ПОӘК 042-14-1-05. 01. 20. 60/03-2010 №1 басылым орнына



бет3/29
Дата14.05.2017
өлшемі3,44 Mb.
#16256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Дәріс 2


(1 сағат)
Тақырып. Отынның түрлері
Дәріс сабақтың мазмұны


  1. Отынның түрлері.

  2. Ылғалдың отын құрамына әсері.

  3. Отынның жану жылулығының әртүрлігі.

4 Шартты отын.
Ағаш –қатты отын.Ағаштың құрамындағы көміртегі мен сутегінің құрамы,ішкі балластты құрайтын оттегі мен азотқа қарағанда аз(1-2٪). Ағаштың сапасына әсер етуші басты балласт болып ылғал саналады.

Жаңа кескен ағашта 50٪ылғал бар. Ағаштың жану жылулығы оның ылғалдылығына байланысты мына аралықта (8.4-12.5 МДж/кг)өзгереді.

Кепкен бұтақтар,сабан,шөп сияқты қалдықтардағы құрғақ заттар, олардың салмағының 65-75٪ құрайды.Сондықтан олардың жану жылулығы 14-16.5 МДж/кг құрайды.

Шымтезек деп су астында айрылып түзелген шөп және ағаш қалдықтарын айтады.Кептірілмеген жаңа шымтезектің ылғалдылығы 90٪дейін жетеді.Сол себепті,олардың жану жылулығы 8.4-10.5 МДж/кг құрайды.

Көмірлердің құрамында ылғал аз болу себепті, олардың жану жылулығы 21-25 МДж/кг жетеді.

Қарамайда ылғал өте аз болғандықтан, олардың жану жылулығы 40 МДж/кг.

Газтәрізді отындарда ылғалдың болмауынан, олардың жану жылулығы 33 МДж/кг жетеді.

Шартты отын



Отынның жану жылулығы үлкен дипазонда өзгереді. Ағаш және шымтезек үшін Q =10 мДж/кг, ал қара май үшін – 40 кДж/ кг. Отынның күлділігі мен ылғалдылығына байланысты олардың жану жылулығы да әртүрлі болады. Отындардың әртүрлі шығындарын өзара салыстыру үшін, «шартты отын» ұғымы енгізілген. Бұл шартты отынның жылулық мөлшері 29,3 мДж/кг тең.

1кг нақты отынды «шартты отынға» ауыстыру үшін, мынадай коэффициент К қолданылады: К= /29,3;

Мұндағы, - отынның төменгі жану жылулығы, мДж/кг;

Нақты отын - қарамайды шартты отынға ауыстыру коэффициенті К = 1,43; шымтезектікі К=0.25÷0.5; донецк көмірінікі К = 0,93; ағаштыкі К = 0,3; подмосковье көмірінікі К = 0,330.43; ал костраныкі К = 0,40,5 тең.
Өздік бақылау сұрақтары


  1. Отынның түрлері қандай болады?

  2. Ылғалдың отын құрамына әсері барма?

  3. Отынның жану жылулығының әртүрлігі немен түсіндіріледі?

  4. Шартты отын анықтамасын айтыңыз.

  5. Шартты отынды немен сипаттайды?


Қолданылған оқулықтар

  1. Бахмачевский Б.И. и др. Теплотехника. - М.: Металлургиздат., 1969. – б. 250-262.

  2. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 20-33.

  3. Ильин Е.И., Прянишников Н.С. «Теплотехническое оборудование заводов» - М.Легкая индустрия., 1967.- б. 72-75.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет