалап, отты сөндіру , жүгіруге болмайды; өртті сөндіргенде өрт сөндіргіш құралдарды, өрт крандарын, су, құм, топырақ және т.б.заттарды пайдалану;
электр желілері жанғанда алдымен желіні ажырату керек;
егер қоғамдық орындарда өрт дабылы қағылса, жылдам нысаннан шығу;
жанып жатқан ғимараттан эвакуациялау кезінде негізгілермен қоса, қосымша жолдар мен сатыларды пайдалану керек.
Жарылыстың ғимараттарға, жабдықтарға, нысандарға әсері
Жарылыс кезінде өте қуатты, қысқа мерзімді және ауыспалы жүктеме пайда болады. Бұл жүктеме жарылыстың газ тәрізді өнімдеріне және соққы толқыны әсері нәтижесінде пайда болады.
Жарылыс өнімдері мен соққы толқыны әсеріне үлкен өлшемді және биік ғимараттар мен нысандар, темір қаңқасы жоқ нысандар ұшырайды. Жер асты және топыраққа мықтап бекіген нысандар қирауға төтеп бере алады. Соққы толқыны параметрлерінің ішіндегі ең шешушісі – артық қысым. Ал аз ауданды биік жабдықтың қирауы кезіндегі әсер етуші параметр – жылдамдықтық күш.
Қирау толық, күшті, орташа және әлсіз болып бөлінеді.
Толық қирау. Нысандар мен ғимараттардың аралық қабырғалары, төбелері, барлық негізгі құрылымы қираған, қалпына келтіру мүмкін емес. Жабдықтар, механикалық құралдар, техника қалпына келтіруге келмейді. Коммуникациялық-энергетикалық желілерде кабельдер үзілуі , құбырлар қирауы, жоғарыда ілінген (бағанада ілінген) электр тасымалдаушы тараптардың тірегінің құлауы байқалады.
Күшті қирау. Ғимараттар мен нысандардың жетекші құрылыстары көрнекі деформацияға ұшыраған, аралық қабырғалардың үлкен бөлігі қираған. Қалпына келтіруге болады. Жабдықтар мен механизмдердің де біразы қираған және деформацияланған. Жабдықтың жеке тараптары мен бөлшектері қосымша бөлшек ретінде пайдалануға жарамды. Коммуникациялық электр желілерінде жерасты желілерінің жеке бөлшектерінде үзілулер мен деформация байқалады.
Орташа қирау. Ғимараттар мен нысандарда негізгі емес, екіншілік құрылымдар (аралық қабырғалар, шатыр, терезе, есіктер) қираған. Сыртқы қабырғалар жарылуы мүмкін. Жертөлелер зақым шекпеген, бөлменің біразы пайдалануға жарамды. Қалпына келтіру үшін жан-жақты жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, оны арнайы мамандарсыз жасауға болады. Жабдықтарды да жөндеуден өткізу керек.
Әлсіз қирау. Ғимараттар мен нысандарда ішкі бөгеттердің біразы қираған. Есік, терезелерге біраз зақым келген. Жабдықтар әлсіз ғана деформацияланған. КЭЖ де ғимарат элементтерінің ғ нысандардың, жабдықтардың әлсіз ғана қирауы байқалады. Оларды жөндеу жұмыстарымен қлпына келтіруге болады.
Өрт сөндіру құралдары
Өрттерді сөндіру үшін су, су буы немесе арнайы химиялық құралдарды пайдаланады. Өртті сөндіру үшін су ортақ су құбырынан немесе арнайы өрт су қоймасынан келеді. Су екпіні арнайы өрт сорғыларымен көтеріледі. Су құбыры желілермен келетін өрт су көзі арнайы құдықта болады және оған гидранттар-қатпайтын крандар орнатылады.
Суды оңай тұтанатын сұйықтарға (бензин, май, керосин) қолдануға тиым салынады. Себебі су олардан ауыр болғандықтан , астыға жиналып жану бетін кеңейтеді. Сумен кальций карбиді мен селитраны да өшіруге болмайды. , олар сумен әрекеттескенде жанғыш заттар түзеді. Суды электр қондырғыларын сөндіруге тиым салынады, су ағыны арқылы ток соғу қауіпі болады.
Кейбір өрт қауіпі бар цехтарда спринклері бар өрт сөндіру құралдары қолданылады.
Спринклерлі құрылғылары өрт туралы автоматты дабыл беру және өрттің өршу жылдамдығы шектелген нысандарды қорғау үшін қолданылады. Бұл жағдайда дәл уақытында іске қосылған спринклерлер өрттің шығу көзін дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Спринклері құрылғы сумен қамтамасыз ету көзі, сорғыш, бақылау белгі беру жүйесі, су құбыры және спринклерлі түтікшелерден тұрады. Спринклерлі құрылғыларды пайдалану олармен қамтамасыз етілген ғимараттарда шыққан өрттердің ең кемінде 90 процентін сөндіретінін көрсетті, олардың көпшілігі өрт сөндіру құрылымдардың келуіне дейін сөндіреді.
Дренчерлі құрылғылар бөлменің бүкіл аумағындағы өртті толық автоматты және қолмен өшіруге , сондай-ақ есік пен терезеге арналған саңылауларда су пердесін құруға, технологиялық құралдардың жекеленген элементтерін суландыруға арналған. Дренчерлік түтікшелердің құлпы болмайды. Олардың шығу саңылаулары үнемі ашық болады.
Химиялық көбікпен сөндіруді тез тұтанатын сұйықтар қоймасында қолданады. Көбік арнайы көбік түзуші ұнтақтан жасалады. Жанып жатқан жерге сепкенде көбік оны жану аймағынан оқшаулайды.
Ауа-көбікті өрт сөндіргіштер мұнай өнімдері қоймасындағы өрттерді сөндіру үшін қолданылады. Ауа-көбікті сөндіргіш ол қоспа: ауа-90 процент, су-9,5 процент және көбік түзгіш 0,5 прцент.
Көмірқышқылды сөндіру қондырғылары кез келген өртті сөндіруге қолданылады.
Бумен сөндіру қондырғылары жабық бөлмеде, қазандықтары бар орындарда болған өртті сөндіруге пайдаланылады.
Кейінгі жылдарда өрт сөндіру құралдары ретінде неорганикалық сілтілік металдар тұздары негізіндегі ұнтақтық қоспаларды кеңінен қолданылады. Олар жоғары өрт сөндіргіштік әсерге ие және универсалды.
Өрт сөндірудің алғашқылық құралдары
Өртті бастапқы сатысында жою үшін қолда бар және өртті сөндірудің алғашқы құралдары қолданылады. Қолда бар құралдар өртті сөндіруге алдын ала дайындалмаған заттар. Оларға су, құм, топырақ, түрлі заттар жатады.
Алғашқылық құралдар – өртті сөндіруге алдын ала дайындалған заттар мен құралдар. Халық шаруашылығы нысандарында алғашқылық өртсөндіру құралдары ретінде құм, су , қомша (киіз) т.б. заттар қойылады.
Мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сай жану материалына байланысты келесі өрт кластарын бөледі: А- негізінен органикалық негіздіқатты заттардың жануы, В-жанғыш сұйықтар мен балқитын қатты заттардың жануы, С- газдардың жануы, Д- металдардың жануы. Елімізде бұлардан басқа Е- кернеудегі құралдардың жануы деңгейі енгізілген.
Ранецті өрт сөндіргіш орман өрттерін сөндіруде пайдаланылады.
Көмірқышқылды өрт сөндіргіштер қатты, сұйық заттардың өрттерін , кітап қоймаларындағы, элетр қондырғыларындағы өртті сөндіруге қолданылады. Бұл құралдар көмірқышқылы улы болғандықтан, пайдаланылуы шектеулі.
Хладонды өрт сөндіргіштер. Өрт сөндіргіш зат ретінде 1211 және 2402 хладондары қолданылады. Сақтау мерзімі 10 жылға дейін. Хладонды өрт сөндіргіштер барлық класс өрттерін сөндіруге жарайды, бірақ улы болғандықтан және атмосфераның озон қабатын бұзуға қабілетті болуына байланысты шектеулі.
Ұнтақ өрт сөндіргіштер универсалды, олар да барлық класты өрттерді сөндіруге қолданылады, температура диапазоны үлкен. 1 ден 10 л ға дейін қолға ұстайтын болып жасалады. Қалғандары қозғалмалы және стационар болады.
Кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру.
Өртке қарсы режимді және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау кәсіпорын жетекшесіне және цех бастықтарына жүктеледі. Кәсіпорын жетекшісінің міндеттері:
- өрт қауіпсіздігінің ережелерінің құрылыстық нормалар мен нысандарды салу, жобалау, пайдаланудағы нұсқауларды қатаң орындалуын қамтамасыз ету;
- кәсіпорында өрт күзетін, ерікті өрт дружиналарын, өрт дружиналарын, өрт-техникалық комиссияларын құру және оларды басқару;
- өрт сөндіру құралдарын жабдықтау;
- цехтардағы, зертханалардағы, базалардың өндірістік бөліктеріндегі, қоймаларындағы өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындау.
Әр кәсіпорын үшін жалпы нысандық және цехтың өртке қарсы нұсқаулары әзірленеді, нұсқаулармен таныстыру және өрт-техникалық сабақтар өткізіледі.
Кәсіпорындарды жоспарлауда ғимараттарға өрт сөндіру автомобильдерінің оңай жақындауы қажет. Жалынның ғимараттың бір бөлігінен екіншісіне таралуын болдырмау үшін өртке қарсы бөгеттер орнатады, олар өртке қарсы қабырғалар, өалқалар, жабулар, сонымен қатар өртке қарсы аймақ және су перделері болып табылады. Өртке қарсы бөгеттер жанбайтын материалдардан (отқа төзімділігі 2,5 сағаттан аз емес) жасалуы қажет.
Өрт кезінде үлкен қауіпті құрамында уландырғыш, ал кейде жарылыс қаупі бар заттары бар жану өнімдері түтін алады. Оларды жою үшін түтін люктары қарастырылады, олар бағытталған түтін жойылуын қамтамасыз
Бақылау сұрақтары:
Өрттер мен жарылыстар
Жарылыстың ғимараттарға, жабдықтарға, нысандарға әсері
Кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру
Өрт сөндіру құралдары
Достарыңызбен бөлісу: |