Дәріс 12
(1 сағат)
Тақырып. Стационарлы емес кезіндегі жылуөткізгіштік
Дәріс сабақтың мазмұны
1 Тұрақты емес (стационарлы емес) кезіндегі жылуөткізгіштік процесінің сипатаммасы.
2 Аналитикалық шешімі.
3 суыту (немесе қыздыру) процесінің реттелетін жылулық режимі.
Тұрақсыз режимдегі жылу процесі тұрақты режимге қарағанда табиғат пен техникада жиірек кездеседі. Мысалы: машиналар мен приборлардың жұмысқа қосылуы кезіндегі сууы немесе қыздырылуы, режимнің тоқтатылуы немесе өзгерілуі; құрылыс элементтерінің температура өзгерісіндегі күйі өнімдер мен денелерді термиялық өңдеу; регенеративті жылуалмастырғыш аппараттардың жұмысы т.б.
Барлық тұрақсыз режимдегі жылуөткізгіштік процестер үшке бөлінеді:
- өтпелі-дененің тұрақталған күйіндегі бір нүктедегі температура екіншісіне дейін өзгереді:
- үздіксіз қыздырылғанда (салқындатылған)-температураның уақыт ішіндегі немесе кеңістіктегі шексіз өзгеруі;
- ауық-ауық температура кейбір шама айналасында ауытқиды.
Тұрақсыз жылуөткізгіштіктің практикалық есептерінің ішіндегі негізгілері болып екі топ процестер саналады:
- дене жылулық тепе-теңдікке ұмтылады;
- дененің температурасы ауық-ауық өзгеріп тұрады.
Бірінші процестер тобына берілген температурасы бар ортаға орналастырылған және өзінің бастапқы температурасы бүкіл көлемі бойынша тұрақты Т баст денені қыздыру (суыту) процестері жатады.
Екінші процестер тобына үздік-үздік жұмыс істейтін жылытқыштардағы процестер жатады.
Тұрақсыз жылуөткізгіштіктің есептерінің көптеген бөлігі мынаны анықтауға арналған:
- процестің басынан бастап белгілі бір уақыт ішінде дененің белгіленген нүктелеріндегі температураларды анықтауға;
- температурасы берілген нүктеде жүретін процестің ұзақтығын анықтауға;
- белгіленген нүктедегі берілген уақыт ішіндегі жылу ағынын анықтау;
- берілген уақыт ішіндегі денеге берілген және одан әкетілген жылу мөлшерінің толық шамасын анықтауға.
Бір өлшемді дененің (шексіз пластина, шексіз цилиндр, шар) барлық нүктелеріндегі температурасы бірдей және дене бетіндегі жылу берудің тұрақты коэффициенті болған кездегі тұрақсыз температура өрісін сипаттайтын теңдеу мынадай:
,
|
(1)
|
Достарыңызбен бөлісу: |