ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым


Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу



бет7/15
Дата01.04.2017
өлшемі4,59 Mb.
#12970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Мақсаты: педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері жүйесінің мәнін ашу.

Міндеттері:


а) тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері, түсініктері туралы жалпы сипаттама беру;

ә) тәрбиенің құралдары формалары мен әдістерін оқу және оқудан тыс уақытта пайдаланудың ерекшелігін негіздеу;

б) тәрбие әдістерін жіктеудің түрлеу негіздерін сипаттау;

в) тәрбие әдістерінің негізгі топтарының мәнін ашу.

г) тұтас педагогикалық процесте тәрбиенің формалары мен әдістерінің өзара байланысын көрсету.

Жоспар:

1. Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік.

2. Тәрбие әдістерінің жіктелуі.

3. Сананы қалыптастыру әдістері.

4.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері.

5. Ынталандыру әдістері.



Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері туралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).

Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.

Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.

Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.

Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.

Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:

- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);



  • тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);

  • таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)

  • оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).

Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.

Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.



Педагогикалық процестің қозғаушы механизімінің негізгі компоненттерінің өзара байланысы кесте түрінде 1 суретте.


Сурет 11.1 Педагогикалық процесте тәрбиенің, формаларының құралдарының, әдістерінің, түрлерінің өзара байланысы (қозғаушы механизмді жүзеге асыру).
Педагогикалық процестің қозғаушы тетігі сияқты құрал, форма әдістердің оқу кезінде және оқудан тыс кезде қолдану аясына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу процесінде негізгі әрекеттің түрі таным болып табылады. Бірақ іс-әрекеттің басқа түрлері (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б. ) оқу кезінде қолданылмасада керісінше әр түрлі іс-әрекет түрлері оқушының тұлғалық интелектісіне ғана әсер етіп қоймайды. Оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын элементтерімен, өнер құралдарымен, қарым-қатынаспен сабақтасып жатады. Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ғана емес,оқушының бір-бірімен өзара қарым-қатынасыпедагогикалық технология, ұжымдық танымдық іс-әрекет мысал бола алады.

Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әр түрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.



Сабақ – оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.

Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әр түрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.

Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.

Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.



Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке келтіру, яғни жіктеу қажет.

Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.

Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әр түрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:


  • жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;

  • оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі– өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;

  • жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.

Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.

Осы қағидалар бойынша кей әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағұлматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықтың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты мазмұнды, процессуалдық жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

-жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

-іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

-мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.

Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістеріне: түсіндіру, баяндау, сендіру, насихат, әңгіме, лекция, этикалық әңгіме нұсқау беру, пікір сайыс, баяндама, дебат, үлгі жатады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістеріне: жаттығу, әдеттену, педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, тәрбиелік ситуация (сюжеттік рольдік, іскерлік) ойындар.

Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне:жарыс, мадақтау, жазалау жатады.



Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.

Бұл топтағы әдістердің сезімдерді, көңіл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Осылайша, жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.

Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әр түрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ескі мектепте, мысалы, бұл үшін ғибратты әңгімелер, нақылдар, мысалдармен қоса оқушыларға қажетті білімді жеткізудің басқа да жанама және көркем тәсілдері кеңінен қолданылған қорытындыны оқушылардың өздері жасауы тиіс. Қазіргі мектепте ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою, насихат, нұсқау) жиі қолдануда.Бұндай әдістердің нәтижесі өте төмен. Тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Крыловтың мысалдарына, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, иландыру, сендіру мысалдар кеңінен қолданыс табуда.

Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен қолдану аясы бар. Сырттай оңай болып көрінгенімен, олардың әрқайсысы мұғалімнің жоғары білімін талап етеді. Олар жүйелі түрде, бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Сөз бен сезім арқылы әсер ету әдістерінің ең күрделілерін қарастырайық.



Этикалық тақырыптағы әңгіме көбінесе, төменгі және орта сыныптарда қолданылады. Бұл дегеніміз адамгершілік мазмұны бар деректер мен оқиғаларды әсерлі де қызықты етіп айту. Жақсы әңгіме оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсінуге көмектеседі, сезімге әсер етіп, әңгімедегі оқиғаларға деген оқушылардың оң не теріс қатынасын қалыптастырады.

Этикалық тақырыптағы әңгіменің нәтижелі болуы мынаған байланысты:

- әңгіме мазмұнының оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болуы;

- әңгіменің қызықты, әсерлі, түсінікті болуы, онда адамгершілік ой-пікірлермен қоса мысалдардың, жағдайлардың болуы;

- әңгімені оқу барысында әңгіме-сұхбаттың жүргізілуі; оқушылардың әңгімені талдауға атсалысып, өздерінің ой-пікірлерін білдіре алулары өте маңызды;

- әңгімеге қоса суреттерді қолдану (бейнелеу өнерінің туындылары, фотографиялар); әңгімені дұрыс қабылдауда музыканың орны ерекше;

- мазмұндама тілінің әдеби сауатты болуы.

Этикалық әңгімені қабылдауда бөлме ішінің жабдықталуының да маңызы бар. Жоспарланған әңгімелер жайлы бөлмелерде, оқушылар ешқайда асықпаған еркін жағдайда жүргізіледі. Этикалық әңгімеден кейін оқушылар мазмұны мен көңіл-күйі жағынан өзгеше бір іске (мысалы, спортты? жарыс) кірісіп кетсе, әңгіменің тәрбиелік мәні төмендейді.

Күнделікті тәжірибеде тәрбиелік процесте түсініктеме жиі қолданылады. Бұл оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі. Түсініктеменің әңгімеден өзгеше маңызды белгісі – оқушыларға немесе жеке тұлғаға қандай да бір жағымсыз жағдайлар бойынша әсер ету. Түсініктеменің әдіс-тәсілдері әр түрлі: төменгі сыныптарда «Былай істеу керек» деген сияқты тура пайымдаулар, жасөспірімдермен жұмыс кезінде терең мотивация, белгілі бір адамгершілік ұғымдарының қоғамдық мәніне түсініктеме беру қажет.

Түсініктемені оқушыларға мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын түсіндірудің қажеттілігі туындаған жағдайда ғана қолдану керек. Бірақ мектептегі, көпшілік орындардағы қоқыс тастауға, түкіруге, партаға сурет салуға, дөрекілік жасауға болмайды деген сияқты күнделікті мінез-құлық нормалары туралы сөз болғанда түсініктемені қолданудың қажеті жоқ. Мұнда үзілді-кесілді талап ету қажет. Түсініктеме қандай да бір жаңа адамгершілік қасиетті, оқушылардың белгілі бір әрекетке деген дұрыс қатынасын қалыптастыру үшін қолданылады. Түсініктеме көбінесе сендіруге негізделеді. Сендіру оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастырады. Ол ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылады.

Тәрбие тәжірибесінде түсініктеме мен сендірумен қоса кейде насихат сияқты әдіс қолданылады. Оқушының бойындағы жағымды қасиеттерге сүйену: абырой, ар-намысы мен ұяты сияқты насихатты дұрыс қолданудың алғы шарттарын қалыптастырады. Бұл әдістің педагогикалық нәтижелілігі мұғалімнің беделіне, оның жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты.

Сананы қалыптастырудың аталған әдістерін (әңгіме, түсініктеме, сендіру, насихат) ретсіз қолданғанда ол үгіттеуге айналады. Мұндай жағдайларда олар оқушы бойында қарсы әрекет, мұғалімнің тілегіне кері әрекет ету ниетін оятады.



Этикалық әңгіме-сұхбат дегеніміз адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бір ізді талқылау түрі. Әңгіме-сұхбаттың жай әңгіме мен нұсқаудан айырмашылығы онда мұғалім оқушыларды өз ой-пікірлерін, көзқарастарын, бағаларын білдіруге шақырады. Әңгіме-сұхбат теңдік пен ынтымақтастық негізінде құрылады. Этикалық әңгіме-сұхбаттың мақсаты – адамгершілік түсініктерді тереңдету мен бекіту, білімді қортындылау, адамгершілік көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. 5-8 сынып оқушылар тәрбиесінде әңгіме-сұхбаттың алар орны ерекше, өйткені баланың өзіндік ой-пікірлері, көзқарастары мен сенімдері осы жаста қалыптасады.

Этикалық әңгіме-сұхбатқа оқушылардың белсенді қатыса алуы үшін оның жоспары мен негізгі мәселелері оқушыларға алдын-ала беріледі. Баяндамалар алдын-ала дайындалады. Әңгіме-сұхбат кезінде оқушылар жағдайлар бойынша қойылымдар ойнайды. Алдын-ала әдебиеттер тізімі беріледі, оқушылар өмірден немесе әдебиеттерден деректер мен мысалдар жинастырады. Жүргізуші (әдетте сынып жетекшісі) баяндама жасап, әңгіме-сұхбатқа қатысушылар алдына мәселелер қояды, олардың белсенділігін оятады, әр түрлі көзқарастарды тыңдап, оқушыларға баяндамаларға баға беруді ұсынады, айтылған ой-пікірлерлі толықтырып, түзеп, қортындылайды, әңгіме-сұхбаттың қортындысын шығарады. Әңгіме-сұхбаттың сол әңгіме кезінде талқыланған мінез-құлық ережелерін жүзеге асыра алатын шынайы пайдалы іспен аяқталуы оң нәтиже береді.



Этикалық әңгіме-сұхбаттың нәтижелі болуының шарттары:

- әңгіме-сұхбаттың мәселелік сипатта болуы, яғни көзқарастар мен пікірлер таласы;

- әңгіме-сұхбат тақырыбының күкейкесті, оқушылар тілек-талаптарына сай болуы;

- әңгіме-сұхбат мазмұнының оқушылардың тәжірибесі мен жас ерекшеліктеріне сай болуы;

- әңгіме-сұхбаттың оқушыларды өз ойын жеткізуге, басқалардың пікірін сыйлауға, шыдамдылықпен әрі дәйекті түрде дұрыс көзқарасты қалыптастыруға үйретуі;

- әңгіме-сұхбат лекцияға айналмауы керек (мұғалім ғана сөйлеп, оқушылар тыңдап отырады);

- әңгіме-сұхбаттың жағымды әрі жайлы ортада жүргізілуі; оған әңгіме-сұхбат жүргізілетін бөлменің іші, дауыстың сенімділік ырғағы, оқушылар жауабын ден қойып тыңдау, дұрыс жауаптарды мақтап, дұрыс еместерін сыпайы түрде түзету, орынды айтылған әзіл-сықақ, мазмұнның дұрыс таңдалып алуы жағдай жасайды.

Осындай алдын-ала дайындалған (жоспарлық, бағдарламалық) әңгіме-сұхбаттардан басқа ұжымдағы пайда болған қиыншылықтарға байланысты жоспардан тыс, ауық-ауық әңгіме-сұхбаттар да жүргізіледі. Әңгіме-сұхбаттың ерекше бір түрі – әңгіме-экспромт, ол аяқ асты пайда болған жағдайларға байланысты жүргізіледі. Жеке дара этикалық әңгіме-сұхбаттар (көбінесе тәрбиесі төмен оқушымен) жоғары білімділікті талап етеді. Жолдастарының алдында мұндай әңгіме-сұхбат өте қықа болуы қажет, оқушының абыройы тапталмау керек. Мұндай әңгіме-сұхбатты сырласу ретінде жүргізу нәтижелі болады. Егер оқушы өз кінәсін түсінсе, әңгіме-сұхбаттың қажеті де жоқ. А.С. Макаренко мұндай амалды кейінге қалдырылған әңгіме-сұхбат деп атаған.



Пікірсайыс–сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі. Пікірсайыс дегеніміз оқушыларды толғандырып жүрген тақырыптар бойынша әр түрлі пікірлерді қалыптастыратын пікірталас. Пікірсайыс орта және жоғарғы сыныптарда адамгершілік, саяси, экономикалық, экологиялық, эстетикалық тақырыптарда жүргізіледі.

Пікірсайыстың тақырыбы тыңдалып алынғаннан кейін, өзіндік пайымдауды қажет ететін 5-6 сұрақ белгіленеді. Пікірсайысқа қатысушыларды осы сұрақтармен тыныстырып (сыныпта немесе мектеп қабырғасына іліп қойып), әдебиеттер ұсынылады. Пікірсайыстағы баяндама еркін әрі қызу болуы қажет. Пікірсайыс жүргізушісі қызметін, әдетте мұғалім атқарады, бірақ ерекше дайындығы бар оқушылар да жүргізуші бола алады. Пікірсайыс кезінде мұғалім оқушылардың айтысын бағыттап, олардың ойларын тәртіпке келтіріп, дәлелге сүйенуге үйретеді. Мұғалім оқушылардың пікірін зер салып тыңдауы керек. Пікірсайысты жекелеп өткізгеннен гөрі, оқушылармен бірігіп оқу жылы бойы өткізілетін айтыстар тізімін жасап алған дұрыс.

Соңғы жылдары мектептерде айтыстың, ізденістің, мәселелерге жауап берудің пікірталас сияқты формасы кеңінен қолданылуды. Пікірсайыс ерекшелігі пікірталастарға оқушылар топтары қатысады. Олар алдын-ала баяндамалар дайындайды, онда өмірлік маңызы бар мәселені шешудің ең тиімді деген жобасы оқушының тілегі бойынша жазылады. Пікірталастардың жүргізушісі және командаларды бағалайтын қазылар алқасы сайланады. Пікірталастардың бір түрі «Болашақтың қаласы» телекөрермендерге кеңінен танымал. Мұндай пікірталас ойын ретінде жүргізіледі (үкімет, спикер).

Үлгіге негізделген әдіс. Үлгі балалардың, жасөспірімдердің, жастардың қандай да бір үлгілерге еліктеуіне негізделген. Бұл – санасыз еліктеуден саналы еліктеуге, бейнені көшіруден өзіндік бағытын қалыптастыруға, ойын ретінде еліктеуден өмірде шынайы еліктеуге, сырттай еліктеуден іштей еліктеуге ұмтылу. Тәрбие процесінде қолданылатын үлгілер өте көп (ата-ана, үлкендер, жолдастары, әдеби шығармалардың, кино мен спектакльдердің қа?армандары). Беделді, білімді, оқушылармен қарым-қатынасы демократиялық негізде құралған мұғалім де оқушыларға үлгі бола алады. Үлгі тәрбиенің барлық әдістерінде (түсініктеме, әңгіме-сұхбат, пікірсайыс) қолданылады.

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.

А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мінез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілі бір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.

Бұл топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасалды. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.

Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топты? және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет.

Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет.

Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама талаптар ақыл-кеңес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі.

Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады.

Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.

Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау, кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс.

Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.

Іс-әрекетті, мінез-құлықтың оң тәжірибесін ұйымдастыру әдістерінің бұл тобы тәрбиенің басқа да амал-тәсілдерімен, түрлері мен әдістеріне байланысты.

Ынталандыру әдістері. Мадақтау мен жазалау – басты ынталандыру әдістері.

Мадақтауды оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп. Мадақтауды қолдану талаптары:

- жетістіктермен қоса мінез-құлықтың мотивтерін де ескеру;

- мадақтау оқушыны басқа оқушыларға қарсы қоймау керек; белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылармен қоса, берілген тапсырмаларды орындауда еңбекқорлық пен жауапкершілік танытқан оқушыларды да мадақтау;

- оқушылардың жеке ерекшеліктері мен олардың ұжымдағы мәртебесін ескеру, мадақтау жиі болмауы қажет;

- ұжымның пікірін ескеру;

- мадақтау әділ болуы қажет.

Жарыстар ынталандыру әдістерінің қатарына жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қсында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жарыстың мазмұны айтарлықтай қиын болып келеді. Мектеп тәжірибесінде көбінесе жарыстар оқу іс-әрекетінің нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың үй жұмысын жүйелі орындауын, ынта-ықыласын, сабақтағы ескертулердің аздығын, дәптерлердің тазалығын көрсеткіш ретінде алған орынды. Жарыстардың бағдарламаларын, шарттары мен көрсеткіштерін жасауға, оның нәтижелерін бағалауға оқушыларды да қатыстыру қажет. Жарыстағы тартыстың адал әрі ашық болуын қадағалау қажет.

Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін әр түрлі қарама-қайшы пікірлер бар. Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдастары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.

Мектеп тәжірибесінде жазалаудың ескерту, ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады. Жазалаудың қатаңдығы оқушының кінәсіна байланысты болу керек. Мұғалімнің қолданған жазасы дәйекті болып, ешбір ыза-кексіз немесе қудалаусыз қолданылуы қажет. Ұжым атынан ұсынылған жазалаудың ықпалы артық болады. Жазалауда оқушының жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.

Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В.А. Сухомлинский айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.

Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана білу қажет.



Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:

- қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;



- оқушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеру, жекелік бағыттылық;

  • оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;

  • тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;

  • оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейі;

  • тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байланысы мен жүйесі;

Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әр түрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С. Макаренко).
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар

  1. Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай? Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?

  2. Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.

  3. «Педагогикалық ықпал ету тәсілдері», «түрлері», «тәрбие әдістері» ұғымдарының анықтамасын берңііз.

  4. Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.

  5. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.

  6. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.

  7. Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.

  8. Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін ашыңыз.

  9. Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.


Тақырып 12 Мұғалім мен балалар ұжымының педагогикалық процестегі ынтымақтастығы (1 сағат)
Мақсат: педагогикалық процестегi мұғалiм мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негiздерiне сипаттама беру.
Мiндеттер:
а) Әлеуметтiк ортаның компонентi ретiнде балалар ұжымының феноменiң негiздеу.
е) Педагогикалык процестегi оқушылар ұжымын дамытудың мәнiн, кезеңдерiн және заңдарын анықтау.
б) Тұтас педагогикалық процестегi балалар ұжымының жағдайы зерделеу әдiстемесiн ашып-көрсету.

Жоспар
1. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдерi.
2. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргiзудегi мұғалiмнiн кәсiби маңызды қасиеттерi.
З. Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдiстемесi.
Жеке тұлға жене ұжым мәселелерiмен философтар, әлеуметтанушыладар, әлеуметгiк психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған мәселенiң педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберiнен әлдекашан шығып кеткендiгiнiн дәлелi. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуга ПЛ. Блонсюй, Л.С. Выготсай, Н.К. Крулская, П.Н. Лепешинский, ВИ. Сорока-Росинский, С.Т. Шадкий және т.б. өз үлестерiн қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негiзi А.С. Макаренко еңбектерiнде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудiң басты нәтижесi оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейдi. А.С. Макаренко ұжымның басты белгiлерiн нақты тұжырымдап бердi: ұжым — басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлiгi; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерiнiң қызметiн ұйымдастыру; ұжым мүшелерi арасындағы өзара жауапкершiлiктi қарым-қатынас орнату; өзiн-өзi басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылақтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынасына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникаова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы деп меқсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.

Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына қарағандағы ерекшеліктері:

-қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған бірлескен іс-әрекеті;

-ұжым мүшелерінің еркін қарым-қатынас жасауы;

-ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;

-өзін-өзі сайлау органдарының болуы.

Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең құқықтық, өзі басқару органдарының болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б.

Балалар ұжымы-өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский) Сондықтан мұғалім ұжымының даму заңдылықтарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымды орнықты сезінуін білуі қажет.

А.С.Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Оның пікірінше ұжымдағы мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандықтан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. Ұжым дамуының негізгі заңдылығы-перспективалық бағыттарының болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат, іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С.Макаренко перспективалық бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.

Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъективті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатқа жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсаттылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-құлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер сықпаныда тікелей емес, жанама түрде, оның оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін. Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымының дамуының келесі заңы-параллельді ықпалдар заңы.



Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Балалар ұжымымен жұмыс сітеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиеттері қажет. Кәсіби маңызды қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А.Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді. Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Н.Д.Хмель), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестің нәтижелері «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдәл болып табылады. «Оқушылар» жүйесінде қарым-қатынас «педагогтар-оқушылар» жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.

Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теориялық негізгі қағидаларына (Н.К.Крупская, Т.Е.Конникова, А.С.Макаренко, Л.Н.Новиков, В.А.Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:

1.Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.

2.Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

3.Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

4.Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.

5.Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу

6.Алғашқы (сыныптық) ұжымды өзін-өзі басқаруды ұштастыра алу.

7.Алғашқы ұжымды мектепте және мектептен тыс басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.



Балалар ұжымының жағдайын диагностикалау әдістемесі. Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «оқушылармен ынтымақтастықта бола алу қабілеті» критерийі-қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздендіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салумен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева)

Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қазіргі кезеңде бұл қасиет ерекше маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.

Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығынан айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.

Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс. Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым салдында есеп берілуі қажет.

Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізім, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындаған жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.

Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі «балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруіне болады. Оқушылар ұжымының жағдайы: оқушылар, балалардың өзара пікірлесуі, формальды, формальды емес лидерлерінің болуы. Бұл графикті талдау қажетті дейгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.

Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1.Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

2.Неге балалар ұжымы-мектептегі педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады?

3.Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беріңіздер.

4.Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын тұжырымдаңыздар.

5.Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын көрсетіңіз.

6.Сіз «ұжымда тұлғаны тәрбиелеу» және «баламен жеке жұмыс жүргізу» принциптерінің бірлігін қалай түсінесіз?
Тақырып 13 Сыныптың тәрбие жүйесін басқарудағы сынып жетекшісінің қызметі (1 сағат)
Мақсаты: сынып жетекшісімен құрылған сыныптағы тәрбиелік жүйенің мәнін меңгеру.

Мiндеттерi:

а) Жалпы бiлiм беретiн мектептiң оқу сыныбындағы тәрбиелiк жүйенi анықтау.

ә) Сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерiн айқындау.

б) Сынып жетекшiсiнiң ең маңызды қызметтерiн анықтау.

в) Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерек-шелiктерiн ашу.

Жоспар



  1. Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшiсiнiң мiндеттерi.

  2. Сынып жетекшiсiнiң жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

  3. Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi.

  4. Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастыру.

Тәрбиелілік жүйе және сынып жетекшiсiнiң мiндеттерi. Педагогика ғылымы негізіндегі зерттеулер мен озат тәжірибелерді қорытындылай келгенде, оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесінің құрылыуы тәрбие процесінің тиімділігін неғұрлым жоғарлататындығын айқындайды.

Адамзат тарихында әлемдік өркениеттің әрбір кезеңдерінде қаланған әртүрлі білім беру жүйесі белгілі болды. Олардың әрқайсысы, қоғамға тән сипаттағы, қазіргі білім жүйесі атқаруға тиісті талаптарды, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарды бейнеледі. Олардың ішіндегі әлдеқайда белгілері болып табылатындары:



  • спартандық тәрбие жүйесі;

  • афиндық тәрбие жүйесі;

  • діни тәрбие жүйесі;

  • джентельменді қалыптастыру жүйесі (батыс-европалық жүйе);

  • адамды ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу жүйесі (А.С.Макаренконың жүйесі);

XX ғасырдың екінші жартысындағы кеңес мектебіндегі тәрбие жүйесі ұжымдық шығармашылық жұмыстың, қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбек, әртүрлі ұйымдастырылған жұмыс формаларын ендіру (әртүрлі орталықтар, мектеп театрлары және т.б.).Ұлттық дәстүрлер, сонымен қатар, оқу процесін қайта құрудың негізінде қаланды. Тарихи қалыптасқан тәрбие жүйесіне талдау жасау, кез-келген тәрбие жүйесінің негізгі құрамды бөліктеріне тәрбие мақсаттарының бөлімдері жататынын, тәрбие ұжымы тәрбие жүйесінің ядросы (жасушасы) екендігін, ұжымшылыдық қарым-қатынаспен айнала қоршаған жүйеге аялы көзқарасты көрсетеді. Кейбір зерттеушілер, осы ережелерді нақтылай келіп, кез-келген тәрбие жүйесінің негізіне барлық ұжым болып қабылданған тәрбиенің мақсатын, ұжымдық танымдық іс-әрекетті, тәрбиелеушілік қатынастарды, балалардың өзін-өзі басқаруын, ұлттық дәстүрлерге сүйенуді, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық жұмыстың әдістерін пайдалануды жатқызады.

Тәрбие жүйесін құру біршене кезеңдерді болжайды:



  • жүйенің қалыптасуы;

  • ұжымдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүйесінің құрылымын жасау;

  • жүйені лайықты тәртіпке безендіру, дәстүрлерді жарыққа шығару және жаңалықтарды ендіру;

Тәрбие жүйесінің кез-келген деңгейін жарыққа шығарудағы алдыңғы кезектегі проблема тәрбиенің мақсатын анықтау болып табылады, өйткені білім беру саласындағы қызметкеркерлердың іс-әрекеті қоғамның басқа да саласында жұмыс істейтіндер сияқты оның мақсаттарымен, міндеттерімен айқындалады. Сынып жетекшісінің мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбиелілік мақсаттарынан шығады, өйткені сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Алайда, тәрбиенің мақсатын анықтау барысында бедгілі қиындықтар бар: тәрбиенің қоғамдық мақсаты, белгіленген жан-жақты қалыптасу, үйлесімді дамыған жеке тұлға, қол жетпейтіндей шынайы, сол үшін де идеальды.

Қазiргi заманғы iзденiстер бойынша тәрбиенiң мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргiзiлуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейiн еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдiстеме бiршама нәтижелi, өйткенi ол ұлттық және дүниежүзiлiк мәдениеттегi тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиенiң мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетiнiң негiзiнде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкiн.

Мұғалiмдер ұжымында орта? мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшiн іс-әрекетке белсендi кiрiскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкiндiгi бар. Бұған мысал ретiнде Алматы қаласындағы № 16 кәсiби-техникалық лицейде қалыптасқан тәрбиелiк жүйенi алуға болады, онда лицей директоры Шакирова Т. М. басшылығымен оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуы ұлттық мәдениет тәсiлдерiмен жүзеге асқан. Бұнда төмендегi келтiрiлiп отырған тәрбиелiк жүйенiң құрылымдық үлгiсi iске асырылған .



Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:

1. Лицейдi ұлттық мәдениет элементтерiмен безендiру.

2. Тiлдердi меңгеру.

3. Ұлттық мәдениеттi мәдениеттану сипатындағы оқу пәндерi арқылы меңгеру.

4. Ұлттық мәдениеттi базистiк оқу бағдарламасындағы басқа да пәндерде меңгеру.


  1. Ұлттық мәдениетке арналған арнайы курстар, факультативтер.

  2. Ұлттық мәдениеттi меңгеруге арналған оқушылардың зерттеу іс-әрекетi.

  3. Ұлттық мәдениеттi меңгерудi мақсат еткен үйiрмелер мен клубтардың жұмысы.

  4. Ұлттық мәдениеттi меңгеруге арналған сыныптан тыс іс-әрекет (сынып сағаттары, жарыстар, мерекелер, т.б.).

  5. Ұлттық мәдениетпен байланысты лицей дәстүрлерi.

Басқа да тәрбие жүйесіні? нәтижесi бұдан кем емес. Мысалы, Алматы қаласындағы № 132 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамуын бiрiншi орынға қояды. Әрине, бұл бағытта әртүрлi iзденiстер болуы мүмкiн, алайда, кез келген жағдайда мектеп ұжымының алдында мақсаты бар.

Мектеп өз түлектерінің мәдени негiзiнiң қалыптасуына ықпал етедi, ол дегенiмiз – мектеп бiтiрушiнiң бiлiм мазмұнын, жеке тұлғаның өзiн өзi ары қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелiк мiндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлi әдiстемелерi бар. Мысалы, Н. Е. Щуркова келелi тәрбиелiк мiндеттердi ұсынады:

а) тәрбиелеу және дамыту іс-әрекеттерiн ұйымдастыру;

ә) ұжымды ұйымдастыру мен дамыту;

б) оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның iшкi мүмкіншілігі, бейiмдiлiгi, мақсат-мүдделерi мен қабiлеттерiнiң көрiнуi мен баюы үшiн жағдай жасау.

Сынып жетекшiлерiнiң іс-әрекетiне жасалған әлеуметтiк талдау нәтижесiнде оның мiндеттерiн төрт топқа бөледi.

Бiрiншi топ – әлеуметтiк мiндеттер (балаға көмек, оны әлеуметтiк қатынастар жүйесiне енгiзу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиiмдi жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестiк).

Екiншi топ – диагностикалық мiндеттер (сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшiн оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның даму диагностикасы).

Үшiншi топ адамгершілік мiндеттер (баланың бойында ?айрымдылы? критерилерiн қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою).

Төртiншi топ – даралық-тәжiрибелiк сипаттағы мiндеттер (оқушылармен жұмыстың нәтижелi педагогикалық тәсiлдерiн таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекеттi бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы).

Педагогтардың, зерттеушiлер мен мұғалімдердің оқушылар ұжымындағы тәрбие жүйесiн ұйымдастыру үшін маңызды мiндеттердi бөлiп ?арау.Өйткенi оқушы өмiрiнiң барлық жақтарын сынып жетекшiсi мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен ая?талмайды.

Ең маңызды мiндеттер:

1. Денсаулық пен салауатты өмiр салтына тәрбиелеу;

2. Баладағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

3.Оқушыда адамгершііліікк міінез-құлықты қалыптастыру;

4. Баланың бойына бiткен қабiлетiлiгi мен мақсат-мүдделерiн жаңаша дамыту;

Е.НСтепанованын ойыншаа сыныптыың тәрбиелік жүйесі-бұл сыныптағы әрбір мүшені тәрбиелеп және олардың өмір сүруші ұымдастыру тәссілі бұл біртұтас өзара әсерететін компонент ,ұжымда және тұлғаның дамуын қамтамасыу етеді - дейді . Осыған байланысты компоненттер туімі;

1.Жеке топтың компонент тәрбиелік жүие қурумы балалармен ересектер тобы.

2 Құндылық-бағдарлы компонент (тәрбиенің максаат міндеті бірлікте, сыныптың болашағы,тәрбие жүйесін құрудың көғыдасы).

3. Қызметтік-әрекет компоненті (жүйе құрушы тур,форма бірлескен іс-әрекетті уйымдастыру әдісі, тәрбие жүйесінің негізгі қызметі, өзін-өзі басқару).

4.Уақытша-кеңістік компоненті ( тәрбиелік орта, тәрбие жүйесінің қалыптасу кезені т.б ).

5.Диагностикалық –талдау компоненті (тәрбиелік орта,тәрбие жүйесінің тиімді өлшемі, ұжымды таным білудің әдіс тәсілдері,талдаудың формасы мен тәсілдері, алынған нәтижені бағалау).

Сынып жетекшісінің жұмысындағы ең қиын нәрсе сол оқушыларды адамгершілік жағынан қалыптастыру болып табылады.



Сынып жетекшiсiнiң жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру. Сонымен, оқушылардың адамгершілігі тәрбиенiң ең маңызды мiндетi болып табылады. Адамгершілік адамның iс-әрекетi мен қылықтарынан көрiнетiн қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегенiмiз субъектiнiң қоршаған ортамен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшiсi мен пән мұғалiмдеріне тәуелді.

Зерттеушiлер қатынастар жүйесiне әртүрлi компонентердi кiргiзедi. Әрбiр қатынас белгiлi бiр бiлiмдердi игеру дегендi бiлдiредi, алайда бұндағы ең бастысы бұл бiлiмдердi өнегелiлiк түрде түсiну, сезiну болып табылады. Н.Е. Щуркова., А.П. Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерiн құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесi деп түсiндiредi. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесi – гуманизм, өз өзiне – қадiр-қасиет, еңбекке – еңбексүйгiштiк, еңбекқорлық болып табылады.

Жеке тұлғаның ең басты қасиеттерiн осылайша бөлу өте маңызды, өйткенi, қоршаған ортаға, адамға, материалдық және рухани дүниеге деген қатынастың қалыптасуы барысында адамгершілікті? барлық жа?тарын ?амту мүмкiн емес.

Тәрбие нәтижелерi туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерiнiң қалыптасуы туралы айтуға болады:

1. Басқа адамға деген қатынас – гуманизм;

2. Өз өзiне деген қатынас – қадiр-қасиет;

3. Еңбекке деген қатынас – еңбексүйгiштiк, еңбекқорлық;

4. Ұжымға деген қатынас – ұжымшылдық;

5. Отанға деген қатынас – отансүйгiштiк, патриотизм;

6. Табиғатқа қатынас – табиғатқа қамқорлық;

7. Көркемдiкке қатынас – көркемдiктi эмоционалды-эстетикалық түрде қабылдау қабiлетi;

Жеке тұлғаның осы бiр қасиеттерiн қалыптастыру – қоршаған орта туралы бiлiмдердi өнегелiлiк түрде түсiнiп-сезiну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы бiлiмдер жинағын адамгершілікпен сезiнуi тәрбие жұмысыны? басты мақсаты.

Оқу материалының, әрбiр сабақтың өзiндiк тәрбиелiк маңызы бар екенi белгiлi. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінен бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейiнгi, құндылық сапаларын т?рбиелейді. ҚР-мектептерінде білім беру мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Мұғалімнің алдында тұрған өзекті мәселе оны адамгершілік тұрғысынан түйсіну. Оқу пәндеріндегі тәрбиелік мүмкіндіктерді мұғалім білуге тиісті. Бұл жөнінде негізгі пәндер гуманитарлық циклде болып келеді. Дегенмен сабақ үстінде ғана тәрбиелеумен шектелмеу керек. Егерде кей мұғалімдердің тәрбиелік міндетті қажетті деңгейде орындай алмауын ескерсек онда жауапкершілік сынып жетекшісіне жүктеледі. Пән мұғалімдерінің тәрбие жұмысының сынып жетекшісіне басшылығына тәуелді сондықтан да мұғалімдер сыныптағы тәрбие жүйесіне қалыптастыруда белсенділік танытады.

Мектептiң тәрбие мiндеттерiне сүйене отырып, өз сыныбындағы оқушылардың ерекшелiктерi мен тәрбиелiлiк деңгейлерiн ескере отырып, осы мәселенi шешуге пән мұғалiмдерi, оқушыларды, ата-ананы, демеушiлердi т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.

Әр адамның рухани өмірі ізгілігі өзіне ғана тән. Кей бала эстетикалық құндылықты қаласа, кей бала табиғатты таңдайды. Сыныптағы ұжымдық тұлғалық сана тәрбие процесі жағдайына тәуелді. Диагностикалық әдіс-тәсіл оқушының тұлғалық адамгершілік қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрiнiс табады. Сынып жетекшiсi қызметi Қазақстанда, барлық Совет Үкiметiндегi секiлдi, 1934 ж. енгiзiледi. Қазiргi уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабiлеттiлiгiн дамыту бiрiншi орында. Бұл ретте, сынып жетекшiсi – пән мұғалiмдері мен ата-ананың әрбiр оқушыға ықпалын үйлестiретiн тәрбиені ұйымдастырушысы.

Оқушыларды адамгершілік құндылықты сезінуге үйретуде және сапалы білімді меңгеруге іс-әрекетті ұйымдастырудың мәні зор.



Сынып жетекшiсiнiң қызметтерi. Сынып жетекшiсiнiң жұмысы мектеп Уставымен белгіленеді. Алайда бұл тiзiм оның іс-әрекетiнiң барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс-әрекетiнің әртүрлi жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған (әдіс ж?не әдіснамаларда).

Дәстүрлi емес әдiстемелерде сынып жетекшiсiнiң негiзгi қызметтерi:

а) Баланың денсаулығына қамқорлық;

ә) Баланың адамгершілігін қалыптастыруға қамқорлық;

б) Баланың қабiлетiн дамытуға қамқорлық;



  1. Сынып жетекшісінің қызметіне жатады (Н.Е. Щуркова):

- мектептегі сынып өміріне қамқорлық;

- әрбiр оқушыны қажеттi оқулықтармен және ?дістемелiк құралдармен қамтамасыз ету;

- баланың көзiнiң көруi, құлағының естуi, оның бойын ескерiп, әрбiреуiнiң қабiлетi мен белсендiлiгiне қарай сыныпқа орналастыру;

- сыртқы киiм мен аяқ киiм қоятын орынның болуы;

- мектептiң ертеңгiлiк тамағының тәртiбi мен асхананың тазалық ережесiн қамтамасыз ету;

- оқушы үстi-басын ретке келтiре алатын дәретхана бөлмелерiнiң орналасуы мен оларды пайдалану мәдениетiн ескерту;



  • сынып бөлмесiнiң iшкi көрiнiсiн, бөлменiң жарықтығы, бөлменiң көркем-әдемiлiгiн сақтайтын кезекшiлер қою;

  • әрбiр мұғалім мен баланың киiмi мен аяқ киiмiн гигиена, эстетика тұрғысынан деген талап қою;

  • әрбiр оқушының сабақ кестесi мен сынып бөлмелерiнiң орналасуынан хабардар ету;

  • оқушының барлық сынып бөлмелерiнiң неге арналғанын оларды пайдалану ережелерiнен (директор кабинетiнен бастап, ойын бөлмесi мен медициналық бөлмеге дейiн) түсінік беру;

  • оқушының қоршаған заттармен жоғары мәдени деңгейде, тазалықты, әдемiлiк пен тәртiптi сақтай отырып пайдалана білуін үйрету.

  1. Топтың пәндiк іс-әрекетiн ұйымдастыру:

  • балаға дүниенiң көпжақтылығы мен күрделiлiгi, қарама-қайшылықтарын, танымдық іс-әрекетін ашу;

  • баланы дүниедегi адам өмiрiне ?ажетті құралдары, материалдық құндылықтарға жататын еңбектiң іс-әрекеті;

  • баланың күш-жiгерiн, өзiнiң денесiне, денсаулығына, ағзасының сұлулығы мен күшiне, адаманың өз денесiн билей алатын спорттық іс-әрекет;

  • балаға дүниенi көркем образдар арқылы тануға, көркемдiк заттар тудыра отырып, дүниенi көркейтуге мүмкiндiк беретiн іс-әрекет.

3. Өмiрдi түсiнiп, сезiнудiң рухани іс-әрекетiн ұйымдастыру, ол дегенiмiз

– оқушылардың рефлексиясы, өмiр құндылықтарын түсiнiп, сезiнудегi өзiндiк талдауға және өзiнiң iшкi дүниесiн дамытуға жәрдем беру.

4. Тәрбие нәтижелерiнiң диагностикасы негiзiнде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшiсiнiң диагностикалық іс-әрекетi тәрбиелiк жүйенi құрудың негiзi болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруда сынып жетекшісі жүйе түзуші факторды анықтап алу қажет. Ол белгілі жұмыстың формасы, белгілі іс-әрекеттің түрі т.б. бірақ баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру моделін жасағанда ескеретін нәрсе мыс: жүйе түзуші фактор оқушылардың әрекеті театорға бару арқылы тәжірибесін құндылық қатынас қалыптастыру. Ол үшін сынып жетекшісі жұмыстың осындай формасы негізінде тәрбие жүйесінің моделін жасауы қажет.




көркемдікке қатынасы



Сурет 13.1 Театрланған іс-әрекет негізіндегі (сынып театры) сыныптағы тәрбие жүйесін модельдеудің үлгі құрылымы

Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетiн ұйымдастыру. Сынып жетекшiсi мына бiр тұжырым ережелердi ұғынып, түсiнген жағдайда ғана тәрбие мiндеттерiнің шешiмi нәтижелi болма?:

1. Тәрбиенің жеке тұлғаға бағыттауы.

2. Тәрбие жүйелiк сипатта болу.


  1. Тәрбие іс-әрекетiнің мақсаттарының бiрлiгi, оқушылармен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң өзара әрекеттестiгi тәрбие жүйесінiң кепiлi.

  2. Тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теориясына сүйенуi ?ажет.

Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалiм оқушының тек тәрбие объектiсi ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттiң субъектiсi екенiн түсiнедi. Ол сынып жетекшiсiне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бiрнеше кезеңдерден тұрады: мотивті? қалыптасуы – оларды адамгершілік түсiнiктерді ұғынуға жағдай жасау; мiнез-құлық пен iс-әрекет нормаларының қалыптасуы – өз iс-әрекетiне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мiнез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерiнен тұрады.

Осылайша, мотивті қалыптастырып, бiлiм берiп, iс-әрекеттi ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.

Сынып жетекшiсiнiң іс-әрекетiнде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтiң негiзгi жұмысы – оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастыру, ал ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлiгi болып табылады. Оның заңдылықтарын бiлу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқаруға мүмкiндiк бередi.

Тәрбие жүйесінiң қызметiндегi маңыздысы оқушылардың іс-әрекетiнiң түрлерін тиiмдi таңдау (тәрбиелiк шаралар) және оларды өткiзу. Адамды қалыптастыратын негiзгi іс-әрекеттер: танымдық іс-әрекет, материалдық еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыс, бағалау-бағыттау әрекетi, ойын іс-әрекетi, қарым-қатынас, спорттық-сауықтыру, көркемдiк-шығармашылық іс-әрекет.

Басқару теориясы тәрбиелiк шараларды дайындаудың нәтижелi әдiсiн анықтауға мүмкiндiк бередi, олар:


  1. тәрбиелiк шаралардың нақты бiр формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кешi, т.б.);

  2. шаралардың мақсаттары мен мiндеттерiн анықтау;

  3. шараларды өткiзуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;

  4. ынталы топпен бiрiгiп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

  5. жұмысты ұйымдастыру мiндеттерiн ынталы топ мүшелерiне бөлiп беру;

  6. мерекеге дайындық;

  7. сынып жетекшiсiнiң тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруi;

  8. ынталы топпен бiрiгiп шараларға дайындықты тексеру;

  9. тәрбиелiк шараларды өткiзу;

  10. оқушылармен (ынталы топ, сыныптың мөшелерімен) бiрiгiп өткiзiлген шараларға талдау жасау;

  11. оқушылармен бiрiгiп алдағы жұмысты жоспарлау.

Тәжiрибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткiзуге болады.

Сынып жетекшiсiнiң жұмысында сыныппен немесе жеке бiр оқушымен этикалық әңгiме өткiзу ерекше орын алады. Өсiп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсiндiру, ересек адам тарапынан көрсетiлген өз мезгiлiндегi моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуi мүмкiн. Өкiнiшке орай, көбiнесе, этикалық әңгiмелер үгiт-насихатпен алмастырылады. Мұғалiмдер В.А. Сухомлинскийдiң мұғалiмнiң сөзiне, оның оқушымен әңгiмесiне зор мән берген пiкiрiне қосылады. Ал, бiр жағынан, оның педагогикалық іс-әрекеттiң осы бiр саласындағы даналық ақылдарын пайдаланбайды. Бұл мұғалiмнiң мәдени танымдық және дайындығының болмауынан шығар.

Қазiргi уақытта мектеп бағдарламасына өзiн өзi рухани дамыту курсын енгiзу ойластырылып жатыр. Бұл оқушыға адамгершілік тәрбие беру мәселесiн бiршама шешуге мүмкiндiк бередi, бiрақ ол сынып жетекшiсiнiң жоспарлы тәрбие жұмысын алмастыра алмайды.

Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар


  1. Сынып жетекшiсiнің тәрбие жүйесiнiң негiзгi компонентерi қандай?

  2. Сынып жетекшiсiнiң басты қызметтерiн атаңыз.

  3. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi сынып жетекшiсiнiң негiзгi мiндеттерi қандай?

  4. Сыныпта оқушылардың іс-әрекетiн ұйымдастырудың ерекшелiктерiн атаңыз.

  5. Сыныптағы оқушы жеке тұлғасын қалыптастырудың ерекшелiктерi қандай?

  6. Тәрбие мақсаты дегендi қалай түсiнесiз?

  7. “Адамның еңбекке қатынасы” дегендi қалай түсiнесiз?

Тақырып 14 Жанұядағы педагогикалық процесс және оның мектеппен өзара байланысы (1 сағат)
Мақсаты: жанұя тәрбиесiнiң тұтас педагогикалық процесс ретiнде мәнiн ашу.

Мiндеттер:

а) Қазiргi қоғамдық даму кезеңiндегi жанұя тәрбиесiнiң ерекшелiктерiн ашу.

ә) Жанұяның тәрбиесін ұйымдастырудың теориялық негiзi.

б) Жанұяның педагогикалық негiзгi сипаттамасы мен тәрбие әдiстерi.

в) Мектеп пен жанұя қарым-қатынасының түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет