ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым



бет5/15
Дата01.04.2017
өлшемі4,59 Mb.
#12970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ТПП заңдары





Педагогтар мен оқушыларды, балалар мен ересектерді ТПП барлық қатысушыларының табысын қамтамасыз ететін бірлескен іс- әрекет беріктіреді.







Өз әрекеті арқылы бала әлеуметтік тәжірибенің мұрагері болады




Индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы әлеуметтену процесінде әлеуметке енуде дамиды




ТПП тәрбиелік тетіктері

Педагогикалық процестің заңдылықтары және оның құрылымы



ТПП қозғаушы күштері



Іс-әрекеттің түрлері: қарым-қатынас, ойын, таным, өнер, табиғатты қорғау




Күтілетін нәтиже: қоғамдық күтілетін нәтижелерге және индивидтің мұқтаждығына сәйкес оқушы тұлғасын қайта жаңаша құру




Сурет 6. 1 Педагогтар мен оқушылардың практикалық іс- әрекетінің теориялық негізі

Тақырып 7 Педагогикалық процестің заңдылықтары (1 сағат)
Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің космпоненттері мен заңдылықтарының арасындағы оның ішкі құрылымын көрсететін байланыстары туралы түсінікті қалыптастыру.

Міндеттер:

А) «Заңдылық» ұғымының мәнін анықтау;

Б) Педагогикалық процестің бөліктері арасындағы тұрақты байланыста заңдылықтардың бейнесін ашып көрсету;

В) Заңдылықтардың нақтылы көрінуінде принциптердің маңызын көрсету.



Жоспар

  1. Педагогикалық процестің заңдылықтары.

  2. Педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымы.

  3. Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар.

Педагогикалық процестің заңдылықтары

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту – тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.

Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауды болжауға мүмкіндік береді.

Мұғалімді дайындау сапасы тұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттері мен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі – құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.



Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін-өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процесте солардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н.Т., Афанасьев В.П., Блауберг И.В., Садовский В.Н., және т.б.):

  • қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсатқа ие, оның қызмет атқаруы мақсатқа сәйкестік сипатты білдіреді;

  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компоненттерден) тұрады;

  • жүйе тиым салушылық әкелетін ортада өмір сүреді;

  • жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оның қызмет істелуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы және ортамен байланысын көрсетеді;

  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;

  • жүйе басқару орталығы арқылы басқарылады (сурет 2)


оқушылар


Сурет 7.1 Педагогикалық процесс блоктарының өзара байланысы
Көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттауға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтауға және «ұстаздар – оқушылар» жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық түсінік болмаса қандай шешім қабылдауға қиын болатындығын түсінуге көмектеседі.

Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарында бейнеленеді. Процесс (латынның processus – қозғалыс) алға басу 1) жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай іс-әрекет істеу керектігін білуді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты.



Педагогикалық процестің компоненттері мен құрылымы.

Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компоненттері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта-қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев және т.б. зерттеген. Г.К.Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А.Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.

Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзаттық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтан да процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.

Педагогикалық процестің мәнін тереңдеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөлімдер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмірсуретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.

Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындағы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықталады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан өсіп түсінуде (Р.Г.Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал – мақсат) ретінде қарастырады.

Алайда мақсат – идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.

Егер идеал – мақсатқа жету ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртұтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат-міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.

Кейбір мақсат-идеал мен мақсат-міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйлестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда, оны субъект – субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықтан оқушылармен бірге жасау керек.

Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері таңдап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезеңдегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И.Ленин) бағытталуы керектігіне сендіреді. Маркарян Э.С. өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттерді меңгеруі керек.

Әрбір көрсетілген қабаттар өз ерекшеліктерімен көзге түседі. Материалдық ол мәдениет адамзат жасаған заттар жиынтығы материалдық құндылықтар (машиналар, саймандар, техника әртүрлі міндеттері бар объектілер). Бұл мәдениет қабатымен мұра болмайтын біліктер байланысты адамның бар материалдық құндылықтарды жаңа тәжірибеге енгізуге және жаңаны жасауға, мүмкіншілігіне себеп болады. Рухани мәдениетті, кейде оны интеллектуалды дейді, адамдардың айналада қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортада, ғылымда, өнерде белгіленген белгілі бір қабылдау мен бейнелеп көрсету дейгейін айтады. Әлеуметтік нормативті мәдениет адамдардың қоғамдық өмірлерін ұйымдастыру мен (экономикалық, құқықтық, саяси этикалық және т.б.) байланысты және ол әдетте мұра болмайтын жүріс-тұрыстарының әртүрлі формаларында материаланады. Мәдениеттің әрбір қабаты адамзат белгілі бір іс-әрекетте «орындаған».

Жалпы адамзат мәдениетінің әрбір қабатының ерекшелігі ең алдымен тұлғаның жан-жақты дамуы дәл адамзат мәдениетінің барлық байлығын меңгеруді талап етуін көрсетеді. Екіншіден мәдениет қабатының әрбіреуі, адамды дайындаудың бір жолын көрсетеді. Үшіншіден әрбір мәдени мұраның мазмұнының ерекшеліктері, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолдануға болатын, яғни индивидке мәдениет мазмұнын меңгеруге көмектесетін іс-әрекет түрлерін, құралдарды анықтау қажеттігіне бағыттайды.

Тұлғаның қалыптасуы адам тегінің (тек қана адамға тән) құралдарын, іс-әрекеттерін меңгермейінше мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің заттың өзінің жеке дара элементін адамзат іс-әрекетіне ауысуы, яғни адам өндірісте қалыптасқан іс-әрекетті айқындау (затсыздандыру). Ұстаз бұл тәжірибе қандай іс-әрекет тәсілдері арқылы жасалғанын анықтайды. Ал индивидтің іс-әрекет тәсілдерін меңгеру сол индивид тұлғасының өзгеруіне әкеледі (заттандыру). Іс-әрекет педагогикалық міндеттерді шешу көзқарасы жағынан ықпал ету құралы болады. Туған кезінен бастап даму үстіндегі индивидтің өміріне мынадай іс-әрекеттердің түрлері жүйелі кіреді: қарым-қатынас, ойын, еңбек (тұрмыстық, ақыл-ой, дене, өндірістік), өнер және табиғатты қорғау.

Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым-қатынас, ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал ету қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Тұлға іс-әрекет барысында қалыптасады, іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай екені белгілі. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет түрлері маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің өзі барлық адамның саналы өмір кезеңдерінде маңызды.

Жоғары айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады:



  • қандай да болмасын біршама аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады;

  • кешенді түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатымен міндеттерді мұқият үйлестіруді, жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді.

Бірақ мұғалім барлық оқушыларды іс-әрекеттерге қосудың барлық мүмкіншіліктерін қолдануға қызықпауы мүмкін емес. Сонымен бірге ол оқушылардың нақтылы өзара әрекеттерін қамтамасыз етуі керек. Демек, барлық бұрын педагогикалық процестегі нақтылы жұмыстың формасы, оған қатысушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін көрсетеді деген қорытынды жасауға негіз болады. Бірақ қалай болса солай еркін, формалды немқұрайлы таңдау жайлы егер бұрынғы бөлшектермен байланысты болмаса (мақсат, міндеттер, мазмұны және іс-әрекеттер түрлері) әдетте айыпталмайды.

Біршама консервативтік болғанмен, яғни уақыт өткен сайын аз өзгеретін таңдап алынған жұмыс формасы қойылған міндеттерді шешуге белгілі бір әдіс, тәсілдерді қолдануды талап етеді. Нақтылы педагогикалық процесте бұл әрқашанда нақтылы тапсырмаларды (жүктелген, міндет, іс) орындаумен байланысты. Ұстаз үшін «еңбегін затын» талдау (ол үшін оқу еңбегінің мазмұны болады) оқылатын материалды меңгеру үшін оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері ерекшеліктерін айқындауға қажет. Оқушылар үшін таным іс-әрекетінің «еңбек құралдары» (әдістер мен тәсілдер) олардың оқи алуы үшін, енді үйренуге керекті заттар. Сонда олардың педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс аймақтарына белсенді қатысу мүмкіншілігі шындыққа айналады. Сондықтан, егер формада (өзара әрекеті ұйымдастыруда) ынтымақтастықтың объектитвті алғы шарты ішінде болса, онда олар балаларды іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы белгілі бір жеке алынған әрбір оқушыға немесе топқа арналған тапсырмаларды орындауда жүзеге асырылады (Котов В.В., Лийметс Х.И., Дежникова Н.С., Первин И.Б., Хан Н.Н.).

Педагогикалық процесс компоненттерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігін көрсетеді, оны ескерілмейінше педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес. Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды нақтылы жағдайларды да анықтауды шамалайды. Педагогикалық процестің заңдылықтары қандай да болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп-салдар детерминдікпен, жалпылықпен сипатталады. Заңдылықтар объективті осы процеске қатысушылардан – олардың ұнамды көңіл-күйінің тілектерінен тәуелсіз.

Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігін эмпирикалық жолмен басқалары теориялық жолмен анықталса, өзгелері теориялық экспериментальдық жұмыстарды орындау барысында анықталды. Егер заңдылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол 3 себептен ұтымды болды. Анықталған заңдылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін, өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте түседі. Ең ақырында қандай да болмасын процестің заңдылықтарын тану оны басқару мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.

Педагогикалық ғылымда хх ғасырдың 20-шы жылдарында тәрбиенің заңдылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.). Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан тыс уақытындағы (болдырев Н.И., Щукина Г.И., Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) заңдылықтары зерттеледі. ХХ ғасырдыің соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына шолу жасалған (И.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин).

Педагогикалық процестің заңдылықтары «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысты (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген сбеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.



Сондықтан да педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:

  • оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

  • педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

  • педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

  • оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

  • педагогикалық процестің қызметі онық жасалуы мен ұйымдастырылуы оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

  • педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір бірінен бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;

  • педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге бағытталған;

  • педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Заңдылықтар педагогикалық процестің ішікі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процестің негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеледі.

Барлық педагогикалық процестің заңдар мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін болды.



Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептелінеді, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:

  • педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;

  • іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

  • педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

  • педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

  • педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;

  • оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;

  • ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларғңа қоятын талаптарының үйлесімділігі;

  • әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • оқушы тұлғасы мен ұжымының дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.

Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланысты болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін (2 суретті қараңыз).


Оқу

ұстаздар

Формалар

әдістер мен тәсілдер


Сурет 7. 2 Педагогикалық процестегі компоненттердің өзара кестесі
Суретте тілдің екі бағыты көрсетілген. Сағат тілі бойынша оқушылардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуы көрсетілген, керісінше бағытта педагогикалық процесте жаңылысқан жерін тауып алу үшін қозғалыс.

Педагогикалық процестегі тұлға аралық қатынастар. Педагогикалық процестің теориялық моделін жасау қалайша оның мәнінде тәрбиенің нәтижесіне қол жететіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Әдеттегі қалыптасқан көзқарас бойынша, әсіресе жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі рөл атқарады: пән мұғалімі және сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекетін көбінесе оқылатын материалдар мазмұнымен байланыстырады немесе оқушыларды қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Сөзсіз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден меңгерілетін пәннің мазмұны қаншалықты қоғамның даму деңгейіне, оның мүддесіне сай келетіндігіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықты табмғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік заңдылықтарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты.



Кезінде А.С. Макаренко, тұлға кемшілігін оның қоғамдағы қатынастарындағы кемшіліктерімен байланысты деген болатын. Демек, процестің негізгі тәрбиелік тетіктерін оқушылардың қалыптасқан қатынастары кеңестерінен іздестірген жөн (3 сурет).

ІІІ


Сурет 7.3 Педагогикалық процесте оқушының қарым-қатынас (тәрбиелік тетіктері) жүйесі
І – ата-ана мен балалардың арақатынасы

ІІ – мұғалім мен оқушылардың арақатынасы

ІІІ – сыныптас және құрбы-құрдастар арақатынасы
Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесінде оқушы үшін екі негізгі қатынастың маңызы бар. Ол мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара қатынастар және оқушылардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастары. Сондақтан да жалпы білім беретін мектептің педагогикалық процесіне сәйкес екі бір-бірін өзара толықтыратын және өзара әрекетте болатын тәрбиелеуші тетіктері туралы айтуға болады.

Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұғалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Бастауыш мектептерде мұғалімнің оқушыларға қатынасының маңыздылығының арта түсуі кездейсоқ емес: себебі кішкентай оқушы өмірінде мұғалімнің маңызы зор, оның тәжірибесінің, даналығының маңызы зор, оның жетістіктері қандай мұғаліммен кездескендігінен қатты байланысты оқушыларды бірте-бірте өзінің білім көлемі, тәжірибесі жинақталады, тұрақты қатынас өрісі қалыптасады, мұғаліммен қатынасының маңыздылығы төмендейді. Бірақ жоғары сыныптардың өзінде де толық жойылмайды.

Бірақ зерттеулердің (А.С.Макаренко, Т.Е.Конникова, Л.И. Новикова, М.Н.Шульц және т.б.) мұғалімнің оқушылармен іскерлік ынтымақтастығында балаларға еркіндік беруімен іс-әрекет тәсілдерін оқу барысында тактикалық көмек көрсету арасында тепе-теңдіктің керегі анықталады. Балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдасуға келеді, себебі қадір құрмет және шебер тактикалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мұғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады.

Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығы да кем емес. Бұл оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынастары Н.К.Крупская өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындағы қатынастардың тәрбиелік рөлі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С.Макаренко нақтырақ болды ол: «Ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек» дейді.

Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатынастардың өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін.

Бұл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс-әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, арнайы ұйымдастырылған ерекше бір іс-әрекет ретіндегі олардың коллективтік қатынастары оқушыларды бір-бірін тұлғаліқ қабылдау мәдениетін мақсатты тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзіндік жүріс-тұрысын өзі реттеу және әлеуметтік тиімді өз орнын табумен байланысты.

Оқушылардың өзара әрекеттерімен байланысты тәрбиелеуші механизмінің мәні сол бұл тетік, бірінші көрсетілген тетік сияқты, тек іс-әрекет болғанда ғана пайда болатынында және қызмет атқаруында. Сонымен қатар іс-әрекет ұжымдық және мұқият ұйымдастырылуы керек, сонда ғана іскерлік ынтымақтастық пен жауапкершілік қатынастарды қалыптастыру үшін алғы шарты жасалынады.

Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекет пен оның ерекшеліктері) өте маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. «Заңдылық», «принцип» деген ұғымдардың мазмұнын анықтаңыз. Бұл ұғымдарды «тәрбие», «педагогикалық процесс» деген ұғымдармен не байланыстырады?

  2. Неге мұғалім педагогикалық процесті ұйымдастырудың задылықтары мен принциптерін білуі керек?

  3. Нақтылы жағдаяттар негізінде педагогикалық процестің заңдылықтарының рөлін көрсетіңіз.

  4. Ұстаздар мен оқушылардың іс-әрекетін педагогикалық процестің қай бөліктері көрсетеді?

  5. Әлеуметтік тәжірибенің мазмұны неден тұрады?

  6. Адамзаттың әлеуметтік нормативтік мәдениеті қалай меңгеріледі?

  7. Педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктеріне сипаттама беріңіз.


Әдебиеттер

  1. Вопросы обучения и воспитания / сост. Э.Г.Костяшкин. М., 1972

  2. Ленин В.И. Философские тетради ПСС, т.29.

  3. Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Собр. Соч. В 7 т. Т.5. М., 1958.

  4. Проблемы методологии педагогики, методологического исследования / Под ред. М.А.Данилова и Н.И. Болдырева, М., 1971.

  5. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: Ғалым, 1988.


Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар


  1. Тақырыптың негізгі ұғымдары дамуының мазмұндың хронологиялық кестесін жасаңыз.

  2. Біртұтас педагогикалық процестің заңдылықтарына жағдаяттарды таңдап алыңыз.

  3. Өзін талдау схемасын мұғалімінің педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптерін басшылыққа алып жасаңыз.

  4. Оқушылардың сыныптары мен өзіне қатынасын бағалау үшін керекті тапсырмаларды құрастырыңыз.

  5. Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама, талдау дайындаңыз.

  6. Социограмма негізінде сыныптағы тәрбиелеуші тетіктердің әсерінің педагогикалық міндеттерін үйлестіріңіз.

Тақырып 8 Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері (1 сағат)
Максаты: тәрбиенiң әдiснамалық негізін айқындау.
Міндеттерi:
а) Педагогика теориясы мен тарихындағы ой-пiкiрлердегi тәрбие максатының дамуын ашып көрсету.
ә)Тәрбие максатының мәнiн ашу.
б) Жан-жакты‚үйлесiмдi тәрбиенің максат, мiндет, мазмұнының өзара байланысын ашу, тәрбиемен әлеуметтендiру процесiн үйлестiру.
Жоспар:
1.Педагогика тарихындағы ой-пiкiрлердегi тәрбие мақсатының мәселесi.
2.Тәрбие мақсаты туралы түсінік.
3.Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Мәдениеттану, педагогика тарихы.
Педагогиа тарихындағы ой - пiкiрлердегi тәрбие максатының мәселесi. Тәрбие мақсаты төңiрегiндегі пiкiрталас ежелі дәуiрдің өзiнде-ақ басталған. Ежелгi ойшылдар тәрбиенiң мақсаты iзгi, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсiндi. Ал, «рақым туралы пiкiрде олардың ойлары бiр жерден шыкпады. Сократтьң түсiнiгiнше, тәрбиенiң мақсаты- заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзiңдi тану, аса құлықтылықты жетiлдiру. Сократтың шәкiртi Платон ақыл-ой, ерiк және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас бiлдiрдi. Ол тәрбиенi өкiметтiң өзi ұйымдастыру керек, үстемдiк етуші топтар — философтар мен жауынгерлердiң талап-тiлегiне сай жұмыс iстеу деп түсiндi. Платонның шәкiртi Аристотель, тәрбиенiң максаты жан рақымы акыл-ес псн ерiк-жiгердi дамыту деп білдi.
Я.А. Коменский тәрбиенің кушiне сендi, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы кажет: өзіңдi және қоршағак ортаны тану (ақыл-ой тәрбиесi) және құдайға сиыну (дiни тәрбие). Дж. Локтың ойынша, тәрбиенiн негiзгi максаты джентельмендi өз iстерiн акылмен және байыппен жүргізетiн адамды қалыптастыру. Ж.Ж. Руссо қоғамдык құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие максаттарының бағыт-ұстанымынан айныған емес.
И.Г. Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш-қуаты мен қабiлеттiлiгiн дамытуға негiзделудi, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесiмдi болуының биігінен көрінуі. кажеттiлiгiне тоқталса, ал ИФ. Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рахымды адамды калыптастыруға, қалыптаскан карым-катынастарға бейiмделе алатын, қоғамдағы белгiленген тәртiптi сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйiнге келедi. Тәрбиенiң ең жоғарғы максатын А.Дистервег «акиқат, сұлулык және мейiрiмдiлiкке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.Ресейде, социал-демократтар тәрбие мақсаттары туралы өз көзқарастарын әлемге ұсынды. ХIХ г. 40-жылдарында В.Г. Белинский крепостнойлық право мен патшалык саясатка карсы күрескердi тәрбиелеу деп жазды. АМ. Герцен тәрбие мақсаты - коғамдағы «әдiлетсiздiкпен күресетiн еркiн ойлы, адамгершілiгi мол, қайраткер, жан-жақты дамығал тұлғалны дайындау деп санады.Бiз ақыл-ойдың дамуына таныммен қатар адамгершiлiк тәрбиенiң міндетi анағұрлым маңызды- деп,К.Д.Ушинский жазды.
Сол себептi, бүгiнгi тәрбиенiң максатын әлеуметтендiру мәселелерiмен бiрлiкте қарастыру өзектi мәселелердiң бiрi екенiне ерекше мән берген орынды.
Тәрбие максаты туралы түсiнiк. Тербие максаты — ол педагогикалық процесс пен қоғамнаң қажеттiлiгiне қарай өзгерiп отырады. Тәрбие максаты қоғамның әлеуметтiк сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсiби дайындығына байланысты келедi. Ұстаздың қызметi мақсаттылығынан басталса оқушылар оку iс-әрекетiнің мақсатын нақты ұгына отырып, тапсырманы орындауын бастайды

Тәрбие мақсаты — бұл қоғамның бетбұрысына, кандай мұраттарына қол жеткiзуiне бағытталған. Тәрбие мақсаты — педагогиканың ең маңызды мәселесi. Мақсат-тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесiнiң сипатын айқындаушы ретiлде көрiнедi. Мақсат пен мiндет бүтiн және бөлшек ретiнде ара қатынаста болады, жүйесi мен оның компоненттерiне тәуелдi. Қорыта айтқанда, тәрбиенiң мақсаты нақты тәрбие мiндеттерiнiң жүйесi.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердiң қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгiлi заңдылыққа негiздеудi есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бiрге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзiнiң қажеттi талабы мен мүддесiнің маңыздылығьн ұдайы есепке алу жұмыстың дұрыс жүруiне кепiлдiк бередi. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгiлi бiр функцияларын жүзеге асыру процесiнде олардың уәждiк қажеттiлiгiнен туады. Қоғам қажеттiлiгi өндiрiс тәсiлi мен өндiрiс күшi және өндiрiс түрi қатынасының даму деңгейiмен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатыньң нәтижесi әрқашан қоғам дамуының жетiстiк деңгейiн бейнелейдi, ал өндiрiс тәсiлiн өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нактылау үшiн, тәрбие мақсатының қоғамдык-экономикалық қатынас түрiне байланысты екенiн атап өтемiз.

Тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендiру. Әлеуметтік ұғым психология, философия және педагогикалық еңбектерде кеңiнен қолданылады. «Әлеуметтендiру» ұғымы адамды әлеуметтiк қарым-қатынастар жүйесiнде әр түрлi әлеуметтiк бiрлiктердiң (топтар, институт, ұйымдар) түрлерiне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.
Әлеуметтендiру — мәдени элементтердi түсiндiру, әлеуметтiк мұраттар мен құндылықты игеру негiзiнде жеке тұлға қасиеттерiн қалыптастыру. Сөз жоқ, әлсуметтендiру жүйесiнің мазмұны қоғам талабымен айқындалатындығы, яғни оның мүшелерi қоғамның маңызды салаларын бiлу, өндiрiстiк қызметке қатысу, берiк үйелмен, заңды басшылыка алатын азамат болуы қажет. Адамдардың мiнез-құлкы әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қалады. Бiрақ, адам бұл процестiң объектiсi ғана емес, субъектiсi болған жағдайда ғана әлеуметтенедi.
Әлеуметтендiру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезеңінде бiрте-бiрте игеруi, сана мен тәртiпттiң маңызды әлеуметтiк мiнездерi, оның қоғаммен қарым-қатынасын реттейдi.

Ғылымға адамды «әлеуметтендiру» терминi саяси экономикадан келдi, оның ең алғашкы мағынсын жердi, өндiрiс құралдарын <қоғамдастырудан> басталды. әлеуметгендiрудiң адамға тәуелдендiрген автор американдық әлеуметтанушысы Ф.Г.Гиддингс, (1887 ж.) өзiнiң «Әлеуметтендiру теориясы» кiтабында, бұл ұғымды қазiргi ұғымға жақндастыра қарап: адамның әлеумсттiк табиғи мінезiн дамыту немесе индивидтiң мiнезiн, жалпы адамды әлеуметтiк өмiрге дайындау.


Тұлғаның әлеуметтiк даму барысында қоғамда адам өзiн тұлға ретiнде сезiнедi. Бұл тәрбие, бiлiм және өзiн-өзi тәрбиелеу жағдайында, адам өздiгiнен алдына мақсаттар белгiлеп, оған жетуде өзінің бедел-сезiмiн түсiнедi, қоғамдағы өз орнына сенiмдi.


Тәрбиенің әдіснамалық негізі


Мақсат – міндет - жеке тұлғаны дамыту мазмұны





Қоғамның қажеттілігі (өндіріс күші, өндірістік және әлеуметтік қатынас)

Жеке тұлғаның қажеттілігі




Әлеуметтендіру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әлеуметтік автономизация мега, макро, мезафакторлар

міндеті


Әлеуметтік тапсырыс

Индивидтің жеке мақсаты - пікірлесу өзін-өзі тәрбиелеу

Мұғалім

Іс-әрекет

мақсаттылық


Оқыту жүйесі


Оқушылар



Тәрбие процесі

Жеке тұлғаны дамыту




Сурет 8.1 Тәрбиенің мақсатының әлеуметтік негіздері

Өзiне-өзi бақылауға арналған сұрақтар:

1.Тәрбие мақсатының мәнiн ашыңыз.


2. Тәрбие мақсатының әдiснамалық қалыптасу негiзiне сипаттама беріңіз.
3. Тәрбие, «тәрбие мақсаты», «персонализация»түсініктерді айқындау.

Әдебиеттер:

1.Васклькова Ю.В., Васклькова ТА. Социальная всдаготика: Курс лекций. М., 1999.


2. Мудрик А.В. Социальная псдагогкка. М., 1999.
3. Муканова Б.И. Педагогическое руководство формированием социальной активности подросткон. Алма-Ата, 1990, 69 с.
4. Ушинский К.Д. Человек как предмет воспитания опыт педагогической антропологии. Пед. соч. В.2 т.т. Т.1. М.,
1974, с 84.
5. Хмель Н.д. Теоретические основы профессиопальной подготовки учителя. Алматы, 1998, с 27.
6. Фромм З. Иметь или быть. (пер.с англ. — М. Прогресс, 1989, с 29
Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар :
1. Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схсмасын құрастыру.
2. Сынып ұжьмының сипаттамасы бойыншаа тәрбие мақсатаына ықпал ететiн негізгi факторларды атаңыз.

3.Тұлғаны әлеуметтендіру әр түрлі екі позициядағы тәрбие мақсатына мысал келтіріңіз.


Тақырып 9 Тәрбиенің мазмұны (1сағат)
Мақсаты: Қазіргі заманғы мектепте тәрбиенің негізгі түрлері және олардың өзгешеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

а) «Тәрбие мазмұны» ұғымының мәнін ашу. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастарын ашу.

ә) Тұлғаның үйлесімді дамуы туралы түсінік беру.

б) Тәрбие түрлерінің топтасуымен таныстыру.

в) Тұлғаның қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің ролін ашу және оның негізгі тәсілдерін сипаттау.

Жоспар:

1.Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары.

2.Тұлғаның жан-жақтылығы оның адамзат мәдениетін меңгеруіне байланысты дамуының мазмұнды сипаты ретінде

3.Тәрбиенің түрлері және олардың өзгешеліктерінің сипаттамасы.

4.Өзін-өзі тәрбиелеу туралы, оның тәсілдері туралы түсінік.

Тәрбие мазмұнының мәні. Тәрбие мақсатының, міндеттерінің және мазмұнының диалектикалық өзара байланыстары мен қатынастары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде тәрбие мазмұны ең маңызды және көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырды.

Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.

Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.

Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.

Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.

Тәрбие мазмұны – әр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс, сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері қажет.

Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналасқан.

Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі. «Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс» - деп кезінде К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген. Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.

Тәрбие мазмұнының мәселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты. Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады. Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі бағыттарын ашып көрсетеді.

Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.



Әдебиеттер

1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы.,1998.Корчак Я. Воспитание личности: Кн. Для учителя М. : 1992. – 287 с. стр 51.

2. Гершунский Б.С. Философия образования для XXI века. – М. 1985.

3. Жампеисова К.К. Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы. Алматы., 1993.

4. Педагогика. Уч.пособие для студентов пед.вузов и пед.колледжей /под ред. П.И. Пидкасистого. – М.: 2004. – 608 с.Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. – Алматы: 1998. – 320 с.

5. Психология и педагогика. /Под ред. С.А. Хмелевской. 2002. – 176 с.

6. Станкин М.И. Психология общения: курс лекций. – М.: 200. –304 с.
Тақырып 10 Тұтас педагогикалық процесте жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру (1 сағат)
Мақсаты: дүниетаным қалыптасуының теориялық-әдіснамалы? негiздерiн, оның индивидтiң қызмет-әрекетiндегi орнын айқындау.

Мiндеттерi:

а) “дүниетаным” ұғымының мәнiн анықтау;

ә) жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының әдіснамалы? және психологиялық негiздерiн айқындау;

б) оқушы тұлғасының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру заңдылықтарын ашу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет