4. Ақпарат қайда сақталады?
Ұсынылатын әдебиеттер :
негізгі Әдебиеттер
Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002
Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000
Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997
Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997
Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995
Қосымша Әдебиеттер
Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS
WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001
Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004
Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998
Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997
Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001.
Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.
Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996
Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997.
Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998
5-Дәріс. ДК-де ақпаратты сақтаудың файлдық құрылымы
Дәріс сабағының мазмұны:
Файл түсінігі.
«Файл» түсінігі. Файл аты. Каталогтар. Файл спецификациясы. Файл атрибуттары. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою.
1. «Файл» түсінігі
Қазіргі барлық дискілік операциялық жүйелер дисктерде мәліметтерді сақтауға арналған файлдық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – кестелік.
Файл – бұл дискте сақталатын және аты бар ақпарат жиынтығы.
Файлдарды жиі екі категорияға бөледі: текстік және екілік.
Текстік адамның оқуына арналған. Олар символдар жолынан тұрады. Текстік файлдарда құжат текстері, программалау тілдерінде программа тексті және т.б. сақталады.
Текстік емес файлдар екілік деп аталады. Олар компьютерге ғана түсінікті, қандайда бір нақты программамен оқуға ыңғайлы түрде болады. Экранға қараған кезде бізге түсініксіз – кодтар шығады.
Әрбір программа (компьютерді қосқан кезде жүктелетін операциялық жүйеден басқа) осы программаны жүктейтін файлдың өз құрамында болады. Яғни орындаушы файл – оны орындауға жіберетін программаның басты файлы. Орындаушы файлдар әдетте com немесе .exe атты кеңейтілімі болады.
2. Файл аты
Операциялық жүйелер мен басқа программалар файлдармен қатынаста болу үшін олардың белгілеулері болуы керек. Осы белгілеулерді файл атауы деп атаймыз.
Файл аты екі бөліктен тұрады: атауынан және кеңейтілімінен (яғни файл типінен). Кеңейтілім атаудан нүкте арқылы ерекшеленеді.
Файл атауында 1-ден 8-ге дейін (MS DOS және Windows 3.1 операциялық жүйелері үшін) символдар болуы мүмкін. Файл атауы ақпараттандырылған болуы және сақталған ақпараттың мазмұнын көрсетуі керек.
Арифметикалық операцияларды, пробелды, қатынасты, пунктуацияны (* ? : ; < > + / \) қолдануға болмайды.
Файлдың кеңейтілімі файл атының элементі болып табылмауы да мүмкін. Тек кеңейтілім бойынша операциялық жүйе файлдың типі мен программаны анықтап, оның көмегімен осы файлды өңдеуге болады.
Дербес компьютерде жұмыс істеу кезінде бірнеше стандартты кеңейтілімдер қойылған:
ARJ – архивтік файл;
ВАК – файл көшірмесі;
BAS –Бейсик тіліндегі программа;
ВАТ – пакеттік командалық файл, орындаушы файл;
СОМ – командалық жүйелік файл, орындаушы файл;
DOC – текстік құжаттың файлы, мысалы Microsoft Word;
EXE – орындаушы файл;
HLP – анықтамалық ақпаратқа арналған файл;
PAS –Паскаль тіліндегі программа;
RAR – архивтік файл;
SYS – операциялық жүйенің мүмкіндігін кеңейтетін файл, мысалы драйверлер;
TMP – уақытша файл;
ТXT – текстік файл;
ZIP – архивтікй файл және т.б..
Файлдардың дұрыс атауларының мысалдары:
Progr1.exe
PROGR2.COM
tablica.TXT
dannye.doc
мой документ.doc (Windows 95 және одан жоғары жүйелерге арналған)
Дұрыс емес атаулардың мысалы:
Prog.text – кеңейтілім атауында 3 символдан жоғары
Prog.15.txt – екі нүкте қолдануға болмайды
Файлдар тобын белгілеу үшін шаблондар пайдалануға болады. Шаблон немесе нұсқа деп ауқымды символдар (шаблон символдары) пайдаланылатын файл атауы немесе кеңейтілімі аталады. Ауқымды симолдары * (жұлдызша) немесе ? (сұрақ белгісі) болып табылады.
Файл атауында (кеңейтілімінде) жұлдызша оның орнында атаудың (кеңейтілімнің) осы позициядан бастап соңына дейін кез келген белгілер тұруы мүмкін. Мысалы,
*.xls – барлық файлдар xls кеңейтілімімен (table.xls, document.xls)
forma.* –барлық файлдар forma атауымен (forma.doc, forma.txt)
d*.exe – барлық файлдар exe кеңейтілімімен, олардың атауы d (d1.exe, doc.exe) басталады.
Файл атауында (кеңейтілімінде) сұрақ белгісі берілген позицияда кез келген символ тұруы мүмкін дегенді білдіреді. Файл атауында (кеңейтілімінде) бірнеше сұрақ белгілері тұруы мүмкін.
Мысалы,
prog?.txt –prog сөзінен және бесінші позицияда кез келген символдан (progA.txt, prog1.txt) басталатын текстік файл.
3. Каталогтар
Файл атаулары каталогтарда (немесе директорияларда) дисктерде тіркеледі. Windows-та каталогтарды бума деп атайды.
Каталог – бұл файл аттары, файл өлшемі туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңартылуы, файл атрибуттары (құрамы) және т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын.
Егер каталогта файл атауы сақталса, онда бұл файл берілген каталогта орналасқан. Әрбір дискте бірнеше каталог болуы мүмкін.
Барлық каталогтар арнайы түрдегі файлдар болып табылады. Әрбір каталогтың өз аты бар және ол басқа каталогта тіркелуі мүмкін. Егер X каталог Y каталогта тіркелген болса, онда X - подкаталог (немесе бағыныңқы каталог), ал Y – надкаталог немесе Х үшін аналық каталог.
Әрбір дискте бір басты немесе түпкі каталог болады. Мұнда файлдар мен подкаталогтар тіркеледі.
Түпкі каталогтан бастап, ағаш бұтағы тәріздес қажет файлға немесе подкаталогқа дейін түсуге болады.
Әрбір каталог келесілерден тұрады:
тек файлдардан
тек подкаталогтар
файлдар мен подкаталогтар
бос
Түпкі каталогтың аты пайдаланатын дискілік құрылғының атауымен бірдей болуы керек. Егер қатты диск бірнеше бөлімшелерге C:, D:, ... бөлінген болса, онда оның әрбіреуінде бір-бірімен байланыспаған өз файлдық құрылымы құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |