Дәріс 3
(1 сағат)
Тақырып. Ламинарлық және турбуленттік жану
Дәріс сабақтың мазмұны
Ламинарлық жану
Турбуленттік жану
Жалын
Атмосфералық жанарғылар
Жалынға берілген ауаның әсері
Жану процесінің механизмі
Турбуленттік жалын мен диффузиялық жану жалынының айырмашылықтары
Техникалық құрылғыларда газ бен ауа қоспалары ағынының жануы жүреді және оны жалын деп атайды.Жалын белгілі бір геометриялық түрде болуы мүмкін.Жану қарқындылығына және оның тұрақтылығына ағын қозғалысының түрі-ламинарлық немесе турбуленттік қозғалыс үлкен әсер етеді. Өзара араласпайтын газ бен ауа қоспасының жануын ламинарлық жану деп атайды.Бұндай жану негізінен,атмосфералық аз өнімді жанарғыларда(горелка) кездеседі.
Ламинарлық қозғалыс кезінде, газ қоспасындағы газдардың араласуы ақырын жүреді және бұл араласу молекулярлық диффузиямен жүреді. Осы кездегі жалын үлкен болады.Жалынның ең үлкен шамасы,ламинарлық режимде ағатын газ бен ауаның жану орнына жеке-жеке ағынмен келіп жануы кезінде пайда болады.
Жоғарғы молекулалы көміртекті газдар, жоғарғы температурада қарапайым қосылыстарға ыдырайды,осы кезде бөлшектерінің өлшемі өте аз (~0,3*10-3мм) болатын, күйелі көміртегін бөледі. Бұл бөлшектер қатты қызып, жалынға жарық береді.
Ауыр көміртектер жалынының жарығын, оған кейбір ауа мөлшерін араластыру арқылы өшіруге болады. Оттегі органикалық молекулалардың ыдырау қасиетін өзгертеді, көміртегі қатты түрде бөлінбей көгілдір, мөлдір жалынмен жанатын көміртегі тотығы түрінде бөлінеді.
Көп жағдайда газ тәрізді отындардың жану жалыны турбуленттік ағында таралады, оның ламинарлық ағыннан айырмашылығы мынандай: ағынның әрбір нүктесінде жылдамдық шамасы және бағыты бойынша да өзгереді, ал жеке ағыншалары араласады және бейбірекет қозғалыста болады. Жалынның турбуленттігі көп болған сайын, соғұрлым жалын майданы (фронт) тегіс болмайды және оның беттік қабатында көптеген майда жалындар пайда болады. Жалынның жеке ағыншалары, одан суықтау қосалқы ағыншаларымен және жанып болған қатты қызған өнім ағыншаларымен (17-9сурет) бірге қатар орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |